Мен әуенді қосқан кезде бәріміз жүрегіміздегі сиқырлы әлемге аттанамыз.Біздің жүрегімізде кішкентай адам өмір сүреді.Оның аты да дәл сендердікіндей.Қолдарыңды жүректеріңнің тұсына қойып,оның қалай соғып тұрганын сезініңдерші(тыныс алу арқылы).Ол біздің жүрегіміздің ішіндегі «Мен осындамын!»,»Мен сенімен біргемін!» - деп тұрған кішкентай адам ғой.Оған өздеріңнің күлкілеріңді сыйлаңдар.Жүрегіміздегі кішкентай адам әрқашанда бізбен бірге болады.Жүрегіміз бізге тек ақыл мен жақсы сөздер айтатын болады.Жүректеріңе іштей рахмет айтыңдар.Ол сендердің ризашылық сөздеріңді естісін.Сездіңдер ме, ол одан бетер қатты соғып кетті.Олар бізді естігенін білдіріп жатыр.Осы сәтті естеріңе сақтаңдар!
2.Үй тапсырмасын тексеру: «Жақсылардың жақсысы» мәтінінің мазмұнын айту. Еңбек туралы мақал-мәтелдерін айту.
-Мәтін не туралы?
-Бұл мәтіннен қандай адамгершілік құндылықтарды байқадың?
-Неліктен әкесі ұршық,өрмек,кітапты «жақсылардың жақсысы»деп атады?
-Ал сен ойынша жақсылардың жақсысына не қосып айтар едің?
3. Дәйексөз: «Табиғаттағы барлық жылу-күннен, өмірдегі барлық жылу-адамнан» (М.Пришвин).
Өмірдегі жақсылық та, мейірімділік те,қайырымдылық та адамдардың өздеріне байланысты.Қайырымды іс жасау оған мұқтаж адамның жанына жұбаныш болады.Ал өзің біреуге қайырымды жасағанда көңілің көтеріліп,жаның жай тауып,қуанасың,сол адамды қуантасың,қайырымды іс істей алатыныңа жақын-туыстарың,достарың,айналаң қуанады.Әрбір адамның жүрегінде сондай жылу болса,бір-біріне қайырымдылық жасап жатса,адамдардың барлығы қуанышта,бақытты өмір сүреді.
4.Мұғалім сыйы: (видеоролик:адамдардың бір-біріне деген мейірімділігі туралы).Олай болса,балалар,сіздерге «Зәмзәм»әңгімесін оқып берейін.
Ажар тағдырдың басқа салғанына көніп, тап болған қиыншылыққа төзді.Ашыққанда жолға алған азғана азығын қорек етті.Шөлдегенде сусынға алған суынан бірер ұрттар шөлін басты,бірақ көп ұзамай оның алып жүрген азығы мен суы таусылды.Ажар мұның бәріне шыдады,бірақ оның қолында не суы,не сүті жоқ болғандықтан,бауырындағы баласыаштыққа,шөлге шыдамай шырылдап безек қақты.Бұны көрген анасы көз жасын көлдетуден басқа амал таппады.Ол баласының шөлін көз жасымен,бойдағы қанымен бас алсам деп ойлады.Бұл тек ана байғұстың жүзеге аспайтын тілегі ғана еді.
Баласының күннен-күнге жүдегенін көрген Ажар одан сайын күйзеле түсті.Мүмкіндік болса бұл қиыншылықтан құтылудың жолын табуға оқтайланды.Сонан Ажар баласын жерге қойды да,су іздеуге шықты.Ол жүріп келеді.Баласының жылаған дауысына елеңдеп қабырғасы қайысады.Баласына бірер ұрттар су,бірер тістер азық табу үшін Сафа тауыныңәр тасын түгел аударып шықты.Қинала-қинала баласының қасына қайта келді.Кенет ол тау жақтан сағымды байқады да,ештеңе кездестіре алмады.Міне,осылайшаол әр жаққа жеті барып,жеті келді.Жас нәрестенің жан тәсілім етуге айналғанын көргенде,оны құтқаруға шара алмағанына ызаланды.Сұлық жатқан баланы көргенде әр адам ның қанша тас бауыр болса да,оларға жаны ашыр еді-ау?!Бала ақырын бір аяғын көтеріп,жерді түртіп қалды.Кенет оның өкшесінің астынан бұрқылдап су шықты.тасты жарып мөлдір бұлақ ақты.Баласы екеуіне Алланың жасған рақымы мен қайырымдылығын көзімен көріп тұрған ана тұла бойы талмаусырап отыра кетті.Сонан соң Ажар ештеңеге қарамай Сымайылдың қасына барып оған су берді.Бала ақырын-ақырын серги бастады.Ол баласын бауырына алып әлдиледі,көзінен ыстық жас парлады.Шаршау,қайғы-қасірет және мұң-шер сол жаспен бірге шайылып кеткендей болды.Баланың өмірі қатерден қағылды.Ол ақрыын-ақырын ол да әлденді.Басынан неше күннен бергі торлаған қара бұлт сейілді.Мұның өзі Алланың шапағаты,мейірім-рақымы еді.
Бұл арадан су шыққан соң,құстар да оның көгінде үйіріліп ұша бастайды.Сол тұста осы арадан көшіп бара жатқан сауда керуені ұшып-қонып жүрген құстарды байқап,бұл арада су болу керек деп бірнеше адам жібереді.Судан хабар алған олар осы араға келіп қоныстанады.Ажар бұған қатты қуанады.Олардың өздеріне көрші болғандарын да ұнатадыАна мен бала екеуінің қасына бұл адамдарды әкелген Алласына Ажар ана рақметін жаудырады.
4.Әңгімелеу.
-Ажар ананың басына қандай қиындық түсті?
-Алланың шексіз мейірімі туралы не айтасың?
-Ал сен адамдарға қандай қайырымдылық жасар едің?
5.Шығармашылық жұмыс. «Мен қамқоршы баламын»атты тақырыпқа шағын әңгіме жазу.
6. Топпен ән айту.»Жас дәуірдің түлегіміз»
7. Үй тапсырмасы: Оқулықтың 91-бетіндегі «Қайырымдылық» әңгімесін оқи отырып,талдау.
8.Соңғы тыныштық сәті: 3-4 рет терең тыныстай,жайлап көздеріңіздіжұмыңыз. Күн сәулесі сіздін басыныздан өтип кеуде тұсынызды шолды деп есептеніз. Кеуденізідің орта тұсында гүл шоғы бар деп ойлаңыз. Нұр сәулелерінің көмегімен гүл шоғы жапырақтарын жая бастайды.Сіздің жүрегіңіздегі әр ойыңыз, сезіміңіз, талап- тілегіңізбен ұласа, таза, жаңа ғажайып гүл гүлденуде. Бойыңыздағы нұр біртіндеп бүкіл денеізді жайлап бара жатканын елестетеніз. Ол қуаттырақ және айқынырақ, мейірімділік болып барады. Ойша нұрды төмен қарай қолыңызға жәберініз. Сіздің қолдараныз нұрға бөленуде. Нұр төмендеп аяғыңызға қарай жылжуда. Аяқтарынызда нұрға шомылуда. Аяқтарыныз жақсы өадамдар жасап, қамқор істер жасайтын орындарға апарат. Олар нұр мен сүйіспеншілік құралдарына айналуда. Содан соң нұр сіздін аузынызбен тіліңізге көтерілді. Тіліңіз тек жылы сөздер мен шындықты айтатын болады. Нұрды құлақтарынызға бағыттайық. Құлақтарыныз тек қана жақсы сөздер мен керемет дыбыстарды еститін болады. Нұр көзге жетіп,тек қана қайырымды, мейірімді адамдар мен игі істерді көретін болады. Нұрды өзіңіздің ата-аналарыңызға, ұстаздарыңызға, жақындарыңызға,жүрегі мейірімге толы жандарға бағыттаныз. Ойша:«Мен нұрдамын....» нұр менің жан дүниемде....сіз кішкене нұр,сүйіспеншілік және мейірімді жандарға толы тыныштықта бола тұрыңыз. Енді осы нұрды бүгінгі өткен сабақтан түйгендерінізді жүрегінізге салып қойыныз. Нұрға бөлінген бүкіл әлем барлық қайырымды жандар сіздің жүрегіңізде. Оны бір керемет, ғажайып күйінде сақтаңыз. 3-4рет тыныстай отырып көзіңізді ашыңыз. Рахмет!