Тақырыпша
|
«Денсаулық»-3
Дене шыңықтыру-3
|
Коммуникация-2
Сөйлеуді дамыту-1
Көркем әдебиет -0,5
Русский язык-0,5
|
Таным- 2,5
Қарапайым математика- 1
Жаратылыстану-1
Құрастыру-0,5
|
Шығармашылық- 3
Сурет салу-1
Музыка – 1,5
Мүсіндеу-0,25
Аппликация-0,25
|
1-апта
«Қазақстан халқының
салттары мен дәстүрлері»
|
1.Дене шынықтыру
(негізгі қимылдар)
1. Гимнастикалық қабырға бойымен өрмелеу
2. Арқан бойымен тепе-
теңдік сақтап жүру
Қимылды ойын: «Тақия тастамақ»
2.Дене шынықтыру
(негізгі қимылдар)
1. Арқан бойымен тепе- теңдік сақтап жүру.
2. Қысқа секіртпемен секіру
Қимылды ойын: «Жаяу көкпар»
3.Дене шынықтыру
(Негізгі қиылдар)
1. Қысқа секіртпемен секіру
2. Үлкен допты екі қолмен лақтыру
Қимылды ойын: «Байланған орамал»
|
Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Іскер бала»
Мақсаты: Күнделікті өмірге қажет бұйымдар мен
ұлттық көне заттардың аттарын атап, дұрыс айтуды, әңгімелей білуді жетілдіру
Дидактикалық ойын: «Сандықшада не бар?»
Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Бесік жыры»
Мақсаты: Халық ауыз әдебиеті нұсқасымен –бесік жырымен таныстыру. Үлкенді сыйлауға кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Дидактикалық ойын:
«Бесік жабдықтары»
|
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Тақырыбы: «Киіз үй»
Мақсаты: Кеңістікті бағдарлай отырып, заттардың орналасу бағытын ажырату мен атап көрсете білу (биік-аласа) дағдыларын жетілдіру
Дидактикалық ойын:
«Киіз үйдің жиһаздарын орналастырайық»
Жаратылыстану
Тақырыбы: «Ұлттық киімдер»
Мақсаты: Ұлттық киімдерді сипаттап айтуға үйрету. Ер бала мен қыз балалардың киімдерін ажыратып салыстыра білуге жаттықтыру. Талғампаздылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дидактикалық ойын:
«Киімдерді әшекейлейік»
Құрастыру.
Тақырыбы: «Құрақ көрпе»
(қағаздан құрастыру)
Мақсаты: Ұлттық тұтынатын бұйымдар жайында қарапайым түсінік беру. Қиылған қағазды түсіне,көлеміне қарай үйлестіре орналастыруға, ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.Қағазбен жұмыс жасау іскерліктерін дамыту.
Музыкалық дидактикалық ойын:
«Ғажайып алаң»
|
Сурет салу:
Тақырыбы: «Кілемшені әшекейлейік»
Мақсаты: Өрнекті кілемшені қазақтың ою-өрнек элементерімен әшекейлей білу дағдыларын қалыптастыру. Ою-өрнек туралы түсініктерін дамыту, кілемшені «Қой ізі» және «Ирексу» өрнегімен әшекейлеуді үйрету.
|