Мейірбикелік араласудың жоспары
|
Негізделуі
|
1. Науқасты жазылып кеткенше оқшаулайды + ВL – ға бак. зерттеу қорытындысы теріс нәтиже болуы тиіс.
|
Дифтерияның таралуына жол берілмейді.
|
2. Науқасқа күтім көрсетуде бетперде тағу режимін ұйымдастыру
|
Дифтерияның ауа – тамшы жолы арқылы таралуына жол берілмейді
|
3. Үнемі бөлменің желдетілуін, күніне 2 рет ылғалды тазалау жұмысын жүргізуді қадағалау
|
Қоршаған ортадағы қоздырғыштардың саны азаяды
Ауаның тазаруы қамтамасыз етіледі
|
4. Хлорлы режимді ұйымдастыру
|
Леффлер таяқшасы қоршаған ортада төзімді, сондықтан жұқпа заттар арқылы, «үшінші адам» арқылы жұқтырылуы мүмкін
|
5. Науқастың дұрыс тамақтануын ұйымдастыру қажет.
Тағам:
«В» тобының дәрумендеріне бай;
тұз бен су шектелу керек;
Жұтқыншақ дифтериясында тағам:
механикалық, химиялық, термиялық тұрғыда жеңіл;
Ескерту! Диета 3 аптадан кем емес уақыт сақталу қажет.
|
«В» тобының дәрумендері жүйке жүйесінің жұмысын жақсартады, жүйке талшығының өткізгіштік қабілетін арттырып, парез, параличтің алдын алады.
Калий жүректің қызметін жақсартып, миокардит дамуының алдын алады.
Бүйрек пен жүрекке салмақ түспейді, яғни нефрит, миокардит даму мүмкіндігін азайтады.
жұтқыншақты тітіркендірмейді
Дифтерияда ерте және кеш дамитын асқынулар ауру басталғаннан 1 – 3 аптадан кейін дамуы мүмкін.
|
6. 7 – 10 күн қатаң төсек режимі тағайындалады. (баланы көтеруге, отырғызуға да болмайды; емдеуге, тамақтандыруға, тазалық жұмыстарына байланысты барлық іс – шаралар төсекте жасалады.
Режим науқас жағдайы жақсара бастаса кеңейтіледі.
|
Нефрит, миокардит дамуының алдын алады.
|
7. Тері және шырышты қабықтардың күтімін жасау.
|
Тері және шырышты қабықтарда фибринді қабықтар орналасады.
|
8. Физикалық, эмоциялық күштерді азайту керек.
|
Асқынулардың алдын алу үшін.
|
9. Диурезді және несептің бөлінуін 3 аптаға дейін бақылау қажет
|
Дифтерия 1 – 3 аптаның ішінде нефритпен асқынуы мүмкін.
|