Аналық қандай бөліктерден тұрады? Олардың атқаратын қызметі.
Тұқым бүрінің бөліктерін және типтерін атаңыз.
Тұқым бүрі қандай қызмет атқарады?
Ұрық қалтасы, оның құрылысы және жабық тұқымдылардың көбеюі мен ұрпақ ауысуындағы маңызы?
Қосарынан ұрықтанудың мәні неде?
Тұқым бүрінен тұқымның пайда болуын түсіндіріңіз.
Лабораториялық сабақ № 25,26
Лабораториялық жұмыстың тақырыбы: Гүл шоғырының құрылысы. Жай және күрделі гүл шоғырлары Сабақтың мақсаты: Жай және күрделі гүл шоғырларының құрылымдық ерекшеліктерімен танысу.
Сабаққа қажетті объектілер, құрал-жабдықтар: Гүл шоғырларының макеттері, гүл шоғырының гербарийлік материалдары.