Байсеитова н. М



бет27/48
Дата15.09.2023
өлшемі4,32 Mb.
#181155
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   48
Байланысты:
Лаб сабақтар әдістем елік нұсқауы

Лабораториялық сабақ №14
Лабораториялық жұмыстың тақырыбы: Бұтақтану, оның типтері


Сабақтың мақсаты: Бұтақтану және оның типтерінің құрылысымен танысу


Сабаққа қажетті объектілер мен құрал-жабдықтар:Интерактивті тақта, компьютер, проектор, слайдтар.


1 – ж ұ м ы с. Өркеннің бұтақтануы.Өркенге тән ерекшеліктердің бірі – оның бұтақтануы.Бұтақтану өсімдіктер эволюциясының өте ерте кезеңінде,олардың денесі әлі де болса сабақты-жапырақты құрылысқа ие болмай тұрған кезде байқалғаны зерттеулер дәлелдеп отыр. Бұтақтанудың өсімдіктер үшін маңызы зор, өйткені бұтақтанудың нәтижесінде олар- дың жер бетіндегі бөлігінің көлемі ұлғайып, өсуі мен дамуына қажетті қоректік заттардың түзілуі артады.
Бұтақтанудың көне және қарапайым түрі дихотомды бұтақтануды қарастыру үшін төменгі сатыдағы талломды өсімдіктерден қызыл және қоңыр балдырлардың, жоғары сатыдағы споралы өсімдіктерден плаунның, кейбір мүк тәрізділер мен папоротник тәрізділердің гербарий материалдарын пайдаланамыз.Ашаланған бұтақтардың әрқайсысында өсу нүктесі пайда болатындықтан, дихотомды бұтақтанатын өсімдіктерде негізгіөс айқын байқалмайды.
Моноподийлі бұтақтанумен қылқан жапырақтылардың (қарағай, шырша, самырсын, балқарағай т.б. ), сүректі жабық тұқымдылардың (үйеңкі, емен, шағын, көктерек т.б. ) және шөптесін өсімдіктердің (қызылбас беде,жол желкен,қоңырау гүл т.б.) гербарий материалдары- нан танысамыз.
Жоғарыда аталған өсімдіктерде негізгі өс өзінің қуатты жетілуімен бірден көзге түседі және негізгі өстің жанама (қолтық) бүршіктерінен өсіп шыққан жанама бұтақтардың да төбе бүршіктері арқылы ұзарып өсуінен қалыптасқан моноподийлі бұтақтану айқын байқа- лады.
Симподийлі бұтақтануды қарастыру үшін жөке, алма, шие, шабдалы және өсімдіктер- ден картоп, бүлдірген т.б. гербарий маериалдарын пайдалануға болады.Бұл өсімдіктерге тән симподийлі бұтақтануды моноподийлі бұтақтанумен салыстырсақ, оларда негізгі өс емес, алғашқысын соңғылары жалғастырып, сатыланып жетілген бұтақтар жүйесі байқалады. Бұл ерекшелікті негізгі өстен және одан жетілген жанама бұтақтардан да айқын көреміз. Симподийлі бұтақтануға тән тағы бір ерекшелік – кезекті бұтақтардың жетілген қолтықтардағы жапырақтар- дың түсіп, орнына жапырақ дағының қалуы.
Симподийлі бұтақтанудың ерекше бір түрі жалған дихотомиялы бұтақтанумен атбас талшын, серігүл, қалампыр т.б. өсімдіктердің бұтақтарының гербарий материалдарынан таны- сып, өсуін тоқтатқан төбе бүршігінен төмен орналасқан қолтық бүршіктерін тауып, одан жетілген ашаланған бұтақтарға көңіл аударамыз.
Бұтақтанудың бір түрі – түптену.Оны бидай немеее қара бидайдан жасалған гербарийден қарастырамыз. Гербарий даналарынан буын аралықтары өте қысқарған бөлігін тауып, ол жердегі жапырақ қолтығынан өсіп шыққан жанама өркендерге көңіл аударамыз. Сабақтың төменгі бұл бөлігі – түптену буыны. Түптену буынынан өсіп шыққан бірінші, екінші және одан кейінгі реттегі өркендерді, қосалқы тамырларды тауып белгілейміз. Мүмкін болғанша борпылдақ түпті және тығыз түпті астық тұқымдастардың әрқайсысына тән ерекшеліктеріне көңіл аудару қажет.

3 - с у р е т. Өркеннің бұтақтану типтері. А - дихотомиялы; Б - моноподийлі; В - симподийлі; Г – жалған дихотомиялы. 1,2,3,4-бірінші және одан кейінгі реттердегі өстер.





4 - с у р е т. Астықтардың түптенуі: А – тығыз түпті бұтақтанған астықтар (аққараған), Б - борпылдақ түпті бұтақтанған (коңырбас, қара бидай); В – тамырсабақты (бидайық); 1 – дән; 2 – ұрық тамырлары; 3 - қосалқы тамырлар; 4 - түптену буыны; 5 - негізгі өркен бірінші ретті өсі; 62 664 65 - екінші және одан кейінгі реттердегі өркендер; 7 -тамырсабақ.

Бұтақтану барысында негізгі өске жанама бұтақтардың орналасуы және олардың жетілу ерекшеліктері өркендер жүйесінің сыртқы көріністеріне әсер етеді. Осыған байланысты бұтақтанудың үш нұсқасы ажыратылады. Олар: акротониялы бұтақтану, мезотониялы бұтақтану және базитониялы бұтақтану (бұлардың өтпелі түрі де кездеседі).


Акротониялы (грекше «акрос» — ұшы, «тонос» — күш, қуат) бұтақтануда едәуір қуатты жетілген жанама бұтақтар негізгі (аналық) өркеннің ұшына жақын орналасады. Бұл бұтақтану ағаштарға тән.
Базитониялы бұтақтануда ірі және куатты жетілген бұтақтар аналық өркеннің негіз жағында орын тебеді. Бұл бұтақтану бұталарға, және көп жылдық шөптесін өсімдіктерге тән. Астық тұқымдасының түптеніп бұтақтануы базитонияға мысал бола алады.
Мезотониялы бұтақтануда жетілген ірі жанама бұтақтар аналық өркеннің орталық бөлімінде қалыптасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет