Балабақшада ойын арқылы оқытудың тиімділігі
Мақсутова Айнұр
Мақтарал ауданы, «Нұрбөбек» бөбекжай балабақшасы
Қазіргі кезде мемлекетіміздің алдында білімді де іскер, ғылымға қабілетті ұрпақ тәрбиелеу мәселесі тұр. Мұндай күрделі мәселені шешуде білім беру саласы қызметкерлерінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру.
Қазақстан халқы егемендігін алып, өз болашағы болып табылатын жастардың білімі мен тәрбиесіне көңіл бөліп, өзіндік бағыт ұстап, жасампаздық жолға меңзейтін әдіс-тәсілдерді ұсынуда. Солардың бірі:
- Өз мүддесі мен қоғамдық мүдделерді ұштастыра білетін, зиялы, адамгершілігі мол, денсаулығы мықты жан-жақты дамыған жеткіншекті тәрбиелеу.
- Балалардың санасына туған халқына деген патриоттық сезім ұялатып, ұлттық рухты сіңіру.
- Әр баланы дара тұлға ретінде танып, олардың бойына үнемі оқып үйренсем деген ізденімпаздық қасиетті сіңіру, өздігінен білімдерін толықтыруға жетелеу болып табылады.
Тәуелсіз Қазақстанның Білім заңына орай жаңа ұлттық білім үлгісі бойынша мектепке дейінгі баланың жеке басын тәрбиелеуде педагогикалық дамудың бұрыннан қалыптасқан әлеуметтік бағыттарының түбегейлі өзгеруіне тура келеді.
Бүгінгі таңда оқу процесі бұрынғыдай «үйрету», «оқыту», «беру» сынды сыртқы ықпалды білдіретін етістіктерден құралмай, «ұйымдастыру», «жағдай жасау», «бағыт-бағдар беру», «басқару» сияқты ұғымдардан тұрады. «Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмас» деген халық даналығы да осыны растап тұрғандай. Біз ұстаздар қауымы қандай болмасын жаңалыққа құлақ түре жүретініміз айқын. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық.
Сабақты бастамас бұрын топта жағымды ахуал тудыруда түрлі тренингтердің ролі ерекше. Атап айтатын болсам «Күн сәулесі төгіліп тұр», «Молекула және атом», «Жүрегім толған жылылық», «Аялы алақан» т.б тренингтерін өткізу барысында түйгенім балалардың тіл байлығы артып, кейде мен күтпеген сөздер айтып, таң қалдыратын сәттер де болады. Топтағы балалар арасында жылы қарым-қатынас орнап, достық сезімдері артып, бір-біріне кішіпейілдік көрсететінін байқадым. Көңіл-күйлері көтеріліп, сабаққа деген құлшынысы артып,сабақта қойған мақсатыма жетуіме көмектесті.
Таңғы уақытта сабаққа баласын алып келген ата-аналарды да осындай трененигтерге қатыстырып отырдым. Ата-ана мен бала арасында осындай тренингтерді өткізуде, ата-ананың балаға ерекше көңіл бөліп, баласының кішкентай жетістігіне қуана білетініне, жылы сөздер айтуына, мектеппен тығыз қарым-қатынаста болуына қол жеткіздім. Ата-аналар үнемі сабақтарыма еніп отыратын болды. Ата-ана бұрынғы кезде: «Сен қандай баға алдың?» деген сұрақтың орнына «Сен кіммен бірге ойнадың?», «Сабақта кімге жылы сөз сөйледің, қандай қызықты жағдаяттар болды?» деген сұрақтарға ауысты. Баланың жан-жақты дамуына ата-аналармен тығыз байланыста болып жұмыс жасалды. Осындай нәтижеге жету үшін тренингтің ықпалы болып табылды. Өйткені тренингте бүгінгі үйренген білімді ата-анамен бөлісетініне бағыт-бағдар беріп отырамын.
Тренинг
Оқытудағы жаңа тәсілдерді пайдаланумен өткізілетін сабақ барысында қызығушылық ояту мақсатында қолданатын әдіс тренинг деп аталады.
Тренинг дегеніміз не? Тренинг сөзі (ағылшын тілінен train – тәрбиелеу, оқыту, үйрету, машықтандыру) – бұл жұмыс нәтижесіне және қажетті машықты дамытуға қол жеткізуге бағытталған, машықтану және қандай да бір саладағы жүйелі тапсырмаларды, әрекеттерді немесе ойындарды орындай білу. Тренинг оған қатысушыларға ақпарат жетіспейтін бөлімшелерге, құрдастарының қысымына төзе алатындай дағды, тәлім (мінез-құлық) қауіпсіздігі дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Тренингтің талассыз беделі – ол оқу процесіне барлық қатысушылардың белсенді болуын қамтамасыз ету болып табылады.
Тренинг өткізуге қойылатын талап қандай? Бұл, ең алдымен:
тренингке қатысушылардың қолайлы саны 20-25 адам;
тренингке қатысушылардың көлеміне сәйкес, қатысушылардың өзара белсенді әрекет етуіне мүмкіндік беретін, «тренингтік шеңбер» бойынша орналастыратын орны бар ғимараттың болуы;
тренингтің кез-келген сабағының басында аталған сабақтың мақсаттарымен және тапсырмаларымен қатысушылардың танысу міндеттілігі;
тренингтің бірінші сабағында «таныстыру» мен «келісім» қабылдау жаттығуларын – топтардың жұмыс істеу ережесін өткізу;
достық қалыптағы сенімді атмосфера қалыптастыру және бүкіл тренинг бойында соған қолдау көрсетіп отыру;
бүкіл тренинг бойында барлық қатысушыларды белсенді араласуға тарту;
әрбір қатысушының сезімдері мен пікірлерін құрметтеу;
тренингке қатысушыларды мадақтау;
Балалар топтық жұмыста ойын ойнай отырып үйренеді. Мысалы, сауат ашу сабағында жаңа дыбыстармен танысуда
«Суретті тіз» ойыны.
Ойынның шарты: бір дыбысты атаймын, сол дыбыстан басталатын заттардың суретін жинақтау керек.
«Сөз ойла, тез ойла» ойыны.
Ойынның шарты: сөзді дұрыс оқып айтқан балаға текшелер. Кім көп текше жинайды сол жеңеді.Ойын соңында жеңімпаз бала анықталады.
Т дыбысы мен әрпін өткенде «Сен жалғастыр» ойынын ойнатуға болады.
Ойынның мақсаты: Басталған буынға буын қосып, сөз құрауға, зейінділікке баулу.
Мұғалім сөздің басқы буынын айтады, ал оқушылар оны аяқтайды.
Мысалы, ПА-НА, ТА-НА, А-ТА, АЛ-МА. Т.б.
«Кім сені шақырады?» ойыны.
Мақсаты:басқа адамды дауысынан тануды үйрету.
Ойын барысы:ортадағы баланың көзін таңып бір бала оның атын атап шақырады. Шақырған баланы таныса ол бала ортаға шығады.
«Кім қалай дыбыстайды» ойыны.
Ойынның шарты: Тәрбиеші көрсеткен жануардың суретін ортаға шыққан бала дыбыстап, қимылын көрсетеді.
Дауысты және дауыссыз дыбысты ажыратуға
«Үстелге жайғастыр» ойынды флипчарт арқылы жеке, жұптық, топтық жұмыстар компьютерде орындалды.
Сонымен қатар, оқиғалы диалогты ойындарда балалар тек ауыз әдебиеті үлгілері бойынша әрекет етпейді, олар ересектердің өмірі мен іс-әрекеттерін қайталайды. Олардың қарым-қатынасын көрсетеді. Мысалы, «Дүкенде», «Кітапханада», «Қонақта» және т.б. ойындарды ойнау барысында үлкендерге еліктей отырып, олар өз рөлін және ойын логикасын жасайды.
Қорыта айтқанда, ойын - баланың жан серігі. Ойын сырттай қарағанда ешқандай қиындығы жоқ, оп-оңай көрінуі мүмкін. Ал, іс-жүзінде бала ойынға қатысу үшін басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Баланың рухани жетілуі мен табиғи өсуінің, денесінің дамуы мен ой дүниесінің еркін жаюы ойынға тікелей тәуелді.
Балабақшадағы оқытудың негізгі міндеті: сәбилер тобынан бастап балаларға білім, дағды, іскерлікті берумен қатар ойлау қабілеттерін қалыптастырып балаларды ойлау жұмысына дайындау.
Бүгінгі жас ұрпаққа қамқорлық жасап оларды ізгілікке, имандылыққа, адамгершілікке, адалдыққа еңбек сүйгіштікке, ұлтжандылыққа, отаншылдыққа тәрбиелесең ғана еңбегің жемісті болмақ. Ертеңімізді бүгін ойлап, уақытында жүзеге асырып, жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу әр тәрбиешінің міндеті.
Қорыта келе ерекше айтып өтетін нәрсе «Диалогты оқыту» оқытудың ең перспективті нысаны болып табылады:
- ол сабақта жағымды психологиялық климаттың құрылуына ықпал етеді;
- ынталандыруды күшейтеді және оқушылар қызметін белсенді етеді;
- қолда бар білімді, тәжірибені, әр түрлі жағдайдағы қарым-қатынас дағдыларын пайдалануға мүмкіндік береді. Сондықтан сабақтарда топтық жұмысты пайдалану оқу үдерісінің тиімділігін көтереді, оқытудың барлық сатыларында зерттелетін пәнге оқушылардың қызығушылығын сақтауға көмектеседі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Аймағанбетова Б.Р.,.Бейсенбаева А.А. Жеке адамның дамуы. Алматы1991ж.
2. Мусаева С.А., Бегалиев Т.Б. Жас ерекшеліктер педагогикасы.
ҚР Білім және ғылым министрлігі. «Фолиант» баспасы Астана – 2006
3. Нағымжанова Қ.М., Нұрғазиева Н.М. Бастауыш білім берудегі жаңа
технологиялар. Өскемен, «Медиа-Альянс», 2005
4. «Қазақстан – 2030» жолдауында, «Білім туралы заң», «Болашақтардың
Форумында» 2008 ж. Н.Ә.Назарбаев.
Достарыңызбен бөлісу: |