Жедел ішек жұқпалы аурулары кезіндегі күтім
Мақсаты:
Мейірбике жоспары
|
Негізделуі
|
1.Науқасты жазылып кеткенше оңашалау. Бактериологиялық зерттеудің қорытындысы теріс болғанша.
|
Инфекцияның таралып кетпеуі үшін
|
2.Науқас нәжісін залалсыздандыру
|
Жедел ішек жұқпалы аурулар-рекальды, оральдық жолмен таралады.
|
3.Хлорлы режимді сақтау.
|
Жедел ішек жұқпалы аурулар-қоздырғыштары қоршаған ортада төзімді, турмыстық заттар арқылы жұқпалы.
|
4.Оральды регидратация жүргізуді ұйымдастыру.
|
Тұз бен сұйықтықтың орны толады.
Эксикоздың алдын алу үшін.
|
5.Емдік тамақтандыруды ұйымдастыру. Еппен аз мөлшерде тамақтандыру, 5 - 7 күндері физиологиялық нормасына жеткізу
|
Ас қорыту мүшелеріне күш түсірмеу, ішектің шырышты қабаты қалпына келіп, диспенсия белгілері жойылады.
|
6. Шырышты қабық, терінің күтімін жүргізу.
|
Сұйық нәжістің әсерінен терінің баздануының алдын алу. Стоматит, конюнктивиктің алдын алу.
|
Алдын алу. Жедел ішек жұқпалы ауруларының алдын алудағы ең маңыздысы - науқастарды тез анықтап, тізімге алып, ауруға қарсы толық іс - шараларды жүргізу.
Жедел ішек жұқпалы ауруларының алдын алуда жеке бас гигиенасын сақтау, балалар мен ата - аналар арасында санитарлық – ағарту жұмыстарын жүргізу үлкен рөл атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |