«Балалар аурулары негіздері» модулі, «Балалар аурулары» пәні бойынша жм 4-курсқа арналған емтихан тест тапсырмалары: -балалар аурулары-1-28-2


-деңгей -Балалар аурулары -2-70-16-



бет3/5
Дата26.12.2023
өлшемі155,66 Kb.
#199303
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ззззз

2-деңгей
-Балалар аурулары -2-70-16-
#29
!3 айлық баласы бар әйел мазасыздыққа, тершеңдікке және дірілге шағымданды. Анамнезі: бала І жүктіліктен, І жедел босанудан туған. Туған кездегі салмағы 3500 г, бойы 55 см, Апгар шкаласы бойына бағасы 9/10 балл. Аралас түрде тамақтандырылуда. Қарап тексергенде, краниотабес, шүйде тұсының тақырлануы байқалады. Ішкі мүшелерде өзгеріс жоқ.
ЕҢ ықтимал алмасудың бұзылуы қайсы?
-пурин
- олигосахаридтер
-билирубин
-калий-натрий
+фосфор-кальций
#30
!12 жастағы қыз бала 3 жыл бойы базис-болюстық инсулинотерапия қабылдайды. Ол қант диабеті мектебінде оқыған, алайда диетаны бұзып, инсулин инъекцияларын өткізіп алады. Өзіндік бақылау кезінде, аш қарынға гликемия 8–9 ммоль/л, тамақтан кейін екі сағат өткенде - 11–15 ммоль/л шегінде болады. Соңғы кезде аяқтағы терінің түршігу сезімі туралы шағымдар пайда болды.
Қай көрсеткіштің жоғарлауы ЕҢ көп күтіледі?
-ГАД-қа қатысты аутоантиденелердің титрі
+гликолизирленген гемоглобин
-инсулинге қатысты аутоантиденелердің титрі
-инсулинге қарсы резистенттіліктің индексі
-шумақтық сүзілудің жылдамдығы
#31
!4 айлық баласы бар әйел мазасыздыққа, тершеңдікке және дірілге шағымданды. Анамнезі: бала І мерзіміне жеткен жүктіліктен, І жедел босанудан туған. Бала қараша айында дүниеге келген. Аралас түрде тамақтандырылуда. Қарап тексергенде, краниотабес, шүйде тұсының тақырлануы байқалады. Ішкі мүшелерде өзгеріс жоқ. Биохимиялық қан талдауы: жалпы фосфор – 1,6 ммоль/л, жалпы кальций – 2,7 ммоль/л, иондалған кальций – 1,55 ммоль/л.
Осы аурудың ЕҢ ерте белгілері қайсы?
-фосфордың зертханалық көрсеткіштері, туу маусымы, жасы
-кальцийдің зертханалық көрсеткіштері, емізу түрі, анамнез
-туу маусымы, жасы, анамнез
+краниотабес, шаштың түсуі, шағымдар
-жасы, емізу түрі, анамнез
#32
!8 жасар баланың екі апта ішінде шөлі, полиуриясы және тері құрғақтығы артады. Тәбетінің жоғары болуына қарамастан, 2 кг арықтаған. Баланың жағдайы орташа ауыр.
Балада ЕҢ ықтимал қай алмасу түрі бұзылған?
-ақуыз
-липид
-пурин
+көмірсу
-электролит
#33
!14 жастағы С. бала шөлге, жиі зәр шығаруға, дене салмағының 4 кг түсуіне қатысты шағымданады. Жалпы жағдайы ауыр. Тері және шырышты қабаттар құрғақ, аузынан ацетон иісі шығады. Өкпеде везикулярлық тыныс бар. Жүректің үндері бәсең, тахикардия 120 қағыс/минут. ҚҚ – 95/65 мм.сын.бағ. Іші кеуіп тұр, пальпация жасауға болады, жоғарғы жартысы аздап ауырады. Бауыр мен көкбауыр үлкейген жоқ. Тәулігіне 12 рет үлкен көлемде, ашық түсті зәр шығарады.
Ең ықтимал диагноз:
-жедел панкреатит
-жедел холецистит
-2 типтегі қант диабеті
+1 типтегі қант диабеті
-созылмалы гастродуодениттің асқынуы
#34
!2 жастағы қыз бала. Ауру 4 күн бұрын температураның жоғарылауымен, мұрынның ағуымен, құрғақ жөтелмен басталды. ЖРВИ-ге қатысты ем қабылдаған. Динамикада жағдайы нашарлады, демікпе пайда болды. Қарап тексергенде жағдайы ауыр болған. ТАЖ — 54/мин. Демі қатты шығады, алыстан естіледі. Өкпесінде қорапты дыбыс бар, тынысы қатты, көптеген құрғақ ысқырықты сырылдар бар.
ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
-жедел трахеит
- жедел бронхит
- жедел пневмония
- жедел бронхиолит
+жедел обструктивті бронхит
#35
!6 айдағы ұл бала. 38,9 °С дейінгі температураның жоғарылауына, қақырықты жөтелге, демікпеге шағымдар бар. Ауру 3 күн бұрын мұрынмен тыныс алудың қиындауымен, құрғақ жөтелмен, сосын демікпеден басталған. Қарап тексергенде: шулы тыныс алу, экспираторлық демікпе, булықпа және пайдасы аз жөтел, ТАЖ 76/мин, өкпеде - қатты тыныс, тыныс шығарғанда құрғақ ысқырықты және орташа көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі.
Ысқырықты сырылдар дамуының ЕҢ ықтимал генезі қайсы?
-экссудативті компоненттің азаюы
-бронхтық өткізгіштіктің жақсаруы
+бронхтағы ауаның турбулентті қозғалысы
-ең ұсақ бронхтардың эпителий гипоплазиясы
-өкпеқап ішілік қысымның азаюы
#36
!2 жастағы ұл бала. Дене температурасының жоғарылауына, жөтелге шағымдар бар. 7 күн бұрын мұрыннан шырыш аға бастаған, жөтел пайда болды. Симптоматикалық терапия кезінде жағдайы жақсарған. Алайда 6-күні 38,8°С дейін гипертермия байқала бастаған, жөтелі күшейе түсті. Қарап тексергенде: бозару, периоральды цианоз, қосалқы бұлшықеттердің қатысуымен демікпе, ТАЖ 58/мин, өкпесінде - перкуссиялық дыбыстың қорапты үні, оң жақтағы жауырын аралық аймақта - көмескілену аймағы, тыныс шыңында ұсақ көпіршікті сырылдар және крепитация бар.
ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
-жедел бронхит
+ауруханаішілік пневмония
-жедел бронхиолит
-бронх демікпесі
- жедел обструктивті бронхит
#37
!8 жастағы ұл бала. Жөтелге, 38°С дейін температураның жоғарылауына, сылбырлыққа шағымданады. Бір апта бойы ЖРВИ клиникасы байқалған, жақсару аясында - тағы температура көтерілген, жағдайы нашарлаған. Қарап тексергенде: айқын интоксикация симптомдары, ТАЖ 44/мин, өкпенің оң жақ жауырын асты аймағында - өкпе дыбысының қысқаруы, тыныстың әлсіреуі, ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар бар. R-грамма: өкпенің төменгі оң жағында ошақтық инфильтративті өзгерістер бар.
ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
-жедел бронхит
-жедел бронхиолит
-бронх демікпесі
+оң жақты ошақты пневмония
-жедел обструктивті бронхит
#38
!8 жастағы ұл бала. Жөтелге, 38°С дейін температураның жоғарылауына, сылбырлыққа шағымданады. Бір апта бойы ЖРВИ клиникасы байқалған, жақсару аясында - тағы температура көтерілген, жағдайы нашарлаған. Қарап тексергенде: айқын интоксикация симптомдары, ТАЖ 44/мин, өкпеде - өкпе дыбысының қысқаруы, тыныстың әлсіреуі, ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар оң жақ жауырын аймағында естіледі. R-грамма: оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде ошақтық инфильтративті өзгерістер бар.
Осы жас тобындағы ЕҢ жиі кездесетін қоздырғыштар қайсы?
-хламидиялар
-микоплазмалар
+пневмококтар
-стрептококтар
-стафилококтар
#39
!7 жастағы қыз бала. Госпитализация қарсаңында температура 39,0°С дейін көтерілген, бас ауруы, жанға бататын құрғақ жөтел, кеуде қуысының ауыруы болған. Қарап тексергенде: тері бозарған, «мәрмәрлі» өрнегі бар, ТАЖ 32/мин, кеуде қуысы ісінген, тыныс алу кезінде оң жақ жартысы артта қалып қояды. Өкпеде - оң жақта дыбыс бәсеңдеген, тынысы әлсіреген, сырыл жоқ. Жүрек қағысы 110/мин. R-грамма: оң жақ өкпенің VIII және IX сегменттерінде қарқынды күңгірттену бар.
ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
-жедел бронхит
+сегментарлы пневмония
-жедел бронхиолит
-бронх демікпесі
-жедел обструктивті бронхит
#40
!7 жастағы қыз бала. Госпитализация қарсаңында температура 39,0°С дейін көтерілген, бас ауруы, жанға бататын құрғақ жөтел, кеуде қуысының ауыруы болған. Қарап тексергенде: тері бозарған, «мәрмәрлі» өрнегі бар, ТАЖ 32/мин, кеуде қуысы ісінген, тыныс алу кезінде оң жақ жартысы артта қалып қояды. Өкпеде - оң жақта дыбыс бәсеңдеген, тынысы әлсіреген, сырыл жоқ. Жүрек қағысы 110/мин. R-грамма: оң жақ өкпенің VIII және IX сегменттерінде қарқынды күңгірттену бар.
Қан анализіндегі ЕҢ тән өзгерістер қандай?
-лейкоцитоз, лимфоцитоз, ЭТЖ төмендеуі
-лейкопения, лимфопения, ЭТЖ төмендеуі
-лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ төмендеуі
-лейкоцитоз, лимфоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы
+лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ жоғарылауы
#41
!5 жастағы ұл бала. Ауру 39,4°С дейінгі гипертермиядан жедел басталған, динамикада жанға бататын, пайдасы аз жөтел, оң жақтағы ауырсыну байқала бастаған. Қарап тексергенде: бозару, ыңырсыған тыныс, демікпе мен кеуде қуысының жұмсақ жерлерінің тартылып кіруі, аяқтарын бүгіп оң жақ бүйірдегі күй, тыныс алу кезінде кеуде қуысының оң жартысы артта қалып қояды. Өкпеде - оң жақтағы төменгі бөліктерде перкуссиялық дыбыс қысқарады, тыныс әлсірейді, сырыл жоқ. ТАЖ 42/мин. Жүрек үндері бәсең, жүрек қағысы - 120/мин.
ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
-жедел бронхит
+бөліктік пневмония
-жедел бронхиолит
-бронх демікпесі
-жедел обструктивті бронхит
#43
!5 айдағы қыз бала. Демікпеге, жөтелге шағым бар. Анамнезден белгілі болғандай, жаңа туған кезде баланың басылмайтын конъюнктивиті болған. Қазіргі ауру 2 ай бұрын жөтелмен басталған, динамикада демікпе пайда болған. Антибиотикпен (пенициллин, кефзол, гентамицин) емдеу нәтиже бермеген. Қарап тексергенде: демікпе мен кеуде қуысының жұмсақ жерлерінің тартылып кіруі, ТАЖ 58/мин, булықпа жөтел, өкпеде - қорапты үні бар өкпелік дыбыс, қатты тыныс, ылғалды ұсақ және орташа көпіршікті сырылдар, көбінесе оң жағында.
Осы аурудың ЕҢ ықтимал қоздырғыштары қайсы?
+хламидиялар
-микоплазмалар
-пневмококтар
-стрептококтар
-стафилококтар
#43
!5 айдағы қыз бала. Демікпеге, жөтелге шағым бар. Анамнезден белгілі болғандай, жаңа туған кезде баланың басылмайтын конъюнктивиті болған. Қазіргі ауру 2 ай бұрын жөтелмен басталған, динамикада демікпе пайда болған. Антибиотикпен (пенициллин, кефзол, гентамицин) емдеу нәтиже бермеген. Қарап тексергенде: демікпе мен кеуде қуысының жұмсақ жерлерінің тартылып кіруі, ТАЖ 58/мин, булықпа жөтел, өкпеде - қорапты үні бар өкпелік дыбыс, қатты тыныс, ылғалды ұсақ және орташа көпіршікті сырылдар, көбінесе оң жағында.
Осы ауру кезіндегі ЕҢ ықтимал жұқтыру жолы қайсы?
+интранаталдық
-контактілі-тұрмыстық
-фекалды-ауыздық
-трансплацентарлық
-ауа-тамшылы
#44
!1 жас 3 айдағы ұл бала. Анамнезден баланың 3 апта бойы ауырғаны, қызылшаға қарсы вакцина егу аясында безгек, демікпе, қашықтықтық сырылдар, құсу жағдайлары байқала бастағаны белгілі болды. Қарап тексергенде: сылбырлық, периоральды цианоз, көбікті жөтел. ТАЖ 80/мин. Өкпеде - қатты тыныс, ұсақ көпіршікті сырылдар. R-грамма: ошақтық тұтасқан көлеңкелер («жайылмалы өкпе»).
Осы аурудың ЕҢ ықтимал қоздырғышы қайсы?
-хламидиялар
-микоплазмалар
-пневмококтар
-стрептококтар
+пневмоцистер
#45
!5 жастағы қыз түнде тынысы тарылып, «ысқырықты» тынысқа байланысты оянды. Қарап тексергенде: тыныс шығару қиындығы, ТАЖ 45/мин, жүрек қағысы 120/мин. Өкпеде - қорапты дыбыс, әлсіреген тыныс, бүкіл өкпе бетінің үстінде құрғақ ысқырықты сырылдар бар. Бір жасқа толғанша балада тамақ аллергиясының белгілері болған, сосын бұған дәрілік аллергия, аллергиялық ринит қосылған. Жағдай бірінші рет орын алған.
ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
-жедел трахеит
-жедел ларингит
-жедел бронхиолит
+аллергиялық бронх демікпесі
-жедел обструктивті бронхит
#46
!6 жастағы қыз бала. Булықпа жөтелге, ысқырықты тынысқа, демікпеге шағымдар бар. Анамнезде: 4 айдан бастап атопиялық дерматит, кейін өздігінен тоқтаған, мезгіл-мезгіл қысқа мерзімді тұншығу ұстамалары болған; ананың поллинозы болған. Нағыз ұстама мысықпен байланысқа түскен кезде пайда болған. Қарап тексергенде: құрғақ жөтел, бет терісінің түлеуі, ысқырықты тыныс, ТАЖ 34/мин, өкпеде - қорап үнді перкуссиялық дыбыс, көптеген құрғақ ысқырықты сырылдар бар.
ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
+бронх демікпесі, аллергиялық
-жедел пневмония
-созылмалы бронхит
-созылмалы пневмония
-созылмалы тығындалушы бронхиолит
#47
!6 жастағы қыз бала. Булықпа жөтелге, ысқырықты тынысқа, демікпеге шағымдар бар. Анамнезде: 4 айдан бастап атопиялық дерматит, кейін өздігінен тоқтаған, мезгіл-мезгіл қысқа мерзімді тұншығу ұстамалары болған; ананың поллинозы болған. Нағыз ұстама мысықпен байланысқа түскен кезде пайда болған. Қарап тексергенде: құрғақ жөтел, бет терісінің түлеуі, ысқырықты тыныс, ТАЖ 34/мин, өкпеде - қорап үнді перкуссиялық дыбыс, көптеген құрғақ ысқырықты сырылдар бар.
Зерттеудің ЕҢ ақпаратқа толы әдіс қайсы?
+спирометрия
-флюрография
-бронхоскопия
-рентгенография
-компьютерлік томография
#48
!9 жасар бала мектептегі сыныптасымен жанжалдасу кезінде кенет ұстамаға тап болып, оған қоса құрғақ, ауыр жөтел, демікпе, тыныс шығаруы қиындаған шулы тыныс пайда болған. Баланың тамақ аллергиясы, анасының бронх демікпесі бар. Жедел жәрдем бригадасының дәрігері бронх демікпесі диагнозын қойды.
Осы ауру кезінде обструкцияның ЕҢ ықтимал генезисі қайсы?
-бронхтардың шырышты қабығының ісінуі
-бронх саңылауының сөлмен бітелуі
-бронх саңылауының ісікпен бітелуі
+бронхтардың тегіс бұлшықетінің спазмы
-бронх саңылауының бөгде денемен бітелуі
#49
!4 айлық бала ТАЖ 84/мин тыныс алу жеткіліксіздігіне байланысты ауыр халде емханаға түсті. Тынысы шулы, алыстан естіледі, эксикозды токсикоз. Өкпенің үстінде тимпанит, аускультативті түрде – дем шығарудың созылуы және қиындығы. Барлық өрістерде ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар бар. Гемограммада: лейкоцитоз.
Ең ықтимал диагноз:
-жедел пневмония
-обструктивті бронхит
+жедел бронхиолит
-жедел бронхит
-жедел плеврит
#50
!10 жасар бала педиатрдың «Д» есебінде қай диагнозбен тұрады? «Туа біткен жүрек ақауы». Қаралған кезде шағым айтпайды. Физикалық жетілуі жасына сәйкес келеді. Қарап тексергенде: шыңдағы түрткі және жүрек шекаралары өзгермеген. Аускультация кезінде төстің сол жағындағы III-IV қабырғааралық кеңістікте систолалық шу бар.
Ең ықтимал диагноз:
-жүрекше аралық қалқадағы ақау
+қарынша аралық қалқадағы ақау
-Фалло тетрадасы
-ашық аорталық өзек
-аорта коарктациясы
#51
!3 жастағы ұл бала. Физикалық жетілу жағынан артта қалып қойған. Терісі бозарған. Жүректің шекаралары көлденең және жоғары қарай кеңейтілген. Шыңдағы түрткі жайылған, көтерілген және төмен ығысқан. Төстің сол жағында III-IV қабырға аралық кеңістікте систолалық діріл және ұзақ систолалық шу бар.
Ең ықтимал диагноз:
-ашық күретамырлы өзек
-жүрекше аралық қалқадағы ақау
-өкпе артериясының оқшауланған стенозы
-аорта коарктациясы
+қарынша аралық қалқадағы ақау
#52
!3 жастағы ұл бала. Демікпе ұстамасына және терінің, еріннің, көз склерасының көгеруіне шағым бар. Объективті түрде: қол мен аяқ ұштары фалангаларының цианотикалық түсі. Жүрек: өкпе артериясында II тонның әлсіреуі, төстің сол жақ шетіндегі қысқа, дөрекі систолалық шу бар. Жүрек ақауының болжалды нұсқасы:
+Фалло тетрадасы
-қарынша аралық қалқадағы ақау
-аорта коарктациясы
-ашық күретамырлы өзек
-жүрекше аралық қалқадағы ақау
#53
!6 жасар балада – шаршағыштық, жүрек қағысының күшеюі, сол жақтағы 2-ші қабырға аралық кеңістікте діріл, төстің сол жағындағы 2-ші қабырға аралық кеңістікте систолалық-диастолалық шу, ЭКГ-да – V1 және V2 тісшесінің өкпелік тарамдарында P тісшесінің жоғары болуы, рентгенограммада – кіші қанайналым шеңберінің гиперволемиясы, сол жақ қарыншаның ұлғаюы бар.
Ең ықтимал диагноз:
-өкпе артериясының стенозы
-қарынша аралық қалқадағы ақау
-жүрекше аралық қалқадағы ақау
-субаорталық стеноз
+ашық күретамырлы өзек
#54
!1 жастағы ұл бала. Объективті түрде: бозарған. Жүректің шекаралары; оң жағы пастернальды сызық бойынша, жоғарғы - II қабырға аралығында, сол жақ -2,5см ортаңғы бұғана сызығымен ішке қарай кеңейтілген. Төстің сол жағындағы II қабырға аралық кеңістікте – жүрек пен мойын тамырларының сыртына өтетін систолалық-диастолалық «машиналық» шу бар.
Ең ықтимал диагноз:
-жүрекше аралық қалқадағы ақау
-қарынша аралық қалқадағы ақау
-Фалло тетрадасы
+ашық күретамырлы өзек
-аорта коарктациясы
#55
!12 жастағы ұл бала. Күш түскенде демікпеге, жүрек тұсындағы шаншуларға, әлсіздікке шағым бар. ЖРВИ-ден кейін бір апта өткенде жедел ауырып қалған. Объективті түрде: бозарған. Жүректің шекаралары Жүректің шекаралары; оң жағы пастернальды сызық бойынша, жоғарғы - II қабырға аралығында, сол жақ -2,5см ортаңғы бұғана сызығымен ішке қарай кеңейтілген.Тондары бәсең, тахикардия, жеке-дара экстрасистолалар. ЖҚТ-да ерекшеліктер жоқ. ЭКГ-да – жеке-дара экстрасистолдар, тістер вольтажының төмендеуі.
Ең ықтимал диагноз:
-ревматизмдік безгек
-артериалық гипертензия
-жедел перикардит
+жедел миокардит
-артериалық гипотензия
#56
!8 жастағы қыз бала. Жүрек тұсындағы ауырсынуға, жүрек қағысына шағымдар бар. Екі апта бұрын ЖРВИ-мен ауырған. Қарап тексергенде: Жүректің шекаралары; оң жағы пастернальды сызық бойынша, жоғарғы - II қабырға аралығында, сол жақ -2,5см ортаңғы бұғана сызығымен ішке қарай кеңейтілген. Жүрек үндері бәсең. Үстіде жұмсақ систолалық шу, ретсіз экстрасистолалар бар. ҚҚ – 90/60 мм сын. бағ.
Ең ақпаратқа толы зерттеу қайсы?
-электрокардиография
+эхокардиография
-фонокардиография
-жүрек рентгенографиясы
-спирография
#57
!8 жастағы қыз бала. Жүрек тұсындағы ауырсынуға, жүрек қағысына шағымдар бар. Екі апта бұрын ЖРВИ-мен ауырған. Қарап тексергенде: Жүректің шекаралары; оң жағы пастернальды сызық бойынша, жоғарғы - II қабырға аралығында, сол жақ -2,5см ортаңғы бұғана сызығымен ішке қарай кеңейтілген. Жүрек үндері бәсең. Үстіде жұмсақ систолалық шу, ретсіз экстрасистолалар бар. ҚҚ – 90/60 мм сын. бағ.
Қандағы ненің деңгейін анықтау ең көп ақпарат береді?
-антистрептолизин-О титрі
-антистрептокиназа титрі
+креатинфосфокиназа
-аланинаминотрансфераза
-сілтілі фосфатаза
#58
!7 жастағы қыз бала. Ангинамен ауырғаннан кейін 12 күн өткенде екі тізе буыны да ісініп, ауыра бастаған. Температура 38-ге дейін көтерілді. 3 күннен кейін бұл белгілер жойылды. Қарап тексергенде: дене мен иықтың терісінде аннулярлық бөртпе бар. Пульс бәсең, жиілеген. ЖСС -122 мин. Жүрек тондары жүрек ұшында I- тон әлсіреген, үрмелі систолалық шу. ЭТЖ – 45 мм/сағ.
Ең ықтимал диагноз:
-реактивті артрит
-жүйелік қызыл жегі
-геморрагиялық васкулит
-жедел миокардит
+жедел ревматизмдік безгек
#59
!8 жастағы ұл бала. Жедел түрде ауырып қалды: ангинадан кейін 10–12 күн өткенде, тізе буындары ісініп, содан кейін табан буындары да ісінген. Кардит көрсеткіштері. Жамбас пен иықтың ішкі беттерінде сақина тәрізді эритема бар. ЭТЖ – 55 мм/сағ.
Ең ықтимал диагноз:
-жедел миокардит
-жүйелік қызыл жегі
+жедел ревматизмдік безгек
-реактивті артрит
-геморрагиялық васкулит
#60
!12 жастағы қыз бала. Тізе буындарының ісінуіне және ауыруына шағымдар бар, 37,5ºС дейін қызу артқан. Ангинамен ауырғаннан кейін 2 апта өткенде ауырған. Бозарған, буындары ісінген, қозғалыстары ауыртады. Жүрек үндері бәсең, үстіде систолалық үрлейтін шу, тахикардия бар. Рентгенограммада: кардиомегалия.
Ең ықтимал диагноз:
-геморрагиялық васкулит
-жедел миокардит
+жедел ревматизмдік безгек
-жүйелік қызыл жегі
-бруцеллез, полиартрит
#61
!12 жастағы қыс бала. Оң жақ тізе буынындағы ауырсыну, әлсіздік мазалайды. Анамнезде: жиі ангиналар болған. Кезекті ангинадан кейін: субфебрилитет, тізе буындарының артриті. Жүректің шекаралары; оң жағы пастернальды сызық бойынша, жоғарғы - II қабырға аралығында, сол жақ -2,5см ортаңғы бұғана сызығымен ішке қарай кеңейтілген. Үстіде I-үн әлсіреген, систолалық үрлейтін шу.
Ең ықтимал диагноз:
-инфекциялық эндокардит
-қарынша аралық қалқадағы ақау
+жедел ревматизмдік безгек
-қос жармалы қақпақшаның стенозы
-реактивті артрит
#62
!6 жастағы қыз бала. Көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге қарсы вакцинациядан кейін 3 күн өткенде іштің ауыруы, құсу, гипертермия пайда болған. Қарап тексергенде: бозару, дене температурасы 38,5°С, тілде ақ қабат түзілген. Іші жұмсақ, ауырады, бауыры қабырға доғасының шетінің астынан 2 см шығып тұр, эластикалы, қозғалмалы, ауырсынусыз, қыры жұмырланған. Көкбауыр пальпация кезінде сезілмейді. Бөкседе және буын айналасында папулездік-геморрагиялық бөртпе бар.
Ең ықтимал диагноз:
-гемофилия
-жедел лейкоз
-Виллебранд ауруы
+геморрагиялық васкулит
-иммунды тромбоцитопениялық пурпура
#63
!Хирургиялық бөлімге тізе буынының ісінуіне байланысты 2 жасар қыз жеткізілді, бір апта бұрын және бір жыл бұрын екі рет мұрыннан қан кеткен. Әжесі мен нағашы апайы жоғары қанағыштықпен ауырады. Қарап тексеру кезінде сирақтың терісінде, мойында, кеудеде көгерулер байқалды. Оң жақ тізе буыны ісінген, ауырады, периартикулярлы жұмсақ тіндерге қан кетеді. Эритроциттер 3,2х10х12/л, Нв 90 г/л, лейкоциттер 11,0х10х9/л, ЭТЖ 22 мм/сағ, тромбоциттер 280х10х9/л.
Ең ықтимал диагноз:
-гемофилия
-жедел лейкоз
-Шенлейн-Генох ауруы
+Виллебранд ауруы
-иммундық тромбоцитопениялық пурпура
#64
!3 жастағы бала. Тежелген, сылбыр, тәбеті жоқ, іші қатады. Балшық, топырақ жейді. Езулерінде ауыздықтар бар. Аускультативті түрде - жүректің үстіңгі жағында систолалық шу, 1 тарсылдаған үн бар. Қандағы эритроциттер 2,1х10х12/л, Нв 74 г/л. ОЖСС -103мкмоль/л. Сарысулық ферритин -5мкг/л. Сарысулық темірдің көрсеткіші- 6,2мкмоль/л.
Ең ықтимал диагноз:
-Фанкони анемиясы
-Гемолитиялық анемия
+Темірдефициттік анемия
-постеморрагиялық анемия
-Минковский-Шоффар анемиясы
#65
!5 жастағы ұл баланың аяқтарында ЖРВИ-ден кейін бір апта өткенде симметриялық ұсақ
папулездік бөртпе пайда болып, геморрагиялық сипат алды. Қарап тексергенде: тізе мен табан буындарының
ісінуі және ауыруы болған. Қарны жұмсақ, ауырмайды. Бауыр мен көкбауыр үлкейген жоқ.
Ең ықтимал диагноз:
-апластикалық анемия
-жедел лейкоз
-тромбоцитопатия
+геморрагиялық васкулит
-Виллебранд ауруы
#66
!1 жастағы ұл бала. Құлағаннан кейін басында үлкен гематома пайда болып, мұрыннан мол қан аға бастаған. Нағашы ағасы бала кезінен буын ауруынан зардап шегеді, мүгедек. Немере ағасы 3 жасында миына қан кетуден қайтыс болған.
Ең ықтимал диагноз:
-тромбоцитопатия
-геморрагиялық васкулит
-Виллебранд ауруы
-жедел лейкоз
+гемофилия
#67
!6 жастағы қыз бала. Көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге қарсы вакцинациядан кейін 3 күн өткенде іштің ауыруы, құсу, гипертермия пайда болған. Қарап тексергенде: бозару, дене температурасы 38,5°С, тілде ақ қабат түзілген. Іші жұмсақ, ауырады, бауыры қабырға доғасының шетінің астынан 2 см шығып тұр, эастикалық, ауырсынусыз, шеті жұмарланған. Көкбауыр пальпация кезінде сезілмейді. Бөкседе және буын айналасында папулездік-геморрагиялық бөртпе бар.
Зерттеудің ЕҢ ақпаратқа толы әдіс қайсы?
-миелограмма
-коагулограмма
-биохимиялық қан талдауы
-иммунологиялық қан талдауы
+жалпы қан талдауы (толық)
#68
!6 жастағы қыз бала. Көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге қарсы вакцинациядан кейін 3 күн өткенде іштің ауыруы, құсу, гипертермия пайда болған. Қарап тексергенде: бозару, дене температурасы 38,5°С, тілде ақ қабат түзілген. Іші жұмсақ, ауырады, бауыры қабырға доғасының шетінің астынан 2 см шығып тұр, эластикалы, қозңалмалы, ауырсынусыз, шеті жұмарланған. Көкбауыр пальпация кезінде сезілмейді. Бөкседе және буын айналасында папулездік-геморрагиялық бөртпе бар.
Қай мамандардың бақылауы ЕҢ дұрыс болады?
+педиатр және хирург
-дерматолог және хирург
-гастроэнтеролог және хирург
-педиатр және гастроэнтеролог
-гастроэнтеролог және дерматолог
#69
!5 жастағы ұл бала. Іштің толғақ тәрізді ауыруына, жүректің айнуына, құсуына, терідегі бөртпелерге, табан буынының ісінуіне шағымданды. Қарап тексергенде: аяқтың терісінде, көбінесе табан буыны айналасында симметриялық геморрагиялық бөртпе бар. Іш ауырады, алдыңғы құрсақ қабырғасы бұлшық еттерінің сіресуі байқалды. Нәжісте қан бар.
Ең ықтимал диагноз:
-гемофилия
-жедел лейкоз
-Виллебранд ауруы
+геморрагиялық васкулит
-иммундық тромбоцитопениялық пурпура
#70
!5 жастағы ұл бала. Іштің толғақ тәрізді ауыруына, жүректің айнуына, құсуына, терідегі бөртпелерге, табан буынының ісінуіне шағымданды. Қарап тексергенде: аяқтың екі жағындағы терісінде, көбінесе табан буыны айналасында геморрагиялық бөртпе бар. Іш ауырады, алдыңғы құрсақ қабырғасы бұлшық еттерінің сіресуі байқалды. Нәжісте қан бар.
Қандай маманның кеңесін алған ЕҢ дұрыс болады?
+хирург
-дерматолог
-ревматолог
-инфекционист
-гастроэнтеролог
#71
!7 жастағы ұл бала. Тіс жұлынғаннан кейін ұзақ уақыт бойы қанның кетуіне шағым бар. Анамнезде: нағашы ағасы мен апайы, сонымен қатар баланың анасы қанағыштықпен ауырады (мезгіл-мезгіл мұрыннан, қызыл иектен мол қан кетеді, сондай-ақ болмашы жарақат кезінде ұзақ қан кетеді). Бір жастан бастап балада мұрыннан жиі қан кету, тез көгеру жағдайлары байқалады.
Диагнозды нақтылау үшін ЕҢ ақпаратқа толы көрсеткіштер қайсы?
-V фактордың деңгейі + тромботест
+VIII фактордың деңгейі және тромбоциттердің сипаттары
-VII фактордың деңгейі және протромбин индексі
-VI фактордың деңгейі және фибринолитикалық белсенділік 
-IX фактордың деңгейі + плазманың гепаринге қарсы төзімділігі
#72
!7 жастағы ұл бала. Тіс жұлынғаннан кейін ұзақ уақыт бойы қанның кетуіне шағым бар. Анамнезде: нағашы ағасы мен апайы, сонымен қатар баланың анасы қанағыштықпен ауырады (мезгіл-мезгіл мұрыннан, қызыл иектен мол қан кетеді, сондай-ақ болмашы жарақат кезінде ұзақ қан кетеді). Бір жастан бастап балада мұрыннан жиі қан кету, тез көгеру жағдайлары байқалады.
Ең ықтимал зертханалық өзгерістер қайсы?
-қан ұю уақытының қысқаруы
+қан ұю уақытының ұзаруы
-қан кету ұзақтығының қысқаруы
-протромбин индексінің азаюы
-фибриноген деңгейінің азаюы
#73
!6 айдағы ұл бала. Тіл жүгеншігі кесіленнен кейін 6 сағат өткенде қатты қан кету басталды. Анамнезде: туғанда балада кефалогематома; нағашы атасында жоғары қанағыштық болған. Қарап тексергенде: бозарған, тізеде кішігірім көгеру болған. Қан талдауында: эритроциттер - 3,5х1012/л, Нb - 110 г/л, лейкоциттер - 6,0х109/л, ЭТЖ - 4 мм/сағ, ұю уақыты - басы 12-мин, соңы - 20-мин.
Зерттеудің ЕҢ ақпаратқа толы әдісі қайсы?
-миелограмма
+қан ұю факторларын анықтау
-жалпы қан талдауы
-биохимиялық қан талдауы
-тромбоциттердің ристоцетинмен агрегациясы бойынша сынақ
#74
!6 жастағы ұл бала. мұрыннан қан кетуіне, аяқтарында көптеген көгерулер мен нүктелі қан құйылуларына шағымданды. 3 күн бұрын - дифтерия мен сіреспеге қарсы ревакцинация жасалды. Қарап тексергенде денесінде асимметриялы петехия мен көгерулер, көздің ішкі тор қабығынақан құйылулар байқалады. Қан ағу ұзақтығы - 16 мин.
ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
-гемофилия
-жедел лейкоз
-Виллебранд ауруы
-геморрагиялық васкулит
+иммундық тромбоцитопениялық пурпура
#75
!8 жасар қыз бала емханаға беті ісіп, зәрдің мөлшері азайған. Анамнезде: ЖРВИ-ден кейін 7 күн бойы ауырып жүр. 6-күні ісінулер пайда болған, олигурия, несептіңтүсі қою-қоңыр, бұлдыр. Баланың жағдайы ауыр. Бетінде анық ісіну белгілері бар, терісі бозарған таза. Зәр анализінде келесі өзгерістер анықталды: меншікті салмағы 1010, зәрдің түсі қою қоңыр, ақуыз 3,6 г/л, лейкоциттер 3-3 к.а., эритроциттер – 0-1 к.а.
ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
-жедел цистит
-жедел гайморит
-жедел нефритикалық синдром
+жедел нефротикалық синдром
-қуық-зәрағар рефлюксі
#76
!11 жастағы ұл бала іші және белі ауырады, беті, аяқтары ісіп тұр, зәр түсінің «ет шайындысы» болып өзгерген деп шағым айтады. Жалпы жағдайы ауыр. Терісі мен шырышты қабықтары таза, беті мен сирақта бірқалыпты ісінулер бар. Өкпеде везикулярлық тыныс бар. Жүректің үндері бәсең, тахикардия 120 қағыс/минут. ҚҚ – 130/95 мм сын. бағ., ЖҚТ анализдерінде: меншікті салмағы 1010, зәрдің түсі «ет шайындысы», ақуыз 1,9 г/л, лейкоциттер 2-3 к.а., эритроциттер – 0-1 к.а.
Ең ықтимал диагноз:
-жедел цистит
-жедел гайморит
+жедел нефритикалық синдром
-жедел нефротикалық синдром
-қуық-зәрағар рефлюксі
#77
!Ер бала 3 жаста, клиникаға бетінің ісінуіне шағымданып түсті. Анамнезінен: ЖРВИ-дан кейін 7 күннен кейін ауырған. 7 күні ісінулер, олигурия, зәрдің қою-қоңырболуы байқалған. Жалпы жағдайы ауыр. Бетінде, аяғында айқын ісінулер, тері қабаты боз. Б/х қан анализінде: жалпы ақуыз-39г/л, креатинин -130мкмоль/л,ЖЗА: салыст тығ-1010, зәр түсі қою-қоңыр, ақуыз-3,9г/л, лейкоциттер-2-3 к/а, эритроциты –0-1 в к/а.
Қандай диагноз мейілінше ықтимал?
-уросепсис
-жедел цистит
-жедел гайморит
-жедел нефритикалық синдром
+жедел нефротикалық синдром
#78
!Қыз бала 6 жаста клиникаға беттің және балтырдың ісінуімен түскен. Анамнезінен: ЖРВИ-дан кейін 7 күннен кейін ауырған. 7 күні ісінулер, олигурия, зәрдің қою-қоңырлануы байқалған. Жалпы жағдайы ауыр. Бетінде, аяғында айқын ісінулер, тері қабаты боз. Б/х қан анализінде: жалпы ақуыз– 44г/л, креатинин -150мкмоль/л. Зәр анализінде келесі өзгерістер анықталады: салыс тығы 1010, зәр түсі қою-қоңыр, ақуыз-3,9г/л, лейкоциттер-2-3 к/а, эритроциты –0-1 в к/а.
Қандай қосымша зерттеу әдісін тағайындау қажет:
-бүйрек УДЗ
-коагулограмма
-липидтер фракциясы
+тәуліктік протеинурия
-зәр қалдығының микроскопиясы
#79
!1,5 жастағы балада интоксикация, қызба анықталады. Дене қызуы 3 күн бойы 38,9-39С көтерілген. Жалпы зәр анализінде– салыс тығ 1020, зәр түсі қою қоңыр, ақуыз-0,03 г/л, лейкоциттер-28-30 к/а, эритроциттер –0-1 к/а.Зәрді флораға бактериологиялық зерттеуге анализ алынды.
Төменде келтірілген қандай тактика дұрыс болып табылады?
-цистография
-цистоскопия
-уросептиктерден бастау
-экскреторлы урография
+эмпирикалық антибактериалды терапиядан бастау
#80
!Мерзіміне жетіліп туылған ер бала, 25күн емшек сүтімен тамақтанады. Жедел ауырды: t-390С, емшектен бас тартады, құсу, 2 ретке дейін іші өткен, шырышсыз.ЖЗА–салыс тығ-1020, түсі қою-қоңыр, ақуыз-0,03 г/л, лейкоциттер-28-30 к/а, эритроциттер –0-1 к/а.
Көрсетілген зерттеулердің қайсысы алғашқы орында болып табылады?
-цистография
+бүйрек УДЗ
-экскреторлы урография
-цистоскопия
-қанды бактериологиялық зерттеу
#81
!1 айлық балада дене температурасы 40оС дейін көтерілді, жалпы мазасы жоқ, тәбеті төмендеген, құсу. ЖҚА: Л -16000, нейтрофилез, ЭТЖ - 30 мм/сағ., ЖЗА – пиурия. Аурудың 3 кунінде жағдайы нашарлады– интоксикация кушейіп, қатты мазасыздық, оң жақ құлағынан іріңді бөлініс, жиі жөтел, ентігу симптомдары қосылды.
Қандай диагноз мейілінше ықтимал?
-септицемия
+уросепсис
-туберкулез
-жедел пиелонефрит
-бүйрек тас ауруы
#82
!Ер бала 9 жаста. Шағымдары айқын ісінулер мен зәрдің мөлшерінің азаюы. Суықтаудан кейін жедел ауырған. ЖҚА: лейкоциттер – 6х109, ТК – 0,9, Нв – 110 г/л, ЭТЖ – 55 мм/сағ. Қан саысуында: жалпы ақуыз – 38 г/л.
ЖЗА: ақуыз – 6,8 г/л, лейкоциттер – 1-2 к/а, эритроциттер – 0, салыст тығ – 1025.
Қандай диагноз мейілінше ықтимал?
-нефритикалық синдром
+нефротикалық синдром
-тубулоинтерстициалды нефрит
-оқшауланған несептік синдром
-жеделпрогрессияланған гломерулонефрит
#83
!Науқас 9 жаста, шағымдары бетінің, алдыңғы құрсақ аймағының, аяқтарының ісінуіне шағымданады. Қарау кезінде: ісік анасаркаға дейін. АҚ 85/40 мм рт. ст. Жалпы қан анализінде: жалпы ақуыз 38 г/л, альбумин 16 г/л, холестерин 9,8 ммоль/л. ЖЗА-ақуыз 4,5 г/л, лейкоцит-бірен саран, Эр 0-1к/а. Гипотензияның даму механизмі қалай?
-эндокринді бұзылыстар
-жүректік лақтырудың төмендеуі
-нейрогенді активтіліктің бұзылуы
+қан тамыр ішілік көлемнің азаюы
-ренин-ангиотензин жүйесінің активациясы
#84
!Қыз бала 12 жаста. Шағымдары аздаған ісінулер, АҚ-150/95 мм рт ст. ЖҚА:ЭТЖ- 65 мм/сағ, холестерин 4,0 ммоль/л, протеинурия 1,3 г/л, макрогематурия, ШФЖ 67 мл/мин.
Қандай диагноз мейілінше ықтимал?
-пиелонефрит
-нефротикалық синдром
+нефритикалық синдром
-оқшауланған несептік синдром
-жеделпрогрессияланған гломерулонефрит
#85
!10 жастағы балаға: Жедел постстрептококты гломерулонефрит диагнозы қойылды. Қабылдау бөлдімінде клонико-тоникалық сипаттағы тырысу болды. Гломерулонефриттің жедел кезеңідегі болуы мүмкін асқыну:
-өкпе ісінуі
-ТШҚҰ
+гипертензионды энцефалопатия
-жедел бүйрек жетіспеушілігі
- жедел жүрек жетіспеушілігі
#86
!Қыз бала 12 жаста, клиникаға зәр түсінің өзгеруі мен бас ауруына шағымданып келді. Зерттеу кезінде: ісіну беті мен аяқтарында, АҚ- 130/90 мм рт ст, макрогематурия. Б/х қан анализінде: креатинин 120 мкмоль/л, мочевина 8,9 ммоль/л, жалпы ақуыз-55 г/л; ЖЗА-ақуыз 2,3 г/л, эритроциттер –барлық көру аймағында.
Мейлінше ықтимал қоздырғыш:
-микоплазма
-стафилококк
-ішек таяқшасы
-көкірің таяқшасы
+-гемолитикалық стрептококк
#87
!Қыз бала 13 жаста, созылмалы гастритпен ауырғанына 2 жылдай болған. Шағымдары: тамақтанғаннан кейін іштегі үшкір ауру сезімі, кекіру, жүрек айну, ауыздағы жағымсыз иіс, метеоризм, диарея, бозғылт, склерасы субъиктериялық, "лактанған" тіл, кейде тілдің күйгендей сезімде болуы, аяқ-қолда "құмырсқа жүргендей" сезімнің болуы. ЖҚА: гиперхромды макроцитарлы анемия.
Эритроциттер – 2,9х1012/л,
Гемоглобин–80 г/л
MCV – 120fl
MCH – 38pg
MCHC -360g/l
Ретикулоциттер 0,01%
Жоғарыдағы көріністер, қай ауруға тән болып табылады?
+созылмалы атрофиялық гастрит, өршу кезеңі
-эрозивті гастрит
-гипертрофикалық гастрит
-беткей гастрит
-гастриттің аралас түрі
#88
!Ер бала 11 жаста. Шағымдары: оң қабырға астының өткір ауру сезімі, көп эмоция кезінде, диета бұзғанда күшейеді, дискомфорт сезімі, тамақтанудан кейін ауырлық сезімі. 2 жыл бойы ауырады. Тілі түбіне дейін ақ жабындымен жабылған. Іші жүмсақ, оң жақ қабырға астында айқын емес ауру сезімі. Ортнера, Кер симптомдары оң.Іш қатуға бейім.
Өт шығару жүйесі дискиезиясының гипотониялық түріне тән белгілер?
+ дискомфорт белгісі, тамақтанғаннан кейін ауыр немесе іштің керілу белгісі
-тоқтаусыз құсу
-аштық ауру
-іштің қатуы мен іштің өтуінің кезектесуі
-қыжыл, қышқылды кекіру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет