Бала бақшасы Қыркүйек І апта Өтпелі тақырып



бет100/290
Дата13.12.2021
өлшемі0,64 Mb.
#125877
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   290
Байланысты:
Циклограмма 2020-2021 3 орта
1513923822 (1)
Монтессори ойыны

Қуыршақтың сыйлықтары

Мақсаты: 1. Сандар мен олардың құрамы туралы білім беру.2. Ойын ойнау арқылы шапшандыққа, өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.

Қажетті құралдар: Қуыршақ, шарлар.

Ойын барысы: Қуыршақтың сыйлық шарлары таратылып беріледі. Балалар ол шарларды үрлеп, қандай түсін және қанша екенін айтады. Үрленетін шарлардың түстері үш түрден аспауы керек. Шардың санымен артық, қандай түсті шардың кем екенін балаларға айтқызу.




Таза ауада Серуен:


11.30-11.50

Қар үстіндегі іздерді бақылау.

Мақсаты: балаларды қар үстіндегі адамдардың, жануарлардың, құстардың ізін айыра білуге үйрету.

Көркем сөз:

Қандай суық қыс деген?

Қалтырайды құс деген.

Құлақшынды кимесең

Құлағыңды тістеген.

Еңбек: Ойын құралдарын қардан тазалау.

Мақсаты: еңбекқор болуға тәрбиелеу.

Қимылды ойын: «Кептерді қуып жет» К-№1

Мақсаты:

Жеке жұмыс: Жұмбақтар жасыру

Қанаты жоқ ұшады,

Аяғы жоқ жүреді.

Аузы жоқ ұлиды. (Боран)

Өзіндік іс-әрекет: Аққала жасау. Қалаулары бойынша ойындар.




Қар (ұлпаларының) ұшқындарына бақылау жүргізу.
Мақсаты: балаларға қар ұшқындарының қалай пайда болатыны жайлы айту, олардың құрылысымен таныстыру. олардың құрлысымен таныстыру,

Қар ұшқыны алты қанаттан тұрады, олар бір—біріне өте ұқсас келеді.

Қар ұшқыны жаңбыр сияқты, бұлтта жаратылады. Су буы өте жоғары көтеріледі: сол жоғарыда ауаның температурасы өте төмен болғандықтан, сол су буларынан кішкентай ғана мұз қиыршықтары пайда болады. Алты қырлы мұз түйіршіктері өсіп кішкентай жұлдызшаларға айналады, сөйтіп қар ұшқындары жерге түседі.

Көркем сөз:

Қыста көлге мұз қатты,

Табанымды мұздатты.

Мұз ойылып кетті тез,

Күліп едік, біз қатты.

Еңбек: Ойын алаңын қардан тазарту.

Мақсаты: еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Жеке жұмыс:

Мәтел:


Қар көп болса, астық көп болады.

 Қ/қозғалыс ойыны: «Түсті автокөліктер» К-№2

Балалардың өзіндік іс-әрекеті.


Қар жауып тұрған құбылысты бақылау.

Мақсаты: қар жауып тұрған құбылысты бақылай білуге үйрету.

Көркем сөз:

Шанамен зырлап желетін,

Шаңғы, коньки тебетін,

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?

Еңбек: участкені тәрбиешінің көмегімен сыпыру.

Мақсаты: Үлкендерге көмектесе білуге тәрбиелеу.

Қ/қозғалыс ойыны: «Ақ қоян» К-№3

Мақсаты:

Жеке жұмыс: «Адасқан қар қиыршықтары» тақырыбына шығармашылқ әңгіме құрастыру.

Жұмбақ: Құм сияқты ұсақ болғанымен, жер бетін жауып үлгереді.  (қар)

 Балалардың өзіндік іс-әрекеті.





Қайың ағашын бақылау.

Мақсаты: қайың ағашының қысқы көркін бақылауға үйрету.

Көркем сөз

Ағаштар тұр жүдеп,

Жапырақ сәні енеді.

Соғады жел үдеп,

Қыстың кеп сәлемі. 

Еңбек: қайың ағашының түбіне қар жинау.

Мақсаты: балаларға ағаштың түбін қармен жабудың сырын, пайдасын түсіндіру.

Қ/қозғалыс ойыны: «Күн мен түн» К-№7

Жеке жұмыс: «Жұмбақты шеш» сюжетті ойын ойнату.

Жұмбақ:  

Жазда жатсаң көлеңкесінеалады,

Қыста жақсаң, жаның рахат табады.

                                                          Ағаш

Балалардың өзіндік іс-әрекеті.




Желді бақылау

Мақсаты: желдің соғу бағытын бақылау. Аңғарымпаздыққа, байқағыштыққа тәрбиелеу.

Сұрақтар:

1.   Желдің бағытын, күшін қалай біліп, анықтауға болады?

2. Қыста жел қандай болады?

Еңбек: Аула сыпырушыға көмектесу.

Мақсаты: Үлкенге көмек көрсете білуге тәрбиелеу.

Қ/қозғалыс ойыны: «Қасқырлар мен лақтар» К-№4

Жеке жұмыс: екі аяқпен бірдей қарлы жолмен секіру.

Балалардың өзіндік іс-әрекеті.

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   290




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет