МА жоспары
|
МА орындалуы
|
1.Анықталған менингококты жұқпа ауруын керекті инстанцияларға хабарлау.
2.Қатынаста болғандар арасындағы шараларды ұйымдастыру.
3.Жұқпаның таралуына жол бермеу:
а) ауа - тамшы
4.Қатынаста болғандардардың иммунитетін көтеру
|
СЭС – қа хабарлау
Бала бақшаға хабарлау
Қатынаста болғандарды анықтау (науқаспен қатынаста болғандардың барлығының тізімін жазу)
Карантин 10 күнге жарияланады. (7 – 17 қараша). Карантинді 17 қарашада ошақта тағы жұқпа анықталмаса ғана алынады.
Бақыланады: балалардың дене температурасын тексеру, жұтқыншақты, теріні тексеру, катаральды және улану белгілерінің пайда болуын қадағалау.
Менингококқа жағынды алады.
Бак. зерттеудің нәтижесіне байланысты мына шаралар өткізіледі:
теріс нәтиже - ұжымға жіберіледі;
менингококты бактериотасымалдаушы – сульфаниламидтермен ем жүргізеді және мұрын және жұтқыншағына санация жасалып, ұжымға жіберіледі.
Науқастың үйінде күтім көрсетуде бетперде тағу режимін ұйымдастыру.
Үнемі ылғалды тазалау жұмысының жүргізілуін, бөлменің күніне 3 рет желдетілуін қадағалау.
Ересектерге, балаларға «жөтелу тәртібін» үйретіп, оның орындалуын қадағалау.
Науқасқа және қатынаста болғандарға күтім көрсетуде хлорлы режим ұйымдастыру.
Науқастың, қатынаста болғандардың жеке бас гигиенасын сақтауын қадағалау.
Витаминдерге бай тамақтармен қоректенуді қадағалау (жеміс – жидектер, табиғи шырындар).
Салауатты өмір сүруді ұйымдастыру.
Күн режимін сақтау.
|
Көкжөтел
Көкжөтел – булығып жөтелумен сипатталатын созылмалы ағымды жедел жұқпалы ауру.
Аурудың қоздырғышы Борде – Жангу таяқшасы. Ол қоршаған ортада төзімсіз, ұшпалы емес және экзотоксин бөледі. Экзотоксин тыныс жолдарын тітіркендіріп, булығып жөтелу пайда болады. ОЖЖ- нің тыныс орталықтарында доминантты қозу ошақтары пайда болып, кез – келген тітіркеніс (шу, жұтқыншақты қарау т.б) жөтел ұстамасын туғызады.
Аурудың таралу жолы – ауа – тамшы жолы. Көкжөтелге сезімталдық өте жоғары, тіпті өмірінің алғашқы күнінен бастап қабылдауы мүмкін.
Аурудың ағымын инкубациялық, катаральдық, булығып жөтелу, жазылу кезеңдеріне бөледі. Инкубациялық кезең 3 – 15 күнге созылады. Көкжөтелдің ерекшелігі: клиникалық белгілердің баяу басталып, 2 – 3 аптада өршуі.
Достарыңызбен бөлісу: |