Бакирбаева перизат алимхановна



бет21/32
Дата01.11.2022
өлшемі0,91 Mb.
#155954
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32
Байланысты:
,диссер-1 - новый

Географиялық әлеует

1

Орман, су, минералды ресурстары

Коэффициент аймақтағы орман, су, минералды ресурстарының көлемінің бір адам басына шаққанға тең

2

Көліктік ресурстары (қолжетімділік)

К= автокөлік, теміржол, су, әуе маршруттар санының осы аймақтағы жалпы көрсеткішке қатынасы

3

Туристік маршруттарды қамту деңгейі

К=ресми туристік маршруттар санының осы аймақтағы жалпы көрсеткішке қатынасы

Демографиялық әлеует

4

Еңбекке жарамды халықтың үлесі

К=экономикалық белсенді халықтың аймақтағы жалпы халыққа қатынасы

Экономикалық әлеует

5

Өнеркәсіп өнімінің өндірісі

К=өнеркәсіп өнімінің өндіріс көлемінің аймақтағы адам басына қатынасы

6

Ауылшаруашылық өнімінің өндірісі

К= ауылшарушылықы өндірісі көлемінің аймақтағы адам басына қатынасы

7

Капиталдық салым

К=капиталдық салымның аймақтағы адам басына шаққандағы қатынасы

8

Ақпарат көздерінің болуы

К=жергілікті ақпараттық көздер(жергілікті теле ақпараттар, баспа және интернет-басылымдар) санының осы мемлекет бойынша толық көрсеткішке қатынасы

9

Өнеркәсіптік және ауылшаруашылық кәсіпорындарының саны

К=берілген кәсіпорындар санының мемлекет бойынша көрсеткішке қатынасы

10

Тұрмыстық қызмет көрсе- ту және қызметтер саны

К= К=берілген кәсіпорындар санының мемлекет бойынша көрсеткішке қатынасы

11

Туристік объектілердің (құрылыс жобалары), мәдени және табиғи ескерткіштердің болуы

К=осындай объектілер саны және мемлекеттік сараптамадан өткен жобалар санының, мәдени және табиғи ескерткіштер санының мемлекет бойынша көрсеткішке қатынасы

12

Бөлшек сауда айналымы

К=бөлшек сауда айналымының көлемінің аймақтағы адам басына қатынасы

13

Қатты төселген жолдар

К=асфальтталған жолдардың аймақтағы жалпы жолдарға қатынасының салыстырмалы салмағы

14

ШОБ саны

К= ШОБ санының аймақтағы 1000 адамға шаққандағы салыстырмалы салмағы

15

Кәсіпкерлік салада жұмыспен қамтылғандар саны

К= ШБ жұмыспен қамтылғандар санының аймақтағы 1000 адамға шаққандағы салыстырмалы салмағы

Ескерту: [47] мәліметтер негізінде құрастырылды

Жоғарыдағы кесте мәліметтері негізінде аймақтың туристік әлеуетінің деңгейін анықтауға болады, бірақ осы үш көрсеткішке тағы да үш көрсеткіш қосылады, олар: әлеуметтік көрсеткіштер (жұмыссыздық деңгейі, туристік кадрлармен қамтылу, байланыс құралдарымен қамтамасыз етілуі), әкімшілік әлеует (туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының қызметі, жергілікті әкімшіліктерде экономикалық білім), қаржылық әлеует (бір адамға салық, жергілікті бюджет, шығынды кәсіпорындар үлесі, бір адамға кірістер) болып табылады. Сол сияқты туризм даму деңгейінің көрсеткіштерін анықтауға болады, оны келесі 17 кестеден көруге болады.


Кесте 17– Аймақтың туризм дамуының деңгейі





Көрсеткіштер

Есептік формулалары

1

Туризм саласындағы шағын және орта бизнес саны

К= осындай кәсіпорындар санының жалпы ШОБ кәсіпорындарының санының қатынасы

2

Туризмдегі ШОБ еңбекпен қамтылғандардың саны

К=туризмде еңбекпен қамтылған санының аймақтағы жалпы кәсіпорында еңбекпен қамтылғандарға қатынасы

3

Ішкі туризм объектілерінің болуы

К=осындай объектілер санының (санаторийлер, профилакторийлер, базалар және т.б.) жалпы аймақ бойынша объектілер санына қатынасы

4

Мейрамханалар мен қонақ үйлер, қоғамдық тамақтану инфрақұрылымы бар орындар саны

К=тәулік-орындар санының адам санына қатынасы

5

Бір жылда жергілікті жерде туристік қызмет көрсету көлемі

К=туристік қызмет нарығының мемлекеттегі осы көрсеткішке қатынасы



6

Қонақ үй кәсіпорындарынан кірістер

К=қонақ үй кәсіпорындары кірістерінің жалпы аймақтағы кәсіпорындар санына қатынасы

7

Салықтық түсімдер

К=осындай кәсіпорындардан түскен түсімдер көлемінің жалпы аймақтағы салық түсімдеріне қатынасы

Ескерту – [47] негізінде құрастырылды

Берілген үлгі нарықтық инфрақұрылымның аймақтың туризм дамуына әсерінің деңгейін және елдің туристік тартымдылығын арттырудағы жеке аймақтардың әлеуеттік мүмкіншіліктерін анықтайды. Осы параметрлер туристік бизнес нарығының шығуына және аймақтық туризм дамуының тұжырымдамаларын ары қарай іске асыруға мүмкіндік беретін негізгі параметрлер болып табылады және ол көбіне елдің инвестициялық тартымдылығын анықтайды.


Туристік аудандарды саралау кезеңінде координата жүйесінде жеке аймақтардың тартымдылығын анықтауға: «Туризм дамуының әлеуеті – туризм дамуының деңгейі» негіз болады. Осы саралау негізіне типологиялық матрица әдісін енгізу керек, осы теорияны ағылшындық зерттеушілер Салли Дибб, Линдон Симкин, Джон Брэдли ұсынған болатын. Осы әдіс бірінші рет маркетинг теориясында ұсынылып және болашақта инвестиция портфелінің даму бағытын талдау кезінде қолданылды. Ол теория «Мақсатты бағытталған саясат матрицасы» деп аталды, ол нақты бизнес бағытының инвестициялық тартымдылығын бағалауға және ол нақты стратегиялық мақсаттарды анықтауға бағытталды [50]. Саралау технологиясы қарапайым және төрт облысты қамтитын жеке туристік аудандарды координаттар жүйесіне енгізуден тұрады

(сурет 16)


Y













Жоғары міндер




Перспективті аймақ
IV

Тұрақты аймақ
ІІІ

Төмен
Мәндер




Алаңдаушылық тудыратын аймақ
І

Үдемелі аймақ
ІІ



















Төмен мәндер

Жоғары мәндер
Ymax
Yорт
Үmin

0


Xmin Xорт Хmax

Сурет 16 – Типологиялық матрица


Ескерту: [47] мәліметінен құрастырылды

Сурет 16 бойынша Y аймақтағы туризм дамуының жиынтық көрсеткіші болса, Х- аймақтағы туризм дамунының әлеуетінің көрсеткіші. Елдегі аймақтар санына байланысты 4 негізгі саланы айқындайды.


Аймақ


Аймақ


(8)
Аймақ

Аймақ


Сонымен, координатталар жүйесінде аймақтардың рейтингісі анықталады, онда негізі туризм мен туристік кәсіпкерліктің ары қарай дамуы туралы тартымдылық деңгейі анықталады. Соңғы кезеңде әр туристік аймақтың әлсіз жақтары анықталып және олар бойынша нақты ұсыныстар әзірленеді. Айтар кетерлігі осы әдісті қолдану кезінде кездейсоқ немесе визуалды факторлармен бекіту керек, ал ол факторлар ретінде:



  • табиғи факторлар (табиғи-климаттық, жергілікті жердің ерекшеліктері, ландшафтар, табиғи-тарихи, мәдени орындардың болуы т.б.);

  • экономикалық факторлар (жоспарланған туристік қызмет, бәсекелес фирмалар, мүмкін болатын сұраныс деңгейі, жергілікті жердің әкімшілігі, мемлекеттік бағдарламалардың болуы және т.б.);

  • әлеуметтік факторлар (елді мекендердің және инфрақұрылым объектілерінің орналасу ерекшеліктері, жергілікті өмір сүру деңгейі және т.б.).

Осы факторлар елдің туризмді дамыту тұжырымдамасын, инвестициялық жобаларды, бизнес-жобалар жасауда және жергілікті жерді зерттеу кезінде ескерілуі керек, ол кезде маркетингтік зерттеулер жүргізілетіні белгілі. Осы әдіс негізінде Қазақстанның туристік даму деңгейін бағалау келесі түрде болды, бірақ осы әдісте жалпы Қазақстан бойынша бағалау жүргізілді (кесте 18).

Кесте 18- Қазақстанның туристік даму деңгейін бағалау





Көрсеткіштер

Бағалау

1

Туризм саласындағы шағын және орта бизнес саны

Туризм саласындағы шағын кәсіпорындары 40,1% (табыс көлемі 40607,7 мың. тг.) және орта бизнес саны 47,1% (47760, 6 мың.тг), жалпы туризм саласы бойынша қызмет көрсету көлемінің үлесі 24% құрайды (табыс көлемі 101387,7 мың. тг), өсу тенденциясы байқалады. ЖТҚК - 11,9 млрд. (100%) / ШОБ – 88369 млн. = 11,9/88369% 19%

2

Туризмдегі шағын және орта бизнес саласындағы еңбекпен қамтылғандардың саны

Туризмдегі ШОБ еңбекпен қамтылғандардың саны – мөлшері 27513 адам, оның 21457 (қонақ үй саласында), 5525 (туристік фирмаларда), қалғаны басқа қызмет көрсету орындарында қызмет атқарады; ЖЖҰХ/ТСЖҚХ = 8644,6/27513 0,3%

3

Ішкі туризм объектілерінің болуы

Ішкі туризм объектілердің саны 1678, ол көрсеткіш жыл сайын артуда

4

Бір жылда жергілікті жерде туристік қызмет көрсету көлемі

Жалпы туристік қызмет көрсету саласынан түскен қаржы көлемі 11,9 млрд. теңге
ЖБК/ЖТТКК = 6,8*1012/11,9*109

5

Қонақүй кәсіпорындарының кірістері

54,72 млн. теңге
11,9/54,72 = 2,6%, Туризм саласындағы қонақ үйлердің табысының пайыздық үлесі

Ескерту – автор құрастырды

Кесте мәліметтері бойынша көрсеткіштер өте төмен пайызды көрсетеді, жалпы ішкі өнімдегі үлесі 0,6% құрайды, ал еңбекпен қамтылғандар саны 0,3% құрайды, ал 2020 жылға дейін ЖІӨ туризмнің үлесін 4-4,5 % көтеру жоспарланып отыр.


Қорытып айтқанда, Қазақстан аймақтарының тартымдылығын бағалау жүргізілді және Қазақстанда туризм дамуының әлеуеті бағаланды. Ондағы аймақтары бойынша туристік тартымдылықты бағалау мемлекет дамуына әлеуеттің жоғары екенін көрсетті. Халық шоғырлануының коэффициенті Қазақстанның барлық кластерлерінде 10 ұпайға тиесілі, алынған мән кластердегі барлық аймақтар үшін болғандықтан төмен көрсеткішті көрсетіп тұр, алған коэффициент негізінде қарастыратын кластерлердің болашағы бар деп айтуға болады, Халықтың орташа табысы мен туристік қызметке шығындарының қатынасының коэффициентін анықтауда Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан кластерлерінің ұпайы 5, яғни бұл кластерлердегі халықтың туристік қызметке жұмсайтын шығындары жоғары, Батыс Қазақстан кластерініңтуристік қызметті дамыту деңгейі басқаларына қарағанда жоғары. Аймақтың экономикалық өсу қарқынының коэффициенті 20 ұпай, онда экономикалық белсенділік жоғары емес екенін байқауға болады және халықтың жас құрылымы индексі де барлық кластерде бірдей 20 ұпай, ол неғұрлым туристік қызмет түрлерін пайдануда жоғары деген көрсеткішті береді.
Қазақстанда туризм дамуының әлеуеті бағала у бойынша көрсеткіштер өте төмен пайызды көрсетеді, жалпы ішкі өнімдегі үлесі 0,6% құрайды, ал еңбекпен қамтылғандар саны 0,3% құрайды.
Туризм халық шаруашылығы саласы ретінде сұраныс пен ұсынысты қанағаттандыратын нарықтық сұранысқы сәйкес келетін өнім өндіреді. Бұл жағдайда шетелдік тұтынушыға бағытталған халықаралық нарықты тежеп, Қазақстан халқына арналған ішкі нарықты дамыту қажет. Халықаралық туризм нарығы көптеген миллиард айналымы бар және бәсекеге қабілетті алып механизм. Сондықтан да ең алдымен тек Қазақстан үшін ерекшеліктері бар және сұранысқа ие болатын өнімді анықтау қажет. Қазақстандық туристік өнімнің нарықтың қай сегментінде болашағының болатынына байланысты болады.
Қазақстан Республикасының туристік әлеуетін талдай отырып аймақтарға қатысты бірнеше кластерлерді атауға болады. Туристік кластерлерді құру аумақтың нақты орналасуын анықтап аймақтың беделін жақсы қалыптастырып, жалпы бәсекеге қабілетті туристік өнімді және жинақталған туристік ұсыныстарды қалыптастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет