Байсеитова н. М



бет34/48
Дата15.09.2023
өлшемі4,32 Mb.
#181155
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   48
Байланысты:
Лаб сабақтар әдістем елік нұсқауы
Лекция жинағы,Өсім анат-морф, EnglishPhoneticsEssays
Столондар және түйнектер. Қарағайлы ормандарда кең тараған, Европа жылқышөбінің (Trientalis europeae) жерүсті өркендерінің негезіндегі бүршіктерінен жас өркендер өсіп шығады.Бұл жас өркендер - столондар(латын "столонис" - атпа, өркен) деп аталады.Жылқышөптің столондары көлбей өсетін жіңішке, түссіз, қабыршықты жапырақшалары бар, ақшыл сабақшалар. Жаздың соңында столонның төбе бүршігі жоғары қарай иіліп, оның өсіне қоректік заттар жиналып, жуанда кішкентай түйнекшеге айналады. Столонның иілген жерінде қосалқы тамырлыа шоқтары қалыптасады.Қыстан шыққан кейін бүршіктерден жаңа жерүсті өркендер өсіп шығады да, столондар өліп қалады. Осылайша өсімдік өзінің бұрынғы орманынан жылэып кетеді,ал егерде столондар көп болса, бір аналық индивидтің орнына бірнеше жаңа индивидтер пайда болып көбейеді.
Көп жылдық шөптесін өсімдік - кортоптыңда - Solanum tuberosum жаңаруы мен вегетативтік көбею жоғарыдағы жылқышөбіндегідей болады. Егер топыраққа кортоп түйнегін отырғызатын болсақ, онда оның бүршігінен жапыраұты жерүсті өркен өседі, ал өркеннің жерасты бөлігінің түссіз қабыршықты жапырақтары болады. Жазда осы жапырақтар қойнауынан, ақшыл түсті, нәзік столондар өседі. Столондардың қосалқы тамырлардан айырмашылығы - олар біршама жуандау және қабыршақты жапырақшалары болады. Столондар ұшындағы бүршіктердің көлемі жуандай үлкейіп, оның осы паранхималанып, өсе келе үлкенді - кішілі түйнектерге (кортопқа) айналады, ал жапырақ қабыршақтары орнындағы ойыста немесе көзшеде бүршік дамиды.
Түйнек- түрі өзгерген өркен, өсі, яғни оның сабақты бөлігі қор жинаушы қызметіне орай белсенді жуандаған(паренхимияланған),жаырағы ықшамдалған,оның қойнауында бүршік орналасқан. Түйнек вегетативтік көбею мүшесі қызметін атқарады. Ескеретін жағдай, тұһүйнек барлық уақытта столоннан пайда болмайды. Кейбір көп жылдық өсімдіктердің гипокотилі және басты өркеннің түп негізі түйнек тәрізді жуандайды (цикламенде). Түйнек барлық жағдайда қор жинағыш мүше.
Пиязшық - түрі өзгерген жерасты, кейде жерүсті өркені. Оның сабағы қысқарған, біршама жалпайған өсьтен тұрады да, оның түбіртек немесе түбіршік деп атайды. Түбіртекте бойына су және қоректік зат жинақтайтын шырынды - етженді жапырықтар орналасады. Пиязшықтың сыртқы қабыршақтары құрғақ, жұқа қабықшалы, олар қорғаушы қызмет атқарады. Қысқарған сабақтын төбелік бүршігінен жерүсті өркені, ал оның түбінен қосалқы тамырлар дамиды. Пиязшықтар негізінен лалагүлділер тұқымдасына тән. Пиязшық- вегетативтік көбею мүшесі. Пиязшықтың ерекше түрі лалагүлділрдің гүл шоғырында немесе вгетативтік өркендерінде, болмаса сабақтағы жапырақ қойнауында қалыптасады. Мұндай пиязшықтар ұсақ, көбеюге арналған, вегетативтік немесе генератитивтік бүршіктер. Пиязшықтың тамырсабақтан және түйнектен ерекше,мұнда негізінен жақсы дамитын сабағы емес, жапырағы.
Түйнек пиязшығы - түйнекпен пиязшықтың арасындағы өтпелі формасы. Сырт көрінісі бойынша пиязшыққа ұқсаста, ал морфологиялық жағынан түйнекке жақын. Оның жапырақ қабыршақтары құрғақ, ал қорылық заттар жуандаған сабағында жинақталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет