Балалар аурулары Балалардың физикалық дамуы. Денсаулық топтары


Менингококты жұқпа анықталған жағдайда карантин шараларын өткізудегі мейірбикелік процестерді ұйымдастыру



бет35/73
Дата24.12.2021
өлшемі1,23 Mb.
#104791
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   73
Менингококты жұқпа анықталған жағдайда карантин шараларын өткізудегі мейірбикелік процестерді ұйымдастыру.

Мейірбикелік араласулардың мақсаты – менингококты жұқпаның таралуына жол бермеу.



Мейірбикелік араласудың жоспары

Мейірбикелік араласудың орындалуы

1.Анықталған менингококты жұқпа ауруын керекті инстанцияларға хабарлау

  • СЭС – қа хабарлау

  • анықталған менингококты жұқпа ауруы туралы бала бақшаға немесе мектепке хабарлау

2.Науқасты оқшаулау

  • Міндетті түрде науқасты ауруханаға жатқызады.

  • Науқасты жазылып кеткенше оқшаулайды. Менингококқа бак. зерттеу қорытындысы теріс нәтиже болғанда ғана балалар ұжымына жіберіледі.

3.Қатынаста болғандар арасындағы шараларды ұйымдастыру

  • Қатынаста болғандарды анықтау (учаскелік медбике үйдегі науқаспен қатынаста болғандардың тізімін жазады; Балалар ұйымының медбикесі балабақшадағы, мектептегі қатынаста болған балалардың тізімін жазады).

  • Карантин 10 күнге жарияланады. Карантин 11-күні ошақта тағы менингококты жұқпа анықталмаса ғана алынады.

  • Қатынаста болғандар арасында жұқпаны анықтау үшін карантин кезінде күнде таңертең, кешке балалардың дене температурасын тексеру, мұрын жұтқыншақты қарау, терілерін тексеру, улану белгілерінің пайда болуын қадағалайды.

  • Қатынаста болғандардың барлығынан мұрын және жұтқыншағынан менингококқа жағынды алады.

  • Бак. зерттеудің нәтижесіне байланысты мына шаралар өткізіледі:

  • теріс нәтиже - ұжымға жіберіледі;

  • менингококты бактериотасымалдаушы – сульфаниламидтермен ем жүргізеді және мұрын және жұтқыншағына санация жасалып, ұжымға жіберіледі.

4.Жұқпаның ауа – тамшымен таралуына жол бермеу.


  • Науқасқа және қатынаста болғандарға күтім көрсетуде бетперде тағу режимін ұйымдастыру.

  • Үнемі ылғалды тазалау жұмысының жүргізілуін, бөлменің желдетілуін қадағалау.

  • Ересектерге, балаларға «жөтелу тәртібін» үйретіп, оның орындалуын қадағалау.

5.Қатынаста болғандардардың иммунитетін көтеру

  • Витаминдерге бай тамақтармен қоректенуді қадағалау.

  • Салауатты өмір сүруді ұйымдастыру.

  • Әлсіз, жиі ауыратын балаларға дәрігердің нұсқауымен енжар иммунитет қалыптастыру мақсатында иммуноглобулин енгізу.

Менингококты жұқпамен ауырғаннан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады, қайталап ауырмайды.

Негізгі күтімі.

Менингококты жұқпа ауруы кезіндегі күтімнің негізгі мақсаты:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет