Мейірбикелік араласудың жоспары
|
Негізделуі
|
1. Науқасты жазылып кеткенше оқшаулау.
|
Жұқпаның таралуына жол берілмейді.
|
2. Науқасқа күтім көрсетуде бетперде тағу режимін ұйымдастыру.
|
Жұқпаның ауа – тамшы жолы арқылы таралуына жол берілмейді
|
3. Үнемі бөлменің желдетілуін, күніне 2 рет ылғалды тазалау жұмысын жүргізуді қадағалау.
|
Қоршаған ортадағы қоздырғыштардың саны азаяды
Ауаның тазалығы қамтамасыз етілед
|
4. Аз мөлшерде тамақ беру.
|
Менингококты жұқпа кезінде улану салдарынан тәбеті төмендейді.
Улану және менингит салдарынан құсады.
|
5. Қорғау режимін ұйымдастыру, баланың тыныштық күйін сақтау.
|
Науқастың жиі басы ауырады, гиперстезия байқалады.
|
Алдын алу. Алдын алу шараларына: бактериотасымалдаушыларды, менингококты жұқпамен ауыратын науқастарды анықтау, науқасқа және қатынаста болғандарға қатысты барлық іс – шараларды толығымен өткізу жатады. Сонымен қатар үнемі бөлмені желдету, ылғалды тазалау жұмысын жүргізу, адамдардың топталып бір жерге жиналмауы, балаларға «жөтелу тәртібін» үйрету, ЛОР – мүшелерін санация жасау, жеке бас гигиенасын сақтау, баланың иммунитетін көтеру мақсатында дұрыс тамақтандыру, шынықтыру, салауатты өмір сүруді ұйымдастыру жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |