Параличтік түріне тән клиникалық белгілер:
Паралич алды кезеңінде улану белгілері күшеюі, катаральдық белгілер әлсіздеу білініп, ішек бұзылыстарымен жүруі.
Аурудың 2 – 3 күндері менингеальдық синдромның байқалуы (басының ауыруы, құсу, гиперестезия, желке бұлшық еттерінің тартылуы, мойын, арқа, аяқ бұлшық еттерінің ауыруы, кейбір бұлшық ет топтарының еріксіз жиырылуы).
Парез, параличтердің дамуы. Бұл кезде:
дене температурасы қалыпқа келіп, улану белгілері азаяды;
жедел түрде бірнеше сағаттан 2 - 3 күн ішінде парез және параличтер дамиды;
бұлшық еттер біркелкі зақымданбайды (мозайка тәрізді);
ауыру синдромы болады, бірақ сезімталдығын жоғалтпайды;
бұлшық ет гипотониясы байқалады;
сіңір рефлексі болмайды немесе әлсіз білінеді;
бұлшық ет атрофиясы ерте басталады.
Паралич формаларының клиникалық ағымындағы ерекшеліктер
Спинальдық
|
Понтиндік
|
Бульбарлық
|
Аралас
|
Зақымданатын бұлшық еттер:
қол – аяқ;
мойын, арқа;
қабырға аралық,
көкет.
қабырға аралық бұлшық ет,
көкет зақымданғанда тыныс алу бұзылып, ауру ауыр ағымда жүреді
|
бет жүйкесінің ядросы зақымданып пайда болады:
беттің зақымдан – ған жарты бөлігінде амимия байқалады;
көзі жұмылмайды;
көзжасы жоқ.
Беттің сезімталдығы, дәм сезу сақталады
|
өмірлік маңызды қызметтер бұзылады: тыныс алу, қан – тамырлар орталығы зақымданады. Жиі өліммен аяқталады
|
Параличтің бірнеше түрі қосылады
|
Полиомиелиттің параличтік түрінде белсенді қозғалыстың қалпына келуі алдымен аз зақымданған бұлшық еттерде басталады, сосын қалған бұлшық еттерге таралады. Терең зақымданған бұлшық еттердің қимылы толығымен қалпына келмейді. Қалпына келу процесі алғашқы 6 айдың ішінде белсенді жүреді, сосын қарқыны баяулайды, бірақ тоқтамайды (жедел кезеңнен кейін 1 жылға дейін созылады).
Аурудың қалдық белгілері:
бұлшық ет атрофиялары;
буын контрактураларының дамуы;
сүйек деформациялары (табан т.б);
жас балалардың зақымданған қол – аяқтарының өсуі тежелуіі;
омыртқа жотасының деформациясы;
остеопороз.
Жедел полиомиелитте арнайы диагностикалық әдіс - вирусологиялық және серологиялық зерттеу болып табылады. Зерттеуге материалды (нәжіс, мұрын – жұтқыншақтан, ликвор аурудың алғашқы күндері алу керек.
Полиомиелиттің арнайы емі жоқ. Науқасқа физикалық, психикалық тыныштық күй қажет. Детоксикалық, дегидратациялық ем, прозерин, галантамин, В тобының дәрумендері, ауырғанын басатын дәрілер, жылыту процедуралары беріледі.
Массаж, емдік дене шынықтырудың контрактуралардың алдын алуда орны ерекше.
Достарыңызбен бөлісу: |