Жаратылыстану-математикалық бағыт 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар туризм: экотуризм. Шешендік сөздер бөлімі бойынша жиынтық бағалау



бет1/2
Дата02.11.2022
өлшемі0,82 Mb.
#156240
  1   2
Байланысты:
№ 1 БЖБ қазақ тілі 11 ЖМБ 4-тоқсан


Жаратылыстану-математикалық бағыт
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
Туризм: экотуризм. Шешендік сөздер бөлімі бойынша
жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

11.1.5.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлеу;
11.2.1.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма,
сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі
үрдістерді анықтау
11.4.5.1 мәтін және мәтін үзінділері деңгейінде тыныс
белгілерін қолдана білу.

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеп, тыңдаушыларға ықпал ете алады;

  • сурет мәтіндердегі мәліметтердегі негізгі үрдістерді анықтайды;

  • мәтін және мәтін үзінділері деңгейінде тыныс

белгілерін анықтап, түрлерін ажырата біледі.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Халықтың тұрмысы жақсарып, мәдениет өресі өскен сайын туризм де ішкі жақтан түрленіп, мазмұны жақтан байып барады. Атап айтқанда, бұрын сыртқы және ішкі туризм деп бөлінсе, қазір бұрынғыдай көркем жер, әдемі аумақтарды саяхаттаудай дәстүрлі туризм тәсілі таңсық болудан қалып, демалыс туризмі, ойын-сауық туризмі, жиналыс туризмі, жастар туризмі сияқты жиырмаға жуық түрлері пайда болды.
Қазақстанда туризмнің барлық түрін (танымдық, ойын-сауық, этника, экология, сауықтыру, спорттық, аң аулау, балық аулау, серуендеу) дамытуға қажетті шарт-жағдай толық. Географиялық және климаттық жақтан алып айтсақ, Қазақстанның оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс өңірлерінің табиғаты, ауа райы бір-бірінен өзгеше. Бұл Қазақстанда жыл бойы, төрт маусымда да туризм шаруашылығын шалқытуға аса тиімді. Атап айтқанда, көрінісі көз сүріндіретін Бурабай, Баянауыл, Марқакөл, Катонқарағай, Қарқаралы, Алатау, Хан Тəңірі баурайы, Түлкібас сияқты көрінісі көз сүріндіретін көркем өңірлер де, Шарын шатқалы, Сақ қорғаны, Маңғыстау түбегі сияқты ғажайып жерлер де, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Айша бибі, Арыстан баб кесенесі сияқты мәдени, тарихи мұралары да, Каспий, Балқаш көлі, Алакөл сияқты жағажайдың кереметін сезіндіретін сулы алқаптар да көп. Əлемдегі әсем қалалардың қатарында тұратын Нұр-Сұлтан мен Алматы да туристердің арнайы келіп, аялдайтын қалалары қатарында. Шыңға шығушыларды, тауға өрмелеушілерді, құмды, шөлді, жаяу немесе велосипедпен аралаушыларды, шаңғы тебушілерді баурауға да Қазақстанның мүмкіндігі мол. Ал мәдениет, салт-дәстүр тұрғысынан сөз қозғасақ, қазақ ұлтының бай салт-санасымен, дәстүрімен, ұлттық ойындарымен де саяхатшыларды баурауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет