Байсеитова н. М



бет44/48
Дата15.09.2023
өлшемі4,32 Mb.
#181155
түріСабақ
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
Лаб сабақтар әдістем елік нұсқауы

Қайталау сұрақтары

  1. Жемістердің таралуы? 

  2. Ыдырайтын жемістер? 

  3. Қақырайтын жемістер? 

  4. Қақырамайтын жемістер?

Әдебиеттер тізімі
1.Әметов Ә.Ә. Ботаника. Алматы, 2005 ж.
2. Агелеуов Е.А. және т.б. Ботаника. Өсімдіктер морфологиясы және анатомиясы. Алматы, 1998 ж.

3. Хржановский В.Г., Пономоренко С.В. Ботаника. Москва: «Колос», 1982 г.

4. Хржановский В.Г. Курс общей ботаники. Москва: «Высшая школа», 1976г.

5.Тахтаджян А. Систематика магнолияфитов. Ленинград: «Наука», 1987г.

Лабораториялық жұмыс № 29 , 30


Лабораториялық жұмыстың тақырыбы: Қоршаған орта факторларына өсімдіктердің бейімделуі


Жұмыстың мақсаты: Қоршаған ортаның экологиялық факторларына өсімдіктердің бейімделуін және олардың экологиялық топтарын анықтау.


Сабаққа қажетті обьектілер меп құрал-жабдықтар: Әртүрлі экологиялық топтағы өсімдіктердің гербарийлік материалдары.


Өсімдіктердің жарыққа бейімделуі. Кез- келген ортаның жарық режимi тiкелей немесе шашырап түскен жарық мөлшерiне, оның спектрлiк құрамына, жарық түскен жердiң сәуленi сындыру қабiлетiне байланысты анықталады. Жарық режимiнiң бұл аталған элементтерi жердiң географиялық жағдайына, рельефiне, атмосфера жағдайына, т.б. байланысты өзгерiп отырады.
Өсiмдiктерде жарық мөлшерiне морфологиялық және физиологиялық бейiмделулер жүредi. Осыған байланысты өсiмдiктердi төмендегiдей экологиялық топтарға бөледi.
1.Жарық сүйгiш өсiмдiктер немесе гелиофиттер. Олар күн мол түсетін жерлерде кездеседі.
2.Көлеңкеге төзiмдi немесе факультативтi гелиофиттер. Бұл топқа шалғындықтың өсiмдiктерi жатады. Олар жарықта жақсы өседi, көлеңкеге де төзiмдi келедi.
3.Көлеңке сүйгiш өсiмдiктер немесе сциофиттер. Олар тiке түскен кұн сәулесiне төзе алмайды. Бұл орманның төменгi ярусындағы, үңгiрлердегi, су тереңiндегi өсiмдiктер. Олар тiке түскен күн сәулесiне төзе алмайды.
Өсiмдiктердiң жарыққа бейiмделуiн қарастыратын болсақ, жарық режимi жарық сүйгiш өсiмдiктердiң өсуiн тежейдi, сол себептен гелиофиттердiң өркендерi қысқа, күштi бұтақталған, жапырақтары ұсақтау, лептесiкерi көп және жасушаларының қабықшасы қалың болып келедi. Жапырақ тақталарында жүйкелену торлары жиi орналасқан.
Солтүстiктегi қылқан жапырақты ормандардың жоғарғы белдеуi күн сәулесiнiң көп бөлiгiн ұстап қалады, сол себептi ауа ылғалдылығы артып, көмiр қышқыл газының мөлшерi жоғары болады. Мұндай ормандардағы сциофиттер- жасыл мүктер, қыналар, плаундар, т.б. Олардың жапырақтары iрi әрi жұқа, түсi күңгiрт- жасыл болады. Эпидермис жасушалары iрi, бiрақ қабырғасы жұқа, лептесiктерiнiң ауданы мен жүйкеленуi жарық сүйгiш өсiмдiктерге қарағанда екi есе аз. Хлоропласталары iрi, бiрақ жасушаларының саны көп емес.
Ал, сциофиттердi гелиофиттермен салыстырсақ, оларда жасуша шырынының концентрациясы төмен, хлорофильдерi аз, тыныс алу және траспирация құбылыстарының активтiлiгi төмен. Фотосинтез процесi жоғарғы шегiне тез жетедi де, көбiрек күн сәулесi түссе қарқындылығы төмендеп кетедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет