Мақсаты: Достық құндылығы туралы түсініктерін анықтау. Суретке қарап әңгіме құрау дағдыларын бекіту. Достаса білуге тәрбиелеу.
Дидактикалық ойын: «Бұл қай ұлт?»
Құрастыру
Тақырыбы: «Көгершін»
Мақсаты: Қалдық материалдардан көгершіннің бейнесін құрастыру дағдыларын бекіту. Ұсақ қол моторикаларының дамуын анықтау. Құстарға қамқорлық жасай білуге, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.
Дидактикалық ойын:
«Досыма хат»
Сурет салу
Тақырыбы: «Достық мерекесі» (шарлар)
Мақсаты: Халықтар достығы мерекесі туралы жайлы түсініктерін жетілдіру. Қылқаламды пайдаланып үзік сызықтарды қосу арқылы сурет салу дағдыларын бекіту. Салынған суреттерді дәстүрден тыс әдістер арқылы бояуға үйрету.