7-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасын және басқа да елтаңбаларды Қазақстан Республикасының аумағында бiр мезгiлде пайдалану Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы мен шет мемлекеттердiң елтаңбаларын немесе қоғамдық бiрлестiктiң, басқа да ұйымның елтаңбаларын (геральдикалық белгiсiн) бiр мезгiлде орналастырғанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Елтаңбасының көлемi басқа елтаңбалардың көлемiнен кiшi болмауға тиiс.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы басқа елтаңбалардан (геральдикалық белгiлерден) төмен орналастырылмайды.