Шарт
Қарағанды қаласы 2019ж. 19 қыркүйек
Біз, «Алтай шөптері» ЖШҚ Басқарма төрайымы Кенжеғали Жансая Қайратқызы және АГРО «Маржан» егіндік шаруа қожалығының директоры Бердіғалиева Мөлдір Қайырғалиқызы, сондай-ақ «МЕДСЕРВИС ПЛЮС» ЖШҚ компаниясының директоры Болат Балғын Болатқызы, осы бірлескен қызмет арқылы « Алатау» компаниясын (Орбита-1 көшесі ,16 үй) құрып, оның ажырамас бөлігі болып табылатын бірігу туралы шарт жасасып, заңды және жеке түлғалар бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталып төмендегі шартты жасасты:
Шарттың мәні
1. Тараптар бірлескен қызметті жүзеге асырудан экономикалық пайда табу мақсатында дәрілік шөптерді тұрақты өндіріп, тиімді пайдаланып және сапалы шығарып сатуды қамтамасыз ету үшін бірыңғай шөптектес өсімдіктер шеңберінде күштерін біріктіреді.
2. Тараптардың бірлескен қызметі өнімдерді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешуге, оның ішінде өндірілген, өңделген дайын шөптектес дәрілік затты форвардты жолмен сатып алу және тікелей сатып алу арқылы толықтырып дайындау, сақтау, сондай-ақ, ішкі де, сыртқы да нарықтарда сатуға бағытталған.
3. Осы Шарт Тараптарға осы Шарттың шеңберінде белгілерден басқа ешқандай өзге қаржылық және шаруашылық міндеттемелер жүктемейді және Тараптардың шаруашылық және заңды дербестігін шектемейді.
Тараптардың құқықтары
Тараптар бірлескен компанияның:
Жұмыс барысымен хабардар болуға құқылы
Айына екі рет бухгалтериялық жағдайын тексеруге құқылы
Жұмыс процесінде қолданылатын аппарат пен құрал-жабдықтарды 2-3 айда бір рет тексерістен өткізуге құқылы
Өнімнің сапасына зерттеу жүргізуге құқылы.
Тараптардың міндеттері
Шарттың қатысушылары — шөптектес дәрілік заттарды өндірушілер Корпорация жүзеге асыратын форвардты қаржыландырудың шарттарына сәйкес сандық және сапалық сипаттамаларда шөптекті дәрілік өсімдіктерді тұрақты өндіруді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемені өздеріне кабылдайды.
6. Тараптан өндірілген шөптекті өсімдіктерді өзіне қабылдап, уақытылы оны өңдеп тұтытуға дайын әрі сапалы жасау екінші тарапқа ("Алтай шөптері") міндеттеліп жүктеледі.
7. Корпорация шөптен жасалған дәрілік заттарды сатып алу, сондай-ақ сақтау жане Шарттың қатысушылары — өндірушілерден алынған шөптекті дәрілік заттардың тұрақты өтімін, оның ішінде оның экспортының пұлын қалыптастыру арқылы оларды экспортқа ауыстырып тиеу бойынша қуаттарды салу және импорттаушы елдердің ірі мемлекеттік және жеке меншік ұйымдарымен тауарды жеткізуге ұзақ шарттар жасасуды қамтамасыз ету шарттары мен түрлерін бірлесіп айқындайды.
8. Өнділілетін шөптекті дәрілік заттың заңға сәйкестігін қамтамасыз етуді үшінші тарапқа міндеттеледі.
9. Корпорацияның шөптекті дәрілер мен шайларды өндіру және сатуды қамтамасыз eтетін Шарттың қатысушылары — өндірушілер арасында Корпорация өз қызметінен түскен таза кірістің бөлігін бөлуді қамтамасыз етеді.
4. Бірлескен қызметтің негізгі принциптері
10. Тараптар Шарттың қатысушыларының дәрі шығару өндірісі жөніндегі қызметін қаржыландырудың шарттарын, көлемдерін және мерзімдерін, ішкі, сондай-ақ сыртқы нарықтарда сатудың келешегін есепке алып, өндірілетін өсімдіктердің көлемі мен сапалық сипаттамаларын, оны сатып алу және сатудың ең төмен нарықтық бағаларын, сондай-ақ осы Шарттың шеңберінде Қатысушылардың міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету шарттары мен түрлерін бірлесіп айқындайды.
11. Корпорацияның дәрілік өсімдіктерді өндіру және сатып алуды қаржыландыруды талаптарын осындай қаржыландырудың мерзімдері, көлемі бөлігінде, сондай-ақ өндірілген өсімдіктің оның сапалық сипаттамаларын есепке алып, сатып алу бағасы бөлігінде Шарттың катысушылары — өндірушілердің ұсынымдары ескеріліп, Корпорацияның тиісті органдары әзірлейді және бекітеді.
12. Корпорация Шарттың катысушыларымен келесі мәселелерді міндетті түрде келіседі:
1) Корпорацияның коммерциялық ресурстарга тікелей дәріні сатып алу көлемдері мен бағасы;
2) Корпорацияның коммерциялық астық ресурстарын сату бағасы;
3) Шарттың катысушылары Корпорацияның қызметінен түскен таза kipicтің бөлігін бөлу мөлшері мен Mepзімі.
13. Бағаны белгілеудің нарықтық әдістерін дамыту мақсатында Тараптар биржа саудасының механизмдері мен құралдарын қолдануға және дамытуға уәделесті.
5. Жазалау шаралары
14. Тарап осы шарт бойынша 3-тараудың 6-тармағын орындамаған жағдайда 100% айлық табысы ұсталынады.
15. Тарап осы шарттың 3-тарауы 8-тармағын орындамаған жағдайда 400 АЕК көлемінде айыппұлмен жазаланады
6. Кірістер бөлімі
16. Әр мекеме өндіріске өзінің дүние-мүлкін, ақшасын салады.
17. 100% таза кірісті мекемелер 30%, 35%,35% өзара бөліп алады.
Дауларды шешу
18. Бірлескен қызмет процесінде Осы Шарттың Тараптары арасында туындаған барлық даулар келіссөздер арқылы шешіледі.
19. Егер Шарттың Қатысушылары келісімге келмегенде, барлық даулар ҚР-ның қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.Қатысушылар осы Шарттың шеңберінде туындаған дауларды шешу әдістерінің бірі ретінде төрелікті пайдалана алады.
20. ҚР-ның қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы Шарттың талаптары мен ережелерін қандай да бір Қатысушының бұзу фактісі анықталғанда, осы Шартқа бірігу туралы шартты Корпорацияның бір жақты тәртіпте тиісті бұзуы арқылы Қоғамдық кеңестің шешімі бойынша Шарттың Қатысушыларының құрамынан мұндай Қатысушы Мәжбүрлеп алып тасталуға тиісті.
8. Шарттың бұзылуы
21. Шарттың уақыты біткен жағдайда шарт бұзылады;
22. Бірлескен қызметтің құрамынан бір тарап бас артқан жағдайда шарт бұзылады;
9. Қорытынды
28. Осы Шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және белгіленбеген мерзімге жасалады.
29. Осы Шарт оның барлық Тараптарының бірлескен Қызметті тоқтату туралы шешімі бойынша өз әрекетін тоқтатады.
30. Осы Шарт қандай да бір Тараптардың атауы өзгерген, ол қайта құрылған немесе түбегейлі өзгерген жағдайда өз әрекетін сақтайды.
31. Осы Шартпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешілуі тиіс.
32. Осы Шартқа барлық өзгертулермен толықтырулардың, егер олар жазбаша түрде жасалған және Тараптардың уәкілетті өкілдерімен қол қойылған жағдайда ғана күші болады. Осы Шартқа барлық өзгертулер мен толықтырулар Қоғамдық кеңестің ресми жазбаша келісімін алғаннан кейін енгізіледі.
33. Осы Шарт заңды күші бірдей, мемлекеттік және орыс тілдерінде 4 түпнұсқа данада, Шартқа қол қоюшы әрбір Қатысушыға бір-бірден, 2019 жылғы 19 қыркүйегінде Қарағанды қаласында жасалған . Осы Шарттың және жаңа Қатысушылардың бірігуі туралы шарттардың бір-бірден түпнұсқа данасы Корпорацияның істерінде сақталады.
Шартқа қол қоюшы Тараптардың деректемелері
"Алтай шөптері", ЖШҚ
Қарағанды қ.,
Зональная к., 119
тел: 50-20-57, факс:40-18-77
БСН 991385930147
ЖСК: KZ190726446948264197(KZT)
БСК: KZKOKZKX
Кб 20
"КАЗКОМЕРЦБАНК" АҚ
Қарағанды қ.
Басқарма төрайымы
_______
Кенжеғали Ж.Қ.
АГРО "Маржан" ЕШҚ
Қарағанды қ.,
Республика к., 19, 7 офис
тел/факс:10-07-00
БСН 675447842215
ЖСК: KZ220726996986264658(KZT)
БСК: KZKOKZKX
Кб 17
"КАЗКОМЕРЦБАНК" АҚ
Қарағанды қ.
Директор
_________
Бердіғалиева М.Қ
"МЕД СЕРВИС ПЛЮС " ЖШҚ
Қарағанды қ., Бухар ж.77
тел: 12-18-25, факс:97-19-03
БСН 875694357612
ЖСК: KZ458726347848263957(KZT)
БСК: KZKOKZKX
Кб 18
"КАЗКОМЕРЦБАНК" АҚ
Қарағанды қ.
Компания директоры
________
Болат Б.Б.
Достарыңызбен бөлісу: |