Тіл- ұрпақ аманаты



Дата18.02.2018
өлшемі43,11 Kb.
#37868
Тіл- ұрпақ аманаты
Бердіғали Меңсұлу Сәтжанқызы

Ақтөбе қаласындағы №17 мектеп-гимназиясының

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі


Тілдің жасаушысы- халық. Қазіргі біз қолданып жүрген халық тілі көптеген ғасырлар бойы қалыптасып, ұзақ уақыт қырналып, ұстартылған. Оның мазмұнын көтеруге қаншама ұрпақтың ақыл-ойы, тарихы, философиялық ой-түйсігі жұмсалған.

Сөз өнері- бар өнердің басы, «өнер атаулының ең қиыны мен күрделісі» (Бальзак), «ең жоғары түрі» ( Белинский) десек, қазақ халқының «өнер алды-қызыл тіл» деген тұжырымы да тегіннен-тегін тумаса керек.Байтұрсыновша айтатын болсақ: «Тіл-адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. Адамдар тілінен айрылып сөйлеуден қалса, қандай қиын күйге түсер еді. Осы күнгі адамдар жазудан айрылып, жаза алмайтын халге ұшыраса, ондағы күйі де тілінен айрылғаннан жеңіл болмас еді. Біздің заманымыз – жазу заманы, жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман. Алыстан ауызбен сөйлесуге болмайды, жазумен дүниенің бір шетіндегі адам екінші шетіндегі адаммен сөйлеседі. Сондықтан сөйлей білу қандай керек болса, жаза білудің керектігі одан да артық. Сөйлегенде сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу қандай керек болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек.el.kz. Ел шежіре

А. Байтұрсыновтың сол кездегі айтып кеткен бұл сөздері қазіргі кезде де өз мәнін жоймай, бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр.

Тіл байлығының ең бастысы- сөз байлығы. Өйткені барлық білгеніміз бен білуге тиістіміз тек сөз арқылы ғана белгіленеді.Сөз- тілдің негізгі элементі.Бірақ тіл байлығы сөздердің жалаң санымен ғана емес, оның сапасымен де өлшенуі тиіс.

Тіліміздегі мыңдаған сөздер номинация ретінде бір көрінсе, олардың өзара тіркесуінен, тілдік қатынас аясында тіл байлығын еселей түседі.

Қазақ халқы қашан да сөзге шешен, суырып салма, дұшпанын бір ауыз сөзбен тойтарған емес пе? Орақ тілді, от ауыз дарындар туған тілдің қазіргі жағдайы қандай?

Бүгінгі таңда халқымыз «батыстанып» бара жатыр. Әсіресе жастардың сөйлеу тілі өзекті мәселе болып отыр. Олар қазақ халқының сөз кестесін бұрмалап, елден ерекше көрінгілері келеді ме, шетелдің жаргон сөздерімен сөйлеуді күнделікті әдетке айналдырып алған. Сөйлеу мәдениеті мүлде өзеше дәрежеде, жастарымыздың бір ауыз сөздің өзін кібіртіктеп, тұтығып барып әрең жеткізетініне бәріміз де куә болып жүрміз.Сөйлеу барысында жалпы қолданыстағы сөздерді орысша жағау жалғап, өз тілімізде баламасы бола тұра кірме сөздерді шетен тыс көп пайдаланып, оның үстіне қазақша қосымша жалғап, тіпті тарихи қалыптасқан сөйлемнің орын тәртібін бұрып жүргендер бар.

Студенттердің өздерінің сөйлеу дағдысына айналған сөздері көп. Олар оқу ғимаратында жүріп және дәріс сабақтарында, кітіпханада болғанда студент жаргонына тән сөздерді қолданады. Мысалы, оқу залы – «читалка»,жатақхана-«общага»,оқытушы – «препод» т.б. Осы мәселеде студенттер оларды түзетуге тырыспайды, сондықтан күнделікті қарым-қатынаста осы жаргон сөздермен сөйлейді. Әрине бұл тіліміздің бүлінуіне әкеліп соқтырады. Мұның өзі тіл мәдениетінің төмендігін білдіреді.

Жастардың кітап оқуға деген құлшыныстарын әлемді жаулаған компьютер жаулап отыр. Жаһанданудың жалынды жетістігі өмірдің жан-жақты жетісігін өтеп отыр. Дамудың бүгінгі үлгісі бүгнгі жастарды балуап алды. «Интернетке тәуелділік» сияқты жүйке дерті атауы да ғылыми айналымға енгелі бірәз жыл болып қалды. Ғаламтордың тек жүйкеге емес тілге тигізер әсері бәрімізге мәлім.

Бүгінде Қазнетті пайдаланушылар саны 8 млн. 900 мыңнан асып жығылады. Қазақстандағы интернет саласы тұрақты да қарқынды дамып келеді. Ресми деректерге сүйенсек, 1994 жылы іргетесы қаланған Қазнетте бүгінде тіркелген сайттар саны 4 мыңға жуықтайды. Оның бағыты әр түрлі : жаңалықтар, білім, қарым-қатынас жасау, электронды коммерция қайырымдық шаралары және т.б. Сайттар санының артуы қазақ тілді контенттің дамуына үлес қосқанымен, ішкі, мазмұндық, сапалық жағынан жетілмеуі мобильді ақпарат көзін пайдаланушы жастардың сауаттылық деңгейін төмендетіп жібергені алаңдатады. Интернеттегі тілдік норманы бұзып қарым – қатынас жасау тілдесушілердің санасындағы «дұрыс графикалық портретті» бұзып, «бұрыс графикалық портреттің» орнығуына ықпал етуде. Мысалы:


  • Салем

  • Мы знакомы?

  • Нет, но сизди бир жерден корген сияктымын.

  • Кай жактансыз?

  • Актобе. А сиз?

  • Актау.

  • Ммм...

  • Настроениен калай?

  • Норм. Сиздин?

  • Тоже.

Қазіргі жастар арасындағы тілдік қолданыста осындай тілдік қолданыста осындай тілдік бірліктер актив қызмет атқарады. Тек жастар ғана емес мұндай тілдесу түрлері орта буын өкілдерінің арасында да кездеседі. Әлеуметтік желіні пайдаланушылар сөйлемді құрмалас етіп құрып, жазып отыруға уақыт таппайды. Сондықтан жай сөйлем түрінде ойын қысқа етіп жазуға тырысады. Олар көбінесе жалаң және толымсыз сөйлемдер арқылы тілдеседі. Психолог Төреғали Батырханұлының пікірінше ғаламторда қысқа хабарламалар арқылы тілдесіп үйренген адамның ауызекі сөйлеу қабілеті төмендейді екен. Әрі желіде қысқаша тілдесуге бейімделген адам ауызекі сөйлеуде де ойын қысқа жеткізуге бейімделіп кететін көрінеді. Демек, жастарымыздың сөйлеу, жазу тіліне әсерін тигізбей қоймайды.

Тіл мәдениеті деген ұғым тілдің мәдениетке ғана қатысты екенін аңғартпайды, тілдік тәсілдердің кемелдену, ширау, жүйелену дәрежесінің қандай екенін меңзейді. Сондықтан сөйлеудегі, жазудағы тіл жұмсаудың өнегелі үлгілері, сауаттылық, ізеттілік т.б тіл білімінің қарастыратын мәселелерінің қатарына кіреді.



Сөз құрамы- ғасырлар бойы жалғасып, қалыптасқан, ұрпақтан – ұрпаққа ауысып келе жатқан бай қазына қасиетті мұра. Сөз құдіретіне биік талғаммен қарау аз, биік талаппен де келу керек. Баспасөз, электронды бұқаралық ақпарат құралдары тіл мәселесіне аса жауаппен қарауы тиіс. Тіл көрініс беретін орта – театрымыз бен теледидарымыз, сондай – ақ әнші – актёрлеріміз, тіпті қарапайым жұртшылық та сөзді қазақи сазына келтіріп, дұрыс айта білуі міндет. Кез – келген қарым – қатынастың адамның өзі үшін емес, екінші жақ үшін жасалатынын ескеретін болсақ, ойын сауатты әрі мәдениетті жеткізу ең алдымен сөйлеушінің екі тарапқа деген қатынасын, жеке басының әдептілігін, сонымен қатар оның ұлттық тіл алдындағы жауапкершілігін білдіреді. Сондықтан әрбір қазақ азаматы тіл тағдырына бей –жай қарамай, тіліміздің өркендеуіне ат салысуы керек.
Каталог: uploads -> doc -> 0914
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0914 -> Тізбек бөлігіне арналған Ом заңына есептер шығару


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет