Сабақ Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері



бет1/4
Дата24.03.2019
өлшемі74,66 Kb.
#48844
  1   2   3   4
Тарих және қоғамтану

пәнінің оқытушысы

Абдикалыкова Ғалия Жолдыбайқызы

Пәні: Қазақстан тарихы




Ашық сабақ

Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері.

Алматы Мемлекеттік

жаңа технологиялар колледжі

Тарих және қоғамтану

пәнінің оқытушысы

Абдикалыкова Ғалия Жолдыбайқызы



Ашық сабақтың технологиялық картасы
Пәні : Қазақстан тарихы .

Мерзімі : 2-апта Топ : 1курс

Сабақтың №37-38

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері.

Сабақтың мақсаты :

білімділік: қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері туралы толық мағлұмат бере отырып, оқушылардың бойында әдет-ғұрып, салт-дәстүрге деген обьективті көзқарасын қалыптастыру;

тәрбиелік: қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптарының жастарға беретін тәрбиелік мәнін ашу арқылы, жастарды Отан сүйгіштікке, еңбекке, адамгершілікке, өз ұлтының салт-дәстүрін сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.

дамытушылық: оқушыларды ата салтына адал болуға, оны қастерлеуге, сақтауға, жасампаздықпен дамытуға үйрету; берілген ақпарат негізінде оқушылардың өз бойындағы барды оятып, жаңа ұғымдар беріп, ұлттық руханиятты сақтауға баулу; өз ойын саралай, тұжырымдай білуге дағдыландыру, ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың типі : Сайыс сабақ

Сабақтың жабдықталуы :

а)үлестірмелі материалдар:кітап көрмесі,альбом, бүктеме, викториналық сұрақтар, анықтамалық сөздіктер.

ә)көрнекіліктер: слайд- « Мәңгілік Ел» , видео

« Ұлы Дала Елі ». «Шілдехана , бесік той»- жанды дауыс. Қазақ Ұлттық ойыны

б)ТОҚ : интерактивті тақта.

Пән аралық байланыс : география, саясаттану , өзін-өзі тану.

Сабақтың өту барысы :

I. Ұйымдастыру кезеңі

1.1. Оқушылардың сырт киімін, сабаққа қатысуын тексеру;

1.2. Кабинет тазалығын тексеру. Оқушылар денсаулығына мән бер
II. Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру.

III Сайыс сабақтың өту жоспары

1.Таныстыру.4-мин (Екі топқа бөлінген уақыт)

(Топтың аты, эмблемасы,ұраны,мазмұны.)

2. Қазақ халқының дәстүрі бойынша, туыстыққа байланысты мақал-мәтелдер.

( әр топтан бір қыз шығып уақыт ішінде мақал-мәтел айтады) 4-мин

(Екі топқа бөлінген уақыт)

3. Қазақ халқының тұрмыс-салт жырларына саяхат жасау.

Үй тапсырмасы 14-мин (Екі топқа бөлінген уақыт)

3.2 Асқа байланысты салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптар «Сиқырлы қоржын». Қоржындағы сұрақтарға жауап беру. 10 мин (Екі топқа бөлінген уақыт)

4.Қазақтың тиым сөздерінен жарыс.4-мин ( Кім тапқыр?) (Екі топқа бөлінген уақыт)

5.Фильм арқылы салт-дәстүрлерді жасыру
Кіріспе. Қайырлы күн, құрметті қонақтар! Ұлттық салт – дәстүрді насихаттау, ұрпақ жадында жаңғырту мақсатында ұйымдастырып отырған «Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері» атты Сайыс сабағымызға қош келдіңіздер!
- Халқымыздың ғажап , орасан бай салт- дәстүрлері соңғы біршама жылдардың ішінде адам санасынан еріксіз өшіріліп, біржола ұмыт болып кете жаздады. Егемендікке қолымыз жетіп, тәуелсіз ұлттық мемлекетіміз уығын шашып, іргесін көтергелі ғана есімізді жинап, етек- жеңімізді қымтап, жоғалған салт – дәстүрімізді қалпына келтіруді қолға алдық. Ғасырлар бойы қалыптасып, салт – дәстүрлеріміз - азаматтарды , әсіресе жас ұрпақты имандылыққа , адамгершілікке тәрбиелеудің баға жетпес құралы. Салт – кәсіпке, сенімге, тіршілікке байланысты әдет-ғұрып, дәстүр. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады. Уақыт өткен сайын салтқа өзгеріс еніп, өзгеріп, қоғамға байланысты бейімделіп келеді.Жаңа қоғамдық қатынасқа сай келмейтін дәстүрлер ығысып, өмірге қажетті жаңалары дамып отырады.Дәстүр – ұрпақтан-ұрпаққа ауысатын, тарихи қалыптасқан нормалар мен үрдістер. Ол – қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-құлқының, іс-әрекетінің рухани негізі. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, сондықтан мәдениеті дамыған ел дәстүрге де бай. Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әділеттілік, мейірімділік сезімдері озық дәстүрлерге жатады.Дағды, әдет-ғұрып деген ұғымдар адамның мінезі мен тіршілігіне байланысты қанға сіңген қылықтарды білдіреді.Сайысты бастамас бұрын талапкерлердің ойынына әділ баға беретін сарапшылар тобымен таныстырып өтейік.

Әділқазылар алқасымен таныстыру.

1.Таныстыру.4-мин (Екі топқа бөлінген уақыт)

(Топтың аты, эмблемасы,ұраны,мазмұны.)



Ұлы Дала Елі

Ұраны:

Ұлы дала елінің «Ұландары»

Салт-дәстүрін білетін-Қырандары,

Көгілдір, кең аспанда самғап ұшқан,

Бүгінгі Қазақ елі-ұрпақтары!!



Түсіндіру : Біз топтың атын «Ұлы Дала Елі» - деп алған себебіміз:

Өзектілігі

Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының маңызды бағытының бірі – ұлттық құндылықтарды сақтау, ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұраларды көздің қарашығындай сақтау, келешек ұрпаққа аманат ету. 

Жобаның мақсаты



Қазақстан халқының рухани-мәдени құндылықтарын сақтау және молайту, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру арқылы отан сүйгіштікті нығайту, бірлікті және қоғамдық-саяси тұрақтылықты, этноконфессиялық келісімді сақтау. 

Міндеттері
-  елімізде және шетелдерде Қазақстанның «Ұлы дала елі» ретіндегі имиджін қалыптастыру бойынша жұмыстарды үйлестіру;
- Еуразиялық кеңістіктегі көшпелі мәдениет мұрагері ретінде қазақ мәдениетінің ұлттық брэндін қалыптастыру және оны халықаралық деңгейде ілгерілету; 
- ұлттық құндылықтарды сақтап, одан әрі дамыту үшін қолайлы жағдай жасау
- ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған іс-шараларға мемлекеттік органдарды және бизнес қауымдастықтарын тарту;
- жастарды қазақстандық отан сүйгіштік рухында, жоғары әлеуметтік-мәдени және моралды-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру бағытында тәрбиелеу

1. Саналы ел, салтын сақтар.

2.«Алты жыл аш болсаңда,атаңның салтын ұмытпа»

3.«Ұлт дәстүрі –заңнан биік»

4.Салт дәстүрімізді болашаққа жеткізу бізге аманат.

5.Салт-дәстүр бізге ата-бабадан қалған мұра

6.Салт-дәстүр сан ғасырлық тарих

7.Салт-дәстүр елдіктің бейнесі

8.Өміріміз салтпен қызық

9.Салт- дәстүр бізге берер тәрбие



10.Әдет, ғұрып, ишара, ырым, тиым, дағды, ым бәрі де осы салт-дәстүр мұхитының салалары.

Мәңгілік Ел тобы

Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні — мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті. .  «Мәңгілік ел» идеясының маңыздылығын Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауының негізі етіп алып, бұл туралы өз сөзінде: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы Мәңгілік Ел ұлттық идеясы дегеніміз — өткенімізден сабақ ала отырып, болашағымызды баянды ету жолындағы хақ мұраттарымыз! «Мәңгілік ел» идеясының көздегені де осы болатын, яғни, төл дәстүрімізді, әдебиетіміз бен мәдениетімізді жаңғырту, дініміз бен тілімізді өркендету.  «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асырып, одан әрі дамытатын жастар болғандықтан олар ең алдымен білімді, ұлттық құндылықтар мен заманауи игіліктерді өз бойына біріктіріп, ұштастыра білген, өз елінің нағыз жанашыр азаматтары ретінде қалыптасуға талпынуы керек.



Ұраны: Ел болам десең, бесігіңді түзе.
1.Қазақтың қазыналы белгілеп кеткен қағидалары-адамдықтын ақ жолы.

2.Үлкен-кіші болса да,сыйлай біл.

3. Арзан-қымбат болса да,жолы мен жөнін көрсете біл.

4. Тағылымдылық өлмес өнеге жолдарын ұрпақтар бойына сіңірту бізге міндет

5. Біздің ұлттық кескін-келбетіміз де абырой-беделіміз де осы жол арқылы көрінеді.

6. Жол-жоралғы –әр адамның азаматтық,елдің елдік қасиетін сынайтын ұлағатты ғұрып

7.Тәлімі мен тәрбиесі зор ұлттық мәдениетіміздің жақсы үлгілерін өмірге енгізу қажет.

8. Жолды ұстай білу-биік адамгершіліктің ұлттық парасатымыздың берік тұғыры.

9. Дағды, әдет-ғұрып  адамның мінезі мен тіршілігіне байланысты қанға сіңген қылықтар 10. Дәстүр жалғастығы - ұлт болашағы.

2. Қазақ халқының дәстүрі бойынша, туыстыққа байланысты мақал-мәтелдер.

( әр топтан бір қыз шығып уақыт ішінде мақал-мәтел айтады) 4-мин

(Екі топқа бөлінген уақыт)

Ұлы Дала Елі

Аяғын көріп асын іш



Анасын көріп қызын ал.

Ананың көңілі балада,



Баланың көңілі далада.

Әке – асқар тау



Шеше – ағар бұлақ.

Әкеге қарап ұл өсер,



Шешеге қарап қыз өсер.

Ата – ананың қадірін балалы болғанда білерсің.

Ата – бәйтерек, бала – жапырақ.

Балалы үй – базар, баласыз үй – мазар.

Ағайын тату болса – ат көп.

Жыласуға жақын жақсы



Сыйласуға жат жақсы

Ұл туғанда – күн туар,



Қыз туғанда – ай туар

Ұлға – отыз үйден тыю



Қызға – қырық үйден тыю

Ұл – орындағы ту



Қыз – ұшатын қу (аққу)

Өз балаңды өскенше бағасын,



Немереңді өлгенше бағасын.

Немере етін жеп, сүйегін береді

Ағасы бардың жағасы бар.

Ағаның үйі – ақ жайлау.

Інісі бардың тынысы бар.

Аға – бордан



Іні – зордан.

Атадан ұл туса – игі,



Ата жолын қуса игі.

Аталы ел – баталы ел.

Ата көрген оқ жонар,

Ана көрген тон пішер

Інісі содырлы болса, ағасы қадірлі болады.

Апама да барайын, тайымды да үйрете келейін.

Қарындасы адал ер бақытты,



Келіні адал ел бақытты.

Қаба – қаба сөйлеуге қарындастың бары игі.



25•Адам болайын деген жігіт қарындасшыл болып келеді.

Мәңгілік Ел

Апасы киген сәукелені сіңілісі де киеді.

Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді.

Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан.

Қыздың сырын жеңгесі білер.

Қазымыр ененің қарақұсында көзі бар.

Абысын тату болса – ас көп,

Ағайын тату болса – ат көп.

Балалығың ұстаса, нағашыңа бар,



Жігіттігің ұстаса, қайныңа бар.

Өзі жаман туады, нағашысынан көреді.

Нағашы – бәйтерек, жиен – қотыр тайлақ

Жиен мыңнан, күйеу жүзден улкен.

Жиен назары жаман.

Жиен келді дегенше же

Туысы бірдің, уысы бір.

Туысқан өкпеге қиса да, өлімге қимайды.

Туысы жаман туғанын жамандайды.

Ағайын, туыс кімде жоқ,сыйласпаса, жат жуық.

Ағайын – ағайынның айнасы

Ата – балаға сыншы ті бөрі келді де.

Жиен ел болмас, желке ас болмас

Жиен ел болады, малы болса,

Желке ас болады, жалы болса.

Екі аяқтыда бөле тату,



Төрт аяқтыда бота тату.

Алыс жерге құда болсаң, түйе-түйе ас келер.



Жақын жерге құда болсаң, түйе-түйе сөз келер.

Құдай ұрған құдасымен ұрысар.

Құдағи сыйымен жарасады,

Қуырдақ майымен жарасады.

Құдаң құрдасыңдай болсын,



Құдағиың сырласыңдай болсын

Бажа бажаны көргенде басы қышиды.

Құс жаманы — шажа ,

Ілік жаманы – бажа.

3. Қазақ халқының тұрмыс-салт жырларына саяхат жасау.

Үй тапсырмасы 14-мин (Екі топқа бөлінген уақыт)

3.1 Көрініс Қыз ұзату тойы жырлары.

 1.Сыңсу (салт). «Халқымызда тұрмыс- салт жырларының ең көп тарағандарының бірі сыңсу». Ұзатылған қыз өз босағасынан аттанар алдында ағайын туғандарын жеңгесін ертіп аралайды. Ол өзінің балалық дәуренінің, оң жақта бұлғақтап өскен бақытты күндерінің өткендігін, аяулы ата анасының, туысқандарының өзін мәпелеп өсірудегі еңбегін өлеңмен айта жүріп өксиді..

2.Есіктің алды ошаған,
Ұстатпайды қашаған.
Қайта айналып келгенше,
Аман да бол босағам.

Базардан алған тақтайым


Сындырмай қайтіп сақтамайын.
Айналайын ақ апам,
Ақ сүйтіңді қайтіп ақтайын.

Қызғалдақ еді құлпырған.


Барамын ұзап жұртымнан.
Тірегім болған әкешім,а
Тілеушім болған сыртымнан.

Базардан келген құйысқан.


Тарамай шашым, ұйысқан.
Келіп те кетіп жүріңдер.
Сағындырмай туысқан.
3 .Ақ отауым тіккен жер майдан болсын,
Ақ жүзімді көрерге айнам болсын.
Кісі әкесі кісіге әке дейді,
Айналайын әкемдей қайдан болсын?!
Алтын да менің босағам,
Аттап бір шығам деп пе едім...
Қарағай ма екен, тал ма екен,
Талдан да биік бар ма екен?
Қалайы сандық кілтім-ау,
Жылама дейсің, жұртым-ау,  
Жыламай қайтіп шыдайын,
Барасың қалып, жұртым-ау!.
 Қайран ауылым қалады-ау,
Қарасам көзім талады-ау!  
Әлпештеген ел-жұртым,
Жылай да жылай барам-ау!
 Бұлғақтап жүрген заманым,
Білмей де қалдым өтерін.

4Қоштасу (салт). Ұзатылатын қыз өз үйінен аттанар алдында өзінің ата анасымен, аға інісімен, сіңлісі, жақын жуықтарымен қоштасу жырын айтады.

5.Әуеден ұшқан бұлдырық,

Құбыладан соққан ызғырық.

Жатқа кетіп барамын

Жаратқан соң қыз қылып,

Атасы жақсы құл болмас,

Анасы жақсы күң болмас.

Оң жақтан кетіп барамын.

Қыз еркелеп ұл болмас,

Жанымдағы қыным ау,

Сіңлілер мен інім ау.

Жыл айналып келгенше,



Қош аман бол күнім ау 

6. Шешесінің қызымен қоштасуы.
Қарағым-ай,
Халқыңа қалаулы бол!
Еліңе елеулі бол!
Ертемен ерте тұрарсың,
Түндігіңді ашарсың,
Сиырыңды сауарсың,
Малыңды өріске айдарсың,
Самаурыныңды қоярсың,
Сүтімді сонда ақтарсың,
Қарағым-ай, не айтайын,
Енді жат жұрттық болғансын.
7 . Інісінің апасымен қоштасуы
Сылдыр-сылдыр қамысқа  
Сырғаң түсті, жар-жар-ау!
Сырғаң түскен жерінен  
Тарғақ ұшты, жар-жар-ау!
Апам ұшін қабырғам
Қайысады, жар-жар-ау!
Апам үшін қайыспай,
Қалай болар, жар-жар-ау!
Қайыр қош боп тұрарсың,
Жан бауырым, жар-жар-ау!
8. Жеңгесінің қоштасуы
Сылдыр-сылдыр қамысқа  
Сырғаң түсті, жар-жар-ау!
Сырғаң түскен жерлер деп
Тарғақ ұшты, жар-жар-ау!  
Сырласпаған жат елге
Бикеш кетіп барады-ау!
Қолымдағы бикешім —
Қос жүзігім, жар-жар-ау!
Қос жүзігім қолымда
Майысады, жар-жар-ау!
Сеп кеткенге қабырғам
Қайысады, жар-жар-ау!
Қош-есен бол, бикешім!

9 . Қайым айту.
Тарының басы тарақты, бикем,

Қыз қылып сені жаратты, бикем.
Борышын кісі қоя ма, бикем,
Қолқа бір салып сұрапты, бикем.
 
Дүзге де туған баласың, бикем,
Ата-анаң тілін аласың, бикем.
Ата-ана тілін алған соң, бикем,
Жылай да жылай барасың, бикем.
 
Мінгенім менің қара атты, бикем,
Қаршыға құйрық қанатты, бикем.
Өксіп бір өксіп жылама, бикем,
Бабалар салған сапатты, бикем.
 
Мінгенім менің құла атты, бикем,
Аға-анаң сені жылатты, бикем.
Өксіп бір өксіп жылама, бикем,
Бабалар салған санатты, бикем..
 
Мінген де атым қара ма, бикем?
Ауылың алыс бара ма, бикем?
Өксіп бір өксіп жылайсың, бикем,
Күйеуің сенің кәрі ме, бикем?
 
Мінген де атым ала ма, бикем?
Ауылың алыс бара ма, бикем?
Өксіп бір өксіп жылайсың, бикем,
Күйеуің сенің бала ма, бикем?
 
Мінген де атым жиренше, бикем,
Тыпыршып тұрмас мінгенше, бикем.
Өксігің сенің басылмас, бикем,
Әлдилеп бөбек сүйгенше, бикем.
 
Мінген де атың бозғана, бикем,
Күйеуің сенің бозбала, бикем.  
Өксігің сенің басылмас, бикем,
Әлдилеп сүймей бір бала, бикем.
 
Қамшының сабы бола ма, бикем,
Жалғанға пенде тоя ма, бикем.
Бермеймін әкең десе де сені,
Мал берген жерің қоя ма, бикем.
 
Сарының басы Сарытау, бикем,
Сәукеле кисең баршабау, бикем.
Тірнектеп жиған мүкәмал, бикем,
Құтты да болсын ақ отау, бикем
10. Ей, жерім-ау,
Қош-есен бол,
Елім-ау!
Ақ, отауым тіккен жер майдан болсын,
Ақ жүзімді көруге айнам болсын.
Ол жақта да қайын енем бар дейді ғой,
Аялаған апамдай қайдан болсын.
11 .Ей, ауылым-ау,
Қош-есен бол,
Бауырым-ау!
Тақияма таққаным таналарым,  
Алыс-жуық аман бол, аналарым.
Жыл айналып келгенше кім бар, кім жоқ,
Сағындырмай келіп жүр, ағаларым.

Ей,жерім-ау,
Қош-есен бол,
Елім-ау!
Түңдігімнің төрт бауы мақта, ата,
Мен кеткен соң балаңды жоқта, ата.  
Жыл айналып сағынып мен келермін,  
Боз інгеннің ботасын сақта, ата.
Ей, танам-ау,
Қош-есен бол,
Анам-ау
Мәңгілік ел тобы. Көрініс.  Сәбилiк салт жырлары.

1.Бала туғанда елді жинап «шілдехана» жасау, азан шақырып ат қойғызу, бесікке салу, «тұсау кесу», «тоқым қағар», бес жасқа келгенде «атқа мінгізу», «тіл ашар» салт-дәстүрлер сақталған. Осындай салттан туған өлеңнің бірі — бесік жыры.
2.Қырқынан шығару – нәрестенің туған күніне қырық күн толған соң, ыдысқа қырық бір қасық су құйып, соған баланы шомылдырады. Сәбидің қарын шашын, тырнағын алады. Мерекелік дастархан жайылады. 
3.Бесікке салу. Халқымыздың бесік-қасиетті, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. 
Бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесікке салу жолы үлкен, елдің құрметті, өнегелі адамына

4.Бесік жыры

Әлди-әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем!

Батыр болар ма екенсің?
Бармақтарың майысып,
Түрлі ою ойысып,
Ұста болар ма екенсің?
Таңдайларың тақылдап,
Сөйлегенде сөз бермей,
Шешеп болар ма екенсің?
Кең балағын түріскен,
Ұлы топта күрескен,  
Балуан болар ма екенсің?
Бал қайнатып, шай ішкен,
Қазы кертіп, жал жеген,
Асты болар ма екенсің?
Ұзақ жасап, көбірек,
Басты болар ма екенсің?
Қарағай найза қолға алып,
Жауға тиер ме екенсің?
Қашқан жаудың артынан
Түре қуар ма екенсің?
Айналайын, шырағым!
Көлге біткен құрағым!
Маңдайдағы құндызым,
Аспандағы жұлдызым.  
Әлди, балам, ақ балам!

 5.Тұсаукесер – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым.ала жіп бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан.Шашу шашылады. Баланың ата-анасы тұсау кесушіге кәдесін береді.

Көбейіп, көгере берсін деп көк шөптен есіп жасайды. Бай болсын деп малдың тоқ ішегінен де өреді. Адал болсын деп ала жіптен де жасайды 6.Тұсау кесу әндері


Қаз-қаз, балам, қаз, балам,  
Қадам бассаң, мәз балам!
Қүрмеуіңді шешейін,  
Тұсауыңды кесейін.
Қаз-қаз, балам, қаз, балам.  
Тақымыңды жаз, балам!  
Қадамыңа қарайық,  
Басқаныңды санайық.  
Қаз-қаз, балам, жүре ғой,  
Балтырыңды түре ғой  
Тай-құлын боп шаба ғой,
Озып бәйге ала ғой.
Қаз баса ғой, қарағым,  
Құтты болсын қадамың!  
Өмірге аяқ баса бер,  
Асулардан аса бер,
Тәй-тәй, қаз-қаз,
Қадамыңды бас, бас.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет