2.2 Туризм саласының әлеуметтік-экономикалық аспектілерінің даму жағдайын бағалау
Туризм, баяу дамуда, еліміз туристік әлеуетке бай, ел аумағынан Ұлы Жібек Жолы өтеді, ежелгі қалаларымыз – Құлан, Қойлық, Саудакент, Отырар, Сарайшық мәдени жәдігерлеріміз, көптеген көрікті орындардың барлығына қарамастан еліміз өзіне дамушы елдерден қалталы туристерді тарта алмай отыр. Бүгінде Батыс Еуропа Өзбекстанды жаңа зерттелмеген бағыт ретінде таниды, Қазақстандағы қазіргі негізгі туристердің көпшілігі бұрынғы ТМД елдерінің халқы, еліміздегі мәдени құндылықтар кәсіби туроператорларға белгілі болса да, көпшілік туризм үшін қол жетімді болып отырған жоқ.
Қазақстан Республикасындағы туристікнарықты дамытудың алғашқы кезеңдерінде негізінен шығу турлары жетілдірілді. КСРО құрамында болған кездегі шығу туризміне деген көп жылдық мұқтаждық сыртқы туристік өнімнің жоғары сұранысқа ие болуына әкелді. Кейбір елдер қазақстандық туристерді еліктіру мақсатында бірқатар шаралар қабылдады:
- бұрынғы социалистік достастық елдеріне визасыз кіру (Чехия, Болгария, Венгрия, Сербия және тағы басқалар);
- визалық рәсімдерді жеңілдету нәтижесінде Германия, Испания, Италияға бару оңайлығы;
- кейбір елдердегі қазақстандық туристер үшін экономикалық үнемді турлар (Франция, Қытай).
Үлкен сұранысқа сол кездері көп танымдық сипаттағы турлар: Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Италия, Грекия мемлекеттеріне демалыс және ойын-сауықтық мақсаттағы туризм, жастар туризмі, емдеу-сауықтыру туризмі, теңіз круиздері ие болды.
Шығу туризмінің жалпы сипаты келесі себептермен түсіндіріледі: қазақстандық тұтынушылардың шетелдік туристік өнімге деген өте жоғары қызығушылығы (КСРО-да шығу туризмнің болмауынан), шығу ережелерінің жеңілдетілуі, сыртқы іскерлік байланыстар аясының кеңейтілуі, төлем қабілеттілігі жоғары жеке азаматтар мен кәсіпорындар санының өсуі, шығу туризмінің қолжетімді бағалары, шетелдік туристік өнімнің жоғары бәсекеге қабілеттілігі (қонақ үй сервисі мен орналастырудың барлық шарттарының аса жоғары деңгейде болуы, турлардағы ыңғайлы да қол жетімді көліктер).
Ішкі туризмнің артықшылық бағыттары Қазақстанның оңтүстік аймақтарына шоғырланды: курортты – шипажайлы аймақтар, мәдени-тарихи орталықтарға танымдық мақсаттағы туризм (Отырар қаласы, Түркістан қаласы, Есік қорғаны, Шарын шатқалы және тағы басқа); экологиялық туризм, сафари турлар (аң аулау, балық аулау), емделу.
Бастапқы кезеңдегі кіру және шығу туризмінің дамуын тежеуші факторлар мыналар:
- ішкі саясаттың тұрақсыздығы;
- көлік инфрақұрылымының халықаралық стандарттарға сай келмеуі;
- қонақ үй және тағы басқа орналастыру орындарындағы сервистік қызметтің әлемдік стандарттармен деңгейлеспеуі;
- мемлекеттік және жергілікті ұйымдар тарапынан кіру және шығу туризмін құқықтық және экономикалық жағынан ынталандырудың жетілмегендігі;
- нақты туристік орталықтың, сонымен қатар бүтіндей мемлекеттің кері немесе оң әсерлі имиджін қалыптастыратын қызмет көрсетуді ұйымдастырудың жеткілікті маманданбауы;
- туристік ел ретінде Қазақстанның оң имиджін қалыптастыруда мемлекеттік және жергілікті биліктің арасында ортақ саясаттың болмауы.
Дегенмен, тәуелсіздіктің алғашқы қиын жылдары артта қалып, Қазақстан Республикасы дамудың нақты бағыттарын айқындап, тура жолға түсе бастағаннан бері (1990 жылдардың аяғына қарай) туризм де экономиканың басқа салалары секілді аяғына нық тұра бастады.
Бүгінде көптеген адамдардың күнделікті тұрмысынан орын алған «ХХІ ғасыр көрінісі» атанып кеткен туристік қызмет индустриясы өзінің мемлекеттік қазынаға қосқан экономикалық салымы бойынша химиялық өнеркәсіптен алға озып, автокөлік саласымен теңесті. Ол әлемдік жалпы өнімнің 12% үлесін ала отырып, өзіне қызмет атқарушылардың алып армиясы мен ірі қаржыларды жұмылдыруда. Еліміздің туристік-рекреациялық әлеуетіне негізделген шаруашылық, өндірістік және әлеуметтік қызметтердің сан қырлы, күрделі жүйесін білдіретін туристік қызмет индустриясы адамдардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыруға және демалу мен көңіл көтеруге деген сұранысын жан-жақты қанағаттандырып, еңбек ресурстарына жұмылдыруға қабілеттілігімен халықтың тұрмыс деңгейін көтереді. Мысалы: негізінен туристерді қабылдауға маманданған елдерде туризмнің дамуына аса көңіл бөлу шет елдік валютаның ағымын көбейтуге және жаңа жұмыс орындарын құруға ұмтылумен түсіндіріледі. Туризм арқылы көптеген елдер өздерінің төлем тепе-теңдігі мәселелерін шешуге тырысады. Туризмнен түсетін табыстарға шетелдік туристердің болған елдерінде өздеріне көрсетілген қызметтер мен тауарларға төлеген ақылары жатады, оған тек сол елде қосымша жұмыс істегеніне алған ақысы және халықаралық көлік ақылары жатпайды. Туризмдегі шығындарға бір елдің тұрғындарының шетелде көрсетілген қызметтер мен тауарларға, өнімдерге төлеген ақылары жатады. Әдетте, шетелдік турист бір елге келіп, одан қайта кетуіне шығаратын шығындарынан басқа, тамақтануға өз шығындарының 40%-ын, тұрғын жайына – 30%, ел ішіндегі сапарларға – 8%, басқа шығындарға 22% жұмсайды деп саналады.
Шетелдік туристердің келген елінде шығарған шығындары нәтижесінде, біріншіден, туристік фирмалардың табысы артады, екіншіден, жабдықтаушылардың тауарлары мен қызметтеріне экономиканың туристік секторы жағынан сұранысы өседі, ол кезегінде өз жабдықтаушыларының тауарлары мен қызметтеріне сұранысын көтереді, осылайша барлық секторларда табыс артуына әкеледі. Туризмнің маңыздылығында бірінші орын ұлттық шаруашылықта валютаның елге келуі болса, табыс алу мен қатар валютаның елден едәуір кетуі де мүмкін. Қонақ үй шаруашылығын басқару, қаржыландыру және әсемдеу өз кезегінде, оған салынған инвестицияларға, қызметкерлерді қонақ үй шаруашылығын басқарудың қазіргі заманғы талаптарына сай даярлауға және оқытуға тәуелді. Жұмыс күші нарығы үшін де туризмнің маңызы зор. Америкалық мамандардың мәліметтері бойынша туризм индустриясы (ішкі туризмді қоса) көптеген елдердегі жұмыс орындарымен қамту жағынан ең ірі болып табылады, бүкіл әлемде туризм индустриясы 100 млн-нан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.
Туризм дамуының және жалпы экономикалық дамудың үрдістері арасында айқын байланыс бар. Туристік өсу кез - келген экономикалық өзгеріске аса сезімтал болып келеді. Егер баға өзгеріссіз болса, онда жеке тұтынудың 1 % жалпы алғандағы көрсеткіштердің өсуі саяхат шығындарының жалпылама тұрып қалуына әкеледі; тұтыну 2,5 %-ға өскенде туризм дамуы 4 %-ға артады; ал тұтыну 5 %-ға өссе, туризм шығындары өсуінің көрсеткіші 10 %-ды құрайды. Егер тұтыну 1 %-дан төмен болатын болса, онда туризмде құлдырау сезіледі. Халықаралық туризм Қазақстан және жалпы дамушы елдер үшін шетелдік валюта келуінің және жұмыс орындары құрылуының қайнар көздері болып табылады. Кез келген туристік бағыттағы аумақтардың сәтті дамуы арнаулы негізгі шарттардың (географиялық жағдайы, көліктік қолжетімділік пен инфрақұрылымы, климаты, саяси тұрақтылығы, туристік ағындардың келуі, табиғи ресуртар) болуымен байланысты.
Қазақстан аумағы 2724,9 мың км² - ге тең. Жерінің көлемі жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына кіреді, 9-орынды алады. Қазақстан Еуразия материгінің орталығында орналасқан, екі дүние бөлігін қамтиды, оны кіші батыс аймағы Еуропада, ал көлемді шығыс аймағы Азияда жатыр. Физикалық-географиялық жағдайы тұрғысынан, Қазақстан Тынық мұхиты пен Атлант мұхитынан, сондай-ақ Үнді мұхиты мен Солтүстік Мұзды мұхитынан бірдей дерлік қашықтықта орналасқан. Оның мұхиттардан шалғай жатуы әрі аумағының үлкендігі климатының өзіндік ерекшелігін қалыптастырады. Қазақстан батысында – Еділдің төменгі ағысынан, шығысында – Алтай тауларының етегіне дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі – Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне дейін 1650 км-ге созылып жатыр. Сөйтіп, республиканың географиялық орны оның табиғат жағдайларын анықтайды. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ - Дон алабы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Шекаралар ұзақтығы: Ресеймен 7 548 км, Өзбекстанмен 2 351 км, Қытаймен 1 782 км, Қырғызстанмен 1 241 км және Түрксменстанмен 426 км. аралықты құрайды.
Қазақстан халықаралық туристік ағынды қалыптастыру үшін жағымды географиялық жағдайға бағытталғандығын білу үшін, шығу туризмінің жағдайын бағалау керек. Канада 28 млн. адам, Ұлыбритания 51 млн., Германия 77 млн., Ресей 20 млн., АҚШ 72млн. адам, Франция 37 млн., Нидерланды 28 млн., Италия 26 млн., Жапония 20 млн., Қытай 25 млн. адам. Жалпы Қазақстанның шығу туризмінің ағыны өте аз.
Кейбір ресейлік қалалардан басқа, жоғарыда аталған елдердің қалалары Астанадан алыс орналасқан. Бірақ ел аумағының Батыс пен Шығысты жалғастырушы ел ретінде дамуға үлкен мүмкіндігі бар, 2012 жылдың басында Қазақстанда көлік жүйесінің ұзындығы 14,9 мың км., теміржол. 97,2 мың км., автомобиль жолын, 4,1 мың км ішкі су жолдары және 20,2 мың км магистральды құбырлар жолдары болды [43]. Қазақстан қазір көліктік тасымал
бойынша тұрақты өсу кезеңінде, 2010 жылмен салыстырғанда тасымалданған жолаушылар саны барлық көлік түрлері бойынша өсті, Батыс Еуропа –Батыс Қытай автомобиль жолдарының ұзындығы 2 787 км құрап отыр, осы жобаға Ресей (2233 км) және Қытай (342 км) елдері де қатысады, жалпы жол ұзындығы 8445 км. Осы жобаны іске асыруға 2,1 млрд. АҚШ долл. МББР арқылы қаржыландырылады [44].
Еліміздегі 61 000 км әуе дәліздері бар, ірі ұлттық әуе компания «ЭйрАстана», әуе компания 2011 жылы IATA–ның IOSA операторлар реестріне кіргізілген. Ол Boeing 787, Boeing 767, AirbusA320 және Embraer 190 сияқты ұшақтарды сатып ала отырып, 2016 жылға осы типтес ұшақтардың 34-ін, ал 2020 жылға дейін 43-ке дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Астана және Алматы, Ақтау, Шымкент қалаларындағы әуежайлар негізгі әуежайлар болып саналады, соңғы үшеуі Қазақстанда тур кластер дамытуға арналған негізгі орындар болып табылады, бірақ дәл қазіргі уақытта олардан шет елдерге тікелей ұшатын бағыттар аз.
Қазір темір жол желілері дамуда, тез жылдамдықты жүрдек поездары іске қосылуда, осыған қатысты «Тұлпар Талго» зауытында ішкі тасымал үшін жолаушыларға арналған вагондар құрастырылуда. 2014 жылға қарай осындай жүрдек поездар желілері үшін 420 пассажирлік вагондар құрастырылу жоспарланса, 2012-13 жж. «Алматы – Астана – Петропавловск», «Астана – Атырау», «Алматы – Атырау» бағытындағы жүрдек поездары пайдалануға берілді. 2015 жылы «Алматы – Защита» жүрдек поездын шығару жоспарланып отыр [45]. Бірақ елдегі көліктік жағдай, қымбат баға, дамымаған инфрақұрылым Қазақстанды туристік бағыттағы деңгейін халықаралық деңгейде төмен – қолайсыз деп бағалауға себеп болып отыр. Кез келген елдің туризміне саяси тұрақтылық үлкен әсер етеді. Мысалы, Тунис пен Мысырдағы тұрақсыздық туристердің ағынын азайтып, туристік қызметке кері әсерін тигізеді, Италия, Түркия, Грекия бағытарына туристңрдің тобы азаюда.
Қазақстанға туристік келулердің жалпы жағдайын талдау үшін, Өзбекстан, Түркменстан, Тәжікстан, Қырғызстан сияқты көрші елдердегі келу туризмінің статистикасын жүргізу керек. Осы елдердің барлығында да туризм индустриясы жеткілікті деңгейде дамымаған, олар туристік бағытталған деп саналмайды. Сонымен қатар, салыстырмалы баға үшін Үндістан таңдап алынды. Оның географиялық орналасуы біздің елдің географиялық жағдайына ұқсас болып келеді, әсіресе, Оңтүстік аймақтармен өте ұқсас және шығу туризмінің негізгі нарықтары екі аймақтанда алынып тасталған. Қазақстан және оған жақын елдерден Үндістанның айырмашылығы ол туристер арасында оң имидж құра алды және ел қызықты туристік бағыт ретінде танылды. Қазақстанға келушілердің ресми көрсеткіші жыл сайын мөлшермен 4,7 млн. адамды құрайды (Үндістанға 5,2 млн.) бірақ нақты жағдайды ашып көрсетпейді, себебі Қазақстанға келетін туристердің мөлшермен 63% (3 млн.) көрші Өзбекстан, Түркменстан, Тәжікстан және Қырғызстаннан келетін азаматтар. Шекарадан өту, кіру туризмі деп тіркелсе де, олар туристік мақсатта келетіні күмән тудырады, қалған 23% Ресейден келген (1,1 млн.) келушілерде осы жағдайды сипаттайды. Осы жағдай тек Қазақстан емес, Қырғызстанда да болып отыр (2,4 млн келу туризмі), онда 88% (2,1 млн.) көрші елден келгендер болса, тағы 8% (200 мың) Ресейден келушілер болып табылады.
Жалпы Қазақстан 14 әкімшілік ауданнан (облыс) тұрады, онда 86 қала бар, 2 маңызды қалалары – Астана және Алматы болып табылады. Ол географиялық
жағынан 5 әлеуметтік-экономикалық аймаққа бөлінген [46].
Солтүстік Қазақстан аймағына – Ақмола облысы, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары кіреді. Ландшафтық, климаттық жағдайы әртүрлі. Көкшетау, Баянауыл, Мойылды сияқты курорттары емдік демалыс орталықтары мен Қорғалжын, Наурызым қорықтары бар. Аймақ велосипед, су, рекреациялық туризміне ыңғайлы.
Шығыс Қазақстан аймағына Шығыс Қазақстан облысы кіреді, орталығы Өскемен қаласы, аумағы 283 300 км2, климаты тым континентті, аймақта ашық аспан астындағы сирек кездесетін минералдар музейі, археологиялық ескерткіштер көп. Марқакөл, Батыс-Алтай қорықтары, Зайсан, Марқакөл,Сабынды көлдері және Рахман қайнарлары бар. Марал шаруашылығы қолға алынған.
Оңтүстік Қазақстан аймағы өзіне Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарын кірістіреді. Шығыс және оңтүстік шекарамен жүздеген километрге созылған Тянь-Шань таулары бар, тарихи, археологиялық және мәдени ескерткіштер өте көп (Абдул-Әзиз-Баба, Қарашаш - ана мазарлары, Қарахан және Шамансұр, Айша-бибі, Бабаджа - Қатын кесенелері, Қожа Ахмет Йассауи кесенесі т.б.), ежелгі Сайрам қаласының ескі қалдықтары, орта ғасырлардағы әлемдегі өте үлкен кітапханалардың бірі ежелгі Отырар қаласының орны сақталған. Ақсу-Жабағылы, Қаратау қорықтары бар.
Батыс Қазақстан аймағына Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстары кіреді. Мұнда теңіз деңгейінен 132 м биіктікте орналасқан тереңдігі бойынша әлемдегі екінші Қарқия ойпаты орналасқан. Каспий теңізі, Еділ өзені, Маңғыстау жартылай аралы, Үстірт қорығы, ежелгі және жаңа қалалар, археологиялық ескерткіштер, Хорезм мен Иранның ежелгі сауда жолдары- осының барлығы батыс аумағына тиісті.Орталық Қазақстан аймағы Қарағанды облысының аумағын қамтиды. Балқаш көлі - дүниежүзінің ең үлкен көлі, керемет Қарқаралы таулы - орманды оазис, Шайтанкөл көлі. Көптеген археологиялық және этнографиялық ескерткіш нысандары. Бұл космосты игерумен байланысты аудандардың бірі.
Қазақстан Республикасы аймақтарының туристік тартымдылығына бағалау жүргізуге болады. Аймақтарға туристік бағалау жүргізу үшін маркетингтік әдіс қажет [47]: аймақтың туристік ресурстары таңдалады (туристік нарық параметрлері, жеке аймақтар дамуының басым бағыттары); аймақтың әлеуметтік - экономикалық әлеуетін анықтау (жеке территориялардың ішкі әлеуеті, аймақтарды туристік тартымдылық бойынша реттеу); болжамды бағаларды құру (туристік нарықтың мүмкін көлемі, туристік аймақтың мүмкін болатын даму бағыты). Бағалау 1978 ж. америкалық Маккартни ұсынған «4 П» (өнім, баға, жылжыту, жайғастыру) және 1981 ж. Бумс және Битнер қосымша «2П» қосуды, яғни адамдар (персонал, сатып алушы) және физикалық белгілерді (қоршаған орта, ішкі жағдай, ыңғайлылық, шу деңгейі, эстетика және т.б.) ұсынған [48, 49]. Аймақ туризмін бағалау үшін тағы бір «П»: әлеует қосу керек, ол ұзақ мерзімді факторларға: демографиялық, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, географиялық және инновациялық - технологиялық тәуелді болып табылады. Елдің туристік жағдайын бағалау үшін біршама көрсеткіштер қолданылады және олар келесі 14 кестеде келтірілген.
Кесте 14 - Бағалау кезінде жүйелік көрсеткіштер
Көрсеткіш атауы
|
Есептік көрсеткіші
|
Бағасы
|
мағынасы
|
Ұпай
|
Херфиндаль индексі (<10000), неғұрлым кіші болуы керек. Туристік қызмет нарығында монополизм деңгейін анықтайды
|
= 2i(1)
d2i- туристік нарықтағы жеткізушілер
|
<500
|
5
|
501-1000
|
15
|
1001-3000
|
25
|
3001-5000
|
35
|
>5000
|
50
|
|
Халық шоғырлануының коэффициенті ( 100). Аз болған сайын тығыздық аз. Егер Ix үлкен болса, Nx аз болады, яғни, туристік қызмет нарығын дамытуда қиындық туғызады
|
Nk= 2i(2)
b2i- i халық тұрағының үлесі
|
<1000
|
70
|
1001-2500
|
50
|
2500-5000
|
30
|
>5000
|
10
|
|
Халықтың орташа табысы мен туристік қызметке шығындарының қатынасының коэффициенті. Халықтың табысына тәуелді
|
Кт= (3)
D –жан басына шаққандағы орташа табыстылық деңгейі;
Z-бір адамның туризм мен демалысқа жібергендегі орташа жылдық деңгейі
|
<1
|
5
|
1,01-1,5
|
10
|
1,51-2,0
|
15
|
2,01-4,0
|
25
|
4,01-6,0
|
50
|
>6,0
|
80
|
|
Туристік қызметтерге шығындар индексі. Аймақтың туристік қызметтерді алуға қаражатын бағытау деңгейін көрсетеді
|
Ір= i(4)
hi- і аймақтың халық шығынының туристік қызметтерге шығындар үлесі;
J – республика бойынша көрсеткіш
|
<0,5
|
10
|
0,5-0,7
|
20
|
0,71-0,85
|
35
|
0,86-1
|
50
|
1,01-2
|
70
|
2,01-3
|
85
|
>3
|
95
|
|
Аймақтың экономикалық өсу қарқынының коэффициенті, жоғары болса экономикалық белсенді, жаңа жұмыс орындары ашылады
|
Ir= I (5)
Ii- і аймақтың ЖІӨ өсу қарқыны;
S – республика бойынша көрсеткіш
|
<1
|
20
|
1,01-1,20
|
40
|
1,21-1,5
|
50
|
1,51-2
|
65
|
>6
|
80
|
|
Халықтың жас құрылымы индексі. 15 жастан 45 жасқа дейінгі халықтың үлесін көрсетеді
|
Іа= i (6)
Gi - 15-45 жастағы адамдар тобының жалпы аймақтағы халық санының үлесі;
l - ел бойынша көрсеткіш
|
<0,5
|
10
|
0,51-0,8
|
20
|
0,81-1
|
30
|
1,01-1,1
|
40
|
1,11-1,2
|
60
|
<1,2
|
80
|
|
Аймақтың туристік нарық қызметінің тартымдылығы
|
Kko = e * Be (7)
We –туристік қызмет нарығының е-тартымдылықты бағалау көрсеткішінің жалпы коэффициенті
Be– туристік қызмет нарығының е тартымдылық көрсеткішінің ұпай бағасы
|
Әр көрсеткіш үшін жалпы коэффициентті анықтайды
|
Ескерту – [47] мәліметтері негізінде автор құрастырды
|
Бағалау әдісін қолдану аймақтың туристік қызмет нарығының тартымдылығына баға беруге мүмкіндік береді. Қазақстан жаңа даму жолына түсті, 5 туристік кластер анықталды, осы кластерлердің енді топтасып, жаңа аймақ ретіндегі тартымдылық коэффициентін бағалауға болады, есептеу негізінде халық шоғырлануының коэффициенті, халықтың орташа табысы мен туристік қызметке шығындарының қатынасының коэффициенті, аймақтың экономикалық өсу қарқынының коэффициенті, халықтың жас құрылымы индексі сияқты негізгі 4 көрсеткіштер алынды, айта кетерлігі есептеу экономикалық аймақ емес кластер негізінде жүргізілді, зерттеу нәтижелерін келесі кестеде көрсетуге болады (кесте 15)
Кесте 15- Қазақстан аймақтары бойынша туристік тартымдылықты бағалау
Көрсеткіш атауы
|
Астана кластері
|
Алматы кластері
|
Батыс Қазақстан кластері
|
Шығыс Қазақстан кластері
|
Оңтүстік Қазақстан кластері
|
Халық шоғырлануының коэффициенті
|
844930 (10)
|
1534353 (10)
|
628612 (10)
|
1394723
(10)
|
2775948 (10)
|
Халықтың орташа табысы мен туристік қызметке шығындарының қатынасы-ның коэффициенті
|
257285,1; 0,46
(5)
|
256350,1; 0,46;
(5)
|
70881,5; 1,67;
(15)
|
134777,5; 0,88;
(5)
|
104518,1; 1,13;
(10)
|
Аймақтың экономикалық өсу қарқынының коэффициенті
|
0,7
(20)
|
0,8
(20)
|
0,05
(20)
|
0,03
(20)
|
0,04
(20)
|
Халықтың жас құрылымы индексі
|
0,7
(20)
|
0,7
(20)
|
0,6
(20)
|
0,6
(20)
|
0,6
(20)
|
Ескерту – Автор құрастырды
|
Кесте мәліметтері бойынша Халық шоғырлануының коэффициенті Қазақстанның барлық кластерлерінде 10 ұпайға тиесілі, алынған мән кластердегі барлық аймақтар үшін болғандықтан төмен көрсеткішті көрсетіп тұр, негізі халықтың шоғарылануы жалпы туризмді дамытуға қолайлы деңгейде, алған коэффициент негізінде қарастыратын кластерлердің болашағы бар деп айтуға болады, Халықтың орташа табысы мен туристік қызметке шығындарының қатынасының коэффициентін анықтауда Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан кластерлерінің ұпайы 5, яғни бұл кластерлердегі халықтың туристік қызметке жұмсайтын шығындары жоғары, Батыс Қазақстан кластерініңтуристік қызметті дамыту деңгейі басқаларына қарағанда жоғары.Аймақтың экономикалық өсу қарқынының коэффициенті 20 ұпай, онда экономикалық белсенділік жоғары емес екенін байқауға болады және халықтың жас құрылымы индексі де барлық кластерде бірдей 20 ұпай, ол неғұрлым туристік қызмет түрлерін пайдануда жоғары деген көрсеткішті береді.
Енді қандай ең жақсы аймақпен аймақтың ішкі туристік мақсатты сегменттерін анықтау мәселесі туындайды, ол әрі қарай туристік жеткізушіге (мемлекетке, аймаққа) неғұрлым инвестициялық тартымдылыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Маркетингтік талдау жасау әдетте кіші топтарға бөлу кезінде жақсы атқарылды және ол неғұрлым дәлдікпен есептеу нәтижелерін ұсынуға мүмкіндік береді, яғни бір жеке аймақтр бойынша үлгі негізде есептеу ыңғайлылық тудырады, ол үшін үш негізгі міндеттерді көрсету керек: мемлекет аумағын бірнеше жеке аймақтарға бөлу, көбіне географиялық орналуына қарай бөлінеді; барлық қарастырылатын көрсеткіштер есептелуі керек;мемлекеттің интеграциялық әлеуеті жеке аймақтар көрсеткіштерінің жиынтығы негізінде анықталады.
Осы үлгі жеке аймақтардағы арнайы көрсеткіштерді есептеп, олардың жиынтығы негізінде құралады, көрсеткіштер негізіне географиялық, демографиялық, экономикалық, әлеуметтік, әкімшілік, қаржылық туризмнің даму деңгейінің көрсеткіштері жатады (кесте 16).
Кесте 16– Аймақтың туристік әлеуетінің көрсеткіштері
№
|
Көрсеткіштер
|
Есептік формулалары
|
1>1>1000>500> |
Достарыңызбен бөлісу: |