Балабақшадағы Патриоттық тәрбие



бет2/3
Дата08.07.2018
өлшемі74,93 Kb.
#48528
1   2   3


ПЕТРОПАВЛ


Солтүстік-Қазақстан облысының әкімшілік орталығы – Петропавл қаласы, өз шежіресін 1752 жылдан жүргізеді әулие Петр бекінісі Пресно-Горьковск бекінісінің маңызды форпосты болған. Нанға және жем-шөпке деген қажеттілік бекініс айналасына крестьян шаруаларды қоныстандыруға ықпал етті. Солдаттар мен драгундер бекініс сыртында өз үйлерін салуға құқылары болды. Оған ең қолайлы жер Подгора болды. Бұл жерде біртіндеп өзенге қарай ығысып көшелер бой көтерді. Қала маңындағы тұрақ қауіпсіздік мақсатында қоршаумен қоршалды. Одан кіру және шығу жолдары , қақпалары арнайы қарауылмен күзетілді. 1759 жылы бекіністе алғашқы рет солдат балаларына арналып мектеп ашылды. Петропавл уездік қаласының алғашқы елтаңбасы 1842 жылы 7 қыркүйек бекітілді. Онда – күміс алқапта көлденең екі тен артылған түйені жетектеп тұрған керуеншінің суреті бейнеленді. 19 ғасырда өзінің әскери-стратегиялық мағынасын сақтай отырып, қала сауда-экономика байланысының және қазақ , орыс халқының рухани қатынас орталығына айналды. 1849 жылы 2 мамыр 450 үйді құртқан лап еткен өрттен кейін Петропавлда жаңа құрылыс болды. Еуропавлық Ресейден крестьяндарды көшіру және Сібір теміржолының құрылысы қаланың дамуына жағдай жсады. Ауылшаруашылық өнімдері Ресей және Еуропа базарларына жайғастырыла бастады. Петропавл майы Петербургке, Москваға, Ригаға, Одессаға, Самара, Владивостокқа сонымен бірге, Англияға, Германияға және Данияға жіберілді. Ағайынды Зенковтардың швейцар Аккола малөнімдерін өңдеу бойынша тері зауыты, Ірі кәсіпорындар пайда болуда. Уақыт өте келе қала әкімшілік қала ғана емес сонымен қатар мәдени қала болып келеді. Петропавл қазақ әдебиетінің классиктері: Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Мағжан Жұмабаев және Иван Шуховтың отаны болып табылады. Петр және павл бекінісінде әлемге әйгілі «Конек-горбунок» ертегісінің авторы Ершов петр балалық шағын осында өткізді, декабрист-ақын Николай Чижов жер ауып келді. Чеш жазушысы Ярослав Гашек біздің аймақты колчактардан босатуда халықаралық жұмыстар жүргізді, Ерекше төл ақын Павел Васильев оқыды, жазушылар Всеволод Иванов, Сергей Марков әдебиеттегі алғашқы қадамдарын осында жасады. әйгілі фантаст- Александр Казанцев тұрған жер. Осында ақын Баймағамбет Зтулиннің, дарынды аудармашы Георгий Твертин өз жолдарын салды, осы жерде ұлы,қазақ қайраткері, демократ Ш. Уәлиханов Достоевскийға хаттар жазды. Қазақ әдебиетінің тарихында Шал ақын атымен белгілі біздің облысымыздан шыққан Тілеуке Купенин үлкен орын алады. Приишимнан тысқары ақын-импровизатор атағы шыққан Молдахмет Тырбиев. Аңызға айналған Қожаберген жырау және Сегіз Сері Солтүстік Пришим жерінде өзінің әсем әндерін шығарған . Бүгінгі күні облыс орталығының халқы 200 мыңнан астам адамнан тұрады. Көптеген ұрпақ еңбегінің арқасында қала экономика және мәдени өмірдің орталығына айналды. Ол екі маңызды темір жол магистралы: Транссібір және Трансқазақстан жолдарының тоғысқан жерінде орналасқан, шығысқа, батысқа облыс оңтүстігіне – ірі өндіріс базаларына Кузбасса, Орал, Орталық Қазақстан сонымен қатар Түмен облысы Ресей Федерациясымен шекаралас дамып келе жатқан нефтьгаз кешені - бұның барлығы индустриалды дамуда өте маңызды фактор болып табылады. Соңғы жылдары Петропавл қаласы бидай өсіретін сонымен қатар бидай шығаратын 3 млн га бидай егілетін және бидай жинауда Қазақстан Республикасының 25 % өнімін құратын аймақтың орталығына айналды.

Петропавл (қазақша кеңінен қолданылып жүрген атауы «Қызылжар») Солтүстік Қазақстан облысының қаласы, облыс орталығы (1936 жылдан). Қаланың негізі Есіл өзеннің оң жағалауында 1752 жылы қаланған.
Петропавл автомобиль, әуе, өзен және темір жолдарының ірі торабы. Батыс Сібір ойпатының оңтүстік-батысындағы Есіл жазығының орманды-дала белдемінде, Есіл өзененнің оң жағасындағы «Қызылжар» деп аталатын ежелгі қазақ қонысының орнында орналасқан. Тұрғыны 204,8 мың адам (2011 жылғы 1 мамырғы жағдайына сәйкес) .

Тарихы
Қаланың іргесі 1752 жылы патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлау саясатына сәйкес Петр І-нің әскери бекінісі ретінде қаланған. Алғашында әскери форпост, кейіннен сібір татарларының (түркілердің) қаласы атанып, Ресейдің Солтүстік және Орталық Қазақстанды отарлау кезіндегі негізгі тірек пунктіне айналды. 1838 жылы Есіл округінің, 1868 жылы Ақмола облысының құрамына еніп, уездік қалаға айналды. 1868 жылдан кейін Петропавл Сібір мен Түркістан сауда жолының бойында орналасуына байланысты Ресей мен Орта Азия хандықтарының және қазақ даласы арасындағы сауда қатынасының ірі орталығы болды. Мұндай ірі сауда орталығына айналуына Абылай сұлтанның Орынбор және Сібір губернаторларынан Қызылжарда (қазіргі Петропавл қаласында) ірі сауда орталығын ашуға рұқсат алуы болды. Петропавлдегі сауда айналымы жылдан жылға ұлғая түсті және орыс көпестері мен Орта жүз қазақтары арасында сауда-саттық жүрді. 18 ғасырдың соңында шағын елді мекеннен (форштадт) ірі сауда орталығына айналды. Патша өкіметі Петропавлда сауданың дамуына көмек беріп, онда қалалық Қоғамдық банк ашты (1871). Кейін ол Мемлекеттік банк болды (1880). 1849 жылы 7 май, 7 былғары, 4 сабын, 17 кірпіш зауыты, диірмендер, т.б. кәсіпорындар жұмыс істеді. 1912 жылы мұнда 600-ге жуық сауда мекемесі болды. Қаланың одан әрі дамуына Транссібір темір жолының салынуы үлкен әсер етті.
Егер 19 ғасырда қала сауда және әкімшілік пункт ретінде дамыса, 20 ғасырдың басында ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптің басты орталықтарының бірі болды. Осы жылдары Ресейден жер аударылған шаруалар келіп қоныстана бастады. Олардың басым бөлігі қалаға көшіп келіп, жұмыс күшін көбейтті. Қалада қолөнер мен майда кәсіпкерлік дамыды. Қаланың экономикасына 1-дүниежүзілік соғыс пен Азамат соғысы кері әсер етті. Қала 1932 36 жылдары Қарағанды қаласының құрылысын басқаратын және ірі темір жол торабын салудағы негізгі орталыққа айналды. 1932 жылы “Казстройматериал” кірпіш зауыты іске қосылды. Мех. зауыт қайта жөндеуден өтті. Нәтижесінде қала кәсіпорындарының қатары өсіп, жұмысшылар саны 13 есеге ұлғайды. 2-дүниежүзілік соғыс алдында Петропавлда коммуналдық және электр көлігі шаруашылықтары қалыптасты. 2- дүниежүзілік соғыс жылдары КСРО-ның батыс аудандарынан көшірілген 20-ға жуық зауыт, фабрикалар қала экономикасын біршама көтерді. Соғыстан кейін қала жедел дами бастады. Әсіресе тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде көптеген кәсіпорындар салынып, қаланың әлеуметтік-экономикалық, білім беру және мәдени-ағарту саласы қарқынды дамыды.
90-жылдары нары
қтық экономикаға өтуге байланысты 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет