туризм 8 аймақтық туристік кластер арқылы жүзеге асырылады және стратегиялық мақсат негізінде туризм нарығында жоғары сапалы әлемдік деңгейдегі туристік дестинация құруға талпынады;
туризм азаматтарға жұмыс орнын қамтамасыз ете отырып, олардың өмір сүру деңгейін жоғарлатады, туризмнің көмегімен табыстың тұрақты және сенімді табыс көзіне ие болады деп жоспарлануда;
табиғи және мәдени ресурстарды көбейтуге негізделген тұрақты саясатты жүзеге асыру бойынша жалпы шаралар;
туризм шығыс Еуропалық туристерге бағдарланған жағажай туризмінен көпшілік арзан өнімнен жоғары сапалы, жыл бойғы туризмге біртіндеп ауысуыды жоспарлануда;
тиісті инстутционалды және құқықтық негіз анықталған.
FONATUR ұйымына туризм дамуындағы жетекші орган рөлі берілді. Бұл ұйым көптеген өкілеттіліктермен қатар жоғары жауапкершілікке ие болды;
CIP құру үшін құрылыстағы заманауи және новаторлық шешімдер қолданылды, жұмыс әдістері мен инфрақұрылым қолданылып, жоғары тиімділік пен экономикалық мақсаттылықты көрсетті;
ұсынылатын туристік өнімдерге жылдам өсетін сұранысқа алып келген саясат Мексикаға туристерді тарта бастады
мемлекеттің жүргізіп отырған жағымды инвестициялық саясаттың көмегімен инвесторларға тартымды жағдай жасалуда;
бар меншіктің, халықаралық отелдердің және көрсетілетін қызметтерді басқарудың жақсы байланысуы нәтижесінде Қызыл теңіздің жағажайында туризмді дамыту үлгісінің тұрақтылығы;
үлгі елдегі террористік актілер мен саяси тұрақсыздыққа қарамастан өзінің өміршеңдігін дәлелдеді.
куроттардың табысты бизнес-моделдері мен саяси қақтығыстардан алыс және жақсы қорғалуы Қызыл теңіз тартымдылығын сақтауда
туристерді орналастыру бойынша қонақ үй шаруашылығында жағдайды жақсарту керек;
жағажай зонасында қажетті инфрақұрылымның болмауы: туристік сектордағы қызмет сапасын арттыру қажет;
меншік нарығы даму кезінде тұрғын үй меншігіне қатысты белгілі бір тәуекелдерді ескеру керек;
қалалық және туристік инфрақұрылым дамымаған
қоршаған ортаға зала келтіретін фординдық үлгі туристерді жаппай келуінен табиғи ландшафты мен табиғи ресурстардың нашарлауына алып келеді;
жер учаскелерін алу мен әлеуметтік байланыстардың бұзылуына қатаң бәсекелестікке алып келетін массалық туризмнің Мексикалық үлгісіне тән жылдамдатылған құрылыстар белең алуда
туризм Египеттегі негізгі табыс көзіне айланып, курорттардың жаппай салынуынан қоршаған ортаға зияны келе бастауы;
Шығыс Еуропада пайда болған жаңа арзан туристік нарықтар тарапынан қатаң бәсекелестікке ұшырауы;
елдегі саяси жағдай туризм дамуына үлкен әсері
Ескерту – [35, 36, 37, 38, 39] әдебиеттер негізінде автор құрастырған
қолжетімділік. Мемлекеттің ауа қатынасын либеризациялау, «ашық аспан» саясатын бектіту, туристік салаға қызмет көрсететін қызметтердің әлеуетін арттыру, ұсынылатын қызметтерге төмен тарифтер бекіту – туристерге туристік дестинацияны қолжетімді етеді.
- туристік саладажүргізілетін іс-шаралардың жұмысқа тиімділігі мен экономикалық мақсаттылығын арттыру.Оған келесілер кіреді: елге келетін туристердің құрамының жаңаруы, туристік инфрақұрылым дамуындағы жаңа туристік дестинацияларды құру – субсидиялар, тікелей инвестициялар, мемлекеттік-жеке кәсіпорындар, компанияларға туристік өнімнің сапасын арттыру бойынша жағдайлар жасау; бизнес - кластерлердің бірге жұмыс жасауын ынталандыру; қызметкерлердің жұмыс тиімділігін арттыру.
туристік сектордағы қызмет нәтижелерін бақылау және бағалау. Табысты туризмді дамыту стратегияларында қойылатын мақсаттар мен жұмыс көрсеткіштерін әзірлеу ажырамас элементтердің бірі болып табылады, ол жүргізіліп жатқан саясаттын тиімділігін анықтауға көмектеседі. 6-кестеде соңғы үш елдің салыстырмалы көрсеткіштері көрсетілген.
Мысыр мемлекетінің туристік дестинацияны құру мен дамыту бойынша тәжірибесін қарастырдық, осының негізінде Қазақстандағы туристік саланың қазіргі жағдайына талдау жасауды қажет етеді.
Қорыта келе, кез келген мемлекеттің бәсекелестігі мaкроэкономикaлық сипaтқa, aрзaн жұмыс күшіне, мемлекеттік сaясaтқa, сaлaлaрды бaсқaру жүйесіне бaйлaнысты жетіледі. Бәсекелестікті aрттырaтын мәселе туристік саланы дұрыс бaсқaру жүйесін құру болып табылады. Туризмнің дамуы үшін бай табиғи ресурстары бар мемлекет үшін жеткіліксіз, мемлекет жаңа туристік дестинациялар арқылы дамиды.
Туризмнің дамуындағы мемлекеттік қолдаудың келесідей негізгі жағдайларын көрсетуге болады: ұзақ мерзімді жоспарлау мен стратегия, маркетинг және туристік дестинацияның бейнесін құру, туристік секторды жалпы басқару деңгейін жетілдіру, салық салу және құқықтық реттеу мәселелері, қолжетімділік, туристік салада жүргізілетін іс-шаралардың жұмыс тиімділігі мен экономикалық мақсаттылығын арттыру және туристік сектордағы қызмет нәтижелерін бақылау және бағалау болып табылады.
2. ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТ НАРЫҒЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІНІҢ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ