Диагностика. Нәжісті бактерологиялық зерттеу. Бұл зерттеу антибиотикпен емдеуге дейін жүргізілуі тиіс.
Емі. Этиотропты ем. Бактериофагтар (сальмонелла, дизентерия), антибиотиктер, оралдық регидратация. Оралдық регидротация эксикоздың 1 және 2 дәрежелерінде өткізіледі. Эксикоздың 1 дәрежесінде дене салмағы 5% - ке дейін кемиді. Оралдық регидратация мақсатында глюкосолан, регидрон, ОРС қолданылады. Оралдық регидратация 2 кезеңмен жүргізіледі:
1 кезең - алғашқы регидратация: жоғалтқан сұйық пен тұздың орнын ауыз арқылы толтыру мақсатында.
2 кезең - қолдаушы регидратация: токтаусыз кетіп жатқан сүйык пен тұздың орнын толтыру мақсатында жүргізіледі, яғни эксикоздың дамуының алдын алу үшін.
Оралдық регидротацияны жүргізу схемасы:
1) Керекті ерітіндінің мөлшерін есептеу керек.
Эксикоздың 1 дәрежесінде - 50 мл/кг.
дәрежесінде - 90 мл/кг.
2) Ерітіндіні дайындау. 1 пакет ОРС немесе регидронды 1 литр бөлме темрературасына дейін салқындатылған суға ерітеді. Ерітіндіні бір тәулікке дейін қолдануға болады. Ерітіндінің керекті мөлшерін құйып алып, анасына береді. Баласына шәй қасықпен 5 – 7 минут сайын ішкізеді.
Алғашқы регидратация кезінде баладан бөлінген құсық, нәжіс пен жоғалтқан сұйыктықты жазып отыру қажет.
4 - 6 сағаттан кейін емнің нәтижесін яғни эксикоз белгілерін тексеру керек (үлкен еңбегінің түсуі, тері, шырышты қабықтары). Баланың жағдайы алғашқы регидратациядан кейін болуы мүмкін:
Эксикоз күшейеді, мұндай жағдайда дәрігердің нұскауымен көк тамырға ерітінділер құйып бастайды.
Эксикоз азайған, бірақ белгілері сақталған. Алғашқы регидратацияны қайталайды.
Эксикоз белгілері жоқ. Қолдаушы регидратация жүргізіледі. Әр 4 - 6 сағат сайын құсықпен, нәжіспен кеткен сүйыктық мөлшерін ауыз арқылы енгізеді. Бақылау парағына жоғалтқан сүйық мөлшерін жазып отырады. Қолдаушы регидратация диарея мен құсық тыйылғанша жүргізіледі.
Детоксикалық ем, фермент, витамин, симптомдық ем. Энтеросорбенттер (смекта карболен), бифидобактерин, лактобактерин.
Тамақтану. Ана сүті беріледі. Ол болмаса қышқыл сүт қоспаларын беруге болады. Майлы тағадар, қара нан, сиыр сүті, газдалған сусын бермеген жөн.
Жедел ішек жұқпалы ауруларының алдын алу үшін мейірбике жүргізетін шаралар.
Мейірбике жоспары
|
Орындалуы
|
1.Жедел ішек жұқпалы аурулары туралы тиісті орындарға хабарлау
|
- 058 форма бойынша СЭС ке хабарлау
- Мектепке және балалар бақшасына хабарлау
|
2. Науқасты оқшаулау
|
-Науқасты үйінде қалдыруға болады
-ауруханаға жатқызылса қорытынды дезинфекция жасау
|
3.Қатынаста болғандарға жүргізілетін шаралар
|
-барлық қатынаста болғандарды анықтау (мейірбике тізім жасайды)
- карантин мерзімі – 7күн
-тағы да ауырғанран науқас болса, карантин мерзімі ұзартылады.(карантин кезінде күнде термометрия, нәжісті тексереді, улану белгілерін қарайды)
- қатынаста болған балалардың барлығынан бактерологиялық зерттеуге тік ішектен нәжіс алынады.
- нәтижесі теріс болса, бала бақшаға жіберіледі
- нәтижесі оң болса, емдейді
|
4.Фекальдық – оральдық жолмен берілу мүмкіндігін жою
|
- Нәжісін залалсыздандандыру
- қоршаған ортаны ластанудан сақтандыру
- тарақан, шыбындарды жою
- науқас күтімінде хлорлы режімді сақтау
- күнделікті ылғалды тазалауды жүргізу
- жеке бас гигиенсын сақтаул
|
5.Қатынаста болған балалардың иммунитетін көтеру
|
- витамині мол құнарлы тамақтануын қадағалау
-салауатты өмір сүруді қадағалау
-әлсіз және жиі ауыратын балаларға иммунглобулин салу
|
Достарыңызбен бөлісу: |