Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты білім беру мекемесі Ақшолақ орта мектебінде өткізілген әдістемелік десант жұмысының қорытындысы бойынша жіберілген кемшіліктерді жою мақсатындағы іс-шаралар жоспары
Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты білім беру мекемесі Ақшолақ орта мектебінде өткізілген әдістемелік десант жұмысының қорытындысы бойынша жіберілген кемшіліктерді жою мақсатындағы іс-шаралар жоспары
Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты білім беру мекемесі Ақшолақ орта мектебінде өткізілген әдістемелік десант жұмысының қорытындысы бойынша жіберілген кемшіліктерді жою мақсатында жүргізілген іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы Мәлімет. Әдістемелік десант жұмысының қорытындысы мен берілген ұсыныстарымен пән мұғалімдері таныстырылды.
Педагогтардың жұмысына мониторинг жүргізіліп әдістемелік көмекті қажет ететін жекелеген мұғалімдерге жаңартылған білім мазмұны бойынша әдістемелік көмек көрсетілді. Атап айтар болсақ биология пәнінің мұғалімі Қаралбаева А.және технология пәнінің мұғалімі Қуанышбаев С.
Бастауыш сынып мұғалімі Есқалиева Ш «Екі таңбалы сандарды қосу және азайту»тақырыбында өткізген ашық сабағында сабақтағы оқушыларды бағалау әдістерінің түрлерімен бөлісті.
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Елубекова И «Музыка және классикалық туындылар» туралы түсініктер тақырыбындағы ашық сабағында оқушылардың қызығушылығын арттыратын топқа бөлу «Суреттер сыры», «Фокс формуласы», «Джиксо» әдістерін көрсетті.
Тарих пәнінің мұғалімі Налибаева Г «Қ.И.Сәтбаев жан-жақты тұлға» тақырыбындағы ашық сабағында қалыптастырушы бағалауды жүргізу және дискриптор құрастыру әдістерімен бөлісті.Сабаққа қатысушы пән мұғалімдері өз ойларын ортаға салып тәжірибе алмасты.
Мектеп үйлестіруші тарапынан жиынтық бағалау тапсырмаларының мұғалім тарапынан құрастырылуын және уақтылы жүргізілуін қадағалау жұмыстары жүргізілді.