Мейірбикелік араласудың жоспары
|
Мейірбикелік араласудың орындалуы
|
1.Анықталған дифтерия ауруын керекті инстанцияларға хабарлау
|
СЭС – қа хабарлау
анықталған дифтерия ауруы туралы бала бақшаға немесе мектепке хабарлау
|
2.Науқасты оқшаулау
|
Міндетті түрде науқасты ауруханаға жатқызады.
Науқасты ауруханаға жатқызғаннан кейін ошақта қорытынды дезинфекция жасалады.
Науқасты жазылып кеткенше оқшаулайды + ВL – ға бак. зерттеу қорытындысы теріс нәтиже болуы тиіс.
|
3.Қатынаста болғандар арасындағы шараларды ұйымдастыру
|
Қатынаста болғандарды анықтау (учаскелік медбике үйдегі науқаспен қатынаста болғандардың тізімін жазады; Балалар ұйымының медбикесі балабақшадағы, мектептегі қатынаста болған балалардың тізімін жазады)
Карантин 7 күнге жарияланады. Карантин ошақта тағы дифтерия анықталмаса ғана алынады
Қатынаста болғандар арасында дифтерияны анықтау үшін карантин кезінде күнде таңертең, кешке балалардың дене температурасын тексереді, жұтқыншақта, тері және шырышты қабықтарында ақшыл - сұр қабықшаның болуын, улану белгілерінің пайда болуын қадағалайды.
Қатынаста болғандардың барлығынан мұрын және жұтқыншағынан ВL – ға жағынды алады.
Бак. зерттеудің нәтижесіне байланысты мына шаралар өткізіледі:
теріс нәтиже - ұжымға жіберіледі;
ВL – дің улы емес түрі анықталса - мұрын және жұтқыншағына санация жасалып, ұжымға жіберіледі;
ВL – дің улы түрі анықталса – ауруханаға жатқызылады.
|
4.Жұқпаның таралуына жол бермеу:
а) ауа - тамшы
б) қатынас арқылы жұғу жолы
|
Науқасқа және қатынаста болғандарға күтім көрсетуде бетперде тағу режимін ұйымдастыру.
Үнемі ылғалды тазалау жұмысының жүргізілуін, бөлменің желдетілуін қадағалау.
Ересектерге, балаларға «жөтелу тәртібін» үйретіп, оның орындалуын қадағалау.
Адамдардың бір жерге жиналмауын ескерту.
Науқасқа және қатынаста болғандарға күтім көрсетуде хлорлы режим ұйымдастыру.
Күнделікті дезинфекция жүргізу.
Жеке бас гигиенасын сақтауды қадағалау.
|
5.Қатынаста болғандардардың иммунитетін көтеру
|
витаминдерге бай тамақтармен қоректенуді қадағалау
салауатты өмір сүруді ұйымдастыру
әлсіз, жиі ауыратын балаларға енжар иммунитет қалыптастыру мақсатында иммуноглобулин егу.
|