Қорытынды: Бүгінде «Тәй-Тәй» технологиясы Қазақстанның көптеген балабақшаларына және кей мектептердің бастауыш сыныптарына енгізілуде. Семей қаласының бірнеше балабақшаларында аталмыш технология бойынша 1-2 топтан ашылып, табысты жұмыс істеуде. Ал, «Өрлеу» балабақшасы толықтай «Тәй – тәй» технологиясы бойынша жұмыс істейді. Және «Өрлеу» балабақшасында 14 педагог – фасилитатор қызмет атқаруда. Ондағы орталықтар бойынша балалар зерттеу бағытында, еркін ойнауға, өз ойын ашық білдіруге мүмкіндіктері бар. Жалпы алғанда «Тәй-Тәй» бағдарламасы баланы жан – жақты дамыту және ата – анамен тығыз байланыс орнату секілді екі бағытта жұмыс жасайды. Ең негізгісі ата – аналардың оқыту процесіне еркін қатысуларына жағдай жасалуда.
«Тәй – тәй» технологиясын іс жүзінде магистранттардың алдында көрсетуге тырыстым. Бұл жерде біз таңғы жиын, орталықтарға бөліну, орталықтардағы жұмыс мақсатын анықтау, жұмысты қортындылау сияқты жұмыстар атқардық. Магистранттар біраз уақытқа балабақша тәрбиеленушілеріне айналды. Төменде сол жұмыстардың дәлілі ретінде, естелік ретінде түсірілген фотоматериалдар келтірілген.