Бала - басты байлығымыз, Ал ең асылымыз – оның тәрбиесі
Бала - басты байлығымыз,
Ал ең асылымыз – оның тәрбиесі
Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Болашақта ел тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» деп айтқан сөзі бізге жарқын болашаққа апарар жолды меңзеп тұрғандай. Шын мәнінде бүгінгі жас - ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты әлеуметтенуі ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылатыны анық.
Бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi.
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқаратыны белгілі.
Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.Бүгінгі қыз –ертеңгі ана,ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата –ана және қоғам.
Мектеп өмірі, оқушы тұлғасын әлеуметтендіру проблемасы әріптестік педагогиканы талап етеді. Және мектеп пен ата-ана, қоғам бірлескен кезде ғана тәрбие үрдісі өз жемісін нәтижелі бере бастайды.
Ынтымақ бар жерде тәрбие де бар. Ынтымақ бар жерде береке, бірлік те бар. Қоғамдық тәрбие жанұядан басталады. Ал сол жастар «рухани» байлықпен қылаптасады. Қандай бағытпен жүреді, қандай ізгі істер жасайды, қандай қоғам келешекті қалыптастырады? Ол жалғыз мектеп проблемасы болмауы керек. Оған ата-аналар да, қоғамның әрбір мүшесі де бірігіп атсалысуы қажет.
Мектеп – отбасы – қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайту, серіктестікті қалыптастыру, қауымдағы ата-аналармен бірлескен жұмысты көрсету мақсатында Жезқазған қаласының №10 жалпы білім беретін орта мектебінде жүйелі де, маңызды жұмыстар атқарылуда. Соның бірі - «Бала - басты байлығымыз, Ал ең асылымыз – оның тәрбиесі» тақырыбында өткізілген ашық есік күні.
Әке – білек, саусағы – балалары,
Қан тамырмен жалғасқан аралары.
Ана – тамыр бойымен бәріне де,
Тіршіліктің жылуы таралады, - демекші ашық есік күнінде әр сыныпта ел тірегі болашақ ұрпақтың бойына адамгершілік, рухани жылулық дарытар түрлі тәрбиелік іс-шаралар
ата-аналармен, қоғамдық орындардың қызметкерлерімен, мектеп оқушыларымен бірлесе атқарылды.
Ата-ана балаға тәрбие беруде ата-бабамыздың салт-санасы, әдет-ғұрпында жүргiзiлген үлгi-өнегесiнiң мәнi зор. Сөз қадiрiн бiлетiн заманда бiр ауыз сөздiң iшкi мағынасын жете түсiнiп, содан өзiне тәлiм алған бабаларымыздың қасиетiне не жетсiн?!
Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен тұспа тұс келген тағылымы мол іс шара «Қария сөзі – тәрбие көзі» тақырыбында салт-дәстүрмен, дүниеге жаңа келген жас нәрестеге бата беру дәстүрімен басталып,
Армандарым көп менің,
Атқарамын деп келдім.
Оқып білім, ғылымды.
Тәрбие алам, - деп келдім деген мақсатпен мектеп табалдырығын аттаған оқушылардың бүгінгі күнде жеткен жетістіктерін көрсететін тәрбие сағаттарымен жалғасты. Атап айтар болсам, мектеп ғимаратындағы «Балдәурен » шағын орталығында «Отбасым – алтын діңгегім» тақырыбында қызықты сәт, даярлық сыныптарында «Аялы алақан», дамыта түзету сыныбында «Біз де өзгелер сияқтымыз» тақырыптарында тренингтер, әжелермен бірлесе отырып «Страна веселых бабушек и озорных внучат» тақырыбында мерекелік байқау,
«Ата-аналар» мектебімен бірлесіп «Ұлағат болсын ұлыма, ғибрат болсын қызыма» тақырыбында дөнгелек үстел, «Қызым – қызғалдағым, ұлым – ізгі арманым», «Бабаның еккені – балаға сая», «Өнерлінің өмірі көркем», «Атадан - өсиет, анадан - қасиет», «Отбасым – бақыт мекені» тақырыптарында танымдық ойын, сахналық қойылым, байқаулар және «Ұлым дейтін ел болмаса, елім дейтін ұл қайдан болсын?!» тақырыбында қамқоршылық кеңестің отырысы өткізілді.
Елбасымыз өзінің халыққа Жолдауында: «… Ұлылардың өмірі мен тағылымы арқылы ұрпағын тәрбиелеу – әсіресе қазақ халқында ежелден–ақ келе жатқан үрдіс. Адамзаттың ақыл-ойы, ақындығының ірі тұлғасы Абай тағылымы білімнің де, тәрбиенің де қайнар бұлағы екені түсінікті» деген болатын. Шынымен де Абай адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге, ортаға байланысты екенін дәлелдеді.
Іс-шара барысында тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде деп ұққан Абайдың
Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған мақсат емес,
Өнердің бұдан өзге бәрі жалған, - деген қағидасын басшылыққа алып, білім мен өнерді қос қанаты санайтын өнерлі өрендердің қатысуымен сахналанған Мұхтар Әуезовтың «Абай трагедиясы» көрсетілді.
Болашақ ұрпаққа тәлімі мол тәрбие берерлік ашық есік күні «Бала - басты байлығымыз, Ал ең асылымыз – оның тәрбиесі» тақырыбында «Сонымен, солай дейік...» теле жобасы бойынша пікірлесуге ұласты. Бағдарлама барысында арнайы шақырылған сарапшылар: ата-аналар атынан еңбек ардагері М.Ермекова, білім бөлімінің әдіскері Д.А.Бірмағанбетов, кәмелетке толмаған жасөспірімдер бөлімінің бастығы А.А.Мауленова, С.Қожамқұлов атындағы драма театрының әртісі А.Ш.Шоман, балалар мен жасөспірімдер сарайы директорының орынбасары С.А.Темірбековалар жұмбақ кейіпкердің пікірімен ой бөлісіп, жиналған қауымға, жас ата-аналарға, оқушыларға ақыл – кеңестерін берді.
Қорыта келгенде мектеп – жанұя – қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайтқанда ғана
ұлымыз рухты, қызымыз ғұрыпты болмақ.
Менің ұстаздық ұстанымым
Бірде атама сұрақ қойдым ойлана,
(45 жыл ұстаз болған ол кісі)
«Ұстаз болу, ата, осы қиын ба?»
Қандай болу керек ұстаз болмысы?
Жоқ, қорыққаным жоқ қиындықтан еш бір мен,
Оңай жолды іздеу деген жат маған.
«Ұстаз болу - ең керемет мәртебе!»
Деді атам ұстаздықты жақтаған.
«Ұстаз болу – ұлық болу баршаға»,
Озық ойлы, салауатты, сауатты.
Ұстаз болсаң ешқашан да шаршама
Ізденімпаз, бол зиялы, жан – жақты?
Мінекей, ұлы ұстаздың үлкен әулетіне келін болып, сол кезде – ақ «Дипломмен ауылға» демекші ауылдық жердің № 24 орта мектебіне орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі болып орналасқаныма жуырда 20 жыл толды. Алғаш атама еріп мектепке енгенімде менің жүрегімде мақтаныш сезімі мен өзімнің алға қойған мақсатымның дүрсілі соғып тұрған еді.
Еңбек жолымның алғашқы күнінде жүрегіме нық орнаған ұстаздық ұстанымым! мамандығыма деген сүйіспеншілік сезімі мен ардагер ұстаз атама деген құрмет еді.
Атам, Пірманов Жауылбай 45 жыл математика мұғалімі болған ардагер. Соғыста оң қолынан айырылып, өмір бойы сол қолымен шеберді нық сызған атам шәкірттерінің жүрегінде нағыз ұстаз болмысымен есте сақталған. Академик Бұрқашов сынды шәкірт тәрбиелеген атам ұстаздардың ұстазы - биік тұлға.
Атама өмір бойы оң қол болған енем ұстаздарды баптаған, оларға барынша жағдай жасаған нағыз салауатты жан.
Ол кісі әр кез менің ұстаздық болмысымның қалыптасуына (демекші) дем беріп, менің отбасылық өміріммен педагогикалық өмірімді ұштастырған тірегім еді.
Үнемі іздену, шығармашылық қасиет, теориялық білім – менің серігіме айналды.
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші ұстаз атамнан алған тәлім тәрбие, енемнен алған өнеге – бәрі де менің ұстаздық болмысымды нық қалыптасуына үлкен үлесін қосты деп ойлаймын.
Әрине, «Шәкіртсіз ұстаз тұл» демекші менің де мақтан тұтатын шәкірттерім бар. Бірнешеуі менің ізімді қуып жер-жерде орыс тілі пәнінің мұғалімі болуда. Ауылдық жерде орыс тілін игеру қиын болғанымен бірнеше шәкіртім аудандық олимпиадалардан жүлделі орын алды.
Қарап отырсам 20 жылға жуық стажымның 12 жылында сынып жетекшілікті белсенді атқарыппын. Биыл екінші сыныбым он жылдығын өткізгелі отыр. Республикалық байқауында жазба жұмысы шығарма жазып 1 орын алған шәкіртім, бірнеше үздік куәлік, қызыл аттестат иегерлерін бастап жетекші ретінде шығаруға үлес қостым.
Ізденістерім республикалық әдістемелік басылымдарға жарияланды. Сәуір айында «Қазақстан мектебіндегі орыс тілі» журналына ізденіс жұмысым жарияланғалы отыр. ҰБТ мен МАБ қорытындылары бойынша оқушыларым жақсы нәтиже көрсетуде.
Өмірдің күйбеңімен басылып қалмай, өмір ағымынан қалып қоймауға тырысамын.
Компьютерді жетік меңгеріп, сабақтарыма көрсетілімдерді өзім жасап жаңа инновациялық технологияларды тиімді пайдаланып жүрмін. Шығармашылықтан да қол үзбеймін. Аударма жасаймын. Биыл адамзаттың ғарышта бағындырғанына 50 жыл толуына Олжас Сүлейменовтың «Земля, поклонись человеку!» поэмасын қазақ тіліне аудардым. Аудандық жазба ақындарының «Жеңісті жақындатқан жырлар» атты Жеңістің 65 жылдығына арналған ақындар айтысына қатысып аудан әкімі Е. Көшербаевтің «Шығармашыл ақын» дипломымен марапатталдым. Мұқағалидің 80 жылдығына арналған байқауда «Алғыс хат» алдым
Әрине, жоғарыда аталған жетістіктерім менің ұстаздық болмысымды анықтағанмен, менің нақты ұстанымым «45жыл мұғалім болсаңда-45 минутыңа жауаптысың!»
Сондықтан ұстазға тән ізденімпаздық пен жан-жақтылығымды барынша сабақ процесін жетілдіруге арнаймын. Елбасымыздың «Үш тұғырлы тіл » саясатына мол үлес қосып, жас жеткіншектерге тіл игерту, кез келген жағдайда сауатты тұлға қалыптастыру.
Қазақстан Республикасында 2015жылға дейін білімді беруді дамыту тұжырымдамасына сәйкес 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында жас ұрпаққа білім беру ісіне оның жеке даралық ерекшелігіне мейлінше мән бере отырып оқушылардың мектепте алған білімдері олардың бүкіл өмірлік азығы болатындай етіп беру, оны өмірге дайындау мамандық таңдауға бағыттау мәселесі бүгінгі жаңа формация мұғалімі –мен үшін негізгі ұстанымым болып табылады.
1999 жылы «Жыл мұғалімі» байқауына қатысып І орын алдым деп қарап қалмай биылғы «Жыл мұғалімі-2011» байқауына қатысып «Ең үздік орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі» атанып бас жүлдегер атансам , аудандық шығармашыл мұғалімдер «Тәжірибе алаңы-2011» байқауына қатысып облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының « Құрмет грамотасымен», «Оқу-әдістемелік кешен» байқауынан I орын алып өз білімімді ұштай келе, өзімнің жиырма жыл ұстаздық еңбегімнің нәтижесі ретінде қосым деп ойлаймын. 2010жылы-«Жеңісті жақындатқан жырлар» тақырыбында «Ұлы Жеңіске 65жыл» атты Аудандық ақындар және жазба ақындар мүшайрасында "Жұлдыз болған жауынгерлер хаһында " атты өлеңіммен «Шығармашыл ақын-2010 жыл» номинация бойынша Аудан әкімінің «Дипломымен» марапатталдым
2011 жылы Республикалық №4 «Қазақстан мектебіндегі орыс әдебиеті» ғылыми-әдістемелік журналға «Реализация интегрированного подхода при изучении литературы»
2011 жылы Республикалық «Классный руководитель-сынып жетекші» журналының №2«Жарқыра, көгілдір от!» атты мақаласы,
2011 жылы Республикалық «Классный руководитель-сынып жетекші» журналының №4
«Жалында, Азиада алауы!, » атты мақалалары жарық көрді.
2011 жылы Республикалық ғылыми-әдістемелік «Мұғалім- KZ» журналының №5 «Интеллектуалдық тестілеу түрлері» атты мақалам жарияланды
2012 жылы Республикалық «Классный руководитель-сынып жетекші» журналының №2
«Балапан боп келіп ем алтын ұяға, қыран болып ұшып барам қияға!, » атты мақалалам жарияланды.
2011 жылы Аудандық «Ең үздік жыл мұғалімі-2011» байқауына қатысып «Бас жүлде» жеңіп алдып, Ауд.білім бөлімінің» «Мақтау қағазымен»
2011 жылы Облыстық «Ең үздік орыс тілі мұғалімі-2011» байқауына жолдама ұтып алып, Облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының «Шығармашыл ұстаз» номинациясымен Обл.ИПК«Дипломымен »марапатталдым
2011 жылдың наурыз айында Тәуелсіздіктің 20жылдығы қарсаңында өткізілген
«Тәжірибе алаңы-2011» шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдердің іс-шарасында «Оқу-әдістемелік кешен» байқауынан I орын иеленіп Ауд.Білім бөлімінің «Мақтау қағазымен»,
Обл.ИПК «Мақтау қағазы»,
Аудандық білім бөлімінің «Алғыс хатымен» марапатталып, Облыстық«Тәжірибе алаңы-2011»сайысына жолдама алды.
2011 жылдың қазан айында «Тәуелсіздіктің 20жылдығына- 20 үздік ұстаз» атты Аудандық
және Облыстық байқаулар жеңімпаздарын ұлықтау шеруіне қатысып «Ең үздік мұғалім-2011» Лентасын тағу мәртебесіне ие болдым
2011 жылдың қараша айында Қазалы ауанды үздік мұғалімдерінен жасақталған «Айсер» командасының құрамында Ақсу-Жабағлы жипажайында өткен Облыстық«Тәжірибе алаңы-2011»қатысып командалық I орын жеңіп алдық, белсенділігім үшін Обл.ИПК «Алғыс хатымен »марапатталдым
2011 жылдың 16желтоқсанында Қ.Р.Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерей тойы қарсаңында «Бір ұжым арқылы елдің бірлігі мен тірлігіне күш-жігерін қосқаны үшін» номинациясымен «Жылдың үздік мұғалімі-2011 » Ауыл әкімінің «Дипломымен» марапатталдым.
2012 жылы ДАРЫН Республикалық ғылым - практикалық орталығының ұйымдастыруымен орыс тілі пән мұғалімдері арасында өткен I Республикалық дистанциондық интернет олимпиадаға қатысып СЕРТИФИКАТЫН алдым
2012 жылы КИО Республикалық ғылым - практикалық орталығының ұйымдастыруымен орыс әдебиеті пәнінен өткен I Республикалық дистанциондық интернет олимпиадаға оқушыларым қасысып СЕРТИФИКАТ алды, және 10 сынып оқушысы Арынғазы Айгерім аудан көлеміндегі «қ үздік оқушы қатарына енди
2012 жылы орыс тілінен өткен VIII Халықаралық «URFUDU»атты дистанциондық олимпиадаға 10 сынып оқушысы Кенжебай Сандуғаш қатысып Жоғары лигаға өткені үшін
I дәрежелі«Дипломымен»марапатталды
2012 жылы орыс тілінен өтке«URFUDU»VIII Халықаралық дистанциондық олимпиаданың финалистін дайындаған ұстаз ретінде «URFUDU» Халықаралық білім ұйымының I дәрежелі «Грамотасымен» марапатталды.
2012 жылы Аудандық білім бөлімінің бастауымен №24 мектепте «Интерактивті тақтаны орыс тілі сабағында тиымды пайдалану жолдары» атты семинарды жоғары деңгейде өтуіне атсалысып, семинар «өте жақсы» деп бағалануына үлес қосты
Отбасылымын, үлкен шаңырақ иесі - жолдасым, үш ұл, бір қыз тәрбиелеудемін , үлкенім Қызылорда қаласындағы "Болашақ" университетінің Экономика факультетінің "Көлікті пайдалану және жүк қозғалысын ұйымдастыру мен басқару" бөлімінің бакалавр-студенті.
Менің бұл жетістіктерім Қазақстан Республикасының мерей тойына сәйкес келгені тегін емес деп ойлаймын. Бұл ой маған рухани күш береді.
«45 жыл мұғалім болсаң да, 45минутыңа дайындал » деген нақыл сөз, менің ең басты ұстанымым болып табылады.
Сабақтың тақырыбы: « Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік »
Сабақтың мақсаты: а) Қазақстан Республикасы туралы түсініктерін кеңейту.Отан өзінің тұратын, өмір сүретін жері ретінде түсіндіру. Егеменді ел жетістіктері туралы таныстыру. б) Туған елі, Отаны туралы оқушының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту, есту сақтау қабілетін дамыту. в) Оқушының еліне деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін тәрбиелеу.
Музыка мұғалім оқиды
1986 жыл, 16-желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жақын, әрі қаралы да, қасіретті күн еді.
Мұз жастанып азаттықтын жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Сойыл таяқ ойнаса да жанында.
Отан үшін жанын қиды ұлдарың,
Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың,
Күйініштен ауырады жүрегім,
Естігенде желтоқсанның ызғарын.
Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе,
Ұрпақ өсер айналатын тірекке,
Егемендік тиді бүгін еншіме,
Желтоқсаным,жеткіздің ақ тілекке.
1-жүргізуші:
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым
Бет бағдарын бақиға бұрғандарым,
Қаралы жылдардай боп қарауытып,
Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым
2-жүргізуші:
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,
Кеудемдегі қоламта қоздатқаным
Тұншықса да түрмеде тозбапты әнім.
Жазықсыз жапа шегіп бұл жалғаннан,
Жалтақтап кете барған боздақтарым.
Көрініс: «Көңіл толқыны» күйі жәймен орындалып, ортада Ана отырады.
Сахна сыртынан Қайраттың рухы:
Елбең, елбең жүгірген
Ебелек отқа семірген
Арғымақ мінген жаратып
Ақсауыт киген темірден
Алатаудай бабалар
Аруағыңмен жебей көр! – деген
Қайраттың дауысы естілді.
Ана:
Ойпырмай, биіктен құлаған тау суындай буырқанған тасқынды бұл
үн кімдікі өзі? Жас тұлпар тұяғының дүбірі естілгендей ме өзінен?
Оқыстан шыққан айқай – шуды, сол шуға бүйірі қызған дара боздың шабысындай мына үнді қайдан естіген едім? Ойпырмай, ия, ия, сол дауыс қой мынау, Қайраттың дауысы ғой, таныдым. Тоқыраудың тоғышарлары тобықтан қағып құлатқан Қайратымыздың үні ғой бұл. Ия, ия, дәл сол!
Қалай болып еді өзі?!
1-жүргізуші:
Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 86-ның
16 желтоқсаны еді. Таңертеңгілі сағат 10-да бар-жоғы 18 минутта
26 жыл Қазақстанды үздіксіз басқарып келген Дінмұхамед Ахметұлы
Қонаев орнынан түсіріліп, орнына Генадий Васильевич Колбин
ешкімнің пікірнсіз тағайындалған еді ғой.
(Ана ортадан ақырындап кетеді)
Көрініс:
Ортаға дабырлай басып бір топ жастар шығады. Барлығы дабырласа:
-Естідіңдер ме?
-Бұл не масқара?
-Неге халықпен санаспайды?
- Қашанғы шыдаймыз?
-Ең болмаса ішімізден неге сайламаған?
-Ел қамын біз ойламағанда кім ойлайды?
-Жан-жаққа жатақханаларға, институттарға, қыздарға хабар бардыма екен?
1-жігіт: Дүрсілкінді қайдан да қоңыр аймақ,
Бағы жана ма қала ма соры қайнап
Ұран жазып қып-қызыл ту көтерген
Бізде шықтық алаңға «Елім-ай – лап»
2-жігіт:
Ербол Сыпатаев: демократияны бұғаудан босатыңдар, әр халыққа
өзінің көсемі керек.
1-қыз:
Сәбира Мұхамеджанова: бұл дегенің ҚКП-да беделдің қалмағаны,
құрып барады емес пе?
3-жігіт: Ескерусіз дін жатыр сүресінде
Қақпақ қойып ауызға, көзді байлап.
Санаспайды-әй, бұлар тегі ешкіммен
Жариялылық дегенің елес, білем.
2-қыз:
Ләззат: Сүрмейтұғын болдық қой күймей ғұмыр
Көлеңке күннен де тимейді нұр.
Колбин деген кім екен, қайдан келген,
Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?
3-қыз
Гүлнәр: Өгей қозы біз болдық енемізге
Келімсектер шықты ғой төбемізге
Ақиқат жоқ маңайың толған аңыз
Жүр екенбіз тұманды жолда нағыз.
1-жүргізуші:
Осы кезде жан-жақтан милиция, солдаттар қоршай бір дөкей шығады.
- Тараңдар әйтпесе күш қолданамыз.
(Ешкім қозғалмайды, осы кезде жаңағы дөкей қолын сілтеп қалады. Сойылмен соғу, қыздардың шашынан сүйреу, тепкілеу, айқай шу, қызыл қанға боялады)
2- жүргізуші:
Ия, тарихта «Құйын-86» деген атпен мәңгі қалатын бұл жойқын
шабуылдың құрбаны болып қазақ қыздары мен жігіттері біздің
арамыздан кете барды.
Ортаға Сәбира, Ләззат, Қайрат, Ерболдың суреттерін ұстаған төрт оқушы шығады.
1-оқушы: 19-желтоқсан. Ауруханаға бас сүйегі мен миынан жарақаттанған
энергетика институтының екінші курс студенті Ербол Сыпатаев
әкелінді. 23-желтоқсанда есін жимастан қайтыс болды. Ербол біреудің
жалғыз баласы еді. «Құйын-86» операциясының құрбаны болды.
2-оқушы: Сол бір ерте түскен қыс тоқырау жанжалының табанында аяусыз,
армансыз тапталған ар-намыстың ышқынған дауысы құлағымызда әлі
шыңылдап тұрғандай. Бұл дауыстың ішінен қызғалдақтай Ләззат сенің
де ләззат үнің талып естіледі. Сен тірі болсаң, қазағыңның мәдениетін
дамытуда үлкен үлес қосар едің-ау.
Еліңнің сен намысы үшін
Құрбан еттің жаныңды
Мазақ етіп қорлай алмас
Ешкім сенің арыңды.
3-оқушы: Сәбира, Сәбира Мұхамеджанова бар жоғы 16 жаста еді.
26-желтоқсан күні Астанадағы дүрбелеңге үн қосқаны үшін өзінің ар-
намысына, анасына, атасына масқара сөздер айтып, балағаттағанына
училищеден жазықсыз шығарылғаны үшін шыдай алмай, Өскемен
педучилищесінің 1- курс студенті Сәбира Мұхамеджанова
жатақхананың 5-ші қабатынан құлап өлді.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың
Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның
Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің.
4-оқушы: Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар
«Еркек тоқты құрбандық»
Атам десең атыңдар!
- Ия, бұл жазықсыз құрбан болған қазақ азаматы Қайраттың соңғы күні. Ол 1987 жылдың 1-қаңтар күні үйінде жаңа жылды тойлау үстінде тұтқындылған еді.
2- жүргізуші:
Бостандықтың жарық сәулесі үшін аянбай арпалысып
жатқанда, оның тағдырына бүкіл әлем құлақ түрген еді. Халықаралық осы пікірлердің өлім жазасының 20 жылға ауыстырылуына сөзсіз ықпалы болған еді. 500 күннен астам өлім камерасында өзегі талып үміт пен үрей құшағында отырған Қайрат енді 20 жылға Свердловскіге айдалып бара жатып, кенеттен Семейден шықты. 21 -мамырда Семей түрмесінде 21-камерада қаскөйлікпен қаза тапты.
Ана:
Ия, айналайын балапандарым!
Өсер елдің қай сәттерде бірлік болмақ қалауы
Лаула, лаула Желтоқсанның мұзға жаққан алауы!
Өздеріңдей ар – намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда тиісті емес еңкеюге жалауы.
Желтоқсан құрбандарын еске алып 1 минуттық үнсіздік жарияланады.
Мен : Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді.
Тәуелсіз ел атандық
Биік даңқың
Бар әлемге әйгілі
Мәлім атың
Ата-баба қанымен
Келген бізге
Тәуелсіздік құт болып.
Қонды елге.
Егемендік иесі мен деген сөз,
Көптеген бері естілмеген ерен сөз,
Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған
Көркем жігіт болып өссе көрген сөз.
Егемендік ел болудың белгісі,
Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең күші.
«Егемендік» деген сөзден естілер
Ата жұрттың арысы мен бергісі.
1991 жылы желтоқсанның 1-де Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республиканың Президенті етіп сайлады.
Шықты тарап ой данадан,
Бері қарады жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімніңбар Президенті.
Шырақ етіп өмір нұрын,
Алыс жатты алдағы жол.
Ел намысын, елдің жүгін,
Арқалаған ардағым-ол.
1999 жылы тұңғыш Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев қайта сайлайды,ал 2005 жылы желтоқсан айының төртінші жұлдызында болған сайлауда ел қалауымен Н.Ә.Назарбаев тағы жеті жылға сайланды.
Күнісіз қазақ көгінің,
Шуағын шашқан халқына.
Қазығы бостандығымның,
Қажымас қайсар нар тұлға,
Ұшырдың алыс айға адам
Халқымның мақсат арманын,
Түсінер сіздей қайда адам?!
Бес қару белге буынып,
Қол бастар көсем өзіңсің,
Жаныңды қиып бересің,
Қазақтың байтақ жері үшін.
1992 жылы 4 –маусымда Президент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны» туралы Заңға қол қойды.
Рәмізім-елдігімнің белгісі,
Білу керек бала дағы ең кіші.
Рәміздерім-әнұран, ту, елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
Қазақстан Туы
Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек-
Елдің ашық қабығы.
Ақ ниеті – алтын күн,
Асқақ арман-қыраны.
Жалауы бұл-халқымның,
Мәртебесі, мақтаны.
Елтаңбасы елімнің
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбәт, әдемі!
Тұнығындай көңілдің
Ортада-аспан әлемі.
Құт, береке, шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ.
Екі жақтан көмкеркен.
Тәуелсіздік жолында
Талай-талай тер тамған…
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім-Елтаңбам.
Әнұран
Әнұраным-жанұраным,
Айтар әнім-сөйлер сөзім.
Туған жерім-сағынарым -
Мың қайталап айтам мұны.
1991 жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.
1993 жылы, 13-қарашада төл теңгеміз дүниеге келді. Ал,2006 жылы қарашада қолданысқа жаңа үлгідегі теңгелер енгізілді.
1994 жылы 30-маусымда қазақ халқының екінші қыраны-ғарышкер Талғат Мұсабаев ағамыздың аспан көгіне 6 айлық сапарға аттанғанын мақтанышпен айта аламыз.
1995 жылы ақыл – ойдың данышпаны, қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толғанын ЮНЕСКО көлемінде атап өттік.
1995 жылы 30-тамызда Ата Заңымыз қабылданды.
1996 жылы 16 желтоқсанда Алматыда Тәуелсіздік ескерткіші ашылды. Ал, 2001 жылы Тәуелсіздіктің 10 жылдық мерекесі атап өтілді.
1997 жылы Астана Ақмола қаласына көшірілді.
1988 жылы мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы үкімет қаулысы шықты.
1997 жылы «Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» болып белдгіленді
1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы»болды.
1999 жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» болып белгіленді.
2000 жыл «Мәдениетті қолдау жылы» болды.
2002 жыл «Денсаулық жылы»деп белгіленді.
2003-2004 жыл «Ауыл жылы» болып саналды.
2005 жыл Дүниежүзі қазақтары үшін құрылтай болды.
2006 жылы Қазақстандағы Пушкин жылы болды.
2006 жыл Ресейдегі Абай жылы деп саналды.
2006 жылы 6-қаңтарда әнін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Н.Ә.Назарбаев жазған «Менің Қазақстаным» атты ҚР жаңа мемлекеттік әнұраны бекітілді.
2010 жылы ҚР ҰҚЫҰ Саммитіне төрағалық етті.Осы саммитте Астана декларациясы қабылданды.
2011жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесі атап өтеміз.
Сұрақ – жауап сайысы
Қазақстан қандай ел? (тәуелсиз)
Біздің еліміздің астанасы қай қала? (Астана)
Біздің еліміздің басшысы кім? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
Қазақстан Республиканың тәуелсіздігіне неше жыл? (20 жыл)
Қазақстан Республиканың туының авторы кім? (Шакен Ниязбеков)
Еліміздің ғарышкелерін ата? (Тақтар Аубакиров. Талғат Мұсабаев)
Қазақстан Республиканың елтаңба авторлары кімдер? (Шота Уалиханов, Ж Мәлібеков)
Қазақстан Республиканың әнұран авторлары кімдер?
(Нурсұлтан Назарбаев, Шәмші Қалдаяқов)
Сабақ тақырыбы: Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет
Мақсаты: «Сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін
кеңейту.
Міндеттері: - үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру;
- сыйластықты қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту,
- үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар:дәптер, оқулық, себет, гүлдер, үлкен және кіші ағаш суреттері, ақ қағаздар, жүрекшелер.
Шаттық шеңбері
Қайырлы күн, балалар!
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген,
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз
Үлгі алсын көрген жан мына бізден
Сендердей ақылды, мейірімді, білімге құштар балаларды көргеніме мен бүгін
өте қуаныштымын.Ендеше, сендерде сондай қуанышты жүзбен бір - бірлеріңе
күлімсірей қарап, бас иіп амандасайық.
Балалардың амандасуы.
- Рахмет! Балалар, жаңа бір - бірлеріңмен амандасқандарыңдай, бас иіп сәлем
десу, алғыс айту, тіпті бір ауыз сөз айтпай - ақ та жымиып бас ию - адамға деген
құрметті, сыйластықты білдіреді.Сенің айналаңдағы адамдарға деген құрметің жымиып тұрып жылы жүзбен амандасудан басталады.Сый, құрмет
үлкенге де, кішіге де көрсетіледі.Тіпті үлкендер өзінен жасы кішілердің әдеп
тілігін, көргендігін, тәрбиесін сыйлап бірінші болып амандасуы да мүмкін.
Ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтады, баталарын береді.
Ендеше , қазір біз, балалар бүгінгі күнімізге, өзімізге және сабағымызға
қатысып отырған апайларға жақсылық , жарасымды көңіл күй тілей отырып
ортада тұрған «Бақыт себетін» жылы лебіздерге толы гүл шоқтарымен толтырайық.
Оқушылар тілектерін айтып, себетті гүл шоқтарымен толтырады.
Аспанымыз ашық болсын!
Өміріміз күлкіге толсын!
Деніміз сау, отбасымыз аман болсын!
Әр күніміз жарық болсын!
Жұмыстарыңыз жемісті болсын!
Еліміз тыныш болсын!
Жанұяларыңыз берекеге толсын!
Көк туымыз биікте желбіресін!
Бір - бірімізге мейірімді болайық!
Көңіліміз мөлдір бұлақтай таза болсын!
Рахмет. Балалар, енді бәріміз мына өлең жолдарын қайталап айтып, орнымызға жайғасайық.
Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп
Үлгі аламыз жақсыдан.
Сабақ тақырыбын хабарлап, дәптерлеріне жаздыру.
Әңгімелесу
• Өзіңді, өзгені құрметтей білесің бе?
• Өзара сыйластыққа қалай жетуге болады?
• Достарыңмен арада қандай сыйластық бар?
Балалардың өз ойларын еркін айтуына және сыйласымды қарым - қатынас
жасау адамның өзіне байланысты екенін түсіндіру.
Мәтінмен жұмыс
Әңгімені оқып, талдау арқылы адамның әр ісінде, жүріс - тұрысында сыйластық қажет екенін ұғындыру.
Үш дос М.Төрежанов
• Балалар неліктен бірге ойнай алмады?
• Бір - бірімен сыйластықта болу үшін адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек?
Ойын - жаттығу. «Құрмет - ізет»
Тақтаға жапырақсыз ағаштардың (үлкен, кіші) суреті салынған плакаттар
ілінеді.Оқушыларға қағаздан жасалған ағаш жапырақтары таратылып беріледі.Жапырақтардың артқы бетіне құрметті, ізетті білдіретін сөздер жазылған, ал жолақтарға сөздер жазылмаған.
Оқушылар жапырақтардағы сөздерді дауыстап оқып, осы сөздер үлкендер айтатын сөздер болса - «үлкен ағашқа», кішілер айтатын сөздер болса - «кіші ағашқа» іледі.
Жапырақтардағы сөздердің үлгісі: өтіңіз, жолыңыз болсын, сізге рахмет,
отырыңыз, ғафу етіңіз, сау болыңыз, алыңыз, айтыңыз, кешіріңіз, ала ғой, тыңдай
ғой, кешірім ет, сау бол, айта ғой, көмектес, жол бер, сыйлы бол, әдепті бол, сыпайы бол.
Ойын - жаттығу бойынша орындалған тапсырма нәтижесін қорытындылау
- Балалар, енді үлкен ағашқа ілінген сөздер үлкенге құрметті білдіреді, сондық -
тан оны «Құрмет» ағашы, ал кіші ағашқа ілінген сөздер кішіге ізетті білдіреді, сондықтан оны «Ізет ағашы» деп атайық.
Рахмет!Балалар, тапсырманы ойдағыдай орындап шықтыңдар деп ойлаймын.Енді, оқулығымызда берілген жаңа ақпаратпен танысайық.
Жаңа ақпарат
Адамдар бір - бірін сыйлап, түсіне білсе жақсы қарым - қатынас жасауға қол жеткізеді.Өзара сыйластық достыққа әкеледі.
Өмірде адамдар бір - бірін кешіре, түсіне білгенде ізгілікке жетуге болатынын және өзара сыйластық қана достыққа әкелетінін түсіндіру.
Жаңа ақпаратты дәптерлеріне жаздыру.
Сергіту сәті.
Тапсырма
Бүгінгі сабағымызда айтылған ой - пікірлерді қалай түсінгендеріңді байқау
үшін мен, сендерге мынадай тапсырма бергелі тұрмын.
1 топқа тапсырма: «Менің айтар ақылым»
Бос жолдарға қарындасыңа (сіңлі) , ініңе арнап ақыл хат жаз.
2 топқа тапсырма : «Менің тыңдар ақылым»
Бос жолдарға үйдегі үлкендердің өзіңе айтатын ақылдарын жаз.
Жариялау. Жүректен - жүрекке
Қолымызға мына кішкене жүрекшелерді ұстап тұрып мына өлең жолдарын
бірге айтамыз.
Құрметтеп ата - анамды,
Ардақтап әпке, ағамды,
Қамқор боп сіңлі - ініме,
Сыйлымын үлкен - кішіге.
Бәрін де жақсы көремін,
Үнемі көмек беремін.
Үлкенді сыйлау - кішілік,
Үлгілі мінез - кісілік.Осындай жылы жүректерге толы шеңбер аясында тұрып, қуанышты көңілмен ән салып, сабағымызды аяқтаймыз.
Бала құқықтары мен міндеттері
Мақсаты: оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу;
Оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету;
Оқушылар бойында демократиялық көзқарас қалыптастыру;
Құқықтық нормативтік актілерді орындай білуге, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа,құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу;
оқушылардың ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту,шығармашылық қабілеттерін шыңдау.
Көрнекілігі: интерактивті тақта,Қазақстан Конституциясы кітапшасы, Бала құқықтары туралы Конвенция, Бала құқығын қорғау туралы тұжырымдама.
Барысы: Мұғалімнің түсіндірмесі:
9-тарау. 52-бап. Баланың отбасында өмiр сүру және
тәрбиелену құқығы
1. Он сегiз жасқа (кәмелетке) толмаған адам бала деп танылады.
2. Әрбiр баланың мүмкiн болғанынша отбасында өмiр сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзiнiң ата-анасын бiлуге құқығы, олардың қамқорлығына құқығы, өзiнiң мүдделерiне қайшы келетiн жағдайларды қоспағанда, олармен бiрге тұруға құқығы бар.
Баланың өз ата-анасы тәрбиеленуiне, оның мүдделерiн қамтамасыз етуiне, жан-жақты өсiп-жетiлуiне, оның адамдық қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне құқығы бар.
Ата-анасы болмаған жағдайда, оларды ата-ана құқығынан айырған жағдайда және ата-ана қамқорлығынан айырылудың басқа да жағдайларында баланың отбасында тәрбиелену құқығын осы Заңның 13-тарауында белгiленген тәртiппен қорғаншы және қамқоршы орган қамтамасыз етедi.
53-бап. Баланың ата-анасымен және басқа да
туыстарымен қарым-қатынас жасау құқығы
1. Баланың ата-анасының екеуiмен де, аталарымен, әжелерiмен, аға- iнiлерiмен, апа-сiңлiлерiмен (қарындастарымен) және басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар. Ата-анасы некесiнiң бұзылуы, оның жарамсыз деп танылуы немесе ата-анасының бөлек тұруы баланың құқығына әсер етпеуге тиiс.
Ата-анасы бөлек тұрған жағдайда баланың олардың әрқайсысымен қарым- қатынас жасауға құқығы бар. Ата-анасы әртүрлi мемлекеттерде тұрған жағдайда да баланың өз ата-анасымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар.
2. Қысыл-таяң жағдайға (ұсталу, тұтқындалу, қамауға алыну, емдеу мекемесiнде болу және т.с.с) ұшыраған баланың заңда белгiленген тәртiппен өзiнiң ата-анасымен және басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар.
54-бап. Баланың өз пiкiрiн бiлдiру құқығы
Бала отбасында өз мүддесiн қозғайтын кез келген мәселенi шешу кезiнде өзiнiң пiкiрiн бiлдiруге, сондай-ақ кез келген сот немесе әкiмшiлiк iс қарау барысында тыңдалуға құқылы. Он жасқа толған бала пiкiрi, егер бұл пiкiр оның мүдделерiне қайшы келмейтiн болса, ескерiлуге мiндеттi. Осы Заңда (56, 70, 84, 86, 88, 97, 98, 122-баптар) көзделген жағдайларда қорғаншы және қамқоршы органдар немесе сот он жасқа толған баланың келiсiмiмен ғана шешiм қабылдай алады.
55-бап. Баланың ат алуға, әкесiнiң атын және
тегiн алуға құқығы
1. Баланың ат алуға, әкесiнiң атын және тегiн алуға құқығы бар.
2. Балаға ат ата-анасының (немесе олардың орнындағы адамдардың) келiсiмi бойынша қойылады, аты-жөнi әкесiнiң аты бойынша не ұлттық дәстүрлер ескерiле отырып берiледi.
Әкесi атын өзгерткен жағдайда оның кәмелетке толмаған балаларының әкесiнiң аты-жөнi өзгередi, ал кәмелетке толған балалардың әкесiнiң аты- жөнi бұл туралы өздерi арыз берген жағдайда өзгертiледi.
3. Баланың тегi ата-анасының тегiмен айқындалады. Ата-анасының тегi әртүрлi болған жағдайда балаға ата-анасының келiсiмi бойынша әкесiнiң немесе анасының тегi берiледi.
Ата-анасының тiлегi бойынша балалардың тегi ұлттық дәстүрлер ескерiле отырып, әкесiнiң немесе атасының атынан шығарылуы мүмкiн.
4. Баланың атына және (немесе) тегiне қатысты ата-ананың арасында туындаған келiспеушiлiк сот тәртiбiмен шешiледi.
5. Егер әкесi белгiленбесе, баланың аты анасының көрсетуi бойынша қойылады, әкесiнiң аты-жөнi баланың әкесi ретiнде жазылған адамның аты бойынша (осы Заңның 49-бабының 3-тармағы), тегi - анасының тегi бойынша берiледi.
6. Егер ата-анасының екеуi де белгiсiз болса, баланың тегiн, атын, аты-жөнiн қорғаншы және қамқоршы орган қояды.
56-бап. Баланың аты мен тегiн өзгерту
1. Ата-анасының екеуi де тегiн өзгерткен жағдайда кәмелетке толмаған балалардың тегi өзгередi.
Бала он алты жасқа толғанға дейiн ата-анасының бiрлескен өтiнiшi бойынша азаматтық хал актiлерiн жазу органы баланың мүдделерiн негiзге ала отырып, баланың атын, сондай-ақ оған берiлген тектi басқа ата-ананың тегiне өзгертуге рұқсат беруге құқылы.
2. Неке тоқтатылған немесе неке жарамсыз деп танылған жағдайда балалар өздерiне туған кезде берiлген тектерiн сақтап қалады.
3. Егер ата-анасы бөлек тұрса және бала бiрге тұратын ата-анасының бiреуi оған өзiнiң тегiн бергiсi келсе, азаматтық хал актiлерiн жазу органы бұл мәселенi баланың мүдделерiне қарай және ата-ананың екiншiсiнiң пiкiрiн ескере отырып шешедi. Ата-ананың тұратын жерiн анықтау мүмкiн болмаған, ол ата-ана құқығынан айырылған, әрекетке қабiлетсiз деп танылған жағдайда, сондай-ақ ата-ана баланы асырап-бағу мен тәрбиелеуден дәлелдi себептерсiз жалтарған ретте оның пiкiрiн ескеру мiндеттi емес.
4. Егер бала бiр-бiрiмен некеде тұрмайтын адамдардан туған болса және әкесi заңды тәртiппен белгiленбесе, азаматтық хал актiлерiн жазу органы, баланың мүдделерiн негiзге ала отырып, оның тегiн анасының осындай өтiнiш жасаған кездегi соның тегiне өзгертуге рұқсат етуге құқылы.
5. Он жасқа толған баланың атын және (немесе) тегiн оның келiсiмiмен ғана өзгертуге болады.
57-бап. Баланың ұлты
1. Баланың ұлты оның ата-анасының ұлтымен айқындалады.
2. Егер ата-анасының ұлты әртүрлi болса, ол баланың қалауы бойынша оған жеке басының куәлiгi немесе паспорт берiлген кезде әкесiнiң немесе шешесiнiң ұлтымен айқындалады.
3. Одан әрi баланың ұлты оның өтiнiшi бойынша басқа ата-анасының ұлтына өзгертiлуi мүмкiн.
58-бап. Баланың мүлiктiк құқықтары
1. Баланың осы Заңның 5-бөлiмiнде белгiленген тәртiппен және мөлшерде өзiнiң ата-анасынан және отбасының басқа да мүшелерiнен асырау қаражатын алуға құқығы бар.
2. Балаға алименттер, зейнетақылар, жәрдемақылар ретiнде тиесiлi сомалар ата-анасының (олардың орнындағы адамдардың) билiк етуiне келiп түседi және оны олар баланы асырап-бағуға, оған бiлiм беруге және оны тәрбиелеуге жұмсайды.
3. Баланың өзi сыйға немесе мұрагерлiк тәртiбiмен алған кiрiстердi, мүлiктi, сондай-ақ баланың қаражатына сатып алынған басқа да кез келген мүлiктi меншiктенуге құқығы бар.
Өз еңбегiнен кiрiс алған бала, егер ол ата-анасымен бiрге тұрса, отбасын асырау жөнiндегi шығыстарға қатысуға құқылы.
Баланың өзiне меншiк құқығымен тиесiлi мүлiкке билiк ету құқығы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (Жалпы бөлiм) 22 және 23-баптарымен белгiленедi.
Ата-ананың бала мүлкiн басқару жөнiндегi құқықтарын жүзеге асыруы кезiнде оларға осы Заңның 114-бабында белгiленген ереже қолданылады.
4. Баланың ата-ана мүлкiне меншiк құқығы болмайды, ата-ананың баланың мүлкiне меншiк құқығы болмайды. Бiрге тұратын балалар мен ата-аналар бiр- бiрiнiң мүлкiн өзара келiсiм бойынша иеленiп, пайдалана алады.
5. Ата-аналар мен балалардың ортақ меншiк құқығы пайда болған жағдайда олардың ортақ мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы азаматтық заңдарда белгiленедi.
59-бап. Баланың қорғалу құқығы
1. Баланың өз құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға құқығы бар.
Баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды ата-анасы (олардың орнындағы адамдар), ал осы заңда көзделген жағдайларда қорғаншы және қамқоршы орган, прокурор және сот жүзеге асырады.
Кәмелетке толғанға дейiн заңға сәйкес әрекетке толық қабiлеттi деп танылған кәмелетке толмаған адамның өз құқықтары мен мiндеттерiн, оның iшiнде қорғалу құқығын өз бетiнше жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Баланың ата-анасының (олардың орнындағы адамдардың) тарапынан жасалған қиянаттан қорғалуға құқығы бар.
Баланың құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған кезде, оның iшiнде ата- анасының (олардың бiреуiнiң немесе олардың орнындағы адамдардың) баланы асырап-бағу, тәрбиелеу, оған бiлiм беру жөнiндегi мiндеттерiн орындамауы кезiнде немесе тиiстi дәрежеде орындамауы кезiнде не ата-ана (қорғаншы, қамқоршы) құқығын терiс пайдалану кезiнде бала қорғаншы және қамқоршы органға, ал он төрт жасқа толғанда - сотқа өзiнiң құқықтарын қорғау үшiн өз бетiнше өтiнiш жасауға құқылы.
3. Баланың өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төнгендiгi туралы, оның құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылғандығы туралы белгiлi болған ұйымдардың лауазымды адамдары мен өзге де азаматтар ол жөнiнде баланың iс жүзiнде тұратын жерi бойынша қорғаншы және қамқоршы органға хабарлауға мiндеттi. Мұндай мәлiметтердi алған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға мiндеттi
Қорытынды
Достарыңызбен бөлісу: |