Байсеитова н. М



бет30/48
Дата15.09.2023
өлшемі4,32 Mb.
#181155
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   48
Байланысты:
Лаб сабақтар әдістем елік нұсқауы

Лабораториялық сабақ №17


Лабораториялық жұмыстың тақырыбы: Сабақтың морфологиясы, шөптесін және ағаш өсімдіктерінің сабақтарының құрылысы.
Сабаққа қажетті объектілер мен құрал-жабдықтар: 1.Сабақтың морфологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, студенттердің дала практикасы кезінде құрастырылған морфологиялық гербарийді көрнекі құрал ретінде пайдалану. 2. Бөлме өсімдіктері. 3. «Сабақтардың әр түрлілігі» кинофильмі. 4. «Сабақтың ішкі құрылысы» диапозитиві. 5. Стереомикроскоп, қол лупалары, қандауыр, сапты инелер, екі түсті әйнек.


Т а п с ы р м а л а р.
1. Гербарийді және бөлме өсімдіктерін пайдаланып, оның сабағының кеңістікте орналасу (еңсесі), өсу ерекшеліктерімен танысу.
2.Әр түрлі өсімдіктер сабағының көлденең кесіндісінен одардың пішінінің алуан түрлілігін ажырату.
3. Өсімдік сабақтарының тығыздығын қарастыру.
4. Зерттелген объектілердің суреттерін салып, тиісті белгілерін жасау.
5. Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап қайтару.

1 - ж ұ м ы с. Өсімдік сабақтарының еңсесі. Студенттер өсіп тұрған өсімдіктер мен гербарий материалдарынан сабақтың кеңістікте өсу ерекшеліктерінің түрлерімен танысып, сабақ барысында оның әрқайсысына сипаттама беруге дағдыланады.


1. Тік сабақтылар (жұмыршақ, қоңырбас, бетеге, андыз, күнбағыс, шатырша жәнс т. б.).
2. Көтерінқі сабақтылар (құлмақ жоңышқасы, қызылбас беде, қызыл таспа, күміс қазтабан).
3. Төселмелі немесе жатаған сабақтылар (қабыршөп, жатаған сарғалдак, түсті саршатыр, асқабақ, қауын, қарбыз т. б.).
4. Өрмелегіш сабақтылар, бұлардың өрмелеу тәсіліне қарай нақты тірі өсімдіктер мен гербарийден таянып, жармасып өсетіндерін, мұртшаларын және шырмалғыштарын бір-бірінен ажыратып қарастыру. Шырмалғыштарының сағат тілінің бағытында, сол сияқты оған кері бағытта шырмалатындығына көңіл аудару (құлмақ, далалық шырмауық, шырмауық таран, көпгүлді, үрме бұршақ, барқыт шөп, жүзім, асқабақ т. б.)
Қысқарған (жертаған) сабақтылар (бақажапырақ, бақ- бақ).

2 - ж ұ м ы с. Сабақтың пішіні. Таратылып берілген гербарий мен өсіп тұрған әр түрлі өсімдіктер сабағының көлденең кесіндісін салыстыра отырып, сабақ пішінін, түрлерін ажыратады.


1. Жұмыр сабақ (жіңішке жапырақты иваншай, у балдырған, астық тұқымдастар, ағаштар).
2. Үш қырлы сабақ (картоп, кияқөлең),
3. Төрт қырлы сабақ (ерінгүлділер тұқымдасы, қызыл бояу туысының түрлері).
4. Көп қырлы сабақ (асқабақ, цереусер).
5. Қырлы сабақ (кәдімгі сныть, купырь).
6. Ойлы сабақ (дәрілік мауын (валериана)).
7. Қабысыңқы сабақ (опунциялар, қысыңқы қоңырбас, жылдық қоңырбас).
8. Қанатты сабақ (орман гинасы, түйетікен, батпақ сары қалуен, қанатты сабынкөк).
Таратылып берілген материалдарды пайдаланып, сабақты сырттай лупа арқылы оның өзек бөлімінің консистенциясына қарап, төмендегідей түрлерін ажыратамыз:
1. Шөптесін сабақ (шөптесін өсімдіктердің барлығы, жартылай бұталардың сабағының жоғары бөлігі).
2. Сүректі сабақ (бұталар).
3. Қуыс сабақ (бидай, қара бидайдың сабан сабақтары, қамыс).
4. Жұмсақ немесе борпылдақ сабақ (күнбағыс, ырғай, таңқурай).
5. Ет-жеңді сабақ (кактустар, кольраби).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет