Бала миының дамуы үшін оның өмірінің алғашқы жылдары неліктен өте маңызды?



бет10/12
Дата10.10.2022
өлшемі190,27 Kb.
#152512
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
эссе 2 бөлім

Ерікті деген кім?


Сонымен, волонтер деген кім? Олардың Қазақстандағы және әлемдегі белсенділігі қандай? Олар қаншалықты пайдалы? Дерек бойынша волонтерлар дүние жүзінде кең таралып, әлемдік қозғалысқа, белсенді топқа айналды. Мәліметтерге сәйкес, бүгінде әлем бойынша 1 млдқа жуық адам ерікті болып табылады. Ал Қазақстанда 16 мың төңірегінде екен. Президенттің пікірінше бұл өте аз. Сондықтан бұл көрсеткішті 100 мыңға дейін көтеруге болады. Себебі, олардың жаһандық дамуға тигізер үлесі орасан. Мысалыға, әлемдік ішкі жалпы өнімнің 2,5 пайызы – Еріктілер еңбегінің нәтижесі екен. Бірқатар елдерде ерікті болу қалыптасқан жағдай, олар үлкен құрметке ие. Себебі, жұрт оларды ерекше сыйлайды, құрметтейді. Келтірілген ақпаратқа қарағанда Франция халқының жартысына жуығы волонтер атанған. Сонымен қатар, Германия мен Жапонияда еріктілердің саны жылдан жылға көбейіп келеді екен.
72
"Волонтерлік" ұғымы латын тілінен аударылғанда – voluntarius "ерікті" мағынасын білдіреді. Волонтерлер (еріктілер) алуан түрлі қызмет үлгісін көмек ретіндегі көрсетеді. Қызмет тегін жүзеге асады. Кез келген адам еркіне қарай волонтер бола алады. Егер өзіңіз не серігіңізбен айналадағы қоқысты жинасаңыздар, экологиялық волонтерлік деп атауға болады. Демек волонтерлық қызмет – елдің әлеуметтік, мәдени, экономикалық және экологиялық дамуына әсер ететін күш.
Кеңінен таралған волонтерлік қызметтер:
* Қоршаған ортаны сақтау: қорықтарды, өзен-суларды, жан-жануарларды аңшы-балықшы-броконьерлерден қорғау қызметі
* Табиғи және әскери апат кезінде жапа шеккендерге көмек көрсету: психологиялық жәрдем, сауда-саттықпен көмектесу, тамақ дайындау, бұзылған объектілерді қайта қалыпқа келтіру, жоғалғандарды іздестіру, медициналық қолдау. 
* Табиғи және техногенді апат алдын алу: адамдарды қауіпсіз аймаққа көшіру.
* Білім беру саласын, инновацияны және ғылымды дамыту: мектепте, балабақшада, колледж, университет және түрлі кәсіби клубтарда қызмет ету.
* Тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау: нысанды қалпына келтіру жұмыстарына ат салысу. 
* Маңызды іс-шаралар ұйымдастыру: спорттық, мәдени, білім беру саласындағы шараларға қатысу. 
* Мүмкіндігі шектеулі жандардың ішкі потенциалын ашу: көрме ұйымдастыру, шеберлік сыныптарын өткізу. 
Әлемге жақсылық нұрын шашу – өз қолымызда. Ақысы қайтпайтын жұмыс деп емес, көп тәжірибе мен керемет адамдармен тіл табыстыратын, жаңа бастамаға апаратын ғажап жол деп ұққан абзал. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет