Эпидемиялық паротитке тән клиникалық белгілер:
Құлақ маңы безі аймағының ісінуі:
қамыр тәрізді, ауырады;
ісік сырғалықтан алға, төмен, артқа қарай таралады;
ісік үстіндегі тері тырсияды, бірақ түсі өзгермейді;
алғашқыда бір жақ без, 1 – 2 күннен кейін екінші жақ безі ісінеді.
Шайнағанда, жұтынғанда ауырады.
Ауыз қуысына ашылған құлақ маңы безінің өзегі қызарып, ісінеді.
Эпидемиялық паротиттің ағымы «жорғалау» сипатында, себебі безді мүшелерде және ОЖЖ зақымдану кезегімен жүреді. Бұл кезде температура сызығы толқын тәрізді.
Панкреатиттің белгісі болып табылады: – эпигастрий тұсының ауыруы, іштің жоғарғы бөлігінің айналдыра ауыруы.
Жасөспірімдерде жиі орхит дамиды: аталық безі ісінеді, ауырсыну шапқа беріледі, ұмасы ісініп, қызарады. Көбінесе бір жақ безі зақымданады.
Қыз балада мықын аймағының ауыру себебі аналық бездің қабынуы болып табылады.
Серозды паротитті менингитте температура көтеріліп, басы ауырып, құсып, ауру жедел басталады. құрысу сирек байқалады. Алғашқы күннен бастап менингеальды синдром анықталады: желке бұлшық еттерінің тартылуы, емшек жасындағы балалардың үлкен еңбегінің көтерілуі, ересек балаларда Керниг және Бруздинскиий белгілерінің оң болуы.
Эпидемиялық паротитте асқынулар сирек байқалады. Стоматит, қант диабеті, бедеулік, саңыраулық дауы мүмкін.
Аурудың диагностикасында сілекейден, қан, жұлын сұйықтығынан вирусты анықтау қолданылады. Паротитті менингит диагнозын қоюда жұлын сұйықтығының көрсеткіштерінің қорытындысына жүгінеді (ликвор мөлдір, ағыны тез, жоғарғы лимфоцитарлы цитоз).
Баланы үйде емдеуге болады. Әдетте жергілікті емге көп көңіл бөлінеді: зақымданған бездің тұсына құрғақ жылытулар қойылады. Симптомдық ем жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |