Әлеуметтік-психологиялық көмек Психологтар мына қызметтерді жүзеге асырады:
оқушыларды профилактикалық тексеруден өткізу;
емханада және үйде жеке кеңес беру
дәрістерді, семинарлар мен тренингтерді өткізу
топтық сабақ жүргізу;
Психологтар топпен ғана жұмыс істемей, әр адамды тұлға ретінде қабылдап, бабын таба алады;
Әлеуметтік – медициналық көмекті жүзеге асыру кезінде әлеуметтік қызметкер денсаулық сақтаудың алдын – алу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға, бірінші медициналық көмек көрсету, тамақтану мәдениеті негіздерін, тазалық гигиеналық норманы білуге, отбасын құру жұмыстарын ұйымдастыруға, репродуктивтік және жыныстық тәртіпке жауапкершілік қатынасын құруға, отбасы өміріне жастардың дайындалуына ықпал етуге, еңбек терапевін дамытуға, салауаииы өмір салтының құрылуына себепші болуға міндетті.
Әлеуметтік – медициналық көмек Әлеуметтік экономикалық көмек Әлеуметтік экономикалық көмектің негізі болып мемлекеттік жәрдемақылар болып табылады.
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы – өзге жәрдемақы түрлеріне қарамастан, әлеуметтік қорғауды қажет ететіндерге берілетін ақшалай төлем; АӘЖ мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне кіреді және оларды алуға құқығы бар азаматтарға ай сайын берілетін ақша төлемі болып табылады.
Жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарға мыналар жатады: 1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері,; 2) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналары және олардың екінші рет некеге тұрмаған жесірлері; 3) қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары; 4) қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және оларға теңестірілген мүгедектердің қайта некеге тұрмаған әйелдері (күйеулері), сондай-ақ соғысқа қатысып қайтыс болған әскер, партизан, жасырын әскер, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Ленинград блокадасының тұрғыны» белгісімен марапатталған азаматтардың, жалпы ауру, еңбек жарақаты және өзге де себептермен мүгедек деп танылған азаматтардың әйелдері (күйеулері); 5) Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үшінші дәрежелі даңқ орденінің, үшінші дәрежелі Еңбек даңқы орденінің кавалерлері, «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағына ие болған адамдар;
6) Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы ерен еңбегі мен мүлтіксіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медалдарымен марапатталған тұлғалар; 7) 1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС апаты салдарын жоюға қатысқандардың, қоныс аудару күнінде құрсақта болған балаларды оқшаулау және қоныс аудару аймағынан өз бетімен кеткен Қазақстан Республикасына қоныс аударғандар қатарындағы адамдар; 8) 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер; 9) 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
10) «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналар; 11) бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін); 12) саяси қуғын-сүргін құрбандары, мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдар; 13) Қазақстан Республикасы алдындағы ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар.