Бакирбаева перизат алимхановна



бет5/32
Дата01.11.2022
өлшемі0,91 Mb.
#155954
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
,диссер-1 - новый
мақала тезис, Қазақстан Республикасында туристік қызмет көрсетудің әлеуметтік-экономикалық
Зерттеу объектісі ретінде Қазақстан Республикасының туристік саласы қарастырылады.
Зерттеу құралы ретінде Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет көрсету нарығын қалыптастыру мен тиімді дамытуда қалыптасатын ұйымдастырушылық, экономикалық және әлеуметтік қатынастардың өзара байланысы алынады.
Диссертацияның теориялық және әдіснамалық негізі: Жұмыстың теориялық және әдістемелік негізін шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектері қалады. Зерттеу кезінде жүйелік әдіс, логикалық және экономикалық-статистикалық талдау әдістері, экономикалық-математикалық үлгілеу мен болжау әдістері қолданылды.
Ақпараттық база. Зерттеудің ақпараттық базасын Қазақстан Республикасы статистика агенттігінің, Инвестициялар және даму министрлігінің мәліметтері, сондай-ақ, ғылыми конференциялар, форумдар мен семинарлардың материалдары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, министрліктер мен мекемелердің құжаттары, ғылыми әдебиеттер мен тұрақты баспаларда басылған материалдар, туристік ұйымдар қызметінің құқықтық және шаруашылық жағдайын сипаттайтын материалдар құрайды. Берілген мәселенің құқықтық негізі ретінде туристік қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді қолдану жоспарланды, Президенттің жолдаулары, мемлекеттік бағдарламалар, «Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы» Заңы алынды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы туристік қызмет көрсету нарығының әлеуметтік-экономикалық аспектілерін бағалау бойынша ғылыми-әдістемелік тұжырымдар мен ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

  • «туристік қызмет нарығы» түсінігі нақтыланды;

  • туризм дамуына әсер етуші әлеуметтік-экономикалық факторлар ұсынылды;

  • туризм саласының әлеуметтік-экономикалық аспектілерінің даму жағдайы бағаланды;

  • туристік компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың әдістемелік бағыттары қарастырылды;

  • туристік қызмет көрсету нарығының экономикалық аспектілерін дамытуды стратегиялық жоспарлаудың тұжырымдамалық үлгісі ұсынылды;

  • туристік бизнестің әлеуметтік аспектілерін дамытудың болашағы мен туристік қызмет көрсету нарығын дамыту стратегиясы әзірленді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет