Бакирбаева перизат алимхановна



бет14/32
Дата01.11.2022
өлшемі0,91 Mb.
#155954
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32
Байланысты:
,диссер-1 - новый
мақала тезис, Қазақстан Республикасында туристік қызмет көрсетудің әлеуметтік-экономикалық
Туризм министрлігі(Туризмді дамытудың ұлттық стратегиясын іске асырады)



МЕМЛЕКЕТТІК ДЕҢГЕЙ


4 жартылай автономды мемлекеттік ұйымдар


Конференц –орталықтың жұмысына жауап беретін, мемлекеттік ұйым(Каирлік конференц-орталықтың қызметіне басшылық)



Туризм Академиясы(Туристік секторда барлық оқу бөлімдерін бақылау)



Туризмнің дамуы бойынша Египет Комитеті(Туризмді жергілікті, халықаралық нарықта жылжыту)



Туризмнің дамуына жауап беретін ұйым(Туристік аймақтарды белгілеу және арнайы белгіленген аумақтарға құрылыс жүргізуді бақылау
Туристік нысандарға құрылысқа бөлінген жерлерді алу және сату)




ЖЕРГІЛІКТІ ДЕҢГЕЙ

Туризмнің дамуына жауап беретін аймақтық ұйымдар


Сурет 9 – Мысырдағы туризмді дамыту жүйесі
Ескерту: [35] мәліметтер негізінде автор құрастырған

жағалауларында туристік өнімдер дайындады;


- туристік салаға инвестицияларды тарту инвесторлар үшін салықтан босату және кедендік салымдар көлемін төмендету қосымша ынталандырулар арқылы жүзеге асырылды. Осылайша, туризмді дамыту үшін нақты аймақтар анықталды: Эль Ариш, Рас-Мохаммед, Шарм эль Шейх, Таба және Хургада.

  • Мысыр Orascom кәсіби операторларды, жобаларды жүзеге асыруға тартты, Әлемдік банктің қолдауындағы Мысырлық холдинг компаниясын құрды;

  • спорттық туризм, емдік туризм және ұзақ мерзімдік туризмге қатысты жаңа бағдарламалар бекітіліп, қызмет жасай бастады.

Черногория керемет табиғи табиғаты мен туристерге тартымдылығынан ең алғаш туристік дестинация ретінде 1990 ж. басында азаматық соғысынан кейін 2000 ж. ортасында қарастырылды. Ол кезде жергілікті туристік индустрияда заңсыз инвестициялар мен құрылыстар басым болды. Қазір Черногория оңтүстік-шығыс Еуропада демалысты өткізу жоспары ретінде Болгария мен Хорватияға толыққанды балама болып табылады, оның мүмкіндігі басқа елдерге қарағанда жоғары болып табылады, оның бір себебі бай ландшафты мен туристік негізгі тартымдылықтарға жақын болуында.
2011 жылғы саяхаттау және туризм саласындағы бәсекелестік бойынша Баяндамаға сәйкес (Әлемдік экономикалық форум), Черногория әлемде 36- орынға ие (139 елден) 7 мүмкін болатын ұпайдың 4,6 ұпайына ие. Бұл оның 2009 жылғы мәліметтерімен салыстырғандағы көрсеткіштерінен әлде қайда жоғары, ол жылы Черногория 4,3 орташа көрсеткішпен 52-орынды иеленген болатын. Черногория «Саяхат және туризм бойынша тартымды елдер» атты 12 категория бойынша ең көп ұпай жинаған (5,9), ол тағы бір рет елдің халықаралық туризм үшін ашық екендігін көрсетті. Бүкіләлемдік саяхат және туризм бойынша кеңеспен дайындалған ел экономикасына 2012 жылы саяхаттар мен туризмнің әсері бойынша Баяндамаға орай, Черногория елдің ЖІӨ туризм саласының қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді әлеуетінің өсуіне салыстырмалы мәнді салымы әлемде 1-орын (181 елден) алады [36].
2011 жылы елдің ЖІӨ туризм саласы бойынша үлесі 7,5% құрайды. Болжамға сәйкес елдің ЖІӨ үлесі 11,8% -дан 2022 жылға ЖІӨ үлесі 17.8% құрайтын болуы керек. Әлемдік деңгейде жағажай туризмі, мәдени және белсенді демалыс, велотурлар, түрлі іс- шаралар негізгі дамытуда басымдылық танытатын табиғи және мәдени ресурстар болып табылады.
Жерорта теңізі, Альпі, Кариб алаптары, Амазония, Байкал көлі, Ниагара, Тынық мұхит аралдары заманауи туристер үшін туристік бағыттарды таңдауға мүмкіндік беретін аумақтар. Жаһандық деңгейде сұраныс үшін негізгі магнит болып табиғи және мәдени ресурстар бірнеше категорияларға бөлінеді:

  • теңіздегі демалыс – Жерорта теңізі, Кариб алабы, Тынық мұхит аралдары, Канкун (Мексика), Куба, Таиланд және жаңадан қосылған, мысалы, Вьетнам, Үнді мұхиты аралдары және т.б.;

  • таудағы демалыс (қыстық және жаздық)– Альпі, Анд, Карпат, Кавказ, Орал тауларыжәне т.б.;

  • өзендегі демалыс – Миссисипи, Дунай, Жайық, Еділ, Ніл, Амазония;

  • көлде демалыс – Бөден көлі, Балатон көлі, Гурон көлі, Байкал, Каспий теңізі және т.б.;

  • қалалық демалыс – Лондон, Париж, Нью-Йорк, Барселона, және т.б.;

  • ұлттық парктер – Крюгер, Фьордленд, Галапагосс аралдары, Хуанлун (Сары Айдаһар), Йосемити және т.б.;

  • мәдени құндылық – Санкт-Петербург, Ұлы Қытай Қорғаны, Мысыр пирамидалары, Мачу - Пикчу;

  • жаһандық оқиғалар (ойындар, көрмелер және т.б.) – Октоберфест, Марди Гра, Қағба және т.б.

Заманауи туризм индустриясы әлемдік танымал бағыттарда (кластерлерде) жұмыс істейді, олар түрлі бизнес секторында бәсекелес болып табылады. Әр саясаттың соңғы мақсаты туризм саласында олар бәсекелес бола алатын нақты бәсекелестік басымдылықтарды әзірлеу [37]. Осы уақытта Черногория Жерорта теңізі бәсекелестері туристік нарығында артықшылығын айқындау мақсатында туризмнің тұрақты даму жобасын іске асырды, дамуда және мәдени құндылықтар мен табиғи ресурстарды тиімді қолдануды қолға алды. Жағымды экономикалық және әлеуетті инвесторлар үшін іскерлік климат тудыру үшін Черногория Үкіметі бірнеше маңызды шараларды қабылдады:
- мемлекетке тиесілі компанияларды жекешелендіру;
- әлеуетті инвесторлар үшін тиімді шарттар құру (компаниялардың жұмысын бастау үшін тиімді жағдай жасау, салықтық жеңілдіктер және т.б.);
- тұрақты саясатты қалыптастыру;
- заңды тұлғалардың тіркелуі үшін тиімді рәсімдерді белгілеу және бизнесті жүргізу үшін қажетті рұқсатнамаларды беру;
- ӘБ, ХВҚ,ДСҰ және ЕҚДБ мүшелікке кіру;
- ЕуроОдақ пен САКҰ кіруге кандидат болу;
- мемлекет қаражаттарының жұмсалуына қатаң бақылау жүргізу.
1991 ж. ел әлемде ең бірінші «экологиялық мемлекет» ретінде жариялады. Он жылдан кейін тұрақты дамуды басқару мен 2008 жылы Черногория Парламенті 2020 жылға дейін туризмді дамыту Стратегиясын қабылдады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет