Сабақ жоспары Тақырыбы: Өркендер мен бүршіктер Сабақтың мақсаты



Дата21.07.2017
өлшемі57,27 Kb.
#21690
түріСабақ
Сабақ жоспары

Тақырыбы:  Өркендер мен бүршіктер

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі – өркен, бүршіктің өзіндік ерекшеліктері, атқаратын қызметі, олардың түрлері туралы мағлұмат беру.

Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.

Тәрбиелілігі – адамның тұлға ретінде дамуын, ғылыми дүнетанымын дамытуға баулу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Лездемелік сұрақтар

А) Өсімдіктің орталық тірекбөлігі  (сабақ)

Ә) Қабықтан кейінгі қабат (камбий)

Б) Сабақтың орталық бөлігі (өзек)

В) Төмпешікке ұқсаған жасушалар (жасымықша)

Г) Сабақтың ең сыртқы қабаты (қабық)

 

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

 

Өркен туралы түсінік.



Жапырағы мен бүргіші бар бұтақтанбаған жас сабақты өркен дейді.

Бүршік. Кез келген өркен бүршіктен дамиды, сондықтан бүршік бастапқы өркен.

 

Өркендерді жіктеу



Вегетативтік өркен жапырақ пен бүршік шығарады.

Генеративтік өркен репродуктивтік мүшелер (гүл, жеміс, тұқым) болады.

Негізгі өркен тұқым бүршігінің ұрығынан дамиды

Жанама өркен жанама қолтық бүршіктен дамиды, соның есебінде сабақ бұтақталады.

Қосалқы өркен қосалқы бүршіктерден дамиды, жапырақта, буын аралығында, тамырда болады.

Ұзарған өркеннің буан аралығы алыс орналасқан.

Қысқарған өркеннің буан аралығы жақын орналасқан.

Барлықгүлді өсімдіктерде өркеннің түріне қарай 2 түрлі бүршік болады: вегетативті (өсу) және генеративті (көбею) бүршік.

Вегетативті бүршік тек ұзарған өркенде ғана орналасады. Одан ұзарған өркен мен жапырақ өсіпшығады. Генеративтік (гүл бүршігі) тек қысқарған өркенге ғана орналасады.

Бүршіктер орналасуына қарай төбе бүршік және қолтық бүршік деп бөлінеді. Егер бүршік өркеннің ең ұшында орналасса төбе бүршік, жапырақ қолтығында орналасса қолтық немесе жанама бүршік д.а. Өсімдіктүріне қарай бір жапырақтың қолтығында бір немесе бірнеше бүршіктер (сарымсақ, қарабүлдірген) болады. Қолтық бүршіктен жан-жаққа бұтақтар өсіп таралады. Өсімдіктердің кез келген мүшесініңәр жерінен қосалқы бүршіктер шығады. Қосалқы бүршіктердің ерекшелігі олар өсімдіктің кез келген жерінен тамырдан, тамырсабақтан, сабақтан, жапырақтан дамиды. Мысалы, қалуеннің (осот) тамырынан жер бетіне қаулап өсетін атпалар (тамыр атпасы), кескен ағаштың томарының айналасына өсетін шыбықтар және т.б. Көптеген өсімдіктердің жапырақтарына дамитын қосалқы бүршіктер әсіресе бөлеме өсімдіктерде анық байқалады. Мысалы, бриофиллюм (каланхое) жапырақ тақталарының жиегінде қаз-қатар тізіліп қосалқы бүршіктер шығады. Ол бүршіктердің әрқайсысы жапырақтан ажырап түсіп, өзінше жас өркендірдің бастамасын береді. Көпжылдық өсімдіктерде ұсақтау қолтық бүршіктермен қосалы бүршіктер  ашылмай тыныштық күйге ауысады. Ол бұйыққан бүршік делінеді. Бұйыққан бүршіктер тіршілік қабілетін ұзақ уақыт сақтап, өте баяу өседі. Бұйыққан бүршіктер гүлшетен, үшқат, сары қараған, ырғай, тобылғы бұталарынан басқа көп жылдық шөптесін өсімдіктерде де болады. Әсіресе бұталардың түптенуі осы бүршікке байланысты. Ағаштардың зақымдануы, басқа бүршіктердің өсуі баяулаған кезде бұйыққан бүршіктер дереу белсенді өсе бастайды. Оған ағаш діңінің кесілген бұтақтары менағаш түбінен өскен өркендер мысал болады.



Бүршіктің ішкі құрылысы. Көктемде кез келген ағаштың бүршігін дәл ортасынан ұзыннан теңдей 2-ге бөліп, ұлғайтқыш әйнекпен (лупа) қараймыз. Бүршіктің сыртын қалың, тығыз қабышақтар қаптайды. Қабыршақтың саны өсімдік түріне қарай 1,2,3 және одан да көп болады. Қабыршақ –түрі өзгерген сыртқы жапырақтар.

Қабыршақтар құрғақ, жабысқақ, шырышты, түкті, қоңыр, қызғылт түсті болады. Қабыршақтарының түкті, жабысқақ болуы су булануын азайтып, үсуден, құстардың шоқып, зақымдануынан қорғайды. Әдетте бүршіктердің пішіндері мен қабыршақтарының ерекшеліктеріне қарап, өсімдік түрлерін оңай ажыратуға болады.

Бальзамды теректің бүршік қабыршақтары өзінен бальзам бөлетіндіктен жылтыр, өткір иісті, қолмен ұстағанда саусаққа желім сияқты жабысады. Сыртында қабыршағы болмайтын ашық бүршікті өсімдіктерге морт сыңғыш итшомыр жатады.

Ашық (қабыршағы жоқ) бүршіктердің сыртын бөбешік жапырақтар, жапырақ қынабы жауыптұрады.

Бүршіктің ішкі жағында дәл ортасынан тығыз ақшыл-сары түсті бастапқы сабақты көреміз. Оның жан-жағынан бастапқы жапырақшалар көрініп тұрады. Бастапқы сабақтың ұшы өсу нүктесімен бітеді.

Бүршіккөктмде өсімдіктің тамырында, сабағында жиналған қоректік заттар қорымен қоректеніп, ісінеді. Сыртындағы қалың қабыршақтары түсіп, ашылады. Қабыршақтың үзіліп түскен жерінде сақина тәрізді дөңгелек із қалады. Сол ізден бастап өлшегенде өркеннің бір жылда қанша мөлшерде өскені анықталады. Әдетте ең ірі төбе бүршіктері мен жанама бүршіктер ғана ашылып, өркен дамиды.

Барлық гүлді өсімдіктерде өркеннің түріне қарай 2 түрлі бүршік болады: өсу бүршігі және гүл бүршігі. Өсу бүршігі тек ұзарған өркенде ғана орналасады. Одан ұзарған өркен мен жапырақ өсіп шығады. Гүл бүршігі тек қысқарған өркенге орналасады.Ұзынынан жарып қарағанда бастапқы сабақтың жан-жағына гүлшанақтар (ашылмаған гүлдер) бекиді. Гүлшанақ гүл шығарып, жеміс береді. Бірі - өсу, екіншісі – көбею бүршігі. Бүршік бастама сабақтан, бастама жапырақтан тұратындықтан, өркендамиды.  

Өркендердің түр өзгерістері

Тамыр сабақ –жапырақ шығармайтын көп жылдық жер асты өркен. Тамыр сабақтың ұшында бүршік болады, ол буын және буанаралықтан тұрады. Буынында жетілмеген түссіз қабыршақтары (жапырақ қалдығы) орналасады. Қабыршақ қолтығындағы бүршіктерден келешекте жер асты және жер үсті өрендері дамиды. Жерастында дамыған соң ашық жасыл түсті емес (бидайық, інжугүл, ұлпагүл).

 

Түйнек – сабақтың түп жағындағы жер асты қолтық бүршіктен дамитын өркеннің ұшындағы бүршік. Бүршік білеуленіп, жуандап өсіп, түйнекке айналады. Түйнектің бүршік қолтығында түссіз жетілмеген жапырақтары майда қабыршақ тәрізді. Жетілмеген жапырағының қурап түсіп қалғандағы ізін көзшедейді. Картопты көбінесе түйнек арқылы көбейтеді. Түйнектен жер өркендер дамиды.

 

Жуашық (пиязшық) – түрін өзгерткен шырынды, қысқарған жер астыөркені. Жуашықтар жер астында да, жер үстінде де дамиды. Жер асты жуашықты өсімдіктерге пияз, сарымсақ, сүмбілшаш (гиацинт), лалагүл, жабайы жуа, қызғалдақ, т.б. жатады.

 

А) бүршіктің түрлері менқұрылысы 

1.Бүршіктің атауы 41 бет

төбе

қолтық

қосалқы

бұйыққан

 

 

 

 

 

 

ІV. Бекіту.



 № 12 зертханалық жұмысты орындайды.
Үй тапсырмасы.§11-15оқып, 14-суретті салып келу.

53беттегі  «Біліміңді тексер» тапсырмасын орындау.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет