Балалар аурулары Балалардың физикалық дамуы. Денсаулық топтары


Көкжөтелге тән клиникалық белгілер



бет40/73
Дата24.12.2021
өлшемі1,23 Mb.
#104791
түріБағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   73
Көкжөтелге тән клиникалық белгілер:

  • Құрғақ жөтел үдеп, булығып жөтелу ұстамасына ауысады. Булығып жөтел ұстамасынан кейін ысқырып дем алады. Мұны реприз деп атайды. Булығып жөтел ұстамасы түнде күшейеді және жабысқақ қақырық бөлінумен аяқталады немесе құсады (ауру жеңіл ағымда дамыса, құсу да сирек кездеседі).

Ескерту!

  • бала бір терең дем алғаннан кейін демі біткенше бірнеше рет жөтел қимылдарын жасайды;

  • реприз - булығып жөтелу ұстамасынан кейін ысқырып дем алу. Емшек жасындағы балаларда реприздің орнына апноэ – тыныс алудың тоқтауы байқалады.

  • Беттің ісінуі, склераға қан құйылу.

  • Тіл астында жара болуы (булықпа жөтел кезінде баланың тілі аузының сыртына шығып кетеді де тілі тісіне тиіп жарақаттанады), тіл ұшының жоғары көтерілуі.

  • Ұстама арасында бала жағдайының жақсы болуы.

Көкжөтел бронхит, отит, пневмониямен асқынуы мүмкін. Кейде тік ішектің түсіп кетуі байқалады, кіндік, шап жарықтары пайда болады.

Көкжөтел ауруынан кейін біраз уақыт жөтел кетпейді, әсіресе салқын тисе, физикалық күш түссе булығып жөтелу қайталанады.



Диагностика. Қанның жалпы сынамасында лейкоцитоз, лимфоцитоз, ЭТЖ - ның аздап жоғарылауы байқалады. Аурудың қоздырғышын табу үшін жұтқыншақтан шырышты бактериологиялық зерттеуге – «жөтел пластинкалары» әдісімен алынады. Бұл әдістің орынлалу тәртібі:

  • Көмекші баланы жарыққа қаратып отырғызады.

  • Шпатель көмегімен тіл түбірін басып, жөтел ұстамасын шақырады.

  • Қоректік ортасы бар Петри ыдысын ашып, баладан 5 – 10 см қашықтықта ұстайды.

  • 10 – 20 секундтан кейін Петри ыдысын жауып, жолдамамен баклабораторияға жібереді.

Емі. Көкжөтелдің арнайы емі - көкжөтелге қарсы иммуноглобулин егеді. Сонымен қатар антибиотиктер беріледі. Оттегі беру кеңінен қолданылады. Симптомдық ем жүргізіледі.

Көкжөтел анықталған жағдайда карантин шараларын өткізудегі мейірбикелік процестерді ұйымдастыру.

Мейірбикелік араласулардың мақсаты – көкжөтелдің таралуына жол бермеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет