5-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын және басқа да туларды Қазақстан Республикасының аумағында бiр мезгiлде пайдалану 1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын шет мемлекеттердiң, қоғамдық бiрлестiктердiң және басқа да ұйымдардың туларымен бiр мезгiлде көтергенде (тiккенде, орналастырғанда) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туының көлемi басқа тулардың көлемiнен кiшi болмауға тиiс.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы басқа тулардан төмен орналастырылмайды.
2. Қоғамдық бiрлестiктердiң және басқа да ұйымдардың тулары Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туымен бiрдей болмауға тиiс.