«Балалар аурулары негіздері» модулі, «Балалар аурулары» пәні бойынша ЖМ 4-курсқа арналған ЕМТИХАН тест тапсырмалары:
-Балалар аурулары-1-28-2- #1
!I дәрежелі ақуыз-энергиялық жетіспеушілік кезіндегі дене массасының тапшылығы қандай?
-5-8%
-10-15%
+11-20%
-21-30%
-30%-дан артық
#2
!II дәрежелі ақуыз-энергиялық жетіспеушілік кезіндегі тері асты май қабаты қай жерде жұқарған болады?
-сандарда
-тек бетте
-тек іште
-бетте және бүкіл денеде
+денеде және аяқ-қолда
#3
!Рахиттің алғашқы кезеңіне қайсысы тән?
-бұлшықеттік гипотония
-селкілдек синдромы
-аяқтың қисықтығы
-краниотабес
+тершеңдік
#4
!Ауыр дәрежедегі рахитке ЕҢ тән болатыны қайсысы?
-үркектік
-ашушаңдық
+ауыр анемия
-тәбеттің төмендеуі
-емізу кезіндегі тершеңдік
#5
!Қант диабетінің кеш диагностикасы салдарынан қай кома түрі пайда болады?
-бауыр
-ми
-уремиялық
+кетоацидотикалық
-гипогликемиялық
#6
!Балалардағы қант диабеті кезінде жалпы зәр анализінде қайсысы байқалады?
-төмен салыстырмалы тығыздық, глюкозурия
-төмен салыстырмалы тығыздық, бактериурия
-жоғары салыстырмалы тығыздық, гематурия
+жоғары салыстырмалы тығыздық, глюкозурия
-төмен салыстырмалы тығыздық, гематурия
#7
!Инсулинді енгізуден болатын асқынуларға қайсысы жатады?
-ісінулер
-кетоацидоз
+гипогликемия
-аллергиялық реакция
-қан қысымының төмендеуі
#8
!3 жасқа дейінгі балалардағы ЖТЖ-нің ең жиі кездесетін себептері қайсы?
-бронх демікпесі
- жедел пневмониялар
+жоғарғы тыныс жолдарының обструкциясы
-тыныс алу жүйесінің жетілу ақаулары
-тұқым қуалайтын өкпе аурулары
#9
!6 жастан асқан балалардағы ауруханадан тыс пневмонияның ең жиі кездесетін қоздырғышы қайсы?
+пневмококк
-стрептококк
-хламидия
-стафилококк
-кандида
#10
!Төмендегі қоздырғыштардың қайсысы ерте жастағы балалардағы деструктивті пневмонияның дамуына сеп болады?
-пневмококк
+стафилококк
-менингококк
-ішек таяқшасы
-хламидия
#11
!Фебрильді безгек, бронхтық обструкциямен бірге жүрмейтін демігу, әлсіреген тыныс, жергілікті ұсақ көпіршікті сырылдар түріндегі симптомдардың кешені төмендегілердің қайсысына тән?
-жедел бронхит
-жедел бронхиолит
+жедел пневмониялар
-обструктивті бронхит
-трахеобронхит.
#12
!Қарынша аралық қалқада ақау болған кезде шу ең жиі қай жерде кездеседі?
-жүректің үстіңгі жағы
-сол жақтағы екінші қабырғааралық кеңістік
-оң жақтағы екінші қабырғааралық кеңістік
+сол жақтағы үшінші – төртінші қабырғааралық кеңістік
-оң жақтағы төртінші – бесінші қабырғааралық кеңістік
#13
!Демікпелік-цианотикалық ұстамалар қай ақау кезінде байқалады?
-қарынша аралық қалқадағы ақау
-қос жармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі
+Фалло тетрадасы
-ашық күретамырлы өзек
-аорта коарктациясы
#14
!Сол жақтағы II қабырғааралық кеңістіктегі дөрекі «машина» шуы қай жағдайда естіледі?
-өкпе артериясының стенозы
-жүрекше аралық қалқадағы ақау
-қарынша аралық қалқадағы ақау
-Фалло ауруы
+ашық күретамырлы өзек
#15
!Миокардит кезіндегі сенімді белгі қайсы?
-систолалық-диастолалық шу
-үстідегі І тонның күшеюі
-жүректің қатты тондары
+жүректің бәсең тондары
-дөрекі систолалық шу
#16
!Миокардиттің үлкен критерийлеріне жататындары қайсы?
-жүрек тұсындағы ауырсынулар
-жүрек тондарының бәсеңдеуі
-дөрекі систолалық шу
+жүрек қуысының және өлшемдерінің кеңеюі
-үстідегі функциялық шу
#17
!Жедел ревматикалық безгектің сенімді критерийі қайсы?
+кардит
-артралгиялар
-аннулярлық эритема
-тахикардия
-безгек
#18
!7 жастан асқан балалардағы темір тапшылығы анемиясының еміне арналған қарапайым темірдің дозасы:
-тәулігіне 20 мг/кг
-тәулігіне 300 мг
-тәулігіне 3 мг/кг
-тәулігіне 10 мг/кг
+тәулігіне 100 мг
#19
!Денедегі темірдің қоры ненің зертханалық анықтамасы арқылы бағаланады?
-қан сарысуының жалпы темір байланыстырғыш қабілеті
-сарысулық темір
-трансферрин
-лактоферрин
+ферритин
#20
!Геморрагиялық васкулит кезіндегі геморрагиялық синдромға не тән?
-қанды ісіктер және гемартроздар
-бөртпелердің кезеңділігі
-тосын көгерулер
-бөртпелердің симметриясыздығы
+сүйікті орынның болуы
#21
!Гемофилия кезіндегі геморрагиялық синдромға не тән?
+гематомалармен гемартроздар
-петехиалдық-дақты бөртпелер
-тосын көгерулер
-бөртпелердің симметриясыздығы
-сүйікті орынның болуы
#22
!Зәр шығару жолдарының инфекциясы бар 8 жастағы балаға флора бойынша несептің бактериологиялық себіндісінің анализі тағайындалды. Несепті алудың ЕҢ дұрыс әдісі қайсы?
-тәуліктік несептен
-кез келген несеп сынамасы
-қуықтың пункциясы кезінде
-қуықтың катетеризациясы кезінде
+орта ағыннан стерильді ыдысқа
#23
!3 жастағы балаға жедел пиелонефрит диагнозы қойылған.
Ем үшін бактерияға қарсы құралды таңдау неге байланысты болады?
-бактериурия дәрежесі
-лейкоцитурия дәрежесі
+микроорганизмнің антибиотикке сезімталдығы
-зәр шығару жолдары обструкциясының бар болуы
-зәр шығару жолдары обструкциясының жоқ болуы
#24
!7 жасар ұл бала емханаға жедел нефритикалық синдромы бар деген күдікпен келіп түсті. Жедел нефритикалық синдромға ЕҢ тән көрсеткіш қайсы?
-анемия
+макрогематурия
-гипопротеинемия
-протеинурия 3,5 г/л
-лейкоцитурия
#25
!Жедел посттрептококкты гломерулонефритен ЕҢ тән болатын клиникалық симптомдар мен зертханалық көрсеткіштер қандай?
-артрит пен гематуриядан басталған
-протеинурия және көлемді ісінулер
-артериялық гипертензия және протеинурия
-қайталанатын барысы және лейкоцитурия
+жедел басталу, гематурия, циклдік ағым