Сабақтың тақырыбы Зертханалық жұмыс «Тері сезімталдығын зерттеу»



Дата16.01.2022
өлшемі26,43 Kb.
#112481
түріСабақ
Байланысты:
Биология 8 ҚМЖ Тері сезімталдығын зерттеу
000358b5-adf7d0f0 (1), дипломмен ауылга баг бойынша қабылдангандар , Отравление лекарственными средствами,медикаментами и биологическими веществами (взрослые и дети), Ермахан ТОЭ, 6 сын КТП 2022-23, 11 БЖБ, Т және ИЖӘ, 5-1-готово, Саптық дайындық Т-2,сабақ-1


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3D Координация және реттелу


Мектеп:

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Зертханалық жұмыс «Тері сезімталдығын зерттеу»

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.1.7.8 терінің сезімталдығын зерттеу

Сабақтың мақсаттары

  • Тері сезімталдығын зерттеу



Бағалау критерийлері

  • Білек пен алақан, саусақ терісіндегі сезгіш рецепторлардың орналасу жиілігін салыстырады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

тері сезімталдығы ұғымына ауызша жазбаша түрде анықтама береді.

білек пен алақан, саусақ терісіндегі сезгіш рецепторлардың орналасу жиілігін анықтап, оның адамның тіршілігі үшін маңызын сипаттап түсіндіре алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Рецепторлар- Receptors

Терморецептор- thermoreceptors

Механорецептор- mechanoreceptors

Ноцицептор- nociceptors

Тактильді сезімталдық- tactile sensitivity

Температуралық сезімталдық- temperature sensitivity

Қолды тартып алу- pulling the arm



Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Алақан терісінде тері рецепторларының саны...болады.

Білек терісінде саусақ ұштарына қарағанда сезу рецепторлары...болады.

Саусақ ұштарында рецепторлар саны... себебі....



Құндылықтарды дарыту

Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділіқ, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.

Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс артқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.

Практикалық жұмыс кезінде түрлі манипуляцияларды меңгеру, дұрыс таңдау жасау, жобалау, бағалау, сыни ойлау, сынды қабылдау, сыни пікір айта білу, өз ісіне берілу құндылықтары дамытылады.


Пәнаралық байланыс

Ортаның физикалық факторлары, мысалы температура өзгерісі, қысымның әсерінің теріде сезілуі сияқты түсініктер қарастырылғанда физика пәнінен алған білімдер қолданылады.

Алдыңғы білім

8-сыныпта терінің құрылысын, терінің бөліпшығарудағы рөлі туралы және терінің сипап сезу мүшесі екендігін біледі.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин

Оқушылардан терінің құрылым бөліктерінің атқаратын қызметтерін сәйкестендіру тапсырмасын орындау сұралады. Оқушылар тапсырманы орындап болғаннан соң терінің тағы қандай қызметі болады деп сұрай отырып, сабақтың тері сезімталдығы туралы екеніне тоқталу қажет. Оқушылармен бірге тері не себептен сезімтал деп талқылау жүргізе отырып, сабақтың мақсаттарын анықтап бағалау критерийлері таныстырылады.

1-қосымша

1 -2 слайдтар

Көзді байлауға арналған тығыз мата, текстурасы әртүрлі ұсақ-түйек заттар


Сабақтың ортасы

4-17 мин

Оқушыларға тері сезімталдығының себебі неде болуы мүмкін екні туралы талқылау жүргізу тапсырылады. Оқушылар теріде әртүрлі рецепторлардың болатынын айтқан кезде рецептор дегеніміз не сұрағы қойылады. Оқушылар рецептор дегеніміз жүйке ұштары, нақтырақ айтар болсақ ең шеткі нейронның дендриттері болып табылатынын түсінулері тиіс.

Оқушылар тері рецепторлары туралы ақпаратпен танысады.

Қауіпсіздік техникасының ережелері ескертіледі.


2 - қосымша

3-7 слайдтар



18-30 мин

«Терінің сезімталдығын зерттеу» зертханалық жұмысын орындау.

Жұмыс барысы: Жұмыс жұпта орындалады.

1. Бір оқушының көзін тығыз матамен байлайды.

2. екінші оқушы Вебер эстезиометрін қолдың әртүрлі бөліктеріне бірдей арақашықтықтарда тигізеді. Қатты баспау қажет! Әрбір сезілген басуды санайды.

4. Екі тигізудің арасындағы арақашықтықты өлшеп, кестеге толтырады.


3- қосымша

мұқалған ине немесе қарындашының орнына екінші ине орналастырылған циркуль, болса Вебер эстезиометрі



31-36 мин

Оқушылардың зерттеу нәтижелері салыстырылып, қорытынды жасалады. Саусақ ұштарында тері сезімталдығы жоғары себебі онда ең көп сезілулер байқалды. Қолдың білегіне қарағанда алақандағы сезімталдық төмен/жоғары деп қорытынды жасайды.




Сабақтың соңы

37-40 мин



Кері байланыс

Сабақта маған….. түсінікті болды , өте қызықты өтті!

Сабақта маған ….қызықты болды, бірақ …. түсінуде қиналдым!

Сабақта маған …түсініксіз болды, қызықсыз болды!


8 слайд


Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Оқушыларға қосымша ақпараттар ұсыну арқылы (4-қосмыша)

Оқушылардың тері сезімталдығын зерттеу жұмысын кеңейту мақсатында терінің қолдан басқа бөліктерінің сезімталдығын зерттеу арқылы



Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Зертханалық жұмысты орындау дағдылары

Кесте толтырулары

Дұрыс қорытынды жасай алулары

Талқылаудағы жауаптары арқылы




Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Оқушыларға инемен жұмыс кезінде абайлап, инені көздің деңгейіне дейін көтермеу, басқаларға бағыттамау қажет екені ескертіледі.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет