Әлеуметтік көмектер Әлеуметтік көмек түрлері



бет1/6
Дата04.11.2023
өлшемі149,97 Kb.
#189412
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
2 ЛЕКЦИЯ СД409А


Әлеуметтік көмектер
Әлеуметтік көмек түрлері
Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер: 1) өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаның (отбасының) өмір сүру сапасын жақсарту мен арттыру,медициналық-әлеуметтік технологияларды қолдану арқылы аурулардың алдын алуға, денсаулығын қалпына келтіруге, сақтауға және нығайтуға бағытталған әлеуметтік-медициналық қызметтер;
2) өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаны (отбасын) әлеуметтік-психологиялық бейімдеуді көздейтін әлеуметтік-психологиялық қызметтер;
3) физикалық мүмкіншіліктері мен ақыл қабілеттерін ескере отырып педагогикалық түзетуге және оқытуға бағытталған әлеуметтік-педагогикалық қызметтер; 4) әлеуметтік-экономикалық қызметтер; 5) әлеуметтік-құқықтық қорғауды көздейтін әлуметтік-құқықтық қызметтер; 6) жеке мұқтаждықтан туындайтын қиын өмірлік жағдайға душар болған тұлғаның (отбасының) тұрмыс-тіршілік әрекетін қолдауға бағытталған әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер;
7) өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғалардың (отбасылардың) еңбек дағдысын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік-еңбек қызметтері;
8) бос уақытты ұйымдастыруға, әлеуметтік-мәдени іс-шараларды өткізу және оларға өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаларды (отбасыларды) тартуға бағытталған әлеуметтік-мәдени қызметтер.
Өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаға (отбасына) денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынылады және адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін қолжетімді, арнаулы әлеуметтік қызметтер мыналарды қамтиды: 1) консультация беру (жеке және топтық); 2) үйге жиі бару, белсенді көмек көрсету және бақылау (патронаж бен әлеуметтік сүйемелдеу); 3) "сенім телефоны" бойынша көмек (консультация беру) көрсету; 4) қолдау топтарын құру, тренинг өткізу, ынталы топтармен, өзіне-өзі көмек көрсету және өзара көмек көрсету топтарымен жұмыс жүргізу. 11. Өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаға (отбасына) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну қоса денсаулық жағдайын, жас және басқа да ерекшеліктерін ескере отырып одан әрі жеке және кешенді жоспар құру арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтерге деген қажеттілігін бағалау мен белгілеу негізінде жүзеге асырылады. 12. Өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаға (отбасына) денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету кезінде әлеуметтік жұмысқа волонтерлер, қоғамдық, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері тартылады. 13. Денсаулық сақтау саласында әлеуметтік қызметкерлер өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаға (отбасына) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсеткенде медициналық ұйымдар арасында сабақтастық сақталу керек. 14. Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлер арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша есепке алу және есеп беру құжаттамасын жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет