ГАЖ ФУНКЦИЯСЫ: МӘЛІМЕТТЕРДІ АЛУ, МӘЛІМЕТТЕРДІ САҚТАУ, СҰРАТУ, МӘЛІМЕТТЕРДІ ТАЛДАУ, МӘЛІМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУ, НӘТИЖЕ
6 ГАЖ функциялары Кез-келген географиялық ақпараттық жүйе төмендегідей іргелі әрекеттерді атқаруға қабілетті болуы керек: мәліметтерді алу – ГАЖ-де географиялық (координаттық) және кестелік (атрибуттық) мәліметтерді енгізу үшін қажетті әдістер бар. Неғұрлым қол жетімді енгізу әдістері көп болса, соғұрлым ГАЖ әмбебап болып табылады; мәліметтерді сақтау – мәліметтерді сақтаудың екі негізгі принциптері бар, оларға географиялық векторлық мәліметтерді және растрды сақтау жатады. ГАЖ екі форматтағы да географиялық ақпараттарды сақтауға қабілетті; сұратулар – орналасуы немесе атрибутивтік белгілеріне негізделген спецификалық ерекшеліктерін табу үшін утилиталарды қамтамасыз етуі қажет; мәліметтерді талдау – ГАЖ кеңістіктік байланыстар арасындағы көптеген мәліметтер жинағымен өзара әрекеттесу мәселелеріне жауап бере алуы қажет; мәліметтерді көрсету – сан алуан символдардың кең спектрін пайдалана отырып, географиялық ерекшеліктерді көрсету үшін қажетті құралдармен жабдықталуы қажет; нәтиже – нәтижелер карталар, есептер мен графика түріндегі форматтарда дисплейде көрінеді.
6.1 Мәліметтерді алу Географиялық мәліметтер базасы ГАЖ-нің қымбат және берік компоненттерінің бірі, сондықтан оған енгізілген мәліметтер назар аударуға тұрарлық. ГАЖ бағдарламалары әртүрлі мәлімет көздерінен алынатын ақпараттардың әртүрлі типтерін біріктіретіндіктен, мәліметтерді енгізудің көптеген варианттарын қамтамасыз етуі қажет. Бағдарламалық қамтамасыз етулер қағаз карталары мен басқа да сандық емес мәліметтер көзінен автоматты түрде мәліметтерді енгізудің тиімді әдістерін ұсынады. Сандық форматтағы географиялық мәліметтердің жиынтығын қолданушы өз мүддесіне пайдалану үшін, мәліметтерді қызмет көрсету нарығындағы кез-келген ГАЖ-ге айналдырудың сан алуан мүмкіндіктері баршылық.