Бакирбаева перизат алимхановна


ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТ НАРЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



бет7/32
Дата01.11.2022
өлшемі0,91 Mb.
#155954
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32
Байланысты:
,диссер-1 - новый
мақала тезис, Қазақстан Республикасында туристік қызмет көрсетудің әлеуметтік-экономикалық
1. ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТ НАРЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



    1. Туристік қызмет нарығының мәні: түсінігі, түрлері және бәсекелестігі

Экономикалық әдебиеттерде туристік нарықты қалыптастыру мен оның қызмет ету мәселелеріне арналған зерттеулерде «туристік нарық» туралы нақты түсінік қалыптасқан жоқ. Бір авторлар «туристік нарықты» әлемдік-шаруашылықтағы байланыстар жүйесі деп түсінеді, онда туристік-экскурсиялық қызметтің ақшаға және керісініше, ақшаның туристік қызметтерге айналуы жүреді, туристік өнімді тұтынушылар мен өндірушілер арасында байланыс орын алады. И.Т. Балабанов пен А.И. Балабанов туристік нарықты туристік өнімді және экономикалық қатынастарды іске асыратын, сатып алушылар мен туристік өнімді сатушылар арасындағы сала деп анықтаған [3].
Ю.В.Темный туристік нарықты экономикалық туризм категориясы ретінде қарастырып, нақты экономикалық қатынастардың өзара байланысы мен туристер және туроператорлар, туристік өнімдер мен ақшаның туристік қатынастар субъектілерінің экономикалық қызығушылықтарын айқындайтын турагенттер мен олардың контрагенттері арасындағы байланыстары деп түсіндірген [4]. Туристік қызмет нарығы негізгі үш шартты сақтағанда ғана қызмет жасайды:

  • өндірушілердің еркін бәсекелестігі;

  • тұтынушылардың еркін таңдау мүмкіндігі;

  • сапа және көрсететін қызметтер қауіпсіздігі саласы үшін бірыңғай ережелердің болуы. Сонымен, туристік қызмет нарығының қызметтерін сатып алушылар мен осы қызметтерді сатушылар арасындағы берілген қызметтерді іске асыру саласы ретінде және экономикалық қатынастардың пайда болу саласы ретінде анықтауға болады. Нарыққа толық сипаттама беру оның құрылымын ашу арқылы мүмкін болып табылады. Туристік қызмет нарығының құрылымы ішкі құрылымдарынан және оның жеке элементтерінің тәртібінен тұрады, ол бір-бірімен тығыз байланысқан негізгі элементтердің жүйесі ретінде түсіндіріледі және жүйе туристік қызметтерге сұраныс, туристік қызметтерге ұсыныс, бәсекелестік, қызмет сапасы мен бағасынан тұрады.

Туристік қызметте нарықтың барлық негізгі мақсаттары іске асады:

  • сатушылар мен сатып алушылар аумағы,яғни, өнім сатылатын аумақ;

  • белгілі кезеңде сату көлемімен өлшенетін арнайы өнім және қызметке сұраныс;

  • қоғамның экономикалық жүйесінің барлық деңгейінде, барлық қоғамдық өндіріс шеңберінде тауарлар мен ақшалай қызметтердің қозғалу механизмі.

Туристік қызмет нарығының мәні, оның қызметтері айқындалады және олар туристік қызметтің пайда болу формаларымен оның қоғамдағы орнын сипаттайды. Туристік қызмет нарығы келесідей қызметтер атқарады:

  • тұтынушыларға туристік қызметтерді жеткізу үдерісін ұйымдастыру;

  • туристік қызметтерге белгіленген ақы мен тұтынушылық ақыны іске асыру;

  • клиенттердің толық мәндегі демалысы;

  • еңбекке деген материалды ынталандыруды қамтамасыз ету.

Туристік қызмет нарығының оңтайлы қызмет етуі экономикалық механизмдер жүйесінің болуымен тұжырымдалады, олар «ақша-қызметтер», ақшалай және туристік қызметтер ағындары айырбасының туристік қызметтеріне сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін қамтамасыз етеді. Туристік қызмет нарығы сұраныс пен ұсыныстың, берілген қызметтің сыйымдылығы мен шарттарының арасындағы баланс деңгейімен сипатталады.
Қызмет экономикалық категория болып табылады, оны басқа категориялардан ерекшелейтін мазмұны мен қызметтері бар. Қызметтің категория ретінде үлкен әдістемелік рөлі бар, К.Маркс атап өткендей «қызмет-ол сол немесе басқа тұтынушы төлемінің –тауар не еңбектің пайдалы іс –әрекеті» болып табылады [5]. Сондықтан, қызметті адам еңбегінің бір түрі деп қарастыра отырып, ол «осы еңбектің ерекше тұтынушылық ақысы қызметінің арнайы атауын алды, сондықтан, еңбек қызметті нәрсе ретінде емес, қызмет ретінде көрсетеді» деген қорытынды жасайды. Басқаша айтқанда, өндірістік емес салаларда материалды өндіріске сай ауысу тек қызмет формасынан өнім формасына ғана ауысу жүреді. Сонымен, осындай іс-әрекеттің нәтижелері –қызмет болып табылады, оларды өндіру үрдісі оларды қолдану үрдісімен сай келеді. Осындай жолдың негізгі әлсіздігі, қызмет мәнін өте тар мағынада түсінуі деп айтуға болады.
Қызмет экономикалық категория ретінде арнаулы экономикалық қатынастарды анықтайды, сондықтан, қызмет мәнін пайдалы еңбек іс-әрекетіне қатысты қоғамдық қатынас ретінде берген анықтамасы шындыққа сай. Осыдан шығатыны, қызметті экономикалық қатынас ретінде қарастыру керек, ол өндіруші мен тұтынушының бар болуын талап етеді және осы экономикалық қатынастар үшін арнаулы сипатқа ие болып табылады. Әлеуметтік-мәдени, рухани, зияткерлік сұраныстар мен адами қажеттіліктерді (білім, денсаулық, мәдениет, спорт, өнер және т.б.) қанағаттандыратын қызмет саласында экономикалық қатынастардың материалды емес өндірісі әрекет етеді және осы салалардағы экономикалық қызметтердің шарттары материалды емес өндіріс салаларының шарттарынан көп ажыратыла бермейді.
Е.Г. Решетникова қызметті экономикалық қатынастар формасы ретінде қарастырып, еңбек үдерісінде арнаулы тұтынушылық ақы құрылады деп есептеген [6]. Қызметтің ерекшелігін екі жағдайда анықтаған:
- тұтынушыға ұсынудың өзіндік формасы;
- олардың айрықша функционалдылығы.
Тұтынушылық ыңғайлылық дегеніміз – еңбек объектісі адамға және оның жеке затының болуына қарамайтын, өндіруші мен тұтынушы арасындағы тікелей байланыстарды қолдауды қажет ететін тұтыну. Басқа жағынан, тұтынушылық қызметтердің мақсаттылық функциясы ретінде халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыратын тұтынушылық ақыны алуға болады.
Шетелдік экономикалық әдебиеттерде «қызмет» түсінігі туралы біршама пікірталас тудырып, оның «тауар» түсінігімен арасындағы айырмашылықтары мен ұқсастықтарын қарастырады. Сонымен, американдық экономистер Т.Хилл мен Ф. Николайдес тауарлар мен қызметтер арасындағы іргелі айырмашылық туралы пікірді қолдайды. Олар тауарлар материалды, яғни, олар көрінеді және сезіледі, ал қызметтер материалды емес, оларды сақтауға және тасуға болмайды дейді. Осыдан, қызметті өндіру және оларды тұтыну уақыт пен кеңістікте бір-біріне сай келеді, және қызметті ұсыну кезінде өндіруші тұтынушымен тікелей байланыс орнатады [7].
Қызмет көрсету дегеніміз – бұл, іс-әрекет, оны орындау және оны орындау үшін күш салу болып табылады. Қызмет көрсету тұтынушыға, тауардың қолдан-қолға берілетіні сияқты іс-әрекет арқылы беріледі. Қызметті тұтынушыға беру үшін белгілі бір әрекеттер мен операцияларды орындау қажет. Оның кез-келген операциялармен немесе әрекеттердің басы, жалғасы және соңы сияқты өзінің сипаттамасы болады, бұл үдерістерді сипаттайтын белгілер болып табылады. Осыдан қызметті орындаудың мәні – оны құрайтын үрдістер мен операцияларды орындау кезінде пайда болатындығын айтамыз.
Халыққа қызмет көрсету салалары әлеуметтік-мәдени сұраныстарды, сондай-ақ, материалдық қызметтердің ауқымды аспектілерін қанағаттандыруға бағытталады, сондықтан көптеген зерттеушілер оны өте кең көлемде қарастырады. «Қызмет көрсету саласы» категориясы негізгі және айналымдағы қаражаттарды, жұмыс күші ресурстарын, материалдық қажеттіліктер мен жұмысшылардың еңбекақысын төлеу қаражаттарын құру сияқты қатынастарды көрсетеді. Осы қажеттіліктер мен ресурстардың әрекеттері үрдісінде қалыптасатын қатынастар, қызметті өндіру жүйесіне байланысты өте қажетті екінші жағдай болып тұр. Бұл категория да қызметтерді бөлуге байланысты қатынастарды көрсетеді. Қызметтердің ақылы және ақысыз болатындығына байланысты олардың экономикалық формасы өндіріс және тұтыну актілерін қолдай отырып, өндірудің белсенді күші болады.
Экономикалық табиғи қызмет көрсетудің көзқарастарын талдау, осы саладағы еңбектің сипаттамасы, тек ғылыми жағынан ғана емес әсіресе практикалық тұрғыда да қажет болып табылады. Туристік қызметтер нарығының дамуына ізденістің пайда болуы қазіргі уақытта туризмнің ұлттық экономиканың басты саласы ретінде қызығушылық туғызуына байланысты.
К.Маркстің салаларды өндірістік және өндірістік емес салаға бөлуі қызмет көрсету жіктеліміне әсер етті. Өндірістік қызметтер қызмет көрсетудің жұмыс жасаумен байланысты заттық формасында болады (тұтыну затын жөндеу және қалпына келтіру), өндірістік емес қызметтер (жеке) адамға байланысты (білім, денсаулық сақтау, туризм, демалыс, жолаушылар транспорты, көзтартарлық іс- шаралар және т.б.) болады [5].
Монистикалық әрекет ету, яғни, стереотиптік қоғамдық өндіріс, өндірістік күш, еңбек сипаттамасы анықтамаларының жеңілдетілуі (өндірістік, өндірістік емес, еңбек-тауар бағасын жасайтын өндірістің факторы) қызмет көрсету мен олардың жіктелуін анықтаудағы түсініспеушіліктерге әкеліп соғады.
Функционалдық әрекет ету қазіргі қоғам экономикасын зерттеуде, қоғамдық өнімнің құрамы туралы нақты түсінік береді. Оған түрлі материалдық және материалдық емес игіліктер және қызметтер кіреді. Сондықтан, қоғамдық өндірістің құрылымы материалдық игіліктерді өндіретін қызметті шығарушы өндіріс құралдары, тұтыну заттары және материалдық емес өндіріс саласы, қызметті өндіретін салалардың жиынтығы болып табылады.
К. Маркстің қызмет туралы теориясы толығымен экономикалық өмірдің құбылысы және жаңа факторларды жалпылауға негіз болып табылады. Осыған байланысты, А.Азриаланның толықтырылуымен шыққан «Үлкен экономикалық сөздік» К.Маркстің теориясына негізделген [8]. Қызметтер қызметтің пайда болуына әкелмейді, тапсырыспен іске асатын жұмыс, жеке өнім, тауар бола отырып, олар: көлік, газ, мұнай, мұнай өнімдері; жеке меншіктің жалға алынуы және жалдау жұмыстарын алу; делдалдық; патент, лицензия, тауар маркасы, басқа нысан; денешынықтыру және спорт; жарнамалық; инновациялық; кеңес беру, бухгалтерлік, аудиторлық, маркетингтік; мәліметтерді өңдеу және ақпараттық қамтамасыздандыру; тауарларды сатуға дайындау; тапсырыс бойынша тауарды, жекеменшікті өндіру, сонымен қатар шикізат материалдары болады.
Қызметтер – бұл жұмыс, оны іске асыру үрдісінен жаңа, оған дейін болмаған материалды-заттық өнімнің пайда болмауы, қызметті оған дейін болған өнімнің сапасының өзгерісі деуге болады, бұл заттай емес игіліктер, іс- әрекет ретінде ұсынылады, сол арқылы қызметтің көрсетілуінен күтілген нәтижеге жетеді. Қызметтерді тұрмыстық, коммуналды және тасымалдау қызметін көрсету, білім, денсаулық, демалыс, мәдени-тәрбиелік жұмыс және т.б.деп бөлуге болады. И.В.Зорин мен В.А. Квартальнов туристік қызметтерге, туристік тұтынуға жататын қызметтерді негізгі, қосымша және кешендік деп бөліп қарастырады. Негізгі қызметтерге саяхатты ұйымдастыру және көрсетілетін қызметтер, қосымша қызметтерге – турға кірмейтін және демалу орнында қажет болуына байланысты ғана көрсетілетін қызметтер, ал кешендік қызметтерге –жолдама бойынша көрсетілген барлық туристік қызметтердің жиынтығы кіреді [9]. Толығырақ анықтаманы М.Б. Биржаков беріп туристік қызметті – турист немесе экскурсанттың қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған, туризмнің мақсатына сай келетін, туристік қызметтің сипаттамасы мен тұтынуы, жалпы адами моральдық принцип пен жақсы тәртіпке қарсы келмейтін қызмет көрсетудегі бағытталған қимылдар жиынтығы деп көрсетті [10].
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымындағы №211 «Туристік қызмет туралы» Заңы бойынша, туристік қызмет көрсету дегеніміз–туристің саяхаты кезеңінде және осы саяхатқа байланысты оның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұсынылатын қажетті қызмет көрсетулер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушыларының, гидтердің (гид-аудармашылардың) қызмет көрсетулері және сапар мақсатына байланысты көрсетілетін басқа да қызметтер) [11].
Туристік қызметтер әлеуметтік-мәдени қызмет тобына кіреді, өйткені ол, рухани, интеллектуалды қажеттіліктерді қанағаттандыру, тұтынушының қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ету, денсаулық сақтау және қалпына келтіру, физикалық даму болып табылады. Қызмет көрсету саласының түрленуі туралы мәселе біршама күрделі және қарама-қайшы болып табылады. Ол оның формалары мен түрлерінің көп болуынан ғана емес, қызмет көрсету мағынасының тарихи құбылыстарға қатысты өзгерістерге ұшырауына байланысты.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, біз туристік қызметті туристік кәсіпорындармен іске асатын және адамдардың қажеттіліктерін (денсаулығын қалпына келтіру, ойын-сауық, танымдық және т.б.) қанағаттандыратын, өндіріс, ғылым, білім сияқты мемлекеттің экономикалық өсіміне негіз ретінде түсуге болады.
Әр қызмет көрсетудің еңбек күшін жаңадан өндірудің өзіндік әсері бар халыққа қызмет көрсетуге қойылатын міндеттерді, атап кетсек:
- халыққа ұсынатын қызметтің көлемін ұсыну, ол кезде минималды тұтыну шығыны арқылы өндіріледі;
- қызмет көрсету саласындағы рационалды және нәтижелі жұмыс күшін пайдаланатын материалдық ресурстармен қамтамасыз ету;
- қызмет көрсету саласындағы жұмыспен қамтамасыз ету, халықтың шығармашылық еңбектегі сұранысына жауап беру керек. Төменде қазіргі туристік нарықтың бірнеше анықтамалары көрсетілген (кесте 1).

Кесте 1- Туристік нарық анықтамалары





Аты – жөні

Анықтамасы

1

О.А.Любицева [12]

Туристік қызмет көрсету нарығы – саяхат уақытында халықтың қызметке сұранысын демалумен ойын-сауықпен қамтитын саласы

2

И.В.Зорин, В.А.Квартальнов [9]

Туристік нарық – туристік-экскурциялық қызметтердің ақшаға айналуы және керісінше ақшаның туристік - экскурциялық қызметтерге ауысуының бейбіт шаруашылық жүйесі

3

Р.А.Юрик [13]

Туристік нарық – туристік қызметті тұтынушылар (тапсырыс берушілер) мен сатушыларды (тасымалдаушылар) біріктіретін институт немесе механизм

4

В.С.Боголюбов, В.П.Орловская [14]

Туристік нарық – сол жерде сол уақытта арнайы физикалық туристік тауарлар мен қызметтерге сұраныс, сату мен сатып алуды біріктіретін қоғамдық - экономикалық құбылыс

5

Г.И.Гладкевич [15]

Туристік нарық – ішінде «Туристік сұраныстар, туристік өнімді ұсыну, бағалар мен бәсекелестік арасындағы өзара байланысты» экономикалық жүйе ретінде қарастырады

Ескерту – Автор құрастырған

В.Ф.Кифяк туристік нарықты субъектілер құрамы ретінде қарастырып, нарықтардың негізгі бес түрін көрсетеді:


- туристік қызметті өндірушілер нарығы – тауарлар мен қызметтерді басқа тауарлар мен қызметтерді өндіру үшін сатып алатын жеке адамның немесе мекемелердің жиынтығы;
- тұтынушылар нарығы – өзі пайдалану үшін қызметтерді сатып алатын жеке және заңды тұлғалар;
- арадағы сатушылар (турагенттер, делдалдар) – өзіне пайда әкелетін жағдайда болашақта қайта сату үшін қызметтерді қамтитын адамдар мен
ұйымдардың жиынтығы;
- қоғамдық мекемелердің нарығы – әртүрлі коммерциялық емес мекемелердің қызметін қамтамасыз ету мақсатында қызметтерді сатып алушылар;
- халықаралық нарық – сатып алушылар, тұтынушылар, өндірушілер және арадағы сатушылардың жиынтығы [16].
Жоғарыдағы туристік нарық анықтамалары негізінде, туристік нарық ретінде туристік өнімнің өндірушілері мен тұтынушылары болып табылатын заңды және жеке тұлғалар қатысатын, қызметтің тұтынушыға жылжу үрдісін айтуға болады. Туристік өнім туроператор қызметінің үдерісінде туристік өнімге жинақталып, одан кейін турагенттер арқылы тұтынушыға жетеді. Оны төмендегі 1-суреттен көреміз.

Қызметті жеткізушілер


Орналастыру орындары



Орналастыру орындары



Қоғамдық тамақтандыру орындары



Жүйелер, қауымдастықтар,
корпорациялар



Көлік





Ойын-сауық орындары





Туроператорлар

Курорттық ұйымдар



Спорт орындары



Турагенттіктер





Тұтынушылар

Сурет 1 – Қызметтің тұтынушыға дейінгі жылжу үрдісі


Ескерту: автор мәліметтер негізінде құрастырды

Туристік қызметтер орналастыру және тамақтану, спорт орындары, ойын-сауық, курорт ұйымдарына, саябақтар мен демалыс орындарына әсер етеді, туроператорлар осы қызметтерді біріктіре отырып, ыңғайлы да пайдалы, тиімді туристік өнімдерді әзірлейді, ары қарай оны жылжыту үшін түрлі жарнамалық қадамдар жасай отырып, келісімді бағамен турагентке ұсынады. Олар қызметті туристермен біріктіреді, қызметті жеткізушілердің дұрыс қадамы туристік нарықтың қыр-сырын дұрыс біліп, оның дамуы мен басқару иіндерін білу бойынша кәсіби біліктілікті қажет етеді [17]. Еңбекке материалдық ынталандыруды қамтамасыз етудің экономикалық функциясы, туристік нарықта еңбек бөлінісін қайта өндіруінің аяқталған фазасы түрінде болады. Туристік мекемелердің жұмысшылары өздерінің еңбектеріне белгіленген


ақшалай сыйақы алады, бұл туристік өнім өндірісін арттыруға және қызмет сапасының артуына әсерін тигізеді.
Ғылыми әдебиеттерде туристік нарықты сегменттеудің бірыңғай әдісі көрсетілмеген. Бірақ, туризм нарығының қолданылуына қарай, бірнеше жіктелімі бар. БҰҰ арнаулы ауданға (мысалы, аймақ, мемлекет немесе бірнеше елдер) қатысты келесі нарықтарды анықтайды:

  • ішкі туристік нарық, ол өзіне тек осы ауданның ғана тұрғындарының осы аудан бойынша сапарларын кірістіреді;

  • кіру туристік нарығы, аудан бойынша осы ауданның тұрғындары болып табылмайтын адамдардың сапарлары;

  • шығу туристік нарығы, аудан тұрғындарының басқа ауданға сапарлары.

Егер аудан ретінде мемлекет алынса, онда «кіру» және «шығу» терминдерін түрліше қарастыруға болады және туристік нарықтың келесідей түрлерін алуға болады:
- мемлекет ішіндегі туристік нарық, ішкі және кіру туризмін қамтиды;
- ұлттық туризм нарығы, ішкі және кіру туризмін қамтиды;
- халықаралық туризм нарығы, ішкі және сыртқы туризмнен тұрады.
Сапар мақсатына қарай рекреациялық, емдік, мәдени-танымдық, іскерлік, діни, этникалық және транзиттік нарықтарды ерекшелейді. Ол нарықтардың әрқайсысы тек бір түрден тұрмайды, мысалы, іскерлік туризм нарығына делегациялар мен жеке тұлғалардың жәрмеңкелер, конференциялар, семинарлар, көрмелер, жиындарға арналған сапарларын, интенсив-турларды (ағыл. incentiv — «қозғаушы», «қолдаушы») кіргізуге болады — ол, компаниялар қызметкерлерінің өндірістік қызметте жоғары көрсеткіштерге жету үшін ұйымдастырылатын сапарлары. Осындай еңбекті ынталандыру, әсіресе, сауда кәсіпорындарында, сақтандыру және банктік компанияларда жақсы дамуда. Интенсив турлардың көпшілік турлардан айырмашылығы ол арнаулы ұжымдық тапсырыс үшін жасалады, әйтседе интенсив турлар өз сипаттамаларына қарай танымдық сапарларға көбірек жатады, бірақ түрлі нысандар мен кәсіпорындарға бару сияқты арнаулы бағдарлама орындалады, сондай-ақ, қатысушылардың бір мақсаттылығы осындай сапарларды іскерлік туризмнің жеке түрі ретінде ерекшелеуге мүмкіндік береді.
Туристік нарықтың басқа да көріністері бойынша жіктелуін көрсетуге болады: сапарларды ұйымдастыру сипаты бойынша – ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған, сапарға қатысушылардың саны бойынша – жеке және топтық, сұраныс пен ұсынысқа сәйкес – сатушы нарығы (жоғары сұраныс пен шектеулі ұсыныспен сипатталады) мен сатып алушы нарығы (сұраныстан ұсыныстың артуымен сипатталады). Туристік нарықтың топқа жіктелуі оның көптүрлілігін анық айқындай алмайды (жеке нарықтар ретінде экологиялық, ауылдық, оқиғалық, спорттық және туризмнің басқа түрлері).
Туризм әлеуметтік-экономикалық үрдістерді дамыту күші болып табылады, туризмді дамыту Қазақстанның экономикалық дамуында маңызды факторлардың бірі болып қарастырылады. Туристік сала қоғамда маңызды орын ала отырып, негізгі әлеуметтік функцияларды: қоғамның психофизиологиялық ресурстарын қалпына келтіру, адамның еңбекке қабілеттіліген арттыру және бос уақытты дұрыс пайдалану, халықтың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету және кіріс көлемін арттыру, елдің рекреациялық мүмкіндіктерін қолдау мен қайта қалпына келтіруге бағытталады. Елге валюта ағынының келуіне әсер етеді, жаңа жұмыс орын құру, инфрақұрылым жағдайын жақсарту және туризмді елдің шаруашылық кешені экономикасының бөлігі ретінде қарастыруға болады [18].
Туристік әлеует факторларына инфрақұрылымдық және туристік ресурстар факторларын жатқызуға болады. Туристік қызметтегі инфрақұрылым факторларына – көліктік ортаның жағдайы мен даму болашағы, телекоммуникациялық технологиялар мен жүйелер, білім мен ғылым және т.б. топтасқан жалпы факторларды, әкімшілік факторларды, маркетингтік және ресурстық факторларды жатқызуға болады, ал туристік ресурстық факторларға тарихи-мәдени құндылықтар мен табиғи-климаттық ерекшеліктерді, туристік ресурстардың ерекшеліктері, бар болуы, жағдайы, қолжетімділігі, олардың тартымдылығы мен бірізділік факторларын жатқызуға болады.
Туристік қызмет нарығын зерттеу әртүрлі, туризм дамуына әсер ететін әлеуметтік-экономикалық факторларды келесі 2 суретте көрсетуге болады.

Ресурстық факторлар

Маркетингтік факторлар

Әкімшілік факторлар

Жалпы
факторлар


Көліктік орта

Туризм саласын-дағы саясат

Мемлекеттік танымдылығы

Саяси тұрақтылық



Телекоммуника-циялық техноло-гиялар мен жүйе-лердің даму деңгейі

Мемлекеттің имиджі мен беделі

Инвестициялық тартымдылық



Туризмді басқа-ру органдары-ның құрылымы



Орталықтан басқарылмау



Ақпараттық технологиялардың даму деңгейі

Нормативтік база

Туристік брендтердің болуы



Мемлекет экономикасының құрылымы



Туризмді дамыту бойынша мемле-кеттік органдар-дың белсенділігі



Білім және ғылым әлеуеті



Қауіпсіздік деңгейі



Еңбек нарығы-ның даму деңгейі


Туризмді дамыту бойынша жергі-лікті органдар-дың белсенділігі


Экология



Қаржылық нарық пен банк секторының дамуы



Көпұлттылық

Сурет 2 – Туризм дамуына әсер ететін әлеуметтік-экономикалық факторлардың негізгі топтары


Ескерту – [19] мәліметтерінен алынды

Туристік нарықты дамыту мен оны өткізуде мемлекеттің рөлі дау туғызбайды, қоғам мен мемлекет, тұтынушының қажеттілігін зерттей отырып, заманауи талаптарға сай, тұтынушыға назар аударып, оның демалуы мен орын ауыстыру құқығының жүзеге асуын қамтамасыз ететін тұтынуды дұрыс ұйымдастыруы керек. Осы саясат арқылы туристік нарық өз кезегінде қызметті бағалап, туристік саланың дамуын жоспарлай алады, сандық, сапалық жағынан туристік сұранысты болжай отырып, туристік құқықты әкімшілігі бар мемлекет тарапынан басқаруды қажет етеді. Ол басқару мен ұйымдастыру, туризм саласында жоспарлау мен реттеуде шет ел тәжірибесін қолдануға, бәсекеге қабілетті жоғары сапалы туристік кешендерді ұйымдастыруға ықпал етеді. Заң жағынан мемлекеттік әлсіздік, мемлекеттік басқару және реттеудің жүйеленбеуі, туристік қызмет нарығын зерттеу мен талдаудың болмауы, осы саланың дамуына кері әсер етеді.


Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, осы саланың толық дамуына мемлекет тарапынан қолдау көрсетудің негізгі факторы – бұл, мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсету болып табылады. Туристік қызмет бизнесінің «әлеуметтік-бағдарлануын» сезіну, туристік саланың дәстүрлі орталықтарын қайта жөндеу және дамыту, ауқымды табиғи және әлеуметтік-экономикалық әлеуеті бар жаңа туристік аудандарды игеру мақсатында, ішкі және сыртқы туризмді дамытудағы басым жағдайларды қамтамасыз ету негізінде мемлекеттік реттеу әдістерін өңдеу мен қолдануды талап етеді.
Заман талабына сай туристік нарықта бәсекелестікті күшейту керек. Туристік нарықтың бәсекеге қaбілетті болуы ол жеке туристік кәсіпорындaрдың бәсекеге қaбілетті болып қaнa қоймaй, туристік нарығының толық дaмуымен іске асуы керек. Бұл туристік индустрияның микро-, мезо- және мaкро деңгейлерінде синергетикaлық нәтиженің пaйдa болуын білдіреді, яғни, туристік нарықтың жaңa жүйелі ерекшеліктері қaлыптaсуы тиіс [20].
Әлемдік туристік нaрықтa бәсекелестікті күшейтетін бaрлық деңгейдегі негізгі себептер aйқындaлғaн:

  • әлемдік туристік aғындaрдың жaлпы төмендеуіне ықпaл еткен әлемдік қaржылық-экономикaлық дaғдaрыс;

  • өздерін тaртымды туристік бaғыт ретінде белсенді ілгерілететін және өзіне туристік aғындaрдың елеулі үлесін тaртaтын туристік дестинaциялaрдың – жaңa қaтысушылaрдың нaрықтa пaйдa болуы;

  • бос уaқытты өткізудің жaңa түрлерінің пaйдa болуы, ол әлеуетті туристердің тұрaқты өмір сүру орындaрындa пaйдa болaды және сол aрқылы дәстүрлі сaяхaттaрдың қaжеттілігін aзaйтaды, ол туристік aғындaрдың қысқaруынa және тұтынушы үшін бәсекелестікті күшейтуге алып келеді;

  • туристік aғындaрдың өсу қaрқынының төмендеуі, бұл нaрықтық үлесте бәсекелестік күрестің күшеюін туғызaды, тұтыну сaлaсы бойыншa сaлыстырылaтын бір типті туристік өнімдер субинституттaр сaнының өсуі, бұл туристік нaрықтa ұсыныстың толығуынa әкеледі. 3-суретте бәсекелестік және туристік нaрық субъектілерінің экономикaлық үйлесімділігінің өзaрa бaйлaнысын көрсетуге болады.




туристік нaрықтaғы бәсекелес субъектілер


Сурет 3 – бәсекелестік және туристік нaрық субъектілерінің экономикaлық үйлесімділігінің өзaрa бaйлaнысы
Ескерту: мәліметтер [21] негізінде дaйындaғaн


Мезо- және мaкро деңгейде туризмнің бәсекеге қaбілеттілігін қaмтaмaсыз ету, микро деңгейде туристік индустрия кәсіпорындaрының тиімді жұмысы үшін тұрaқты ортаны қaлыптaстыру мүмкіндігін береді. Бәсекеге қабілетті aртықшылықтaр туризмге ықпaл ететін ішкі және сыртқы фaкторлaр есебінен қaлыптaсады. Бірақ туристік нарықтың даму үрдісінің бәсеңдеуі туристік ағындардың азаюына әкеледі. Осыған байланысты үкімет алдында шет елдік туристерді тартудың және ішкі туристерді қызықтыратын жаңа стратегиясын әзірлеу мақсаты тұр, мемлекеттің туристерді тартудағы ең негізгі факторы нашар инфрақұрылым ретінде түсіндірілді, яғни, нашар көліктік коммуникация, төмен кадрлық қамтамасыз ету және туристік кәсіпорындарды тиімді басқарудың өте төмен көрсеткіші деуге болады. Бұл туристік индустрия стратегиясын әзірлеуде жаңа міндеттерді жүктейді – ол туристік кластерлерді қалыптастыру.
Туризмді мемлекеттік қолдау – саланы орнықты дамытудың қажетті шарты болып табылады. Халықаралық тәжірибе туристік инфрақұрылымды дамыту үшін жағдайлар жасау, жеке меншік инвесторларды тарту, туристік индустрия субъектілерінің қызметі үшін қолайлы экономикалық жағдайларды қамтамасыз ететін нормативтік-құқықтық базаны қалыптастыруға бағытталған мемлекеттің белсенді саясаты туристік саланың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды орын алуына мүмкіндік беретінін көрсетіп отыр, әлемдік тәжірибе туризмді белсенді дамытатын елдер, өз азаматтарын сапалы туристік қызметпен қамтамасыз ете отырып, бюджет қаражатының едәуір көлемін ұлттық жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға жұмсайтынын айғақтап отыр.
Сонымен, туристік қызмет туристік кәсіпорындармен іске асатын және адамдардың қажеттіліктері (денсаулығын қалпына келтіру, ойын-сауық, танымдық және т.б. қажеттіліктерді қанағаттандыру, сол арқылы өндіріс, ғылым, білім және т.б. мемлекеттің экономикалық өсіміне әсер ететін алғышарт деп түсінуге болады. БҰҰ бекітуі бойынша туристік нарық ішкі туристік нарық, кіру туристік нарығы,шығу туристік нарығы деп бөлінеді. Туристік нарықтың бірнеше жіктелімі болса да заман талабына сай туристік нарықтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажет. Туристік нарықтың бәсекеге қaбілетті болуы ол жеке туристік кәсіпорындaрдың бәсекеге қaбілетті болып қaнa қоймaй, туристік нарығының толық дaмуымен іске асуы керек. Туристік нарықтың дамытуда мемлекет үлкен рөл атқарады. Туристік нарық өз кезегінде қызметті бағалап, туристік саланың дамуын жоспарлайды, сандық, сапалық жағынан туристік сұранысты болжап, туристердің қауыпсіздігін қамтамасыз ететін басқаруды қажет етеді.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет