Балалар аурулары Балалардың физикалық дамуы. Денсаулық топтары


Мейірбикелік араласудың жоспары



бет72/73
Дата24.12.2021
өлшемі1,23 Mb.
#104791
түріБағдарламасы
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73
Мейірбикелік араласудың жоспары

Негізделуі

1. Науқасты сарғайғаннан бастап 21 күнге оқшаулайды.

  • Жұқпаның таралуына жол берілмейді.

2. Науқастың нәжісін заласыздандыру.

  • Полиомиелиттің негізгі таралу жолы – нәжіс - ауыз жолы арқылы жұғудың алдын алады.

3. Хлорлы режим ұйымдастыру

  • Полиомиелит вирусы қоршаған ортада төзімді, заттарда ұзақ сақталады, «үшінші адам» арқылы жұғуы мүмкін.

4. «В» тобының дәрумендеріне бай тамақтармен қоректенуді қамтамасыз ету

  • «В» тобының дәрумендері жүйке жүйесінің жұмысын жақсартады, аурудан жазылып кетуін тездетеді.

5. Қол – аяқтың ортопедиялық дұрыс қалпын сақтау

  • Ауырсыну синдромын басады, контрактуралар дамуының алдын алады

6. Физикалық, психикалық тыныштық күйді ұйымдастыру. Физикалық күшті мөлшерлеу.

  • Зақымданған бұлшық еттерге күш түссе, паралич дамуы үдейді, атрофия да күшейеді..


Алдын алу. Полиомиелитпен күресте арнайы алдын алу негізгі орын алады. Тірі полиомиелиттік оральдық Сэйбин вакцинасын ауыз арқылы енгізеді. Вакцинаны қабылдағанға дейін 1 сағат, қабылдағаннан кейін 1 сағат еш нәрсе ішпейді, жемейді. Вакцинация 3 рет – 2, 3, 4 айында жасалады. Ревакцинация – 12 – 15 айында және 18 айында.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет