ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Р.А. Дарменова
Маталарды ӛңдеу технологиясы
Оқу құралы
«Қыздар университеті» баспасы
Алматы, 2015 ж
Кіріспе
Қазіргі заманғы білім беру жүйесі білім мазмұнын жаңар- туды модернизациялауды қажет етіп отыр. Қазақстан Республи- касында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында осы бағыттағы біртұтас ұстанымның мақсаты анықталып, кӛп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделімен, білім беру жүйесін дамытуға бағытталған әлеуметтік бағыттары белгі- ленді. Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі жас ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігіне, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігі мен кәсіби шеберлігіне байланысты. Елімізді әлеуметтік-экономикалық жағынан дамыту мін- деттері жастарға кәсіптік техникалық білім беру ісіне бұрын- ғыдан да жоғары талаптар қойып отыр. Айталық, әр дәуірге, әрбір тарихи кезеңге сәйкес киімнің ӛзіне тән формасы, пішімі, ӛңделуі мен материалдары, матаның түсі мен суреттері олардың костюмге үйлесімі болды. Халық тұтынатын тауарларды ӛндіру мен қызмет кӛрсету саласын дамытудың кешенді бағдарлама- сында халықтың матаға, киімге сұранысын мейлінше толық қамтамасыз ету қарастырылған. Маталық бұйым сапасының жақсаруы, олардың техникалық және эстетикалық деңгейі, ұзақ мерзімді жарамдылығы артуы тиіс. Инновациялық процесс бұл күнделікті тәжірибеде ӛз алдына бӛлек жаңалық ретінде танылған. Болашақ технология мамандығы бойынша ғалым оқытушыларды дайындауда «Сала- лық материалтану және конструкциялық материалдар техноло- гиясы», «Киімді кӛркемдеп сәндеу», «Киімді конструкциялау мен модельдеу», «Маталарды ӛңдеу технологиясы» және оқу- шылардың техникалық шығармашылық элементтерін және тағы сол сияқты пәндерді оқыту барысында компьютерлік техноло- гияны қолдану ӛте тиімді. Қазақстан білім саласының әлемдік кеңістікке дамы- ған елдердің қатарына ену үшін, оқу процесінің инновация- лық жолдарын жаңа педагогикалық технологияға негіздеу қажет, жаңа ғылыми-әдістемелік жетістіктерге, жаңа техноло- 4 гиялық процестерге негізделген технология сабақтарының ин- новациялық жолдарын қарастырып, кӛптеген ғылым салала- рын қамтуы тиіс. Халықтың тұтыну бұйымдарына деген кӛзкарасы, әрі олардың сапасы (эстетикалық, эргономикалық шешіміне деген сұранысы) жоғарылай түсуде. Себебі әрбір жасалынатын бұйымдарға қойылатын талап күнделікті қойылуда. Кез-келген маталардан жасалған бұйымдарға техникалық экономика- лық талаптар қойылады. Осыған орай болашақ шебер: матала- дардың құрылымы, құрамы, қасиеті және түрлеріне тереңірек үңілуі қажет. Пәннің мақсаты: болашақ кәсіптік оқыту мен кәсіпкерлік оқытушысының материалдарының түрлері, қасиеті, құрылымы, қолданылуы, конструкциялы-технологиялық материалдар мен олардан жасалынатын түрлі бұйымдар жӛнінде ұғымдарын қа- лыптастыру, термиялық, химия-термиялық ӛңдеу теорияларын және тәжірибелерін зерттеу, сондай-ақ маталарды басқа тәсіл- дермен нығайту, әрі алған білімдерін жалпы білім беретін мекемелердің оқу процестерінде қолдана білуге үйрету. «Сала- лық материалтану және конструкциялық материалдар техно- логиясы» (профиль бойынша) пәнінің алға қойған міндеттері тӛмендегідей: - маталардың түрлері, құрамы мен қасиеті жӛнінде тү- сінік беру; - маталардың тұтынуға шыдамдылығы жӛнінде мәлімет- тер беру; - маталардың құрылымын, қасиетін анықтау тәсілдерімен таныстыру; - студенттердің кәсіби білімі мен біліктілігін арттыру; - маталарды ӛңдеу технологиясын және олардан жасала- тын бұйым жӛнінде мағлұмат беру. Бұл пән басқа пәндермен де байланысты оқытылады: «Материалдарды ӛңдеу практикумы», «Экология», «Валеоло- гия», «Экономика», «Маталарды ӛңдеу технологиясы», «Еңбек- ті және қоршаған ортаны қорғау», «Машина танудың теориялық негіздері», «Жаратылыстану ғылыми пәндер негіздері» т.б. 5 «Маталарды ӛңдеу технологиясы» курсын ӛту нәти- жесінде студенттер тӛмендегідей білімдерді меңгеруі қажет: - маталардың құрылымын; - маталардың қасиетін және оларды мақсатты түрде ӛзгертуді; - маталардан дайын бұйым жасау үшін алдын-ала ӛңдеу жұмыстарын; - мамандандырылу саласына сай мататану оқу шебер- ханасын ұйымдастыру. Пәнді ӛту нәтижесінде студенттер тӛмендегідей ептілік- терді меңгеруі қажет: - маталардың құрылымын анықтауды; - маталардың қасиетін анықтауды; - маталардан дайын бұйым жасау, оқу лаборато- риясын қазіргі заман талабына сай жабдықтауды. Пәнді оқыту дәріс курстары мен тәжірибелік сабақтары барысында жүзеге асырылады. Сабақ барысында студенттер маталар мен конструкторлық материалдар технологиясы жӛнін- де теориялық білім алады. Тәжірибелік сабақтарда студенттер конструкциялы материалдарды ӛңдеу технологиясы, материал- дардың құрамын, қасиетін т.б. анықтап, бақылау жүргізеді. Сабақ барысында берілген мәліметтерді тереңірек мең- геру үшін сабақтан тыс уақытта орындайтын студенттің ӛзін- дік жұмыстары теориялық сабақ тақырыптарының жеке сұрақ- тарынан құрылады. Ол дәріс барысында қарастырылмай, сту- денттерге кітапханада ізденуіне мүмкіндік береді. Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеті, мазмұны. Тоқыма ӛндірісінің тарихы. Тігін ӛндірісінің материалтануы жайлы жалпы мағлұмат. Талшықтарды алу жолы, олардың қасиеттері туралы мәлімет. Киім тігуге қажетті маталардың табиғи және химиялық талшықты түрлері. Жылытқыш, беймата материалдар мен сәндік материалдары. Тігін бұйымдарына қойылатын талаптар. Тігін жіптері. Тоқыма ӛндірісін ұйымдастыру жұмыстары. Конструкциялық материалдар технологиясы мен олардан жа- салынатын бұйымдар. «Технология» бағдарламасына сай ӛң- делетін материалдарға жалпы сипаттама. 6 I БӚЛІМ Талшықтар туралы жалпы мағлұмат Талшық – ұзындығы кӛлденеңінен кӛп есе артық иілгіш, жіңішке әрі мықты зат. Тоқыма талшық деп иірме жіптерді, маталарды, беймата материалдарды жасауда пайдаланатын тал- шықтарды айтады. Ұзына бойына ажырамайтын дара талшық- тар қарапайым (элементарлы) деп аталады (мақта, жүн). Ұзына бойына бірімен-бірі байланысқан қарапайым талшықтар техни- калық немесе құрама деп аталады (зығыр, кендір т.б.). Ұзын- дығы ондаған, жүздеген метр болатын талшықты «жіп» дейді (таза жібек жібі, жасанды және синтетикалық жіптер). Жіптер – қарапайым және құрама болып бӛлінеді. Қарапайым жіп немесе моно жіп – ұзына бойына бӛлінбейтін жалғыз дара жіп, құрама жіп – ұзына бойына ӛзара байланысқан қарапайым жіптерден тұрады. Талшықтардың топтастырылуы Талшықтарды топтастыру, олардың тегіне қалай алынуы- на және химиялық құрамына байланысты жасалынады. Барлық талшықтар таза (табиғи) және химиялық болып үлкен екі топқа бӛлінеді. Табиғатта кездесетін талшықтарды табиғи деп, ал зауыт жағдайында алынатындарды – химиялық дейді. Ӛсімдік тектес (целлюлозалық – мақта, зығыр, кендір т.б.) мал тектес (белоктың – жүн, таза жібек) және минерал тектестер (асбест) табиғи талшықтарға жатады. Химиялық талшықтар жасанды және синтетикалық болып бӛлінеді. Жасанды талшықтар да ӛсімдік, мал және минерал тектес болып келеді, сондықтан олар таза талшықтар табиғи сияқты целлюлозалық (вискозды, ацетатты, триацетатты, мыс аммиакты және басқалар), белокты (казеинді), минералды (шынылық және металдық) болып бӛлінеді. Жай заттардың молекулаларын синтездеу (қосу) арқылы алынған талшықтарды синтетикалық деп атайды. Оған жататындар – капрон, лавсан, нитрон, хлорин, винол, полиэтилен, полипропилен және басқалар. 7 Талшықтардың химиялық құрамы Минералдық талшықтардың негізі бейорганикалық заттар. Ӛсімдік талшықтарының негізі күрделі органикалық қосынды – целлюлоза, яғни кӛміртегі, оттегі және сутегінен құрылған клетчаткалар. Мал талшықтарының негізі одан да күрделі органикалық қосындылар – аминоқышқылдан тұратын белоктар. Белоктың құрамына кӛміртегі, оттегі, сутегі, азот сияқты элементтер міндетті түрде кіреді. Жүнді құрайтын белоктық қосынды керотиннің құрамын- да күкірт те бар. Таза жібектің, яғни жібек құрты жібінің құ- рамында фибрион және серицин деген екі белок бар. Синтети- калық талшықтардың негізінде де күрделі органикалық қосын- дылар – полимерлер бар. Олар қарапайым молекулаларды син- тездеу арқылы алынады. Талшықтардың негізгі қасиеті Талшықтардың негізгі қасиетіне олардың сызықтық ты- ғыздығы ұзындығы мықтылығы, созылғыштығы, иілгіштігі, жабысқақтығы, гигиеналық қасиеттері сыртқы ортаның әсеріне тұрақтылығы жатады. Талшық дегеніміз – кӛлденең қиындысы 2-ден 100 мкм. дейін болатын ӛте жіңішке дене. Тоқыма ӛнеркәсібінде диа- метрі 60 мкм-ге дейінгі талшықтар пайдаланылады. Талшықтың жуандығы (жіңішкелігін) тікелей ӛлшеу қиын болғандықтан жуандығының ӛлшем бірлігіне сызықтық тығыздығы алынады. Талшықтың сызықтық тығыздығы текс, талшықтың ұзындық бірлігіне келетін массасымен сипаталады және талшық масса- сының оның ұзындығына L км. қатынасымен анықталады. Талшықтың ұзындығы мм, см, м-мен ӛлшенеді. Мақта- ның мамығы мен үлпегі ең қысқа талшықтар – олардың ұзын- дығы 1-2 мм. Жібек құрты жібінің ұзындығы 1000 м. және одан да асады. Жасанды және синтетикалық жіптердің ұзын- дығы шексіз болуы мүмкін. Иіру әдісі және алынатын жіптің жуандығы мен мықты- лығы талшықтың ұзындығына байланысты. Ұзын талшықтар- 8 дан – жуан әрі жұмсақ жіп шығады. Талшықтардың мықты- лығы үзетін күшпен, яғни үзілетін кездегі ең үлкен салмақпен сипатталады. Талшықтың ұзындығы см., мм-мен ӛлшенеді Мақтаның мамығы мен үлпегі ең қысқа талшықтар – олардың ұзындығы 1-2 мм. Жібек құрты жібінің ұзындығы шексіз болуы мүмкін. Иіру әдісі және де алынатын жіптің ұзындығы мен мықтылығы талшықтың ұзындығына байланысты. Ұзын талшықтардан жіңішке әрі тегіс жіп алынса, қысқасынан – жуан әрі жұмсақ жіп шығады. Талшықтардың мықтылығы үзетін күшпен, яғни үзілетін кездегі ең үлкен салмақпен сипатталады, оның ӛлшем бірлігі сН. Жуандығы әртүрлі талшықтардың мықтылығын салыстыру үшін салыстырмалы үзу салмағы текске пайдаланады, яғни жуандықтың әр бірлігіне келетін үзу салмағы. Талшықтың үзілер алдындағы ұзаруын «үзілу ұзаруы» деп атайды. Салмақ әсерінен талшықтың үзілерге дейінгі ұзаруын «толық ұзару» дейді. Талшықтың толық ұзаруы оның серпімді, созылмалы (эластикалы) және иілмелі (пластикалы) ұзаруларынан тұрады. Серпімді ұзару талшықтан салмақты алған кезде бірден жоғалады, созылмалы ұзару біртіндеп кетеді, ал иілмелі ұзару онша кете қалмайды. Тоқыма бұйымының қыртыстанғыштығы немесе ӛз формасын сақтап қалу қабілеті серпімді, созылмалы және иілмелі ұзарулардың арақатынасына байланысты. Жүн талшықтары мен синтетикалық талшықтарда серпімді және созылмалы ұзарулардың үлесі басым, бұл талшықтардан жасалған маталар қыртыстанғыш келеді, жылумен дымқылдап ӛңдегенде ғана ӛзінің бастапқы қалпына келеді. Ӛсімдік текті талшықтарда (мақта, зығыр, вискоздық талшықтар) иілмелі ұзарудың үлесі едәуір, сондықтан бұндай талшықтардан жасалған маталар қатты қыртыстанады, ӛз қалпына келтіру үшін дымқыл жылумен ӛңдеу керек. Талшықтардың беріктілігі мен бейімділігі иіру кезінде кӛрінеді, және ол талшықтың тонинасына, ұзындығына, 9 химиялық құрамына және құрылымына байланысты жүн талшығының бетіндегі қабыршықтар оның беріктілігін арттырады, мақтаның піскен талшықтарының шиыршық атуы, оның иіру кезінде жақсы байланысуын қамтамасыз етеді. Ең кӛп ылғалдық – 20 температура мен ауаның салыстырмалы ылғалдығы 100 болғандағы талшықтардың ылғалдығы. Ауа ӛткізгіштік – талшықтың ауа ӛткізу қабілеті. Организмнің тіршілік әрекетінің нәтижесінде денеден кӛмірқышқыл газы, тері және басқадай зиянды заттар бӛлініп шығады. Киім, әсіресе іш киімдік бұйымдар жасау үшін талшықтардың жақсы гигроскопиялық және ауа ӛткізгіштік қасиеттері болуға тиіс. Қыстық киімдерді жасауға пайдаланылатын талшықтардың жылу сақтау қабілеті жоғары болуы шарт. Талшықтардың гигиеналық қасиеті олардың химиялық құрамы мен құрылымына байланысты. Таза талшықтардың синтетикалық талшықтарға қарағанда гигиеналық қасиеттерінің кӛрсеткіші жоғары. Талшықтардың сыртқы ортаның әсеріне қарсы тұруы, яғни жарықтың, ылғалдың, тердің әсеріне және де үйкелуге, жууға, химиялық тазартуға, ылғалды жылумен ӛңдеуге қарсы тұру қабілеті тоқыма бұйымның тозбайтындығын кӛрсетеді. Таза талшықтар. Мақта Мақта – ӛсімдіктің ұрығын жауып тұратын қоза деп ата- латын ӛте жіңішке талшық. Мақта тоқыма ӛнеркәсібінің маңыз- ды шикізаты. Мақта талшығы ұрықпен бірге шитті мақта деп аталады. Шитті мақтаның 1/3 массасы талшықтар, 2/3-і ұрық. Мақта талшығы – ұрық қабыршағының клеткаларынан ӛсіп шығатын ӛсімдіктің бір клеткасы. Талшықтардың құры- лымы олардың пісіп жетілу дәрежесіне байланысты. Мик- роскоппен қарағанда мақтаның піспеген (ӛлі) талшығы қабы- сып, ұзынша жұқа қабырғалы кең ӛзекті болып кӛрінеді. Тал- шық піскен сайын оның қабырғаларына целлюлоза пайда бола бастайды да қабырға қалыңдайды, ӛзегі тарылады, талшық бұралған, иірілген кейіпке енеді. Мақтаның піскен талшық- тарының бойлық бойы иірілген спираль тәрізді майысқан 10 түтікті елестетеді. Қатты пісіп кеткен талшықтардың түрі цилиндр кейіптес, ішінде тар ӛзегі болады. Талшық ӛзегінің бір жағы ғана ашық. Талшықтың кӛлденең қимасындағы формасы қисық, сопақша. Химиялық құрамы жағынан талшық таза цел- люлоза да, 1,5 май, балауыз тектес, бояу мен минерал қоспа- сынан тұрады. Талшықтың целлюлоза майдан тұратын бет қабаты «кутикула» деп аталады. Талшықтың ұзындығы мен жуандығы ӛзара байланысты және ол мақтаның сортына да байланысты. Талшықтың кӛлденең қимасының орташа диаметрі 15-25 мкм. Қысқа талшықты мақтаны бәйке, фланел, бумази және басқа маталар жасау үшін үлпілдек жуан жіптер жасауға жібереді. Орта талшықты матадан шыт, сәтен және басқа маталар жасау үшін орта номерлі жіптер дайындайды. Ұзын талшықты матадан бәтес, маркизет, тарақты сәтен және де басқадай жоғары сапалы жұқа мақта маталар дайындау үшін, жіңішке және тегіс жіп иіріледі. Талшықтың мықтылығы оның пісіп жетілу дәрежесіне байланысты. Созылмалы деформация толық ұзарудың 50 %-на тең. Мақта матаның қатты қыртыстанатындығы осыған байла- нысты. Талшықтың түсі ақ, сарғыштау. Сарғыш, жасылдау және басқа да түсті талшықтар беретін мақтаның сорттары бар. Бояушы пигмент талшықтың кутикулінде болады. Мақтаның гигроскопиялық қасиеті жоғары. Ылғалдық проценті қоршаған ортаның ылғалдылығына, температурасына және мақтаның тазалығына байланысты. Қалыпты жағдайда (температура 20 т градус және ауаның салыстырмалы ылғалдығы 65 %) пісіп жетілген талшықтың бойында 8-9 % ылғал болады. Ауаның салыстырмалы ылғалдығы артқан сайын мақтаның да ылғал- дығы артады, ауаның ылғалдығы 100 % болғанда 20 %-ға жетеді. Мақта ылғалды бойына тез сіңіреді, тез шығарады, яғни тез кебеді. Суға салғанда мақта талшықтары ісінеді, созғанда мықтылығы 15-17%-ке артады. Мақта қышқылдар мен сілтілердің әсеріне қарсы тұра алмайды, әлсіз қышқылдың ӛзі мақтаны бүлдіреді. Ұзақ уақыт қышқылдың әсері тиген мақта матаны кептіріп жай ғана созсақ, қағаз сияқты жыртылып кетеді. Концентрациялы күкірт қыш- 11 қылы талшықты күйдіріп жібереді. Суық күйдіргіш сілтілер талшықтарды сіңдіреді, олардың бұйралығы кетеді, сырты тегістеліп жібек сияқты жылтырайды, мықтылығы артады, бояуды тез қабылдайды. Бұл қасиеті маталарды мерсеризация деп аталатын арнаулы ӛңдеуден ӛткізуге керек. Ыстық күйдір- гіш сілтілер ауадағы оттегінің әсерімен мақтадағы целлюло- заның тотығуына және оның мықтылығының кемуіне әкеп соғады. Мыс-аммиак реактивтерінің әсерінен, яғни мүсәтір спиртіндегі мыс гидрототығы ерітісінде мақта талшықтары ериді. Егер сол алынған ерітіндіге су қоссақ, мүсәтір спиртінің концентрациясы азаяды да целлюлоза массасы коллоид ерітін- дісі түрінде тұнады. Мақта целлюлозасының мыс-аммиак реактивінде еритін және одан бӛлініп шыға алатын қабілетіне сүйеніп мыс-аммиак талшықтары алынады. Химиялық тазалауда қолданылатын органикалық еріт- кіштер мақтаға әсер етпейді. Басқа да органикалық талшықтар сияқты мақта да жарық пен ауа райының әсерінен мықты- лығын біртіндеп жоғалтады. Күн сәулесі 940 сағат әсер етсе мықтылығы 50 %-ға кемиді 150 градус температурада құрғақ мақта талшықтары ӛз қасиеттерін ӛзгертпейді. Температураны ӛсірген сайын талшық алдымен сарғаяды, сонан соң қоңырқай тартады, ал 250 градусқа жеткенде күйе бастайды. Мақта талшықтары сары түсті жалынмен түгел жанып сұр түсті күлге айналады. Талшық жанған уақытысында күйген қағаздың иісі сезіледі. 1-сурет. 12 Мақта (Cossypіum), қоза–құлқайыр тұқымдасына жата- тын кӛп жылдық ӛсімдік туысы, бағалы талшықты дақыл. Мақта б.з.дейін Орта Азия мемлекеттерінде, Үндістан, Иран, Қытай, Мексика, Перу аймақтарында ӛсірілген. Қазақстанда 1918 жылы Түркістан жерін суландыруға байланысты қолға алынды. 1924 жылы мақта ӛсіретін Мақтаарал ауданы құрыл- ды. Мақтаның биіктігі 1–1,5 м. 1–2 негізгі бұтақтан 10–15 жана- ма бұтақша тарайды, одан кейін осы бұтақшаларға гүл мен қауа- шағы шығады. Гүлі жеке, ірі сары не ақ. Мақта ӛздігінен, кейде айқас тозаңданады. Сабағы 90–130 см-ге жетеді, жапырағы жүрек тәріздес. Жемісі 3–5 ұялы қауашақ, оның ішінде талшық, оның ортасында 20–40 мақта тұқымы болады. Мақтаның 35 түрі бар, оның 5 түрі қолдан ӛсіріледі. Мақта – жарық, жылу, ылғалды кӛп керек етеді. Тұқымы 10–12 C-та ӛне бастайды, 25– 30 C-та жақсы ӛседі, 0 C-та үсікке шалдығады. Гүлдеу және пісу кезінде ылғалды кӛп керек ететіндіктен, суармалы жерлерде жоғары ӛнім береді. Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал, Сарыағаш, Шардара, Ордабасы, Отырар аудандарында, Арыс, Түркістан қалалық әкімдік аумақтарында мақтаның орта тал- шықты нӛмірлері (Қырғыз-3, С-4727, С-6524, 108-Ф) ӛсіріледі. Оңтүстік Қазақстан облыстарында ауа-райына байланысты мақта сәуір-мамыр айларында толықтай егіліп бітеді. Шиті жерге түскеннен кейін жер құнарлылығы жақсы болса 5-10 күннің кӛлемінде жер бетіне шығады. Ал егер жер бетіне шықпай тұрып, жаңбыр жауған жағдайда, тез арада бетін тырнап шығару қажет. Себебі жердің беті қатып мақта тұншы- ғып қалады. Мақта ӛсіп жетілемін дегенше, арам шӛптерден тазалап, түрлі зиянкестерден қорғайтын химиялық заттар беріліп тұрады. Жылына 2 рет суарады. Мақта ӛнімдері 1 т. шитті мақтадан 330–360 кг. талшық (бұдан 3000 м. мата тоқылады), 100–110 кг. тағамдық, техникалық май, 30– 40 кг. қысқа талшық, 550–580 кг тұқым алынады. Тұқымында 20–25% май болады, сондықтан 1 т. мақта тұқымынан 170 кг. мақта майы, 400–420 кг. күнжара, 300 кг. қауыз, мақта 13 мамығы, олифа, глицерин, т.б. құнды ӛнімдер алынады. Мақта – тоқыма ӛнеркәсібі үшін негізгі шикізат. Мақтаның ұзын тал- шықтарынан әртүрлі маталар – бәтес, сәтен, маркизат тоқылса, қысқа талшықтарынан целлюлоза, пластмасса, фотопленка, дәрілік мақта, жанғыш пілте, жасанды жібек, жіп, т.б. дайын- далады. Мақта майы тамақ, консерві, парфюмерия ӛнеркәсіп- терінде, ал тұқым қалдығынан этил, метил спирттерін, лак, қағаз, органикалық қышқылдар, целлюлоза, т.б. алуға болады және сабағы (Қозапая) отын ретінде, күнжарасының құрамында белок болғандықтан мал азығы ретінде қолданылады. Негізгі зиянкестері: ӛрмекші кенесі, мақта және күздік қоңыр кӛбелектердің жұлдызқұрттары, шегіртке, арам шӛптер. Артықшылықтар: жұмсақтық, жылы уақытқа жақсы сіңіру қабiлеттiлiгі, жеңіл түске боялуы, табиғи материал, ден- саулыққа зиян келтiрмейді. Жетісай қаласында «Сапа- ИнвестПлюс» атты мақтаның сабағынан құрылысқа және жиһаз жасауға қажетті тақтайшалар жасалуда. Кемшiлiктер: оңай илейдi, отырғызуға тенденцияны ала- ды, жарықта сарғаяды, суды бойына сіңіріп алады. Мақта егiндерiнiң аудандары (FAOSTAT) га. Мемлекет 1985 1995 2005 Үндістан 7 533 9 035 9 100 АҚШ 4 140 6 478 5 586 Қытай 5 140 5 422 5 060 Пәкістан 2 364 2 997 3 096 Ӛзбекстан 1 493 1 390 Бразилия 3 590 1 191 1 254 Нигерия 220 431 630 Түркия 660 741 600 Түрікменстан 607 600 Мали 146 336 551 Мақта ӛндiрiсi (FAOSTAT) мың тонн. Мемлекет 1985 1995 2005 Қытай 4 147 4 768 5 700 АҚШ 2 924 3 897 5 164 Үндістан 1 484 2 186 2 475 Пәкістан 1 217 1 802 2 122 Ӛзбекстан 1 265 1 250 Бразилия 943 479 1 196 Түркия 518 851 800 Австралия 267 421 578 Грекия 168 433 359 Сирия 170 216 331 14 1-кесте. 2-кесте. Дүниежүзілік мақта қолданысы, мың тонн 2001−2002 2002−2003 2003−2004 2004−2005* 2005−2006** Барлығы 20 288 21 184 21 352 23 080 23 650 КХДР 5 700 6 500 7 000 8 100 8 600 Үндістан 2 910 2 914 3 000 3 300 3 400 Пәкістан 1 855 2 042 2 100 2 300 2 370 Шығыс Азия, Австралия и Мұхит ар. 2 127 2 075 1 885 1 850 1 830 АҚШ 1 676 1 583 1 413 1 350 1 280 Бразилия 830 760 825 900 900 ТМД 671 674 686 710 730 Басқалар 2 090 2 237 2 218 2 330 2 330 Зығыр Зығыр – зығыр ӛсімдігі сабағының қабықты бӛлігінен алынатын талшық. Ӛсімдіктің сабағы мен жапырақтарынан алынған талшықтарды қабақтан жасалған деп атайды. Талшық- тардың қарапайым және техникалық түрлері болады. Қара- Мақта егiндерiнiң аудандары ) га. Мемлекет 1985 1995 2005 Үндістан 7 533 9 035 9 100 АҚШ 4 140 6 478 5 586 Қытай 5 140 5 422 5 060 Пәкістан 2 364 2 997 3 096 Ӛзбекстан 1 493 1 390 Бразилия 3 590 1 191 1 254 Нигерия 220 431 630 Түркия 660 741 600 Түрікменстан 607 600 Мали 146 336 551 Мақта ӛндiрiсi мың тонн. Мемлекет 1985 1995 2005 Қытай 4 147 4 768 5 700 АҚШ 2 924 3 897 5 164 Үндістан 1 484 2 186 2 475 Пәкістан 1 217 1 802 2 122 Ӛзбекстан 1 265 1 250 Бразилия 943 479 1 196 Түркия 518 851 800 Австралия 267 421 578 Грекия 168 433 359 Сирия 170 216 331 15 пайым талшықтардың жалғыз-ақ ӛсімдік клеткасы бар. Ал тех- никалық талшықтар пектиндік заттармен (табиғи желім) ӛзара желімделген қарапайым талшықтардың шоғынан тұрады. Мик- роскоппен қарағанда қарапайым талшықтың ұзына бойына қабырғасы қалың, жіңішке ӛзекті және қисық буын болып келген ӛсімдік клеткасы кӛрінеді. Талшықтың ұштары жіңіш- ке, ӛзегі бітелген. Талшықтың кӛлденең қимасы 5-6 қырлы кӛпбұрыш, ӛзегі ортасында. Зығыр талшығында 80 % цел- люлоза да, 20 % қоспа, яғни майлы балауыз тектес, бояғыш, минералды заттар мен лигнин (клетканың қатаюына қажет зат) бар. Лигнин талшықтарға қаттылық береді. Зығыр талшығында 5 %. Мақтаға қарағанда зығырдың қаттылығы сондықтан. Зығырдың қарапайым талшықтарының жуандығы мақта талшықтарыныкіндей, ұзындығы 15-26 мм. Техникалық тал- шықтардың жуандығы қарапайым талшықтардың жуандығына және олардың бір шоқтығы санына байланысты. Берілген зы- ғырдан алынатын жіптің жуан- жіңішкелігі шоқтың қанша- лықты техникалық жіңішке талшыққа ыдырай алатындығына байланысты. Талшықтың түсі ашық-сұрдан қара-сұрға дейін. Талшықтың сырты тегіс болғандықтан зығыр жылтырап тұрады. Физико-химиялық қасиеттері жағынан зығыр мақтаға жақын. Қалыпты жағдайда зығырдың гигроскопиялығы 12% - ке тең. Ылғалды тез сіңіріп, шығарады. Судың әсерінен қара- пайым талшықтардың мықтылығы артады, ал техникалық тал- шықтардікі кемиді, себебі пектиндік заттардың жұмсаруынан талшықтардың әр бӛлек шоқтарының ӛзара байланысы әлсі- рейді. Зығырдың бір ерекшелігі – оның жақсы жылу ӛткізгіштігі, сондықтан ол қолға әрқашан салқын болып сезіледі. Зығырдың жақсы гигроскопиялық қасиеті – ылғалды бойынан тез тартып шығару, жоғары жылу ӛткізгіштігі сияқты бағалы гигиеналық қасиеттері оны жаздық киім үшін таптырмайтын матаға айнал- дырады. Қышқыл мен сілтілердің зығырға әсері мақтаға тигізе- тін әсерімен бірдей. Зығыр талшықтары мақтаға қарағанда қиын боялады, қиын ағарады. Бұл зығырдың табиғи бояуының күш- тілігінен және құрылымының ерекшелігінен – талшықтың қа- бырғасы қалың да, тұйық әрі жіңішке. Зығыр талшығында 16 мерсеризация эффектісі онша байқалмайды, себебі талшық- тардың ӛзі табиғатынан жылтыр. Сабын су ерітіндісінде қайнатқанда (әлсіз сілті ерітін- дісінде) пектин заттары ериді. Талшықтар ашықтау, жұмсақтау болады, техникалық талшықтардың мықтылығы тӛмендейді. Қызған металл бетінің әсеріне зығыр мақтаға қарағанда тӛзім- дірек, себебі оның гигроскопиялық қасиеті жоғары. Күн сәу- лесі 990 сағат үзіліссіз түссе, зығырдың мықтылығы 50 %-ға тӛ- мендейді, яғни мақтаға қарағанда зығырдың жарыққа шыдам- дылығы жоғары. Зығыр да мақта сияқты жанады. 2-сурет. Зығыр (Lіnum) – зығыр тұқымдасына жататын бір жыл- дық және кӛп жылдық шӛптесін ӛсімдіктер туысы, тінді, тал- шықты, майлы дақылдар. Зығырдың 230-ға жуық түрі белгілі. Қазақстанда 13 түрі кездеседі. Республиканың солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарындағы қара және қоңыр топы- рақты жерлерде ӛсіріледі. Сабағының биіктігі 50–100 см., жа- пырағы қандауыр пішіндес, қондырмалы, гүлшоғыры – шатыр тәрізді шашақ. Гүлдері ұсақ, басым бӛлігі кӛкшіл түсті, ӛсім- діктің жоғарғы жағында шоғырланып ӛседі. Жемісі – қауашақ. 17 Зығырдың талшығын және тұқымын алу үшін, негізінен, дақыл- дық зығыр (L. usіtatіssіmum) ӛсіріледі. Ол 5 түр тармағына бӛлі- неді. Олардың ішінде кең тарағаны: салалы (талшықты) зығыр, майлы (шашақты) зығыр, жатаған зығыр, т.б. Салалы зығыр – бір жылдық ӛсімдік. Қоңыр салқын ауа райында жақсы ӛседі. Салалы зығыр салқынға шыдайды. Вегетациялық ӛсу мерзімі 75–90 тәулік. Ӛздігінен тозаңданады, кейде айқас тозаңдануы да мүмкін. Майлы зығыр (шашақты зығыр) – бір жылдық, жылу- сүйгіш, ылғалды аса қажет етпейтін (салалы зығырмен салыс- тырғанда) ӛсімдік. Вегетациялық мерзімі 150 тәулік. Желмен тозаңданады. Майлы зығырдың тұқымында 52 %-ға дейін май болады. Салалы зығырдың майы сияқты мұны да олифа, лак, бояу дайындауға және тағамға пайдаланады. Зығыр күнжарасы – ӛте құнарлы мал азығы, талшығының бір гектарынан 7–11 центнер ӛнім алынады. Зығыр тұқымы мен зығыр майын медицинада, талшығын кенеп мата, брезент, кендір жіп жасау үшін пайдаланады. Маусым айынан гүлдеп, шілденің аяғында жеміс береді. Қазақстанда аудандастырылған сорттары: «Сибиряк», «Авангард», «Қарабалық 3», «ВИР-1650» т.б. Негізгі зиянкестері: зығыр бүргесі, кӛк кӛбелек, трипстер. Аурулары: антракноз, фузориоз. 3-сурет. 18 Жүн Жүн дегеніміз – кейбір жануарлардың тері жамылғысы, мүйіз тәрізді дене, құрылымы түкті. Тоқыма ӛнеркәсібінде қой- дың, түйенің, ешкінің, сиырдың жүні және қоянның түбіті кең қолданылады. Жүн талшығы (түк) түбірден және табақшадан тұрады. Түбір терінің астына жатады. Сабақша тері жамылғы- ның сыртында болады және кератин деген белоктан тұрады. Түктің сабақшасы үш қабаттан тұрады: қабыршақты, қабықты және ӛзекті. Қабыршақты қабат (кутикула) түкті қоршаған мүйіз тәрізді қабыршақтан тұрады. Талшықтың түріне байланысты қабыршақтардың формасы сақина, жартылай сақина немесе пластинка тәріздес болып келеді. Қабыршақты қабат түкті бұзылудан сақтайды, оның жылтылдауы мен киіз болып ұйысу қабілетіне әсер етеді. Қабықты қабат түктің тұрқын құратын ұршық тәрізді клеткалардан тұрады, шаштың мықтылығын, серпімділігін және басқа да қасиетін анықтайтын негізгі қабат болып табылады. Ӛзекті қабат талшықтың ортасында болады. Ол ауа толған клеткалардан тұрады. Жуандығы мен құрылы- мына байланысты жүн талшықтарының мынадай типтері бола- ды: түбіт, ауыспалы және ӛлі шаш, қылшық. Түбіт – қабыршақты және қабықты қабаттан тұратын жіңішке ирек талшық. Биязы жүнді қойдың барлық жүн жамылғысы және қылшық жүнді қойлардың теріге жақын жа- мылғысы түбіт болып келеді. Қабыршақты қабат сақина немесе жартылай сақина формалы болады. Қылшық түбітке қа- рағанда дӛрекілеу, әлдеқайда жуан және ирек емес. Ол үш қа- баттан тұрады: пластинка тәріздес қабыршақтардан тұратын қабат, қабықты қабат және тұтас ӛзек. Жартылай қылшық жүнді және қылшық жүнді қойлардың жүн жамылғысы қылшықтан тұрады. Аралық жүн – түбіт пен қылшықтың ортасы. Бұдан тұқымдас қойлардың барлық жүн жамылғысы ауыспалы түктен тұрады. Аралық түк те үш қабаттан: қабыршықты, қабықты қабаттан және үзілмелі ӛзектен тұрады. Ӛлі түк – нашар боялатын, ӛңдегенде оңай сынатын дӛрекі, тік және қатты талшық. Ол қылшық жүнді қойлардың 19 кейбір тұқымдарында кездеседі. Ӛлі түк үш қабаттан тұрады: қабыршақты, жұқа қабықты және талшықтың барлық кӛлде- неңін алатын жалпақ ӛзектен тұрады. Қойдан қырқып алынған тұтас жүн жабағы деп аталады. Қойдың жүн жамылғысын құрайтын талшықтың түріне байла- нысты, жүн тӛмендегідей түрлерге бӛлінеді: түбіт талшықтан тұратын биязы жүн 25 мкм-ға оны биязы жүнді қойлардан алады да, жоғары сапалы камволь және шұға маталарды тоқуға пайдаланады. Жартылай биязы жүн (25-34 мкм.) түбіт талшығы мен аралық жүннен тұрады. Қойдың будан тұқымынан алып костюмдік және пальтолық камволь маталар тоқу үшін пайда- ланады. Дӛрекі жүн (40 мкм-ден жоғары) – құрамында тал- шықтың барлық түрі бар. Оны қылшық жүнді қойдан алып ірі шұға мата алуға пайдаланады. Жіп иіру үшін жүн талшығының ұзындығы мен бұралаңдығының маңызы зор. Жүн талшығының ұзындығы 20 мм-ден 450 мм аралығында. Біртекті жүндер ұзын- дығына байланысты қысқаталшықты – 55 мм-ге дейін, және ұзынталшықты 55 мм-ден артық болып бӛлінеді. Жүннің ире- леңдігі талшықтың 1см ұзындығына келетін ирелеңдігі соны- мен сипатталады. Талшық неғұрлым жіңішке болса соғұрлым бұралаңы кӛп болады. Бұралаңның биіктігіне қарай қалыпты, биік және жатық бұралаңқы болып бӛлінеді. Биік ирелең қысқаталшықты жүн жуан әрі үлпілдеген аппараттық (шұғалық) жіп иіруге пайдаланады. Жатық бұралаң- қы ұзынталшықты жүн жіңішке әрі тегіс тарам жіп иіруге пай- даланады. Жүн талшығының жуандығы талшықтың түріне байланысты және оның иірілген жіп пен матаның қасиетіне ықпалы зор. Түбіттің жүні 30 мкм, қылшықтікі 50-90 мкм, ӛлі шаштікі 50-100 мкм. Құрғақ талшықтардың үзілер кездегі ұзаруы 40 %. Толық ұзарудың әжептеуір үлесі (7 %-ға дейін) серпімді және жоғары эластикалық деформацияға келеді, солардың әсерінен жүн матадан жасалған бұйымдар қыртыс- танбайды, формасын жақсы сақтайды. Биязы жүнді қойдың жүні ақ түсті, ептеп ақсары. Қылшықты және ұяң жүннің түсі – сұр, қызғылт, қара. Жүннің жылтыры қабыршақтардың мӛлшері мен формасына байланысты. Ірі, тығыз қабыршақтар жүнді жалтыратып тұра- 20 ды. Майда, талшыққа жабыспайтын қабыршақтар жүнді солғын етіп кӛрсетеді. Киіздену – жүнді басқанда бірігіп ұйысуы. Жіңішке, серпімді, ӛте иректі жүннің киізденуі жоғары болады. Қалыпты жағдайда биязы жүннің бойындағы ылғалы 18 %, қылшық жүндікі 15 %. Басқа талшықтарға қарағанда жүннің гигроскопиялық қасиеті жоғары, ылғалды жай тартады, жай шығарады. Жылу ылғалдың әсерінен жүн талшығы 60 %-ға дейін, одан да кӛп, ұзара алады. Жүннің қасиетін ескере отырып үтіктеу, созу, декатирлеу сияқты операциялар жасай аламыз. Киімді химиялық тазартудан ӛткізгенге қолданылатын барлық органикалық еріткіштердің әсеріне жүн тӛзімді. Жүнде амфо- терлік қасиеттер бар, яғни қышқылдармен де, сілтілермен де әрекеттесе алады. Ауа-райы әсеріне жүннің тӛзімділігі айтар- лықтай жоғары. 1120 сағат тікелей түскен күн сәулесінен жүн талшықтарының мықтылығы 50 %-ға кемиді. Жүн жанғанда талшықтар жалында піседі, жалыннан алсақ жанғаны басыла- ды, ұшында күйген қара түйіршік пайда болып, күйген қауыр- сынның иісі сезіледі. Қайнатқанда жүн күйдіргіш натрийдің 2 % ерітіндісінде ериді. Сұйытылған қышқылдың (10 %-ға дейін) әсерінен жүннің мықтылығы біршама артады. Концентрациялы азот қышқылы- ның әсеріне жүн сарғаяды, концентрациялы күкірт қышқылы- ның әсеріне күйеді. Жоғары температурада құрғақ жүн тал- шықтары ӛзінің мықтылығын жоғалтады. Ӛсімдік талшық- тарына қарағанда жарық пен ауа және басқа келтірілген жүндер де қосылуы мүмкін. Заводтық жүн – мүйізді ірі қараның тері- сінен алынған жүн. Қалпына келтірілген жүн – бұрын пайдалануда болған жүн матадан тігілген ескі киімдер мен кескен қиынды талшық- тарға ажыратқанда алынады. Қалпына келтірілген жүннің тал- шықтары қысқа, себебі бұрын киімді киіп жүргенде немесе қи- қымды ӛңдегенде үзіліп, қысқаруы мүмкін. Ақ қағаздың үстіне иірілген жіпті теріс бұрасақ бұрауы босайды, ал қалпына кел- тірілген жүн талшықтары шашылып түседі. 21 4-сурет. Түлкі жүні. Жүн – қой, ешкі, түйе және т.б. жануарлардың түгі, жеңіл ӛнеркәсіптің құнды шикізаты. Жүн талшықтары жылуды аз ӛткізеді, ылғал тартқыш және берік болады. Ол жіп иіру, мата тоқу, киіз басу, әртүрлі тоқыма бұйымдар жасау үшін пайда- ланылады. Дүниежүзінде қой жүні кӛп ӛндіріледі. Қой жүні талшықтарының жуан-жіңішкелігіне, құрылымына қарай бӛлінеді. Жүн құрамындағы қылшықтардың арақатынасы қой тұқымына байланысты әртүрлі болады. Сондықтан қой жүні биязы, биязылау, ұяң және қылшық жүн деп бӛлінеді. Биязы жүн талшығының жіңішкелігі 14,2–25 мкм, ұзындығы мен ирегі біркелкі болады. Түсі ақ, шайыры мол. Бұл жүннен жоғары сапалы мата тоқылады. Биязылау жүн біркелкі ірілеу жүн мен аралық қылшықтан тұрады. Талшығының жіңішкелігі 25,1–35 мкм. Мұндай жүннен трикотаж, жоғары сапалы шұға тоқылады. Ұяң жүн құрамында жүннен басқа аралық және майда қылшық- тар болады. Ұяң жүннен кілем тоқылады. Қылшық жүннің құра- мында қылшық, әсіресе, ӛлі қылшық кӛп болады. Мұндай жүн киіз, киіз аяқ киім, т.б. жасауға пайдаланылады. Жүннің барлық түрінің сапасы малдың тұқымына, оны дұрыс азық- тандыруға, бағып-күтуге байланысты. Ешкі жүні қылшықты, түбіт аралас болады. Ангор, т.б. ешкі тұқымының жүні бия- зылау келеді. Түйе жүні берік, сапасы жақсы болады. Одан жүн мата, сырт киім, әртүрлі бұйымдар жасалады. Сиыр, жылқы жүндерінен киіз, қоян жүнінен жеңіл киім жасайды. Ит жүні емдік мақсатта қолданылады. 22 5-сурет. 6-сурет. Таза жібек Таза жібек – жібек құрты шығаратын ӛте жіңішке жіптер. Тұт жібек құртының кокондары (қауыздары) жібек орайтын фабрикалардағы автоматтарда тарқатылады. Тарқатқан кезде бірнеше жіптің ұшын біріктіреді. Соның нәтижесінде серицин деген жұмсарған белокпен ӛзара желімденген бірнеше жіңішке жібек жіптен тұратын шикізат аламыз. Кокондарды жинасты- рып, тарқатқанан қалған қалдықтар үстіңгі шатасқан қабаттары, кокон қабыршағының қалдықтары, бүлінген немесе тарқатқанға келмейтін (кокондар) иірілген жібек жіптер алуға пайдаланы- лады. Кокон жіптерін микроскоппен қарағанда тегіс жағылма- ған серицин дағы бар қатарласқан жібек талшықтар кӛрінеді. Жібек талшықтарының кӛлденең қимасы дӛңгелек, сопақша, доғаланған үш қырлы немесе тегіс ұзынша болып келеді. Кокон жібі – фиброин (75 %) және серицин (25 %) белоктардан тұрады. Кокон жібінің жуандығы (тонина) ұзына бойына бірдей 23 емес, және ол 0,5-тен – 0,18 текске дейін ауытқитын сызықтық тығыздылықпен сипаталады. Бір жібек талшықтың кӛлденеңі, орташа 16 мкм, ал кокон жібінікі 32 мкм, кӛбіне жібек шикі- затының қалыңдығы 1,556 және 2,33 текс болады. Кокон жібі- нің ұзындығы 1500 м. жетеді, үстіңгі және астыңғы қабаттары тарқатылмайды, сондықтан тарқатылған жіптің орташа ұзындығы 600-900 м. Кокон жібін үзер салмақ 10 сН, салыстыр- малы үзер салмақ 27-31,5 сН текс. Үзілер кездегі жібектің ұзаруы 22 %-ға жетеді. Толық ұзару – 22%-ға жетеді. Толық ұзарудың 60 %-ы жойылу деформацияның үлесіне тиетіндіктен, таза жібек мата аз қыртыстанады. Қалыпты жағдайда талшықтардың гигроскопиялық қа- сиеті 11 %-ға тең. Қайнатқан кокон жібінің түсі ақ, ептеп ақ- сары. Жүнге қарағанда таза жібектің химиялық тӛзімділігі артық. Сұйытылған қышқылдар мен сілтілер, киімді химиялық тазалауда қолданылатын органикалық еріткіштер таза жібекке әсер етпейді. Таза жібек концентрациялы сілтіде қайнатқанда ғана ериді. Серицинге қарағанда фиброин тӛзімді белок: сабын- су ерітісінде қайнатқанда серицин ериді, ал фиброин қалады. Судың ұзақ уақыт әсерінен таза жібектің боялған талшық- тарының бетін тұнба тұтып қалады да, бұйымның кӛрінісін нашарлатады. Дымқыл күйіндегі таза жібектің мықтылығы 5-15 %-ға кемиді. 110 С жоғары температурада таза жібектің талшықтары мықтылығын жоғалтады. Тіке түскен күн сәулесінің әсерінен басқа натуралды талшықтарға қарағанда таза жібек тез бүлінеді. 200 сағаттай уақыт түскен сәуледен талшықтың мықтылығы 50 %-ға кемиді. Таза жібектің жануы жүннің жанғанына ұқсас Тұт жібек- құртының жібегіне қарағанда емен жібекқұртының жібегі қат- қылдау. Емен жібекқұртының коконы тарқатқанға келмейді, сондықтан оны иірілген жіп алуға пайдаланады. 24 7-сурет. Асбест Асбест – отқа тӛзімді электр және жылу ӛткізгіштік қа- сиеті бар, техникалық мақсаттарға пайдаланатын таза минерал- дан тұратын талшық. Химиялық талшықтар Жасанды талшықтар алу мүмкіндігін бірінші болып ға- сырда ағылшын ғалымы Р.Гук айтқан, бірақ ӛнеркәсіпте жасан- ды жібек ХІХ ғасырда ғана алынды. Целлюлозалық талшық- тардан ең бірінші – нитратты жібек (1890), кейін мыс-аммиакты және вискозды жібектер алынды. Ацетатты жібек бірінші дүниежүзілік соғыстың соңына қарай алынды. Ресейдегі вискоз- ды жібек шығару жӛніндегі бірінші зауыт Мытищиде салынды. Ол 1913 жылы 136 тонна вискоза талшығын ӛндірді. Қазіргі кезде химиялық талшықтар ӛндіру химиялық ӛнеркәсіптің ірі саласына айналды. Барлық тоқыма талшықтарының 30 %-на жуығы жасанды жолмен химиялық зауыттарда алынады. Хи- 25 миялық талшықтар жүнге қарағанда үш есе, таза жібекке қара- ғанда 100 есе кӛп пайдаланады. Химиялық талшықтар жасанды және синтетикалық болып бӛлінеді. Ағаш целлюлозасы, мақтаның қалдығы, шыны, метал- дар және басқалар жасанды талшықтар ӛндірудегі шикізат бо- лып табылады. Синтетикалық талшықтар шикізатын ӛндірудің бастапқы азығы болып газ және тас кӛмір, сондай-ақ мұнай ӛңдеуден шыққан ӛнім алынады. Жасанды талшықтардың химиялық құрамы оларды алатын бастапқы табиғи шикізаттың құрамымен бірдей. Синтетикалық талшықтар синтездің химия- лық реакциясы нәтижесінде, яғни тӛменгі молекулалы заттар- дың молекулаларын ірілендіру және оларды жоғары молеку- лалық қосындыларға айналдыру нәтижесінде алынады. Мұндай талшықтар дайын күйінде табиғатта болмайды. Химиялық талшықтарды ӛндіру процесі үш кезеңді қам- тиды: жіп алынатын ерітінді дайындау, қалыптастыру және ӛңдеу. Минералды талшықтардан басқа барлық талшықтар жіп ерітіндісі деп аталатын ерітінділерден немесе балқымалардан алынады. Жіпті қалыптастырғанда фильерлер деп аталатын ерекше қақпақшалардағы ӛте жіңішке тесіктерден жіп ерітін- дісі қысымымен шығарылады. Фильерлер жіп шығару машина- ларында химиялық талшықтарды қалыптастыруды жүзеге асы- ратын жұмысшы орган болып табылады. Фильерлер құнды металдардан жасалынады. Фильерден шыққан жіп ерітіндісінің сорғаламасы суып қатады да, жіпке айналады. Ерітіндіден жіп алғанда оның қатуы не сулы ортада (бұл сулы ыдыс деп ата- лынады) немесе ыстық ауа ұрып тұрған құрғақ ортада (мұны құрғақ әдіс дейді) болады. Құрама тоқыма жіптерді ӛңдіргенде фильер тесіктерінің саны 24-тен 50-ге дейін жетеді. Бір фильер- ден қалыптасқан жіптерді жалпы құрама жіпке біріктіреді де, созып орайды. Жіпті ӛңдеу дегеніміз жуу, кептіру, бұрау, бұрауы кетпеу үшін жылумен әсер ету. Кейбір талшықтарды ағартады немесе бояйды. Қазіргі уақытта бояуды негізінен массаға енгізеді, яғни жіп ерітіндісін бояйды. Күңгірт тал- шықтар алу үшін – жіп ерітіндісіне титан қостотығының майда ұнтақтарын қосады. Кескінді немесе қуыс талшықтарды алу үшін тесіктерінің күрделі конфигурациясы фильерлерді пайда- 26 ланады. Штапель талшықтарын ӛндіргенде фильердің тесік- терінің саны 40000-ға дейін жетеді. Әр фильерден ширатылған талшықтар алынады. Ширатпаларды лента жасап біріктіреді де сығып, кептіріп, керекті ұзындықтан буда-буда қылып кеседі. Әдетте кесуді тоқыма кәсіпорындарында жүргізеді. Сонымен, қысқа химиялық талшықтарды штапельдік деп атайды. Штапель талшықтарды жіпке айналдыру үшін тек ӛзін, не табиғи талшықтармен қосып иіреді. Штапель талшықтардың ұзындығы 4 см-ден 30 см-ге дейін болады және ол бірге иірі- летін табиғи талшықтардың ұзындығына сәйкес келуге тиіс. Талшықтардың ассортиментін кеңейту, жақсарту жаңа талшық түзетін полимерлерді жасаумен қатар бұрынғы бар хи- миялық талшықтарды жетілдіру арқылы да, іске асады. Бұл же- тілдіру физикалық (құрылымды) және химиялық болады. Физикалық жетілдіру – полимерлерді құратын макро молекулалардың ұзындығын, бағдарын ӛзгертеді, араларына басқа заттар енгізеді. Химиялық жетілдіру – талшық түзетін полимерлердің химиялық құрамын жарым-жартылай ӛзгерту, жетілдірудің нә- тижесінде қасиеті басқа жаңа талшықтар алынады. Дәріс бойынша сұрақтар: 1.Талшықтардың гигиеналық қасиеті. 2. Химиялық талшықтарға жалпы сипаттама. Жасанды талшықтар Вискозды талшық. Бұл талшық суға малу әдісімен алы- нады. Бастапқы шикізат шыршадан, қарағайдан, шамшаттан, самырсыннан алынатын ағаш целлюлозасы. Целлюлоза – қағаз комбинатында ағаштың ұзындығын 7 мм-дей етіп жаңқылайды да, сілті ерітіндісінде қайнатады. Соның нәтижесінде шыққан сұр целлюлоза массасын ағартып картон жасап престейді. Химиялық талшық комбинаттарында бұл картон табақтары бір сағаттың ішінде мерсерленеді, одан сілтілі целлюлоза бӛлініп шығады, целлюлоза емес қосындылар аластатылады. Сыққан- 27 нан соң табақшаларды целлюлозалық масса алынғанша майдалайды. Ол масса 20-25 температурада 12-30 сағаттай уақыт тұруы керек, яғни піседі. Осы пісу процесінде сілтілі целлюлоза ауадағы оттегімен тотығады, целлюлоза молеку- лалары қысқарады. Сонан соң сілтілік целлюлозаны күкіртті кӛміртекпен ӛңдейді де сілтінің әлсіз ерітісінде еритін цел- люлоза ксантогенатын алады. Целлюлоза ксантогенаты күйдір- гіш натрийдің 4-5 % ерітіндісінде ерігенде жабысқақ жіп ері- тіндісін – вискоза алады. Жіп ерітіндісі 25-30 сағат уақыт 16 С температурада пісіп жетіледі, бұл уақытта ұдайы араластырады, сүзіледі және ауа кӛбікшелерінен тазартылады. Пісіп, жетілу процесінде жіп ерітіндісі қоюланып, жіпке айналу қабілетін алады. Насостар- дың кӛмегімен вискоза құбыры арқылы жіп иіру машина- ларына беріледі, одан әрі шыны құбырлармен ӛтіп фильерден сығылып шығады да, күкірт қышқылымен оның тұздары құйыл- ған тұндырғыш ваннаға түседі. Тұндырғыш ваннада вискоза сілтісі бейтараптанады, ксантогенат ыдырап, ӛте майда вискоза жібегінің талшықтары бӛлінеді. Жіп иірудің үш әдісі қолда- нылады: бобиналық, центрифугалық және үздіксіз. Бобиналық әдісте вискоза жібегінің жібі бобинаға бұраусыз оралады. Центрифугалы әдісте біруақытта оралып бұралады. Үздіксіз әдісте жіп бір агрегатта иіріледі, ӛңделеді, кебеді және бұра- лады. Ӛңдеу процестерінде вискоза жіптері жуып-шайылып ақталады және боялады. Ӛте мықты штапельдік вискоза тал- шығын үздіксіз әдіспен ӛндіру үшін толассыз желі қолданы- лады. Вискоза талшығының мықтылығын арттыру үшін жаңа қалыптасқан жіптерді ыстық су арқылы ӛткізіп созады, соның әсерінен целлюлозаның молекулалары талшықтың ұзына бойы- на тарайды. Меланж типті екітүсті вискоза жібі жіп ерітіндісінің әр түсті боялған екі ағынын тұндырғыш ваннасында біріктіру ар- қылы алынады. Мұндай талшықтың кӛрінісі әсем, басқа әдіспен алуға болмайтын ӛзіндік бояуы бар. Меланж типті жіптер то- қыма бұйымдарымен астарлық маталарды шығаруда кең қол- данылады. 28 Талшықтарды кескіндеу маталар мен матаға салған жа- санды мехтарды шығару үшін қолданылады. Қимасы кескін- делген вискоза жібінен жасалған жасанды мехтың кӛрінісі таза мехтан айнымайды. Мтилон – жүн тәрізді, химиялық жағынан жетілдірілген вискоза талшығы кілем түгіне пайдаланылады. Микроскоппен қарағанда вискоза талшығы ұзына бойына сызықшалары бар цилиндр болып кӛрінеді. Сызықшалар жіп ерітіндісінің бір- қалыпты қатпауының салдарынан пайда болады. Күңгірт тал- шықтардың қара дақтары бар, ол – қос тотықты титанның әсе- рінен. Талшықтың кӛлденең қимасы кескіленген. Талшықтың ұзындығы арқылы әрқалай болады. Қарапайым талшықтардың сызықтық тығыздығы 0,27-0,66 текс, кӛлденеңі 25-60 мкм. Вискоза жіптерінің жуандығы оларды құрайтын қарапайым тал- шықтардың жуандығы мен санына байланысты. Талшықтардың мықтылығы целлюлоза молекулаларының бағдарына байланыс- ты. Әдеттегі вискоза талшықтары мықтылығы жағынан таза жі- бекке жетпейді, ал ӛте мықтылары жібектен берік. Вискоза тал- шығының жылтыры ашық, ал күңгірт талшықтар жылтырамай- ды. Қалыпты жағдайда талшық бойындағы ылғал 11 %-дай. Хи- миялық қасиеті мен жану сипаты мақтаға ұқсас, бірақ қышқыл мен күйдіргіш сілтінің әсеріне сезімталдау, жылдам жанады. Қалыпты ылғалдылықта талшық 120 С дейінгі қыздыруды еш ӛзгеріссіз кӛтере алады. Полинозды талшықтар. Бұл штапельді вискоза талшы- ғының бір түрі, және ӛзінің қасиеттері жағынан ұзын талшықты мақта талшықтарына жақын. Полиноздық талшықтарды ӛндіру процесі штапельдік вискоз талшықтарын ӛндірумен бірдей. Полинозды талшықтар кӛлденең қимасы құрылымның біртек- тілігімен ерекшелінеді. Штапельдік вискоза талшықтармен са- лыстырғанда олардың мықтылығы басым, серпімділігі жоғары, аз созылады, дымқыл жағдайда мықтылығын аз жоғалтады, сіл- ті әсеріне тӛзімдірек. Полинозды талшықтардың негізгі кӛрсеткіштері: поли- нозды талшықтардың құнды қасиеті – жоғары сортты ұзын- талшықты мақтаның орнына қолдануға, вискоза талшықтары- нан бұйымдар жасау үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Поли- 29 нозды талшықтар таза күйінде де, мақтамен қосып та жейделік немесе плащтық маталар, жұқа тоқыма маталар, тігін жіптерін шығаруға пайдаланылады. Кӛрінісі әдемі, жібек сияқты аз оты- ратын немесе еш отырмайтын маталарды шығарғанда полиноз- ды талшықтар ұзынталшықты мақтаны толық алмастыра алады. Мыс–аммиакты талшықтар. Мұндай талшықтар мақта целлюлозасынан алынады. Мақта бүршігін мыс-аммиак реакти- вінде ерітіп жіп ерітіндісін алады. Талшықты, сулы әдісімен тұндырғыш ваннада су, не әлсіз сілтіде алады. Мыс аммиакты талшықтардың химиялық қасиеттері мен жануы жағынан вис- коза талшықтарына ұқсас. Вискоза талшықтарына қарағанда бұл талшықтарды ӛндіруге қаражат кӛп кететіндіктен онша кӛп қолданбайды. Ацетатты талшық. Ацетат талшығын алудағы шикізат – мақтаның қалдығы. Оны мұздай сірке қышқылында сірке ангидридімен ӛңдейді. Бұл реакцияны ацетилдеу деп атайды. Су қосу арқылы не сұйытылған сірке қышқылының әсерінен пайда болған ақ тұнбаны спирт пен ацетон қоспасында жуып ерітеді. Алынған жіп ерітіндісінен құрғақ әдіспен талшықтар алады. Ацетат талшықтарның құрылымы вискоза талшығы сияқты химиялық құрылымы жағынан химиялық байланыстағы целлю- лоза сияқты, сондықтан олардың қасиеті вискоза және мыс- аммиакты талшықтарының қасиетінен ерекше. Ацетат талшық- тың серпімділігі вискоза немесе мыс-аммиакты талшықтарға қарғанда жоғары, сондықтан ол аз қыртыстанады. Талшықтың гигроскопиялық қасиеті 6-8 %. Ацетат талшықтары спирт пен ацетонда ериді. 140 С жоғары температурада талшық балқиды (барлық ӛсімдік талшықтары қатты қыздырғанда күйеді). Тал- шық жай жанады. Жалыны сары, ұшында балқыған түйір пайда болады. Ацетат талшықтардың бір ерекшелігі – олар ультра- күлгін сәулелерін ӛткізеді. Трицетатты талшықтар. Трицетатты талшықтардың ацетаттан айырмашылығы – олар толығынан ацетилденген цел- люлозадан алынады. Триацетатты және ацетатты талшықтар мата және тоқыма бұйымдар дайындауда қолданылады. Шыны талшықтар мен металл жіптер. Шыны тал- шықтарын алу үшін электр пештерінде силикат шынының 30 түйіршіктерін 1370 С температурада балқытады. Фильерден шығатын балқыған шынының ағынын тез айналатын барабан- дар іліп алады да 30 м\с жылдамдықпен созады. Ауада суи келе мықты, иілгіш жарық ӛткізгіш, жарық отқа тӛзімді, электр- жылу- дыбыс ӛткізбейтін ӛте жіңішке жіпке айналады. Талшық- тың химиялық тӛзімділігі ерекше, тек плавикті қышқылда ериді. Гигроскопиялық қасиеті тӛмен 0,2%. Шыны талшықтарын бояу- балқыған шыны хром, кобальт, марганец, темір, алтын және басқалардың қоспаларын енгізу арқылы іске асырылады. Бояу сыртқы ортаның барлық ықпалына тӛзімді. Шыны талшықтар техникалық мақсаттар мен сәнді маталар үшін пайдаланады. Металл жіптер мыс немесе оның қорытпаларынан жа- салған сымдарды біртіндеп созу немесе жалпақ алюминий лен- тасын (фольганы) кесу арқылы алынады. Алтын немесе күміс- тен бетіне жұқа қабат жүргізіп жалтыратады. Кейбір жіптердің бетін түрлі-түсті пигменттермен және жұқа синтетикалық пленкамен жабады. Металл жіптердің негізгі түрі: тартпа-қимасы дӛңгелек металл жіп, шырмақты-лента түріндегі жазық жіп, кінәділ – шиыршықтанған тартпа немесе шырмақты жіп, оқа – бұралған тартпа немесе шырмақты жіп, иірме – шырмақты жіппен бірге иірілген мақта немесе жібек жіп. Алюнит (люрекс) – күміс немесе әртүрлі желіммен беті жабылған жазық алюминий жібі. Алюнитті мықты болу үшін бір екі жіңішке синтетикалық жіпке қосып иіреді. Металл жіптер погондар мен атақтық белгілерді, алтын тігінді бұйымдарды, парча сияқты жалтыраған кештік маталарды және де әдемі маталарды сәндеу үшін пайдаланады. Синтетикалық талшықтар. Синтетикалық талшықтар ӛздері жасалған полимерлер- дің түріне қарай топтасады. Полиамидты талшық. Талшық – капрон. Капрон алу- дағы бастапқы шикізат – бензол мен фенол (тас кӛмірден алы- натын ӛнім) – химиялық зауыттарда капролактамға ӛңделеді. Синтетикалық талшықтар зауытында капролактамнан капрон шайырын алады, ол балқыған қалпында фильерден жіңішке 31 ағын болып шығады да, желдеткен ауада қатады. Жаңа қалып- тасқан талшық созылады, бұралады, құрылымын бекіту үшін ыстық сумен, бумен ӛңделеді. Жылу ӛткізбейтін қасиеті жоғары іші қуыс капрон талшықтарын, кескінделген және қатты отыра- тын (30-35 %) талшықтарды алу әдістері жасалған. Анид (нейлон) және энант алу процестерінің капрон алу процесінен ӛзгешелігі аз. Полиамид талшықтарының формасы цилиндр кейіптес, кӛзге кӛрінбес саңылаулары мен жарықтары бар. Кӛл- денең қимасы дӛңгелек немесе ұшқырлы (кескінделген болып келуі мүмкін). Полиамидты талшықтары жеңіл, серпімді соз- ғанда мықты, тозбайды және бүктегенге кӛнгіш, химия әсеріне, суыққа, микроорганизмдер мен ӛңезге тӛзімді. Созған кезде капронның мықтылығы болаттан 2,5 есе артық. Капрон талшық- тар концентрацияланған қышқылдар мен фенолда ериді. Жан- ғанда жалыны кӛкшіл, ұшында қоңыр түйіршік пайда болады. Талшықтың кемшілігі –гигроскопиялық қасиеті тӛмен, ыстыққа шыдамсыз. Анид пен энанттың қасиеттері капронға ұқсас. Капрон – құрама жіптер, штапельдік, жеке талшықтар тү- рінде шығарылады. Ол маталар, шұлық, тоқыма бұйымдар, тігін жіптерін, шілтер арқан балық ауларын, т.б жасағанда кӛп қолда- нылады. Анид пен энант негізінен техникалық мақсатқа жұмса- лады, бірақ халық тұтынатын тауарларды ӛндіруге де пайдала- нылады. Жеңіл кӛйлектік және блузалық маталарды шығару үшін шелон деп аталатын жетілдірілген полиамидты талшық қолданылады. Полиэфирлі талшықтар. Лавсан мұнай ӛнімдерінен алынады. Сондай талшық Германияда – ланон, АҚШ-та дакрон, Польшада – элана, Англия мен Канадада – терилен деп аталады. Құрылымы және физико-химиялық қасиеттері жағынан лавсан капронға ұқсас: салыстырмалы үзу салмағы 40-55 сН/текс, үзілер кездегі созылуы 20-25 %. Талшықтар дымқыл кезінде ӛз қасиетін жоғалтпайды, олар жеңіл серпімді, суыққа тӛзімді, күйе түспейді, шірімейді. Капроннан ерекшелігі – лавсан кон- центрациялы қышқыл мен сілтінің әсерінен бұзылады. Лавсан- ның гигроскопиялық қасиеті тӛмен 0,4 %. Сондықтан матаға қолданғанда лавсанның штапель талшықтарын таза (натураль және вискозаның штапель талшықтармен араластырады). 32 Лавсан таза күйінде тігін жіптерін, шілтер полотноларын, техникалық мақсаттағы маталарды, жасанды мех пен кілем- дердің түгін дайындауға пайдаланылады. Әсіресе жүнге аралас- тыру үшін қолданылады, жылуға тӛзімділігі жағынан лавсан капроннан асып түседі: жұмсару температурасы 235 С, бірақ термофиксация (арнайы ӛңдеу) ӛтпеген лавсан матаны ылғал жылумен ӛңдегенде және қатты ылғалданғанда 140 С темпера- турада жылудан отырып түсін ӛзгертеді. Соның салдарымен мата бетінде кетпейтін дақ пайда болады. Жалынға ұстағанда лавсан еріп, сары жалынмен түтіндеп жанады. Полиакрилонитрильді талшықтар. Нитрон тас кӛмір, мұнай, газды ӛңдегенде шығатын ӛнімнен алынады. Сондай талшықтарды Германияда – ветрелон, Польшада – анилан, Швейцарияда – акрил, Жапонияда – беслон, экслан, кашмилон, боннель деп атайды. Капрон мен лавсанға қарағанда екі есе кем, үзілердегі ұзаруы 16-22 %. Гигроскопиялық қасиеті ӛте тӛмен 1,5 %. Нитронның бірнеше қасиеттері бар: киімді химиялық тазартудан ӛткізгенде сілтілер, органикалық минералды қыш- қылдар, бактериялар, ӛңез, күйенің әсеріне тӛзімді. Нитронның жылу сақтау қасиеті жүннен артық. Нитронның жұмсару тем- пературасы 200-250 С. Нитронды жалынға ұстасақ балқиды және түтіндеген сары жалын болып лапылдап жанады. Таза күйінде нитрон сырт киімдік трикотажға, ал жүнмен, мақтамен, вискоза талшықтарымен араластырып кӛйлек және костюмдік маталар шығаруда пайдаланылады. Поливинилхлоридті талшықтар. Хлорин этилен не ацетиленнен алынады. Поливинилхлоридті талшықтар Францияда – ровиль, термовиль, Германияда – Пц, Жапонияда – талон деп аталады. Хлорин серпімді, судың, қышқылдар, сілтілер, тотығыштардың әсеріне шыдамды, шірімейді, ӛңезге бӛлінбейді. Хлориннің жылу сақтау қасиеті жүннен кем емес. Ұзаруы 18-24 %, гигроскопиялық қасиеті ӛте тӛмен 0,1 %. Жарықтың, ауа райының әсеріне онша тӛзімді емес. Хлориннің негізгі кемшілігі – жылуға осалдығы. 60 С-де хлорин жылудан отырады, ал 90 С–де бүлінеді. Киімді құрғақтай химиялық тазалаудан ӛткізгенде трихлорэтилен және перхлорэтиленде ериді. 33 Хлорин жанбайды, жанғанға қосылмайды, жалынға ұстасақ талшықтары жидіп, дустың исі келеді. Үйкелуден туған электр зарядын бойына жинайтын қабілетіне байланысты оны емдік іш киім дайындауға пайдаланылады. Поливинилхлоридті талшықтар бедерлі жібек маталарды, кілем түктерін, жасанды мех шығаруға пайдаланылады. Поливинилспиртті талшықтар. Поливинилспиртті талшықтарға жататындар: винол, литилан винол, винилон, вулон т.б. (Жапония) мевлон. Винол поливинильді спирттен алынады. Синтетикалық талшықтардың ішіндегі ең арзаны. Гигроскопиялық қасиеті жағынан (5-8 %) винол мақтаға жақын. Салыстырмалы үзу салмағы 30-40 сН/текс, ұзаруы 35-35 %, дымданғанда мықтылығының кемуі – 15-25 %. Жұмсару тем- пературасы 220-230 С, - 200 С-де жылудан отырады. Жарыққа тӛзімділігі жақсы, үйкеліске шыдамдылығы матаға қарағанда 2 есе артық. Жалынға ұстағанда жылудан отырады, балқиды және одан соң жайлап сары жалын болып жанады. Ӛнеркәсіп суда еритін винол деген талшықтарды да шығарады. Винол таза күйінде немесе мақта, жүн, вискоздық штапель талшықтармен қоса тұрмыстық мақсатқа қажет маталар шығаруда пайдала- нылады. Летилан – суда еримейтін сары түсті поливинилспиртті талшық. Антимикробтық қасиеті бар. Медицинада және гигие- налық заттарды жасағанда қолданылады. Полиолефиндік талшықтар. Полиолефинді талшықтар- ға полэтиленнен және полипропиленнен алынған талшықтар жатады. Синтездеуде бастапқы шикізат болып мұнайды ӛңдегендегі ӛнім – пропилен мен этилен алынады. Талшықтар- дың жылу мен жарыққа тӛзімділігін арттыру үшін полимерге ингибитор деп аталатын арнайы заттар енгізеді. Полипропи- леннен комплексті жіптер, кілемді жіптер, штапельді талшық- тар, дараталшық, полиэтилен – тоқыма жіптер мен дараталшық алынады (полиолефинді талшықтардың негізгі кӛрсеткіштері 3-кестеде берілген). Физико-механикалық қасиеттері жоғары болғандықтан полиолефинді талшықтардың химия және микроорганизмдер әсеріне тӛзімділігі жоғары. Гигроскопиялық қасиеті жоқ (0%), 34 барлық белгілі талшықтармен салыстырғанда беттік тығыздығы тӛмен. Сондықтан да, лиолефинді талшықтар батпайтын әрі шірімейтін арқандар жасауға пайдаланады. Полиолефинді талшықтардан плащтық және сәнді маталар, кілем түктері, механикалық мақсаттағы материалдар жасалынады. Полиуретанды талшықтар. Сызықтық тығыздығы 2- ден 125 текске дейін спандекс деп аталатын полиуретанды құрама жіптер шығарылады. Спандекс талшығы басқа синте- тикалық талшықтармен ұқсас, бірақ ӛзінің физико-механикалық қасиеттері жағынан эластомерлерге жатады, яғни иілгіштік қалпына келу кӛрсеткіштері жағынан эластомерлерге жатады, иілгіштік қалпына келу кӛрсеткіштері жоғары. Спандекс жібінің салыстырмалы үзу салмағы 6-8 сН/текс (резеңкеге қарағанда екі есе кӛп), үзілердегі ұзаруы 600-800 %, жүктен босатқанан кейінгі иілгіштен қалпына келуі 90 %, 1 минуттан кейін 95 %-ға тең. Спандекс жібінің гигроскопиялық қасиеті тӛмен (1-1,5), үйкелгенге, жылуға тӛзімді, жақсы боялады. Мата, трикотаж дайындауға, спорт, емдеу бұйымдарын жасағанда пайдала- нылады. Дәріс бойынша сұрақтар: 1.Жасанды талшықтар дегеніміз не? 2. Жасанды талшықтардың түрлері.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Е.П.Мальцева. Тігін ӛндірісінің материалтануы. – Алматы, 1999. – 256 б.
2. Лабораторный практикум по материаловедению швейного производства; Учебное пособие для вузов. Б.А.Бузов, Н.Д.Алышенкова. – М. «Легпромбытиздат», 2002 г.
3. Ф.К.Садыков и др. Текстильное материаловедение и основы текстильных производства: Учеб. пособие для вузов. – М. «Легпромбытиздат», 2001 г.
4. В.И.Стельмашенко, Т.В.Розаренова. Материаловедение швей- ного производства: Учебник для студентов вузов. «Легпром- бытиздат», 2003 г.
5. В.А.Гордеева. Сборник задач по ткачеству. – М. «Гизлегпром».
6. Грановский Удивтельная специальность ткачество. Легпромиздат, 1981 г.
7. В.И.Дрожжин, Н.В.Орещенкова. Справочник по швейно трикотажному производству, М. Легкая пишевая прмышлен- ность. 1989 г.
8. Лабораторный практикум по технологии нетканых материа- лов: Учебное пособие для студентов. Под. ред. Г.Л.Барабанова Легпромбытиздат, 1988 г.
9. Лабораторный практикум по материаловедению швейного производства: Ф.К.Садыков, Д.М.Садыкова, Н.И.Кудряшова. 2-е изд., перераб. и доп. - М.: Легпромбытиздат, 1989.-288 с. : ил.
10.Учебное пособие для вузов. Б.А. Бузов, Н.Д.Алышенкова, Д.Г. Петропавловский. – 4-е из., перераб. И доп.-М.; Легпром- бытиздат, 1991.-432 с. : ил.
11. В.И. Стельмашенко., Т.В. Розаренова. Материаловедение швейного производства: Учебник для студентов М.: Легпром- бытиздат, 1981. – 224 с.
12. Г.Н. Кукин., и др. Текстильное материаловедение (волокна и нити): Учебник для вузов. 2-е изд., Г.Н.Кукин, А.Н.Солош, А.И.Кобляков. – М.: 1989. – 352 с: ил.
13. В.А.Гордеева., Сборник задач по ткачеству. – М.: Гиз- легпром, 1963. – 183 с. 179
14. Т.С. Грановский., Удивительная специальнос
Достарыңызбен бөлісу: |