~~Эпидемиялық паротитпен ауырған баланы қарауға дәрігерге келді. Осы берілген жұқпалы ауру кезінде қандай медициналық құжат толтыру керек?
~~Жаңа туған бала жедел ауырды. Дене қызуы 39,5°С- ке дейін, жұтқыншақ жағынан айқын катаральды өзгерістер пайда болған, бір реттік құсу, қозу, талу белгілері, бозару және тері жабындарының мәрмәр тәрізді, нақты емес менингеальды белгілер пайда болды. Сіздің болжам диагнозыңыз:
~~Бір жастағы бала жедел ауырды, балада дене қызуы 38,9°С-ке дейін жоғарылады, инспираторлы ентігу, жиі ұлитын жөтел пайда болды, тахипноэ 60 рет минутына. Осы жағдайда қандай ауру туралы ойлауға болады:
~~Бала 2 жаста, ЖРВИ-мен ауырады, түнде ұлитын жөтел, қорылдау, ұзаќ тыныс алу кезінде ентігу пайда болды. Қай диагноз негізгі болып табылады:
~~2-айлық балада жөтел, пайда болды, тамақ жеуден ішуден бас тартады, балада кеуде торының тартылуы байқалады. БЖАИЖ- ға сәйкес жіктеуді таңдаңыз:
~~3 айлық баланы үйіне қарауға дәрігер келді. Баланың анасының шағымдануы бойынша 2 күн бойы жөтелге, субфебрильді қызуға, тәбетінің төмендеуіне, бүгін тамақ жеуден ішуден бас тартады, балада кеуде торының тартылуы байқалады. Сіздің әрекетіңіз, БЖАИЖ келісімімен:
~~Туғанына 8 апта болған баланың үйіне дәрігер келді, БЖАИЖ бойынша өте ауыр фебрильді ауру деп жіктелген. Ампициллин мөлшерін және ары қарай дәрігер әрекетін көрсетіңіз, БЖАИЖ келісімімен?
~~Табиғи тамақтандыру кезінде балаға қосымша тағам енгізіледі:
~~1,5 айлық бала, перзентханада БЦЖ егілмеген, аймақтық педиатрдың іс-әрекеті:
~~2,5 айлық бала, аралас тамақтануда. Қарау кезінде шап аймақтарында, мойынында, қолтық астында қызарулар анықталды. Бетінде гиперемия, ісіктік, жырылулар, сүт қабықтар байқалады, бала мазасыз, ұйқысы бұзылған. Алғашқы диагнозды қойыңыз:
~~Аймақтық педиатр 2 жасар балаға шақырылған. Бала жедел ауырған: дене қызуы 39 градусқа көтерілген, катаральді белгілер, мазасыздық пайда болған. Оқыс қысқа мерзімді құрысулар. Алғашқы диагноз:
~~Бала I жүктіліктен және I босанудан. Туғандағы салмағы 2900 г., бойы 49 см. Анасының қан тобы А(I), Rh(+), балада АВ (III), Rh (-) қан тобы. Апгар шкаласы бойынша 7-8 балл. 3-ші тәулігінде тері жамылғысының сарғаюы пайда болды. Емуі белсенді, құспайды. Қанның биохимиялық анализдерінде билирубин көрсеткіші 150 мкмоль/л, тікелей емес фракциясының көбеюімен байланысты, трансаминазалары қалыпты. Сіздің алғашқы диагнозыңыз:
~~2 жасар бала, дене салмағы 16 кг. Респираторлық инфекциялармен жиі ауырады. Қарағанда сылбыр, апатиялық, пастозды. Тері серпімділігі, жұмсақ тіндер тургоры төмен, бұлшықеттері нашар дамыған. Перифериялық лимфа түйіндерінің барлығы Ш-IV дәрежеге дейін ұлғайған, өзара және айналасындағы тіндермен жабыспаған.Мұрын арқылы тынысы қиындаған, бадамша бездері гипертрофияланған. Өкпе рентгенограммасында - тамшылық жүрек, тимомегалия. Жалпы қан анализінде: Нв-120/л, Эр.-4,2х1012/л, Л-6,4х109/л, т/я-22%, с/я-25%, лимф-62%, мон-10%. Қандай диагноз жөнінде ойлауға болады:
~~Оң жақ қабырға асты сыздап ауырады, қатты эмоциялардан кейін, тамақтағы эмоциялардан кейін ауырсыну күшейеді. Диспепсиялық белгілер бар. Смазмолитиктерді қабылдау жағдайын жақсартпайды. Сіздің диагнозыңыз:
Достарыңызбен бөлісу: |