Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.» В.А.Сухомлинский
Ата-аналарға арналған тест тақырыптары
“Сіз қандай тәрбиешісіз?”
“Сіз қандай ата-анасыз?”
“Сіз және сіздің балаларыңыз?”
Сауалнама “Ата-ана, бала, мектеп”
Ата-анаға ұсыныс:
Оқушыда сапалы білім мен тәрбие болу үшін мектеп және ата-ана тығыз байланыста болуы қажет.
Бала үшін ата-ана тек асыраушының рөлін атқармай, оның білім мен тәрбие алу жолындағы нағыз серіктесі болуы қажет, баламен көзбе-көз сөйлесіп оған әр түрлі жағдайда ақыл-кеңес беру.
Ата-ана баласына көбірек уақыт бөліп қадағалау, бағыттау, бағалау, білім олқылықтарын анықтап дер кезінде көмектесіп отыру.
Ата-ана баласына педагогикалық көмек көрсететіндей дәрежеде болуы керек.
Ата–ана өзін-өзі жетілдіру бағытында жұмыс істеу (газет, журнал, теледидар
Балаларға арналған тест, шығарма тақырыптары
Тест
“Сіздің досыңыз кім?”
“Отбасының суреті”
“Қызғаныш, көре алмаушылық”
“Өзіңізді көрсете білесіз бе?
“Нар тәуекел дей аласыз ба?”
“Көшбасшы болуға қабілеттісіз бе?”
Шығарма
“Сынып тынысы”
“Болашаққа көзқарасым”
“Менің үмітім” т.б.
Ата-анаға берілетін кеңес:
Балаға мектеп, мұғалім туралы көбірек мағлұмат беріп, дайындық жұмысын алдын ала жүргізіңіз.
Балаңызды өзіне-өзі қызмет етуге дайындаңыз.
Жанұяда бала тәрбиесіне бірдей талап қоя біліңіздер.
Балаға уәде бергеннен кейін орындауға тырысыңыз, орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда дұрыс түсінік беріңіз.
Баланың өз бетімен әрекет жасауына мүмкіндік беріңіз (бермеген жағдайда бала өмір бойы бір істі өздігінен істей алмайтын, жалтақ, өзіне сенбейтін болып өседі).
Балаңызға сүйіспеншілікпен қараңыз. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ол бұл әлемнен махаббат табуды үйренеді.
Ой толғанысы ...
Егер баланы үнемі сынап отырса , оқуға құлқы болмайды Балаға үнемі күлсе , бұйығы болып өседі Баланы қолдап отырса , білімге деген ынтасы артады
Балаға сенім артса , ол батыл болады Бала төзімділікте өссе , адал болып жетіледі Бала қауіпсіз жағдайда өссе , ол адамға сеніммен қарайды
Бала кекшілдікте өссе , ол қатыгез болып өседі Бала адалдықта өссе , әділ болып жетіледі Бала түсіністікте және сүйіспеншлікте өссе, бұл әлемнен махаббат табуға үйретеді