Мұғалім: Алтынбеков Аян Серікұлы
8сынып
Күні: 9.12.2010ж
Тақырып: Есеп шығару
Мақсаты:
Білімділік: Электр тізбегінің сипаттамаларын есептеу барысында сандық, сапалық, графиктік есептер шығару.
Дамытушылық: Күрделі есептерді қарапайым есептерге жіктеу арқылы сатылап шығару әдісін демонстрациялау, жаттығулар орындау;
Тәрбиелік: Оқушыларды өз жұмысын, уақытын дұрыс ұйымдастыра білуге, өзіндік бақылау жасау білуге баулу;
Көрнекі құралдар: амперметр, вольтметр, жалғағыш сымдар, шам, слайдтар, жеке карточкалар
Сабақ жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі,үй жұмысын тексеру.
ІІ Экспресс-тест «Формулалар»
ІІІ. Есеп шығару.
IV. Жеке карточка бойынша өздік жұмыс
V . Қорытындылау
Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі , үй жұмысын тексеру.
ІІ Экспресс-тест «Формулалар»
557. Кедергісі 50 Ом электр шамына кедергісі 12 Ом резистор тізбектей жалғанған. Осы тізбектің сызбасын сызып, олардың қорытқы кедергісін анықтаңдар.
558. Бізге бір-біріне және реостатқа тізбектей жалғанған әркайсысының кедергілері 25 Ом-ға тең екі шам берілген. Тізбектің жалпы кедергісі 62 Ом. Реостаттың кедергісін есептеңдер.
559. Шамдағы кернеуді анықтаңдар. Жұмыс күйіндегі оның қыздырғыш қыл сымының кедергісін табыңдар (62-сурет).
560. Кедергілері 5 Ом, 6 Ом,12 Ом үш өткізгіш тізбектей жалғанған. Егер тізбектегі кернеудің түсуі 4,6 Β болса, амперметр қанша ток күшін көрсетеді және үшінші өткізгіштегі кернеудің түсуі неге тең?
561. Электр шамы жалғанған кернеуі 220 Β тізбекке реостат тізбектей жалғанғанда, ток күші 0,5 А-ден 0,2 А-ге өзгереді. Тізбектің сызбасын салыңдар және реостаттың кедергісін анықтаңдар.
570. Еш есептеу жүргізбей-ақ мына сұрақка жауап беріңдер: тізбектің жалпы кедергісі (65-сурет) 14 Ом, 10 Ом, 2 Ом болуы мүмкін бе?
571. Тізбек кедергілері 1,5 Ом және 10 Ом болатын параллель жалғанған өткізгіштерден тұрады. Оның жалпы кедергісін табыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |