Мейірбикелік араласудың жоспары
|
Негізделуі
|
1. Науқасты 10 күнге оқшаулау (егер бала 8 жасқа дейін болса тағы да 12 күн «үй режимінде» болады.
|
Жұқпаның таралуына жол берілмейді.
8 жасқа дейінгі балалар жиі ауырады.
|
2. Науқасқа күтім көрсетуде бетперде тағу режимін ұйымдастыру
|
Жұқпаның ауа – тамшы жолы арқылы таралуына жол берілмейді
|
3. Үнемі бөлменің желдетілуін, күніне 2 рет ылғалды тазалау жұмысын жүргізуді қадағалау
|
Қоршаған ортадағы қоздырғыштардың саны азаяды
Ауаның тазаруы қамтамасыз етілед
|
4. Хлорлы режимді ұйымдастыру
|
Стрептококк қоршаған ортада төзімді, сондықтан жұқпа заттар арқылы, «үшінші адам» арқылы жұқтырылуы мүмкін
|
5. Науқастың дұрыс тамақтануын ұйымдастыру қажет.
Тағам:
механикалық, химиялық, термиялық тұрғыда жеңіл;
калийге бай;
тұз бен су шектелу керек;
құрамында аллергендер болмау керек.
Ескерту! Диета 3 аптадан кем емес уақыт сақталу қажет.
|
жұтқыншақты тітіркендірмейді («күл баспасыз жүрмейді»)
калий жүректің қызметін жақсартып, миокардит дамуының алдын алады.
Бүйрек пен жүрекке салмақ түспейді, яғни нефрит, миокардит даму мүмкіндігін азайтады.
Стрептококк ағзада аллергияны күшейтіп, жүректің, бүйректің инфекциялық – аллергиялық ауруларын шақырады.
инфекциялық – аллергиялық асқынулар күл ауруы басталғаннан 1 – 3 аптадан кейін дамиды.
|
6. Аурудың жедел кезінде төсек режимі сақталу қажет. Ол науқас жағдайы жақсара бастаса кеңейтіледі.
|
нефрит, миокардит дамуының алдын алады.
|
7. Ауыз қуысының гигиенасын сақтау
| |
8. Физикалық, эмоциялық күштерді азайту керек.
|
Асқынулардың алдын алу үшін.
|
9. Диурезді және несептің бөлінуін 3 аптаға дейін бақылау қажет
|
скарлатина ауруында ерте және кеш дамитын асқынулар ауру басталғаннан 1 – 3 аптадан кейін дамуы мүмкін.
|